Біріншіден, бұл – қасақана еместік, өзара түсіністіктің, әсіресе,
жағымсыз сипаттағы түсіністіктің ғасырлар бойы қалыптасқан
таптаурынынан бас тарту. саясаткер ретіндегі тәжірибемнен
білетінім – өз таптаурындарыңнан аттап өте білу керек.
Екіншіден, өзгенің киелі өрісіне кимелей кіруден саналы
түрде
бас тарту: біреуге қастерлі нәрсе екінші біреудің
мазағына айналмауы керек.
Үшіншіден, жаңа қатерге – мыңдаған жылдық діни
дәстүрлерден қол үзуге, ескірген секуляризм немесе қарадүрсін
атеизм емес,
әлемдік діндердің дәстүрлерімен байланысты
ізгілік тұрпатын әпербақандықпен жоққа шығаратын қатерге
әлемдік және дәстүрлі діндердің бірлесіп беретін жауабы.
176
G
- GL
OBAL
Форум жұмысының қорытындылары бойынша
«Дінаралық
сұхбат қағидаттары» атты құжат әзірленді.
оның негізіне қатысушылардың ұсыныстары мен
діни, ұлттық,
мәдени айырмашылықтарға байланысты жанжалдарға жол
бермеуді үндейтін бірлескен декларация алынды. декларацияда
«қарама-қарсылық идеологиясын» «татулық мәдениетімен»
ауыстыру қажеттігі атап көрсетілген.
дінаралық қайшылықтар мен дінаралық сұхбаттың жаһандық
сипаты барын ескеріп, мен Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы
жылдардың бірін діни және мәдени төзімділіктің Халықаралық
жылы деп жарияласа дейтін ұсыныс айттым.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ Съезі
2009 жылғы 1-2 шілдеде өтті және конфессияаралық сұхбатты
іске асыру жолындағы келесі бір қадам болды.
ол дүниежүзілік экономиканы орасан зор шығынға батырған
ең ауқымды жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс
басталған кездің аясында өтті. Алайда бұл дағдарыс заңды
еді, өйткені
еңбексіз байлықтың елесі жәй ғана алдау болып
шықты.
осыған байланысты мен мәселелерді былайша тұжырымдадым:
дүнияуи игіліктер үшін жанталасқан бәсеке адам өмірінің ізгілік
жағын ұмыттырып, тұтынуға табынушылық көптеген адамдардың
өмірлік мәніне айнала бастауы не себептен?
дүниеде материалдық құндылықтар – ақша, ашкөздік және ессіз-
түссіз пайда қуушылық үстемдік алып бара жатқаны неліктен? Адам
өмірінің шын мәні осы болғаны ма?
сондықтан біз мынаны мойындауымыз керек:
адам қоғамы
руханилықтың кері кетуін бастан кешіруде дейтіндер, бір
есептен, дұрыс айтады. Қазіргі заманның барлық экономикалық
дүрбелеңдерінің түпкілікті себебі, сірә, осында жатқан болу керек.
ХХі ғасырда экономика мен әлеуметтік өмірдің алдыңғы шебіне
адамгершілік бастаулары шығуы керек.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
177
Қанша қиғаш көрінсе де, қазіргі дағдарыс дүниеге жаңғырудың,
әділетті дүние тәртібі жайындағы адамзаттың ежелгі арманын
іске асырудың бірегей мүмкіндігін беріп отыр. Әрі жаңа дүние
тәртібі, бұрын ұдайы болып келгені сияқты, кезекті жаһандық әскери
қақтығысудан кейін емес, бейбіт түрде –
сұхбат жолымен және
өзара тиімді ұстанымдар жасау арқылы құрылуы ықтимал.
сөйтіп, ХХі ғасырда жаңа дүниені, дүние тәртібін тұжырымдамалық
пайымдауға
бастайтын
қадамдардың
бірі
нақ
осы
дін
көшбасшыларының ііі съезінде жасалды.
онда жаңа дүние тәртібінің негіздері тезистік тұрғыда
тұжырымдалды.
Біріншіден, ол – әділетті экономикалық үлгі.
ол алдау мен ысырапқорлыққа орын болмайтын адал және
әділетті дүниежүзілік қаржы, валюта жүйесіне негізделуі керек.
Екіншіден, ол – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың
әділетті саяси үлгісі. мұнда басты орынға жекелеген елдердің
емес, бүкіл дүниенің мүдделері қойылуы тиіс. Жаңа дүние жалпыға
бірдей сенім мен құрметтің, әріптестік пен сұхбаттастықтың дүниесі
болуы керек.
Үшіншіден, ол – жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
жаңаша көзқарас. Халықаралық қауымдасудың планетадағы
жағдайды тұрақтандырып, оны қауіпсіз ете алатындай жаңа
формаларын табуға бағытталған батыл іс-әрекет қажет.
Төртіншіден, жоғары адамгершілік пен парасаттылық
болмайынша, жаңа дүние тәртібін көзге елестету мүмкін емес. нақ
осы сапалар дағдарыстан кейінгі дүниені қайта құрудың аса маңызды
факторлары болуы ықтимал.
ондай дүниеде өзара күдікшілдікке, діни және басқа да негіздер
бойынша кемсітушілікке орын болмауы тиіс.
Бұл прогресс тек материалдық игіліктердің санымен ғана емес,
сонымен бірге адамдардың жоғары парасаттылығымен және
жауапкершілігімен өлшенетін қауымдастық болады.
178
G
- GL
OBAL
сондықтан дағдарысқа қарсы әрекетті тек материалдық тұрғыдан
қарастыру тым тар өрісті болар еді. санада өзгерістер болмайынша,
моральдық нормалар мен жоғары адамгершілік принциптерін қатаң
сақтамайынша дағдарысты жеңу мүмкін емес.
сол сөзімде мен мұндай дүние тәртібін құруға тек жетекші
державалар ғана емес, басқа елдер мен халықаралық ұйымдар да
қатысуы қажет екенін атап көрсеттім. G-GLOBAL принциптеріндегі
жаңа дүние тәртібін құруға деген жаңаша көзқарас осылай пісіп-
жетілді.
дін көшбасшыларының ііі съезі конфессияаралық сұхбат жеңіл-
детілген болуы мүмкін еместігін, онда халықаралық-саяси және
этносаралық жағдайлардың ықпал-әсері болатынын айқын көрсетіп
берді.
Жұмыс барысында күрделі жағдай орын алды.
израильден келген құрметті мейман, президент шимон перес
сөз сөйлеп тұрғанда иран делегациясының өкілдері залдан шығып
кетті. екінші жағынан, араб делегацияларының өкілдері сөйлегенде
израиль делегациясының кейбір мүшелері іліспе аударманы
пайдаланбады. нақты күрделі жағдай осындай еді.
Бірақ мінез көрсетулерге емес, қатысушылардың мазмұнды
сөздеріне келетін болсақ, олардың бәрі, әрқайсысы өз деңгейінде,
өзара түсіністіктің қажеттігі, дінге еріктілік пен төзімділік туралы
айтып жатты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV Съезі
2012 жылғы 30-31 мамырда өтті. ол ең өкілетті съезд болды.
Қатысушылар санының өсу динамикасы мынадай. 2003 жылы
Астанада і съезге
17 делегация келді. үш жылдан кейін, 2006 жылы іі
съезге
29 делегация жиналды, араға тағы үш жыл салып Қазақстан
астанасына 35 елден
77 делегация келген болатын. Ал іV съезге
дүниежүзінің 40 елінен
85 делегация қатысты.
тура съезд басталар алдында маңызды оқиға болды. оның
алдындағы, ііі съезде мен
Дін көшбасшыларының кеңесін құру
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
179
туралы ұсыныс айтқан болатынмын. сол ұсыныс қабылданып, 2012
жылғы 30 мамырда осы кеңестің алғашқы мәжілісі болды.
кеңес құрамына дүниежүзіндегі жетекші конфессиялардың –
ислам, Христиандық, иудаизм, Буддизм, индуизм, синтоизм,
зороастризмнің беделді өкілдері кірді. шын мәнінде, Астанада діндер
арасындағы тұрақты негіздегі өзара ықпалдастықтың көпқырлы
пішімінің алғашқы жұмысшы тетігі пайда болды.
кеңестің құрылуы күллі дінаралық сұхбатты жаңа деңгейге шығара
алатынына мен сенімдімін.
Қазақтың ұлы ойшылы Абай ізгі ниетті істердің ешқандай сөкеттігі
жоқ екенін жазған болатын.
дін көшбасшылары кеңесінің мақсаттары мен міндеттері ізгі әрі
келелі, осы заманғы дүниеде үйлесімділік пен келісімді орнықтыруға
деген қамқорлыққа толы.
Біріншіден, оның шеңберінде өзге халықаралық сұхбаттық
құрылымдармен, мәселен, өркениеттер альянсымен, еҚыҰ-мен,
Аөсшк-мен, иыҰ-мен және басқалармен өзара ықпалдастық
орнатылады.
Екіншіден, зор әлеуеті бар жаңа тұрақты орган құрылады, кейін
ол жаһандық бітімгершіліктің, шиеленіс жағдайларына дер кезінде
әрекет етудің маңызды құралына айналуы тиіс.
Үшіншіден, кеңес шеңберінде діндарлардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтаудың жаһандық бақылауын орнатудың
маңызы зор.
Төртіншіден, жаңа кеңес шеңберінде біріккен діндердің рухани
күші, менің кәміл сенімім бойынша,
дүниежүзілік даму үдерістеріндегі
теңдестікті қолдаудың маңызды элементі рөлін атқаруға, уақыт өте
келе көпкіндікті дүниедегі тепе-теңдіктің салмақты құралына айналуға
қабілетті.
Бесіншіден, келесі Съездердің бәрін ұйымдастыру мен өткізу
жөніндегі жұмыс неғұрлым сапалы деңгейге көшетін болады.
180
G
- GL
OBAL
съездерде қабылданған құжаттарды басшылыққа ала отырып, кеңес
съездің атынан сол шешімдерді іске асыру жөніндегі қадамдарды жасай
алар еді. сонымен бірге кеңеске съездерді өткізу мерзімін, өткізілетін
орнын, күн тәртібін және құжат жобаларын келісудің маңызды рөлі
беріледі.
дін көшбасшыларының Астанада құрылған кеңесі
діндердің
өзара құрметтеушілігі мен төзімділігінің лайықты үлгісі,
ынтымақтастығының пәрменді тетігі боларына мен сенімдімін.
іV съезд бүкіл дүние үшін бетбұрыс кезеңде өтті. шын мәнінде,
дүниежүзілік тәртіптің жаһандық ауысуы жүріп жатыр. Адамгершілік
құндылықтарының жаһандық дағдарысы үдеп келеді. көптеген
қоғамдарда «жалған бостандықтар» насихатталып және тықпаланып, ал
адал еңбектің уәждемесі кез келген жолмен тез баюға деген пиғылмен
алмастырылуда.
съезде сөйлеген сөзімде мен дін қызметшілерін өршелене қаралау
оқиғаларын, дінді әлеуметтік үдерістерден шеткері ығыстыру
әрекеттерін - дүниедегі моральдық-адамгершілік дағдарыстар үдеуінің
осынау белгілерін айтпай кете алмадым.
киелі діни жәдігерлерге күпірлік жасаудың фактілері көптеген
елдерде кездеседі және ол барлық діндерге дерлік қатысты.
Бұл қатарда қасиетті кітаптарды отқа жағу, мешіттерді,
ғибадатханаларды, синагогалар мен басқа да діни ғимараттарды
қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діндарлардың
өкілдерін ұрып-соғу мен өлтіру бар.
менің ойымша, бұлай болатыны діннің имансыздық пен
дүниеқоңыздықтың алдындағы ең берік қорғаныш тосқауылдарының
бірі екендігіне байланысты. көптеген замандарда тек осы дін ғана,
кейде тіпті бір өзі, халық даналығының, мәдениет пен дәстүрлердің
сақтаушысы болып қалған. Қазақстан қоғамы мұны құдайсыз кеңестік
тәртіп жағдайындағы, әсіресе, сталиндік қуғын-сүргіндер кезеңіндегі
өзінің өмір тәжірибесінен біледі.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
181
мен мұндай қылықтарды үзілді-кесілді айыптадым және дін
көшбасшыларының бәріне, барлық діндерге өршеленген құдайсыздық
көріністеріне қарсылығында қолдау көрсететінімді білдірдім.
дін көшбасшылары іV съезінің күн тәртібіне «татулық пен келісім
адамзаттың таңдауы ретінде» дейтін мәселе қойылды. сондықтан мен
делегаттарға жолдауымның негізгі арқауы етіп ХХі ғасырдағы дүние
сипатын жайластырудың жаңа үлгісі тақырыбын алдым.
мен қатысушылардың назарын өзімнің G-GLOBAL идеяма және
өз сенімім бойынша үстіміздегі ғасырда дүние сипатының құрылымы
негізделуге тиісті сол аттас принциптерге аудардым.
солардың бірі –
жаһандық төзімділік пен сенім принципі
мәдениетаралық, дінаралық және мемлекетаралық ықпалдастықтың
түпнегізіне, кез келген ұлттық және жаһандық экономиканың дамуы
мен өркендеуінің өзекті факторына айналып келеді.
соңғы 30 жылда
этномәдени алуандығымен ерекшеленетін
елдер неғұрлым жақсы жетістіктерге жеткенін көрмеуге болмайды.
Бүгінгі дүние осындай тәжірибені қорытындылап, дамытуға зәру. Бұл
тұрғыда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ХХі
ғасырдағы әділетті дүние сипатын жайластыру негіздерін
идеялық-
рухани құрылымдауға нақты бағытталған жетекші сұхбат
тұғырнамасы ретінде көріне алар еді.
Бүгінде жаһандық сұхбат – тек халықаралық форумдар мен
кездесулер ғана емес. интерактивтік қатынас арқылы оған бүкіл
дүниежүзі бойынша барған сайын көп адамдар қатысатын болып жүр.
осы тұрғыдан алғанда Қазақстан ұсынған G-GLOBAL идеясы мен
пішімі жаһандық өзара түсіністік пен төзімділіктің жаңа мүмкіндіктерін
ашуда.
осы себепті мен
жаһандық төзімділік пен сенімді қалыптастыру
және нығайту мәселелеріне арналған Ғаламтор-ресурс құруды
ұсындым. ол G-GLOBAL жалпы электрондық порталының бір бөлігі
бола алар еді.
182
G
- GL
OBAL
оның шеңберінде
дін көшбасшылары Кеңесі мен Съезд
Хатшылығының интерактивтік мәжілістерін өткізіп, ғаламтор
пайдаланушылардың қалың тобы үшін тұрақты онлайн-форумын
жүргізіп тұру маңызды.
іV съездің қатысушылары мен меймандары ұсынылған идеяларды
талқылауға жұмыла кірісті.
Мәскеу мен күллі Русь Патриархы кирилл Қазақстан және оның
меймандос елордасы Астана осымен төртінші рет діни дәстүрлер
сұхбаты негізінде жалпыәлемдік сипаттағы проблемаларды тал-
қылаудың жаһандық алаңы болып отырғанын атап көрсетті. дін
көшбасшыларының мұнда бас қосып, мемлекеттік құрылымдардың
қатысуымен бірге біздің діни қауымдарға ғана емес, сонымен қоса
дүниежүзі халықтарының көпшілігіне ортақ қыр көрсетулерге қалай
жауап беру керектігін ойластыруларының тамаша мүмкіндігі бар.
патриарх кирилл сенім адамның жердегі жайдақ болмысынан
ажырап, әлемдік оқиғалардың өрісін бейнебір құстың самғау биігінен
шолғандай, олардың мәні мен маңызын парықтауына мүмкіндік
беретінін делегаттардың есіне салды.
тегінде, самғау биіктен барлаған көзқарас әлемдік үдерістерді тұтастай
қамтуға мүмкіндік беретіні рас. шын мәнінде, бұл – G-GLOBAL көзқарас.
израильдің бас сефард раввині шоломо Амар діндер арасындағы
айырмашылықтар өзара түсіністік пен дүниеге ортақ көзқарастан,
конфессияаралық бөгесіндер мен сұхбат алдындағы тосқауылдарды
«талқандап», еңсере білуден маңызды емес екенін атап айтты.
Астанадағы форум нақ осындай мүмкіндікті береді, мұнда, шоломо
Амар айтқандай, шын мәнінде,
«жаңа БҰҰ» құрылып, тек халықтарды
ғана емес, дүниетанымы әртүрлі, әлем құрылысын сұхбат арқылы
көретін діндерді де, мәдениеттер мен қоғамдарды да біріктіріп жатыр.
Бұл идеяны израильдің ашкеназдық бас раввині йона мецгер одан
әрі өрбітті. ол Біріккен Ұлттар Ұйымы жылына бір рет әртүрлі діндердің
өкілдерін жинап, татулық туралы әңгіме құратын болар деген үмітін
білдірді.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
183
Айтпақшы, съезде БҰҰ Бас хатшысы пан ги мунның құттықтау
хаты оқылды, онда Қазақстанның
сындарлы сұхбатты қамтамасыз
ету үшін діни топтардың басын қосып отырғаны атап көрсетілген.
Әрі дін көшбасшылары «жүректен жүрекке» алмасу арқылы
жаһандық проблеманы шешуге көмектесе алатыны айтылған.
іV съезге қатысушылар өздерінің Жолдауында «қауіпсіз дүние
құрудың жалғыз жолы өзара құрмет пен түсіністікке, қайғыға
ортақтасу мен кешірімге, әділдік пен ынтымақтастыққа, татулық
пен келісімге негізделген сұхбат» екендігіне сенім білдірді.
Бұдан
мен ұсынған G-GLOBAL қағидаттарын тікелей қолдауды
көруге болады.
ізгі ниеттер бірлігі – ортақ істегі табыстың кепілі. Ал іV съезд
қазіргі дүниеде барлық діндердің міндеттері көбіне-көп ортақ екенін
тағы бір қайтара көрсетті.
Біріншіден, рухани бос кеңістіктің таралуын тоқтатып, адам-
заттың
моральдық-инабаттылық құндылықтары дағдарысының
қаупін еңсеру қажет. Жастарда жоғары парасаттылық сезімін
тәрбиелеу, оларға моральдық азғындау қаупіне қарсы тұрақты
иммунитет телу аса маңызды болып көрінеді. сондай-ақ әулеттік
дәстүрлерді, әйелдің қоғамдағы және отбасындағы рөлін нығайту
жөніндегі мақсаткерлік шаралардың маңызы артып келеді.
Екіншіден, кез келген қоғамның жасампаздық бастауларын
– еңбексүйгіштік, адалдық және әділдік құндылығын нығайта
беру қажет. Бұл тұрғыда осы заманғы көптеген діндер іске асырып
келе жатқан әлеуметтік доктриналардың мәнділігі арта түседі.
менің ойымша, бұлар мемлекеттердің адам әлеуетін өсіруге,
адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шараларымен
барынша үйлестірілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Үшіншіден, діндердің бітімгершілік күші кез келген қоғамдағы
жанжалдардың, төзбеушілік пен әпербақандық көріністерінің
алдын алуға септесуінде. сондықтан съездің тәжірибесін ұлттық
мемлекеттердің, этно-діни алуандығымен және шиеленіс әлеуетінің
184
G
- GL
OBAL
жоғарылығымен ерекшеленетін жекелеген өңірлердің деңгейінде
тарату маңызды.
Төртіншіден, дін оқуын көпконфессиялы қоғамдардың ішінде,
халықтар мен мемлекеттер арасында
іріткі салу үшін пайдалануға
сенімді тосқауыл қою маңызды.
Халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің адам баласына қарсы
іс-әрекеттерін дінге сүйеп негіздегісі келетін күпірлігіне жол беруге
болмайды. діндарлар арасында лаңкестік пен кез келген формадағы
экстремизмнің дінге және адамға қарсы мән-мағынасын түсіндіру
жөнінде жұмыс жүргізу маңызды.
Бесіншіден, қоғамда діндерге, олардың киелі заттарына, діндар-
лардың
сезімі мен дәстүрлеріне құрмет сезімін тарату маңызды.
діндер сұхбаты – әрбір жеке қоғамда және бүкіл дүниежүзінде
төзімділікке жетудің бірден-бір жолы. сұхбатты кеңейте беру үшін,
осы заманғы коммуникация құралдарын қоса, барлық мүмкіндіктерді
пайдаланудың маңызы зор.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары іV съезінің барысында
осы аталған маңызды бес мәселе бойынша өзара түсіністік табылды.
Бұл енді діндердің сындарлы сұхбаты ХХі ғасырдағы жаһандық дүниенің
міндетті түрде аса маңызды құрамдасы болады деген сенім ұялатып
отыр.
осында, Астанада, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
іV съезінде діндердің татулығы мен келісімі, жаһандық төзімділігі,
өзара түсіністігі мен сыйластығы ХХі ғасырда жұмыр Жерді
мекендеген барлық адамдардың дүниетанымдық құндылығына
айналуы үшін маңызды қадам жасалды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің өтуіне
берілген халықаралық жоғары бағалар Қазақстан бастамасының
жаһандық мәні бар екенін көрсетеді. тәуелсіздіктің 20 жылында
Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей
үлгісі жасалып, іске асырылды. ең биік халықаралық деңгейде
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
185
мойындалған бұл тәжірибенің көкейкестілігін дүниенің көптеген
елдерінде қалыптасқан күрделі жағдай көрсетіп отыр.
мультикультурализм саясатының дағдарысы, таяу шығыс пен
солтүстік Африканың «араб көктемін» бастарынан өткізген біраз
елдерінде дінаралық және этносаралық қайшылықтардың асқынуы,
кеңестіктен кейінгі кейбір елдердегі этносаралық алауыздықтар –
діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің тұрақты ішкіұлттық және
жаһандық сұхбатын жүргізіп отырудың маңызды екенін көрсететін
дәлелдер.
2013 жылы менің бастамашылығым бойынша жаһандық сұхбат
алаңы – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне
10 жыл толады.
менің ойымша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары
съезінің мүмкіндіктерін планетадағы төзімділікті, конфессияаралық
татулық пен келісімді нығайтуға жағдай жасау үшін пайдалану керек.
БҰҰ-ның «Жаһандық төзімділік қауымдастығына» декла-
рациясын тұжырымдап, қабылдауы жаһандық төзімділікті орнықтыруға
бастайтын кешенді қадам болар еді.
елдер мен халықтар арасындағы мәдениетаралық ықпалдастықты
кеңейтіп, олардың өзара сенімі мен ынтымақтастығын бұрынғыдан әрі
нығайта түсудің маңызы зор.
G-GLOBAL қағидаттары негізінде дүние сипатын жайластырудың
жаңа қалпын жасау жөніндегі алдағы жұмыстың мәні осылай көрінеді.
186
G
- GL
OBAL
5. «ЖАсыл көпіР»:
ХХі ғАсыРдың энеРгиЯсы мен экологиЯсы
Адамзат әлемі алуан түрлі. шетелдерге сапар шеккен сайын осыған
көзім жете түседі. ортақ дүниенің әрбір бөлігінің өз ерекшеліктері,
өзіндік көз тартарлығы бар.
Жаратушы менің туған Қазақстанымды да табиғи байлықтардан
кенде етпепті. Бізде қарлы шыңдар да, ұшы-қиыры жоқ далалар
да, көгілдір көлдер де бар. Бірақ біз сол табиғи ортаны сақтап, өз
балаларымызға, болашақ ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Бір өкініштісі,
адамзат өркениеті табиғатты қорғап қалуға ғана қабілетті емес екен...
кенезесі кепкен Арал теңізінің жағасына тұңғыш тап болғаным әлі
есімде. мыңдаған шаршы километр сор басқан құм. Ал бір кезде ол
жерде теңіз шалқып, тіршілік қайнап жатты ғой!
Бүгін жаһандық жылыну туралы көп айтылады. Бірақ сол кезде-ақ,
80-ші жылдардың орта шамасында мен бірегей Арал теңізін күннің
аптабы қуырып, кептіріп бара жатқанын ойлап едім.
табиғат дәрменсіз. сондықтан Аралдың қасіреті бізді ең бір маңызды
істерге жұмылдыруы керек.
дүние өзінің қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету үшін ғаламат күш-
жігерді қажет ететін шектен өткеніне менің сенімім кәміл.
тек 2011 жылдың өзінде табиғи апаттардан келген экономикалық
залал
рекордтық шамаға шығып, 350 миллиард АҚШ долларын
құрады. Жыл сайын стихиялық апаттардан
Достарыңызбен бөлісу: |