Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
treatise9312

Бақылау сұрақтары: 


42 
 
1. Қылмыстың объективтік жағы қандай? 
2. Қоғамға қауіпті зардаптар немесе қылмыстық зардаптар. 
3. Себепті байланыстың мазмұнын түсіндір. 
4. Қылмыстың жасау құралы мен қаруының маңыздылығы жағынан
қылмыстың жасалу тәсілінен айырмашылығын түсіндіріңіз? 
5. Қай кезеңде қылмыс аяқталған болып саналады?
 
Әдебиеттер 
 
1.А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 
2000ж. 520бет. 
2.Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. 
768стр. 
3. 
Научно – практический комментарий к Основам уголовного 
законодательства Союза ССР и союзных республик. М., 1961г. 200стр. 
4. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларының 
жинағы. 1 том. Алматы, 1997ж. 384бет. 
5. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. 
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, 2003. 151бет. 
6. 
Г.А. Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. М., 
1974г. 322стр. 
7. 
В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Ответственность за корыстные 
посягательства на социалистическую собственность. М., 1986г. 325стр. 
 
 
2.3. Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап етудің субьектісі 
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың 
субьектісі болып қылмысты жасау кезінде қылмыстық заңмен бекітілген 
жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады (Қазақстан Республикасы 
қылмыстық кодексінің 14-бабы). Қылмыстың субьектісі жеке тұлға, яғни тек 
адам ғана бола алады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 
14-бабының бірінші бөлігінде айтылған жеке тұлғаларға Қазақстан 
Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқтар және шетел азаматтары 
жатады. Бұл қылмыстық кодекстің 6-7 баптарының мазмұнынан туындайды. 
Қылмыстың субьектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану қылмыстың 
субьектісі болып заңды ұйымдар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, 
партиялар, қоғамдық бірлестіктер бола алмайды. 
Қылмыс субьектісінің қажетті белгілеріне қылмысты жасаған жеке 
тұлғаның есінің дұрыстығы жатады. 
Есі дұрыстық - бұл адамның қылмыстық заңда қарастырылған қоғамдық
қауіпті әрекетті жасау кезінде өз әрекеттерінің іс жүзіндегі сипаты мен 
қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оларды басқару қабілеттілігі. 
Яғни, жаңа қылмыстық кодекстің 15- бабында (1-бөлігі) есі дұрыс, осы 
кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа 


43 
тартылуы тиіс деп дұрыс айтылған. Осыған орай, қылмыс субъектісі болып
тек қана жеке тұлға адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып
табылады. Есі дұрыстық адамды қылмыстық жауаптылық пен жазаға 
тартудың қажетті жағдайларының біріне жатады. 
Қылмыстық заңның нормалары әрқашан қалыпты психикалық 
қабілеттілігі бар, өзін қоршаған ортада дұрыс ұстай алатын, өз мінез-
құлығының мәнін түсінетін және өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқаратын 
адамдарға бағытталған деп атаған С.С. Молдабаев. 
Мұндай қабілеттілігі жоқ, өз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) іс жүзіндегі 
сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе психикасының 
дертке ұшырауы салдарынан басқара алмаған адам есі дұрыс емес деп 
танылады және қылмыстық жауапқа тартылмайды (Қылмыстық Кодекстің 16 
бабы). 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16- бабының 1-ші 
бөлімі есі дұрыс еместік туралы ұғымды былай ашады: "қоғамдық қауіпті
әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни, созылмалы
психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдылығы
немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық 
жауапқа тартылуға тиіс емес". Есі дұрыс еместік туралы ұғым заңды және
медициналық сияқты екі шарттан тұрады және бұл екеуінің бірігуі осы 
жағдайды сипаттайды. Заңды шарт интеллектуалды және еркіне қарай 
болып екі белгіден тұрады. . 
Интеллектуалды белгі тұлғаның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қауіптілігін жете түсінуі мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді. 
Психиканың бұл қасиеті, тұлғаның өзі жасап отырған ісінің шын жағымен
қатар, оның әлеуметтік мағынасын да түсіну қабілетінің жоқтығын 
білдіреді. Тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің шын жағының
мазмұнын түсінбеуі, әдетте, оның жасалған іс-әрекет пен орын алған
салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбеуін білдіреді 
(жәбірленушіні өмірден айыратынын, мүлкін тартып алатынын және т.б. 
түсінбейді). Алайда, интеллектуалды белгінің мазмұнындағы ең бастысы –
тұлғаның өз ісінің әлеуметтік мәнін түсінбеуінде, яғни, оның қоғамдық
қауіпті сипаты туралы түсініктің болмауында. Осыған байланысты, бір 
тұлғаның өз әрекетінің шын жағын түсіне алмағанымен, оның қауіптілігін 
түсіне алмайтын жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Айталық белгілі бір 
психикалық ауруға ұшыраған (мысалы, шизофрения ) адам, мысалы темір 
жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жұмысшысын өмірден 
айыратынын түсінуі мүмкін, бірақ субъектінің ісінген елесі ( психикалық
аурудың салдарынан ) мұны қылмыс жасаумен ( кісі өлтірумен ) емес, 
жорылған террорлық істің (поездың қирауын) алдын алумен
байланыстырады. Осыған байланысты, тұлға өзінің әрекеттерін қылмыс
жасау деп емес, қоғамдық парызын өтеу деп санайды. Заңды шарттың
тағы бір еркіне қарай белгісі, яғни, тұлғаның өз әрекеттерін 


44 
(әрекетсіздігін) басқару қабілетсіздігі болып табылады. Мұндай жағдай
психикалық қызметтің ауырып бұзылған кейбір түрлерінде кездеседі. 
Мысалы, өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілеті,
салыстырмалы түрде болғанымен, ерік жағының бұзылуы есірткіге
құмарларда байқалады, бұл жағдайда олардың абстиненция, яғни, есірткіге
ашығу кездерінде көруге болады. Бұл кездері олар, мысалы, дәріханаға
заңсыз кіріп, құрамында есірткілік заттары бар дәрілерге қол сұғушылық
заңдылықтың қылмысты түрде бұзылуы екенін түсіне отырып, бұл 
әрекетті жасау жолында өзін-өзі ұстай алмайды. Ерік жағының бұлайша 
бұзылуы эпидемиялық энцефалит, эпилепсия және тағы басқа аурулар 
кезінде болуы да мүмкін. Заңды шарттың болуын мойындау үшін
қылмысты заң екі белгінің де міндетті түрде анықталуын талап етпейді, 
оның тек біреуі ғана не интеллекетуальды, не еркіне қарай түрі анықталса
жеткілікті. Заңды шарттың бір белгісінің ғана болуы тұлғаны есі дұрыс 
емес деп тануға негіз бола алмайды. Тұлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігі 
) басқара алмағандығы, оның шынайы сипаты мен қоғамдық қауіптілігін
түсіне алмағандығы медициналық шарттарға байланысты себептерден
туындағанын тауып көрсету керек. Бұл шарттар туылғанын психикалық
бұзылуынан және оның бойынан заңды шарттың орын алуына әкеліп 
соқтыратын аурулардың қорытылған тізімінен тұрады. Ол: ұзаққа
созылған психикалық бұзылу, кемақылдылық немесе психиканың
басқадай науқас күйі. 
Ұзаққа созылатын психикалық бұзылыстар-ішкі көңіл-күйдің
созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бұзылуының ұзаққа
созылуы. Олар кейде аяқ астынан көтеріліп, сосын қайта басылатын түрде 
де өтуі мүмкін (психикалық күйді жақсартып немесе нашарлата түсіп), 
бірақ кетпейтін психикалық кемістік қалдырады. Мұндай психикалық
ауруларға мыналар жатады: шизофрения, қояншық, үдеп бара жатқан сал
ауруы, паранойя және психиканың басқада аурулары. Кем ақылдылық -
бұл адамның интеллектуальдық қабілеттерінің зақымдануына байланысты
оның психикалық қызметінің түрлі деңгейде төмендеуі немесе толық 
жойылуы. Кем ақылдылық - адамның ақыл-ойы қабілетінің жойылуымен
немесе нашарлауымен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе үдей
түсуші психикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Кем ақылдылық
үш түрлі дәрежеде болады: жеңіл (дибильділік), орташа (имбецильдік) 
және терең, яғни, ақыл қызметінің қатты дәрежеде зақымдануы (идиотия). 
Психиканың басқадай науқас күйі –бұл ұғымның дәл мағынасындағы
пихикалық аурулар болмағандығына қарамастан, психиканың бұзылуына
әкеліп соқтыратын сырқатты құбылыстар. Мысалы , іш сүзегі психикалық
ауруларға жатпаса да онымен бірге жүретін сананың күңгірттенуі,
елестеушілік кездерінде ауру адамның ақыл немесе ерік қызметіне
қабілеттілігі төмендеп, кей кездері бұзылуы да мүмкін. Мұндай жағдайды
бастың миының зақымдануы, мидың ісуі немесе басқа психикалық
емес аурулар кезінде де байқауға болады. 


45 
Дәрігерлік шарттың болуы да өздігімен тұлғаны ақылы дұрыс емес
деп тануға жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, кем ақылдылықтың
қайсібір дәрежесі болмасын, әрқашан тек тұлғаның өз әрекетінің
қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын басқара алу
мүмкінсіздігіне әкеліп соқтыра бермейді. Мысалы, тұлғаның кем 
ақылдылығы жеңіл болса, ол тек заңды шарттың болмауына байланысты
ғана арқылы дұрыс деп танылуы мүмкін. Сол сияқты, тұлға мас
күйінде де өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін түсіне алмауы 
немесе оны басқара алмауы мүмкін. Алайда, мұндай тұлғаның ақылы
дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан
босатылмайтындығы анық. Сонымен, заңды және медициналық
шарттардың жиынтығы ғана тұлғаның есі дұрыс емес деп танылып, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылуына негіз бола алады. 
Ақылы дұрыс сияқты, ақылы дұрыс еместік те - заңдық (қылмыстық-
құқықтық ) ұғымдар. Осыған байланысты, белгілі бір қылмысты іс 
бойынша тұлғаның ақылы дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы
шешімді сот (алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізгенде анықтама немесе
тергеу органдары) қабылдайды. Өздерінің шешімін заң қызметкерлері сот-
психиатриялық сарапшы қорытындысына негіздейді. Қылмыстық іс 
жүргізу заңдылығына сәйкес, айыпталушының немесе сезіктінің іс 
қозғалған кезде өз әрекетіне есеп бере алу немесе оны басқара алу 
қабілеттілігі мен ақылының дұрыстығына күмән туған кездерде,
мұндай зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Алайда, бұл 
қорытынды, сарапшының жалпы кез келген қорытындысы сияқты, 
анықтама жүргізуші тұлға, тергеуші, сот немесе прокурор міндетті 
түрде басшылыққа алмауы мүмкін. Олар сот-психиатриялық зерттеудің
қорытындысымен келіспейтіндей жағдайда, оның нақты дәлелі болуы
керек. 
Жаңа 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде қылмыс субъектісіне қатысты психикалық 
жаңаша көрсеткіш енгізілгені белгілі. Ол –есінің дұрыстығы жоққа 
шығарылмайтын, бірақ психикасы бұзылған адамның қылмыстық
жауаптылығы ( ҚК –тің 17-бабы). Ол бапта : 1) қылмыс жасаған кезінде
психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) 
іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына 
алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа 
тартылуы тиіс. 
2) Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын 
сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді 
және ол Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын тағайындау үшін негіз бола алады. 
Қылмыстың субьектісінің, есі дұрыстықпен бірдей, міндетті белгілерінің 
біріне жеке адамның қылмыс жасау кезінде қылмыстық заңда бекітілген 
жасқа толуы жатады. Өзінің мінез-құлығын дұрыс бағалау, жасаған 
әрекеттерінің әлеуметтік мәнін ұғыну, оларға ие болу қабілеттілігі белгілі бір 


46 
жасқа толғанда, белгілі бір физикалық, және рухани даму дәрежесіне 
жеткенде пайда болады. Мұндай қабілеттілік жасы толмағандарда (14 жасқа 
толмағандарда) болмайды, сондықтан олар қылмыстың субьектісі бола 
алмайды. 
Жеке тұлғаның есінің дұрыстығы мен қылмыстық заңда бекітілген жасқа 
толуы қылмыс субьектісінің жалпы юридикалық белгілері болып табылады, 
ол барлық қылмыс құрамдары үшін міндетті және олардың біреуінің 
болмауы әрекетте қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Кейбір қылмыс 
құрамдарында заң шығарушы арнайы белгілерді немесе арнайы субьектінің 
белгілерін жеке алып қарастырады (қызметтік жағдайы, мамандығы және т. 
б). 
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-тараж 
етудің субьектісі тек 16 жасқа толған адам ғана бола алады. Олар 
материалдық жауапты адамдар, яғни, мемлекеттік немесе қоғамдық 
ұйымдардағы өз қызметтік міндеттерін келісімдік қатынастарға немесе 
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың арнайы тапсырысына байланысты 
белгілі бір сеніп тапсырылған мүлікті басқару, жұмсау, тасымалдау немесе 
сақтау жөніндегі құқықтық өкілеттілікті жүзеге асыра алатын 
қызметкерлер бола алады. 
Оларға, мысалы, қойма меңгерушілері, экспедиторлар, менеджерлер 
немесе қамсыздандыру жөніндегі агенттер, сатушылар, кассирлер және тағы 
басқалар жатады. Субьектілердің бұл санатына әртүрлі жүкті тасымалдау 
және 
әкелу 
сеніп 
тапсырылатын 
автокөлік 
жүргізушілері 
мен 
тасымалдаушылар да кіруі мүмкін. Сеніп тапсырып мүлікті тасымалдау және 
жеткізу жөніндегі құқықтарға ие болу оларды сеніп тапсырылған бөтеннің 
мүлкін иеленіп алу және ысырап етудің субьектісі деп тануға толық негіз 
береді. 
Жоғарыда айтылған өкілеттілігі жоқ адамдардың, тапсырылған 
жұмысына немесе қызметтік міндеттеріне байланысты мүлікке қол жеткізе 
алмайтын бола тұрып ұрлауын иеленіп алу және ысырап ету деп емес, бөтен 
мүлікті талан-таражға салу деп саралау қажет. Мемлекеттік және қоғамдық 
мүлікті тапсырылған жұмысын орындау кезінде ғана сол мүлікті пайдалана 
алатын адам талан-тараж етсе (мысалы, өндірістегі жұмысшылардың 
шикізатты немесе дайын өнімді, ауыл шаруашылық өнімдерін талан-тараж 
етуі), немесе қызметіне байланысты мемлекеттік және қоғамдық мүлікке қол 
жеткізе алатын адамның талан-таражға салуы (мысалы, коменданттың, 
өрттен сақтау қызметі бастығының, күзетшінің және тағы басқалардың 
талан-тараж етуі) кінәлінің мүлікті иемденіп алу жағдайларына байланысты 
ұрлық немесе алаяқтық деп саралау керек. Мұның әрекеттерінде иеленіп алу 
мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу жоқ, себебі, бұл адамда 
ұрланған мүлікті басқару, бөлу, жеткізу және сақтау жөнінде ешқандай 
құқықтық өкілеттіліктері болған жоқ. 
Иеленіп алу мен ысырап етудің субьектісі - заңдық негізде ұрланған 
мүлік сеніп тапсырылған адам ғана бола алады. “Кінәліге бөтеннің мүлкін 
сеніп тапсыру” сияқты арнайы белгіден басқа иеленіп алу мен ысырап етудің 


47 
субьектісінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы қылмыстық 
кодексіне сәйкес кез-келген қылмыстың субьектісіне қатысты жалпыға 
міндетті үш белгі болуы қажет: жеке тұлға, есі дұрыстық, істеген әрекеті 
үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына толуы. Қазақстан 
Республикасы қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес иеленіп алу және 
ысырап ету үшін қылмыстық жауаптылық (ұрлықтан айырмашылығы) 16 
жастан басталады. 
Қазақстан Республикасың Жоғары Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі
“Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірбиесі
туралы ” қаулысында бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы
талан-таражға салудың субъектісіне тек лауазымды адам ғана емес, 
сонымен бірге меншік түріне қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындар мен 
мекемелерде тиісінше қызметтер атқаратын және атқаратын қызметіне
байланысты өзіне сеніп тапсырылған мүлікке қатысты өкілеттіктерді жүзеге 
асыратын ( бригадир, экспедитор, сатушы, кассир және тағы басқалар) басқа 
адам қызмет бабын пайдалану жолымен жасалған бөтеннің мүлкін заңсыз 
иемдену субъектісі болып табылады делінген. 
Кінәлі адамның өз қызмет бабын пайдалануы бөтеннің мүлкін
иеленудің дәрежелеуші белгісі болып табылады, осыған байланысты әрекет 
Қылмыстық кодекстің 228, 307 немесе 308-баптары бойынша қосымша 
дәрежелеуі қажет етілмейді. 
Сондықтан, соттар барлық жағдайларда заңсыз иемденілген бөтен 
мүлкінің кінәлі адамға сеніп тапсырылғанын, оның мүлікті ысырап 
жасағанын не өзі иеленіп алғанын анықтауға тиіс. 
Демек, бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап етудің субъектісі 
арнаулы жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп
тапсырылған адам. 
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің
құрамы үшін заң шығарушы мынадай саралаушы нышандарды қарастырған: 
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған; 
б) бірнеше рет жасалған; 
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған; 
г) ұйымдасқан топ жасаған; 
д) ірі мөлшерде жасалған; 
е) ұрлық немесе қорқытып аушылық үшін бұрын екі немесе одан көп 
рет сотталған адам жасаса; 
ж) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген 
адам, егер оларды өзінің қазмет бабын жасаса. 
г) Иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-тараждың субьективтік 
жағы. 
Қылмыс, қоғамдық қауіпті әрекет бола тұрып, ол мінез- құлықтың сыртқы
көрінісі (әрекет немесе әрекетсіздік) және олар туғызатын объективтік 
тіршіліктегі өзгерістердің (қылмыстың объективтік жағы) ішкі белгілерімен, 
яғни адамның мінез-құлығын туғызатын, реттейтін және бағыттайтын 
(қылмыстың субъективтік жағы) психикалық процестермен тығыз 


48 
байланысының психо-физикалық бірлігі болып табылады. Сонымен кез 
келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік- бұл тек қана дененің қимылы 
немесе дене қимылының болмауы емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, 
қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы деп түсіну керек. Осы қатынас 
қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады. Адамның кез-
келген мінез-құлығы оның санасы және еркімен анықталады және 
бақыланады. 
Сезіну және еріктілік-психикалық көзқарастарды құрайтын элементтер 
болып табылады. Сана арқылы сезіну (интеллектуалды кезең ) және ерік 
(еріктілік кезең ) өзара жиналып кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен, 
кінәнің өзі екі түрлі-сезіну және еріктілік кезеңдері арқылы сипатталады. Өз
әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-
сезім ақылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың 
интеллектуалдық (сезім) кеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе 
оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін 
іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі 
болып табылады, мұндай элементтің болмауының өзі кінәліліктің
болмағандығын дәлелдейді. 
Бұл кез-келген қылмыскердің қылмыстық жауаптылығының субьективтік 
негізі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет