Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
treatise9312

Бақылау сұрақтары: 
1. Объектінің ұғымы 
2. Объектінің түрлері қандай? 
3. Жалпы оъект дегеніміз не? 
4. Тікелей объект дегенді түсіндір? 
5. Қылмыс заты 
Әдебиеттер 
1.Модельный уголовный кодекс для госдарств - участников СНГ // 
Правоведение, 1996, № 1, 150 с. 


34 
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж 
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет. 
3.Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А. 
Пионтковского. М., 1959г. 810стр. 
4.А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 
2000ж. 520бет. 
5.Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. 
768стр. 
6.Научно – практический комментарий к Основам уголовного законодательства 
Союза ССР и союзных республик. М., 1961г. 200стр. 
2.2 Иеленіп алу мен ысырап етудің обьективтік жағы 
Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық заңда көрсетілген 
қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығын құрайды. 
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстық заң қорғайтын 
қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және қол сұғу қаупін 
тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Адамның 
мінез-құлығының кез-келген актісі ішкі және сыртқы белгілердің 
жиынтығынан тұрады. Нақты қоғамдық қауіпті қатынастар әрқашан жекеше 
болып тұрады және де бұл жерде адамның жай ғана дене қозғалысы емес 
оның саналық қызметіне мән беруіміз керек. Мұндай қызмет қылмыстық 
заңның белгілі бір нормасына тек адамның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі 
емес, тек әрекеттері болса ғана сай келеді. 
Нақты бір қылмыс құрамының обьективтік жағы, оны қоғамдық 
қауіптілік және құқыққа қайшылық белгілерінен және өзге ұқсас қылмыс 
құрамдарынан ажырататын белгілерінің жиынтығынан тұрады. 
Қылмыс құрамының обьективтік жағына: белгілі бір объектіге қол 
сұғатын әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардаптар, әрекет немесе 
әрекетсіздік пен зардап арасындағы себепті байланыс, қоғамдық қауіпті 
нәтиже, қылмысты жасау уақыты, орны, жағдайы, әдістері, қарулары мен 
құралдары жатады. 
Қылмыстық іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) кез келген қылмыстың 
объективтік жағының міндетті белгісі, өйткені ол объективтік жағының 
негізі, өзегі ретінде танылады. Әрекет немесе әрекетсіздік қоршаған ортамен 
өзара әрекеттесудің әртүрлі нысанында және белгілі бір жағдайларда, 
уақытта және орында жасалуы мүмкін. Қылмыстық құқықтық мағынада іс-
әрекеттің құқықтық белгілері бар, олар қоғамға қауіптілік және құқыққа 
қайшылық. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті белгісі, яғни, қылмыс болып 
табылатын іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға 
қол сұғады және елеулі зиян келтіреді немесе осындай зиян келтіру қаупін 
туғызады. 
Қоғамға қауіпті зардаптар немесе қылмыстық зардаптар қылмыс құрамы
объективтік жағының келесі белгісі табылады. Қылмыстық зардаптар деп 
адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде қоршаған ортада болған 


35 
және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жататын өзгерістерді 
түсіну қажет. 
Сипатына қарай қоғамға қауіпті зардаптарды екі үлкен топқа бөлу 
қалыптасқан: 1) материалдық зардаптар, 2) материалдық емес зардаптар. 
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға мүліктік зиянды жатқызуға 
болады. Мүліктік зиян түріндегі материалдық зардаптарды оның құнының 
өлшемімен немесе ақшалай есептейді. Бұл біздің зерттеп отырған меншікке 
қарсы қылмыстардың барлығында кездеседі. Қылмыстық заңның өзінде 
қылмыстардың материалдық мүліктік зардабы мына көрсеткіштермен де 
анықталады "ірі мөлшер", "ірі зиян", "елеулі мөлшер" және тағы басқа. 
Материалдық емес зардаптар деген қылмыстық заңмен қорғалатын 
қатынастарға қатысушылардың мүдделерін сыртқы дүниенің материалдық 
заттарына және адамның денесіне әсер етпей бұзумен ұштасқан жағымсыз 
өзгерістерді білдіреді. Материалдық емес зардаптарға –саяси, моральдық, 
ұйымдастырушылық, әлеуметтік және тағы басқа зияндар жатады. 
Қылмыстық заң қылмыс арқылы бұзылған қоғамдық қатынастың 
әлеуметтік құндылығын, зиянның пайда болу себептері мен оның мөлшерін, 
әрекеттің субъектілері мен оның субъективтік жағын және басқа бірқатар 
жағдайларды ескеріп және осыған байланысты қылмыстық –құқықтық
қатынастың пайда болуын зиянның тууымен байланыстырып немесе
байланыстырмай анықтайды. 
Қоғамға қауіпті зардаптардың маңыздылығын мына жағдайлармен 
түсіндіруге 
болады: 
1) 
қоғамға 
қауіпті 
зардаптар 
әрекетті 
қылмыстандырудың басты негізі болып табылады, 2) қоғамға қауіпті
зардаптар қылмыс құрамдарының міндетті элементі бола тұрып қылмысты
саралауға қатысады, 3) қоғамға қауіпті зардаптар жаза тағайындау кезінде
жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретінде ескеріледі, 4) қоғамға қауіпті 
зардаптар қылмысты қылмыс емес құқық бұзушылықтардан және 
аморальдық әрекеттерден ажыратудың критерийі болып табылады. 
Материалдық құрамдағы қылмыс жасаған адамды қылмыстық
жауаптылыққа тартудың міндетті шарты болып оның жасаған іс-әрекеті мен 
осы іс-әрекет нәтижесінде туындаған зиянды зардап арасындағы себепті 
байланыстың болуы табылады. Яғни, туындаған қоғамға қауіпті зардап 
қандай да бір үшінші тұлғаның немесе сыртқы күштің әсерінен емес 
адамның нақ осы әрекетінің не әрекетсіздігінің нәтижесінде келтірілгендігін
анықтау қажет. Сондықтан адамның белгілі бір әрекеті қылмыстық сипатқа, 
егер бұл әрекет қылмыстық заңда қарастырылған қоғамға қауіпті
зардаптарға әкеп соқса немесе әкеп соғу қаупін тудырған болса ғана ие 
болады. 
Себепті байланыс – құбылыстардың өзара байланысы. Мұнда бір 
құбылыс екінші құбылыстың пайда болуына себеп болады. Ал себеп –
құбылыстардың, 
заттардың, 
процестердің 
өзара 
тәуелділігінің, 
байланыстылығының және жалпы объективтік байланыстың бір нысанын
білдіретін философиялық категория. Себеп деп салдар ретінде
қарастырылатын екінші құбылысты түсіну қажет. 


36 
Қылмыстық құқықта қоғамға қауіпті іс-әрекет философиядағы "себеп"
категориясына, ал қоғамға қауіпті зардап "салдар" категориясына бара-бар 
ұғымдар. Алайда, белгілі бір жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыс 
зардабының себебі деп тану үшін, біріншіден, ол іс-әрекет ерікті, саналы, 
негізді және мақсатқа лайықты жасалуы қажет. Егер адамның еркі не 
таңдауы тойтарылмайтын табиғи күшпен, күштеп зорлаумен не өз әрекетін
басқаруға мүмкіндік бермейтін өзге де сыртқы күштермен тоқтатылса ол 
әрекеттің қылмыстық құқықтық күші жойылады. 
Сонымен бірге екіншіден, іс-әрекеттің субъектісі қажетті қылмыстық –
құқықтық қасиеттерді иеленуі тиіс: есі дұрыстық және жауаптылық жасына 
толуы. 
Үшіншіден, адамның іс-әрекеті кемінде қоғамға қарсы, яғни, белгілі бір
зиянды зардаптарды тудыру мүмкіндігін иемденетін әрекет болуы тиіс. 
Егер әрекет қоғамға пайдалы не бейтарап болса, онда себепті байланыс 
жөнінде мәселе туындамайды. 
Төртіншіден, адамның қоғамға қауіпті әрекеті қылмыстық зардаптың 
себебі болып танылу үшін ол әрекет зиян келтірудің қажетті жағдайы болып 
табылуы қажет. Себепке қарағанда жағдай –бұл екінші құбылысты тікелей 
тудырмайтын, бірақ себепке ықпал ете отырып оның одан әрі дамуын
қамтамасыз ететін құбылыс. Жағдайлар себептің тууына және оның әрекет 
етуіне ықпал етеді. 
Бесіншіден, мезгілі, уақыты жағынан қылмыстың объективтік жағын
құрайтын іс-әрекет қоғамға қауіпті зардаптың алдын алуы қажет. Яғни,
қоғамға қауіпті зардап қоғамға қарсы іс-әрекет жасалғаннан кейін, осы іс-
әрекеттің нәтижесінде туындауы тиіс. 
Алтыншыдан, белгілі бір қылмыста себепті байланыс бар деп тану 
үшін іс әрекет пен зардап арасындағы объективті байланыспен қатар
субъективті байланыс - кінәні анықтау қажет. Себебі, кездейсоқ зиян 
келтіру кезінде қылмыстық жауаптылық себепті байланыстың жоқтығынан
емес, кінәнің болмауынан туындамайды. Сонымен, іс-әрекет пен зардап
арасындағы себепті байланыс әрекет немесе әрекетсіздікпен жасалатын 
материалдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағының міндетті 
белгісі болып табылады. 
Адамның әрекеті оның еркін білдіретін қылығы болып табылады. 
Сәйкесінше, ол саналы, ерікті және белгілі бір мақсаттарға бағытталған 
болуы керек. Әрине, адамның мінез-құлығын саналы және ерікті әрекет деп 
тану оның кінәсінің барлығын немесе жоқтығын көрсетпейді. Кінә туралы 
мәселе адам әрекеттерінің нақты қоғамдық қауіпті салдарларын болжауына 
немесе болжау мүмкіндігіне, болмаса жасалған қылмыс құрамының
обьективтік жағын құрайтын сәйкес қасиеттерін болжау немесе ұғыну
мүмкіндігіне байланысты шешіледі. 
Осыған орай, адамның әрекеттеріне оның рефлекторлы (үйреніп кеткен) 
қимыл-қозғалыстарын, сандырақтап жатқан аурудың қимыл-қозғалыстарын, 
бұлар сананың бақылауында болмағандықтан, жатқызуға болмайды. Кейде 
адамның саналы мінез-құлығының да қылмыстық- құқықтық мәні болмайды, 


37 
егер ол табиғаттың дүлей күшінің немесе физикалық мәжбүрлеудің негізінде 
сол әрекеттерді жасаса. Мұндай жағдайларда адамның жасаған әрекеттері 
оның теріс қылығы болып табылмайды, сәйкесінше, өз еркіне қарсы әрекет 
ету де қылмыс болып табылмайды. 
Қылмысты жасау уақыты, орны, жағдайы, әдістері, қаруы мен құрал 
жабдықтары қылмыс құрамының обьективтік жағының факультативтік 
белгілеріне жатады, өйткені олар нақты баптардың диспозициясында 
көрсетілсе ғана міндетті белгіге жатады. 
Қылмыстың жасалу уақыты- бұл қылмыс жасалған белгілі бір жыл, ай, 
тәулік, сағатпен есептелетін уақыт аралығы. 
Ал кейбір жағдайларда қылмыстың жасалу уақыты жауаптылықты 
ауырлататын немесе аса ауырлататын белгі ретінде қарастырылады. 
Қылмыстың жасалу тәсілі –бұл қылмысты жасау үшін адамның 
қолданған әдіс, амалдары. Бірқатар қылмыстар тек бір тәсілмен ғана 
жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қылмыстың тәсілі заңда қылмыс 
құрамының міндетті белгісі ретінде көрсетіледі. Меншікке қарсы қылмыс
талан-тараж қылмыстары бір-бірінен осы қылмыстың жасалу тәсілі бойынша 
ажыратылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 
"Ұрлық", яғни, бөтен мүлікті жасырын талан-таражға салу, Қылмыстық 
кодекстің 178-бабы "Тонау", яғни, бөтеннің мүлкін ашық түрде талан-
таражға салуы, бұл қылмыстар бір-бірінен жасау тәсілі бойынша әртүрлі 
және саралауда да ашық талан-таражға салу жауаптылықты ауырлатуға негіз 
болады. 
Қылмыстың жасау құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан
қылмыстың жасалу тәсілінен кейін екінші тұрады. Олар іс-әрекеттің қоғамға 
қауіптілік сипаты мен дәрежесіне елеулі ықпал ететін қылмыс құрамының 
элементтері. Сонымен, жоғарыда айтылған белгілердің барлығы да 
қылмыстың объективтік жағының белгілері болып табылады және осы 
белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады. Кез келген 
жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт 
элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқықтық нормамен белгіленген 
қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы 
нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет. 
Қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін 
дәлме – дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс- әрекетті дұрыс 
саралаудың негізі болып табылады. Екіншіден, объективтік жағының 
белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға 
мүмкіндік береді (мысалы, иеленіп алудың объективтік белгісін, ысырап 
етудің объективтік белгісінен ). Осыған байланысты қылмыстың объективтік
жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтері болып 
табылады. 
Иеленіп алудың обьективтік белгілерін осыған ұқсас ысырап етудің 
белгілерінен ажырату қажет. Сондықтан ең алдымен біз бөтеннің мүлкін 
иеленіп алу жолымен ұрлаудың обьективтік жағына тоқталуымыз қажет. 


38 
Иеленіп алу дегеніміз – белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне 
сеніп тапсырылған тауарлық – материалдық құндылықты алуы. Яғни, 
бөтеннің мүлкін иеленіп алу обьективтік жағынан кінәлінің оқшауланған 
сеніп тапсырылған тауарлық-материалдық құндылықтарды алып қоюымен 
сипатталатын және өз пайдасына немесе заңсыз иелік жасап беру арқылы 
өзге біреулердің пайдасына қарай қолданумен сипатталатын белсенді 
әрекеттерден тұрады. Егер кінәлі өзіне сеніп тапсырылған мүлікті өз 
пайдасына жұмсау үшін талан-таражға салғысы келсе, онда ол мүлікті 
алдын-ала меншік иесінің өзге мүліктік қорынан жеке оқшаулап, ұрланған 
затты кеңістікте орнын өзгертіп өз мүлкіне қосып қоюына тура келеді. Бұл 
көзқарасты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабын 
талқылаушы авторлар да ұстанады . 
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу тек белсенді түрде жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сондықтан, бөтеннің мүлкін иелену тек қана бөтеннің мүлкін ұстап қалу
(қайтармау) емес өз кезегінде оны сеніп тапсырылған адамның өз 
мақсаттарына пайдалануы. 
Ұстап қалу немесе қайтармау өз мазмұны жағынан бәсең (пассивті) мінез-
құлықтың, адам әрекетсіздігінің бір түріне жатады. Алайда, бір затты
әрекетсіздік арқылы ұрлау, барлығы мойындап отырғандай, тәжірибеде 
мүмкін болмайтын жағдай. Осы бір себепке байланысты ғана талан-
тараждың бір түрі ретіндегі иеленіп алу жай ғана құндылықтарды ұстап 
қалудан тұруы мүмкін емес. 
Иеленіп алудың обьективтік жағын зерттеуші кейбір ғалымдар талан-
тараждың бұл түрінде қылмыскер алдымен меншік иесінің мүліктік 
қорынан мүлікті (немесе оның бір бөлігін) алып қою қажет, содан кейін 
ғана ол оны өз пайдасына жұмсайды. Қазақстан Республикасы қылмыстық
кодексінің 175-бабына берілген ескертулер де бөтеннің мүлкін кінәлінің 
құқыққа қарсы жолмен алып қоюы және (немесе) өз пайдасына жұмсауы 
жатады деп көрсетілген. Яғни, меншік иесінен немесе өзге иеленушіден 
мүлікті алып қоймай талан-тараждау да болады деген сөз. Біздің пікірімізше, 
иеленіп алу мен ысырап етуді тура осы талан-тараж қатарына жатқызу керек
өйткені меншік иесі немесе өзге де иегердің өзі заңды негізде кінәліге өз 
мүлкін сеніп тапсырады. Мұнда меншік иесінен немесе өзге де иеленушіден 
мүлікті заңсыз алып қою болмайды, өйткені меншік иесі қылмыскерге 
мүлікті ерікті түрде берген. Бұл сеніп тапсырылған мүліктің барлығын емес 
тек бір бөлігін оқшаулаған және алып қойған жағдайларға да қатысты. 
Себебі, мүлік меншік иесінен немесе өзге де иегерден заңсыз алынып 
қойылған жоқ, ол кінәліге толығымен заңды негізде берілген. 
Жалпы алғанда, біздің ойымызша, бөтен мүлікті меншік иесінен немесе 
өзге де иеленушіден заңсыз алып қою белгісінің болмауы – иеленіп алу 
мен ысырап етуді бөтеннің мүлкін талан-тараж етудің өзге формаларынан 
ажырататын сипатты ерекшелігі. 
Жоғарыда айтқанымызды өрбіте отырып, мынадай қорытынды шығаруға 
болады: талан-тараждың бір нысаны ретіндегі иеленіп алу, обьективтік
жағынан меншік иесі немесе өзге де иеленушіден мүлікті заңсыз жолмен 


39 
алып қою орын алмаған кезде кінәлінің немесе өзге де адамдардың
пайдасына бөтеннің мүлкін заңсыз беру болып табылады. 
Нақтылауға жататын тағы бір мәселе бар. Көптеген зерттеушілер иеленіп 
алуда бөтеннің мүлкін кінәлінің немесе өзге адамдардың пайдасына құқыққа 
қайшы түрде беру орын алады деген пікірде. Бұл тұжырымды дұрыс деп
есептеуге болады, өйткені кез-келген, кінәліге сеніп тапсырылған мүлік өзге 
біреулердің пайдасына берілсе, егер ол кінәлінің иелігінен шықса ол
иеленіп алу болып қала береді. Сондықтан, иеленіп алушылық кінәліге
сеніп тапсырылған мүлік үшінші бір тарапқа емес өзінің немесе өзге де 
біреулердің пайдасына берілгенде ғана орын алады деген пікір болса айту 
керек. Бұл иеленіп алуды кінәлінің өзінің ғана емес өзге біреулердің 
пайдасына да жасауға болады дегенді көрсетеді. Өкінішке орай, арнайы
әдебиеттер, осы мәселелерге көңіл аудармайды. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытындыға келуге 
болады: бөтеннің мүлкін иеленіп алу-сеніп тапсырылған бөтен мүлікті кінәлі 
өз пайдасына немесе өзгелердің пайдасына қарай пайдакүнемдік мақсатпен 
құқыққа қайшы қайтармау ниетімен меншік иесі немесе сол мүліктің өзге де 
иелеріне зиян келтіре отырып талан-тараждау және егер де ол мүлікті әлі 
ысырап етпеген болса немесе өзге де жолдармен талан-таражданған мүлікті 
жойып жібермеген болу керек. Иеленіп алу кінәлі өзіне сеніп тапсырылған 
бөтеннің мүлкін меншік иесіне немесе сол мүліктің өзге де иелеріне зиян 
келтіре отырып заңсыз түрде өз пайдасына қарай бұрған кезден бастап 
аяқталған қылмыс деп есептеледі. 
Айыптының өз иелігіне алған мүлікті заңсыз пайдалануы сияқты ары 
қарайғы әрекеттері бұл қарастырылып отырған құрам шегінен тыс жатыр, ол 
талан-таражға салудың, басқа нысаны – ысырап етумен ұштасады. Сеніп 
тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың нысанына оны ысырап 
ету жатады. Арнайы әдебиеттерде бұл түсініктің мазмұны жағынан бір-біріне 
жақын анықтамалары да аз емес. Профессор И.Ш.Борчашвилидің ойынша 
ысырап ету - "Кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті құқыққа қайшы 
қайтадан орнын толтырмай өзінің немесе өзге біреудің пайдасына 
тұтынушыдан айыра отырып жұмсауы". Мұнда кінәліге сеніп тапсырылған 
мүлік белгілі бір құқықтық өкілеттілікті жүзеге асыру үшін заңсыз ысырап 
етіледі, сатылады, үшінші тарапқа беріледі немесе қылмыс субьектісінің өзі 
тұтынады. 
Алайда, өзге де пікір бар, ысырап ету дегеніміз – кінәлінің өзіне сеніп 
тапсырылған мүлікті өз пайдасына емес өзге біреулердің (достарының, 
туыстарының, өзге кез-келген үшінші тараптың) пайдасына қарай жұмсауы. 
Бұл пікірмен келісуге болмайды, өйткені, иеленіп алу ысырап етуден 
бөтеннің мүлкі заңсыз түрде кімнің пайдасына қарай бұрылғанымен 
ажыратылмайды, ол қылмыскерде осы мүліктің болуымен ажыратылады. 
Талан-тараждың нысаны ретіндегі ысырап ету сеніп тапсырылған бөтеннің 
мүлкін сату, тұтыну, өзге де үшінші тарапқа беруден тұрады. Өзге сөзбен 
айтқанда, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкі талан-тараждалғаны жөніндегі 
дерек ашылған кезде ол мүлік ысырап етіліп біткен немесе өзге де жолдармен 


40 
ол мүлік жойылған болуы керек. Осы жағдайда сеніп тапсырылған бөтеннің 
мүлкін иеленіп алу емес, ысырап ету жөнінде сөз болады. 
2006 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды облысының орман, балық және 
аң аулау шаруашылығының экономика және қаржы бөлімінің бас бухгалтері 
қызметін атқара отырып Ш. пайдакүнемдік мақсатпен жалпы көлемі 1735404 
теңгені құрайтын өзіне сеніп тапсырылған ақша қаражатын талан-таражға 
салды. Оның әрекеттерін тергеуде, 1728782 теңге кінәлінің өзінде болып 
шықты, ал 6622 теңге ол сол кезде өзіне және өзінің туыстарына тауар алуға 
жұмсалып тастағаны анықталды. 
Сот негізді түрде ол талан-таражды иеленіп алу, ал 6622 теңгеге қатысты 
– сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету деп саралады. 
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе мынадай 
пікірге келуге болады, ысырап ету – кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған бөтен 
мүлікті өзінің немесе өзге біреулердің пайдасына, меншік иесіне немесе 
мүліктің өзге де иесіне зиян келтіре отырып, құқыққа қайшы және қайтармау 
ниетімен пайдакүнемдік мақсатта талан-тараж етуі, егер талан-тараждағаны
ашылған кезеңде ол бөтеннің мүлкі ысырап етіліп болса немесе өзге де 
жолдармен аластатылса. 
Ысырап ету меншік иесіне зиян келтірілген кезден бастап емес (тіпті бұл 
белгі иеленіп алудағы сияқты ысырап етуге де міндетті белгі болып табылса 
да), бөтеннің мүлкін кез-келген жолмен аластаған (жойған) кезден бастап 
аяқталған қылмыс деп табылады. 
Иеленіп алу талан-тараждың нысаны ретінде кінәліге сеніп тапсырылған 
тауарлық - материалдық өзге құндылықтардың бір бөлігін оқшаулап 
қылмыстың субьектісі өз меншігіне қосқан күнінен бастап аяқталған қылмыс 
болып саналады. Ысырап етудің иеленіп алумен ешқандай байланысы жоқ 
және иеленіп алудан кейінгі қылмыстық әрекеттің келесі кезеңі болып та 
табылмайды. Ысырап етудің иеленіп алуға қарағанда ерекшелігі ысырап 
етуде заңды иелену мен мүлікті басқару арасында ешқандай уақыт мөлшері 
жоқ. 
Біздің ойымызша, талан-тараж ашылған кезеңде мүлік әлі кінәліде болса 
сөз иеленіп алу жөнінде болуы керек те, ал мүлік сол кезеңде кінәліде 
болмаса, онда сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету ретінде 
қарастырылуы қажет. 
И.Ш. Борчашвили, жалпы алғанда, негізді түрде, әрбір ысырап ету 
жағдайында алдын-ала кінәлінің құқыққа қайшы түрде бөтен мүлікті 
иемденіп алу, яғни иеленіп алу дерегін анықтау қажет деген көзқарас 
қолайлы емес деген пікірді ұсынады. Алайда, барлық жағдайда болмаса да 
кейде иеленіп алу ысырап етудің алдыңғы кезеңі болып табылуы мүмкін. 
Тәжірибеде адам бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп алатын уақыт кезеңі 
болмайтын жағдайлар да кездеседі. 
Иеленіп алудың обьективтік жағын кінәлінің заңды иелігіндегі бөтеннің 
мүлкін заңсыз қайтарымсыз алып қою құрайды. Иеленіп алуға мүліктің 
кінәліге белгілі бір шаруашылық міндеттерді шешу мақсатында материалдық 
жауаптылықты көздей отырып, сеніп тапсырылуы керек: қоймашыға – сақтау 


41 
және заңды түрдегі құжаттар бойынша тарату үшін, экспедитор немесе 
қамсыздандыру жөніндегі менеджерге бір орыннан екінші орынға 
тасымалдау үшін, сатушыға – тұтынушыларға сату үшін, фермерге – 
ауылшаруашылық өнімдерін базарға шығарып сату үшін және т.с.с. Өзіне 
сеніп тапсырылған мүлікті басқару, жұмсау, тасымалдау немесе сақтау 
құқығын пайдалана отырып жоғарыда аталған адамдар және олармен 
теңестірілетіндер өз пайдасына немесе өзге біреудің пайдасына жұмсау 
мақсатында сол мүлікті ұстап қалады немесе алып қояды. 
Иеленіп алу аяқталған қылмыс болып есептеледі, егер кінәлі заңда 
көрсетілген немесе бөтеннің мүлкі кінәлінің иелігіне уақытша көшудің 
шарттарында көрсетілген мерзімде мүлікті иесіне қайтармаса, я сол мүлікті 
кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған қоймадан алуы және сол кезеңде кінәлі де 
өз еркінше сол мүлікке басқару және жұмсау құқығы болса. 
Иеленіп алумен салыстырғанда, бөтеннің мүлкін ысырап ету кінәлінің
заңды иелігіндегі мүлікті қайтармай заңсыз ұстап қалуынан тұрады. Кінәлі 
адам өзінің қызметтік міндеттеріне, келісімдік қатынастарына немесе
арнайы тапсырысқа байланысты мүлікті басқару, бөлу, тасымалдау немесе 
сақтау жөніндегі құқықтарын жүзеге асырады. Аталған анықтамадан
шығаратын қорытындымыз, ысырап етудің обьективтік жағы кінәлі адамның 
заңды иелігіндегі бөтен мүлікті заңсыз, орнын толтырмай ұстап қалуынан 
тұрады (мысалы, ақша қаражатын ысырап ету, қоймадағы, дүкендегі тамақ 
өнімдерін тұтыну және т.б.). 
Иеленіп алуға қарағанда ысырап ету мүлікті шынайы ысырап етіп бітіру, 
ал иеленіп алу – мүлікті тек иемденуден ғана тұрады. Ысырап ету кінәлінің 
заңды иелігінде тұрған мүлікті иеленіп алу немесе мүлікті заңсыз ұстап қалу 
процесінің жалған болуы мүмкін. Сондықтан, иеленіп алса, мүлікті, мысалы 
тінту кезінде алып қоюға болады, ал ысырап етуде келтірген зиянды өтеуді 
ғана талап етуге болады. 
Бөтеннің мүлкін ысырап етудің жеке жағдайларының біріне тұрғындарға 
қызмет көрсету саласындағы, кәсіпорынның шикізаты немесе материалдарын 
пайдалана отырып жасаған жұмысы үшін прейскурант бойынша 
тапсырушыдан алған ақша қаражатын сәйкес өкілетті қызметкердің ұстап 
қалуы жатады. 
Кінәлінің әрекетінде, тәжірибе материалдарынан, иеленіп алу мен ысырап 
ету әдістерінің жанасуын байқауымыз қажет. 
Ысырап ету аяқталған қылмыс ретінде, кінәлі өзіне сеніп тапсырылған 
мүлікті ұстап қалуынан бастап танылады. Ұстап қалуды кінәлінің өзі ғана 
емес, өзге біреу де жүзеге асыруы мүмкін. Кінәлі өз иелігіндегі болған 
мүлікті өзге бір адамға ысырап етуге, тұтынуға немесе иемденуге мүмкіндік 
бере отырып, мысалы, сол адамның алдындағы міндеттемелік қарыздарынан 
құтылуға үміттенеді, өз туыстары немесе таныстарына материалдық көмек 
беруге және бұл көмекті ол өз еңбегінен меншік иесінің есебінен немесе 
оның мүдделеріне зиян келтіре отырып, беруге үміттенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет