49
әрқайсысының заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі екендігін
айта кету керек.
Кінә - кез-келген қылмыс құрамының субьективтік жағының міндетті
белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұның өзі
кінәсіз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес
екен дегенді білдіреді. Қылмысты саралауда қылмыстық жауаптылықтың
бар – жоғы анықталады. Қылмыстық ниет пен мақсат, кейбір қылмыс
құрамдары үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай
болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс
құрамының субьективтік
жағының факультативті (қосымша) белгісі ғана болып саналады.
Қылмыстың субьективтік жағын, кінәнің нысанын, қылмысты жасау
ниеті мен мақсатын дұрыс анықтаудың маңызы зор, ол қылмысты қылмыс
болып табылмайтын іс- әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыстың
субъективтік жағы обьективтік жағынан бір-біріне ұқсас қылмыс құрамдарын
ажыратуға, қылмыстың субъективтік
жағының мазмұны істелген
қылмыстың, сондай-ақ әрекетті жасаған адамның қоғамға қауіптілігі
дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың
негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың
бар- жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ
жаза тағайындау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидаларының бірі – қылмыстық
жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана
тартылатындығы болып табылады.
Кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда
істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына
деген көзқарастардың жиынтығының көрсеткіші.
Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетін
кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің қасақаналық нысанын
дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қылмысты қасақана істеу
тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Адам өзі белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің
қылмыстық заң қорғайтын қандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілетін
зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттің жүзеге асырылу уақыты, орны, тәсілі,
жағдайы сияқты мән –жайларды ой
елегінен өткізіп, елестетеді. Осы
компененттердің барлығының да кінәлінің санасы арқылы елестетілуі, оның
іс-әрекетінің белгілі бір әлеуметтік игілікке қарсы бағытталғанын,
нәтижесінде одан қоғамдық қатынастар жүйелеріне зиян келетінін, яғни,
оның қоғамға қауіптілігін сезінуге мүмкіндік береді.
Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-әрекеті арқылы
келтірілген зардаптың нақты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ақ
осы іс-әрекетпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың
өрбуі сияқты белгілер құрайды.
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан –таражға
салудың субьективтік жағы қасақаналықпен (тікелей) және пайдакүнемдік
50
мақсатпен сипатталады, бұлардың мазмұны: біріншіден, кінәлі адам бөтеннің
мүлкін иемденіп алғанын толық ұғынады,
екіншіден, кінәлі әрекеттерімен
мүліктік зиян тигізетінін алдын-ала болжайды және бұл зиян мүліктің меншік
иесінің материалдық қорын азайтумен сипатталатынын ұғынады, үшіншіден,
кінәлі адам бөтеннің мүліктік қатынастарына зиян келтіру есебінен өзі
заңсыз баюды немесе өзге біреулерді байытуды тілейді.
Тілеу-бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік
болып табылады.
Пайдакүнемдік ниетпен бөтеннің мүлкін ұрлайтын қылмыскерлер сыртқы
жағдайлардың емес ішкі жағдайлардың (негізсіз көтерілген материалдық
сипаттағы өкпе немесе қалыпсыз материалдық қажеттіліктер негізінде)
әсерімен жасайды.
Кез келген мінез-құлыққа, оның ішінде қылмыстық құқықтық мінез-
құлыққа да дұрыс баға беру үшін қылмыстық ниет пен мақсатты да анықтау
қажет.
Ниет - белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі
болуына
байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде
қылмыс істеуге бел бууы. Адамның кез-келген мінез-құлығы (әрекеті немесе
әрекетсіздігі) мақсатымен (оның құндылықтарының жүйесіне сәйкес таңдап
алынған) анықталады, оның сыртқы көрінісі, яғни обьективизациялануы
болып табылады. Егер адамның нақты бір қызметін алып қарастырсақ, онда
оның қызметінің мақсаты бір құрылымының бір бөлігі санатында көрінеді.
Қызметтің бүкіл құрылымы мына компоненттерден: мақсат – ниет - әдіс –
нәтижеден тұратын неғұрлым жалпылама кестеге сияды.
Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі
бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Сонымен, қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда
болады екен, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті
жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді. Адам
қызметінің мақсаты - әрекет етушінің өзі күткен белгілі бір нәтиженің, соңғы
қорытындының ойша
көрінісінің
санадағы
идеалдық бейнеленуі.
Философиялық
көзқарас бойынша, ерікті мінез-құлықта “құрылымды түрде
және уақытта ең алдымен ниеттену және мақсаттың айқындалуы жүреді, ал
олардың негізінде адамның өз әрекетінің салдарларына деген психологиялық
қатынасы пайда болады”.
Бұл жерде таным үшін мақсаттың пайда болу (мақсаттың анықталу) сәті
мен нәтижеге деген психологиялық қатынас процесінің бөлінуі байқалады.
Мақсат әрекеттің саналы көрінісі бола отырып адамның өз әрекеттері мен
қылықтарын не үшін жасайтынын білдіреді.
Белгілі философ В.П.Тугаринов заңды іс-әрекеттің мақсаты “алға қойған
құндылықтың ойша бейнесі” деп анықтайды, ал қылмысты әрекеттің
мақсатын ол “жалған құндылық” (лжеценность) деп атайды. Ал қылмыстың
субьективтік жағын арнайы зерттеген И.Г.Филановский бұл мәселеде өзінің
қарама-қайшы пікірін білдірді. Оның ойынша, “алыпсатардың табысы”
немесе қылмысты жолмен өзге де құндылықтарға ие болу жалған
51
құндылықты білдірмейді, бұлар да “толық шынайы, қол жетпес, маңызды”
құндылықтар. И.Г.Филановский В.П.Тугариновтың
пікірін сынай отырып,
мәселені мақсатты болжау санасынан мәнділік (сущность) санасына
ауыстырып, В.П.Тугаринов жалған құндылық деп құндылықтардың өзін
емес, сол құндылықты қылмысты жолмен алып отырған адамның мақсатын
атап тұрғанын есепке алмағанын байқау қиын емес. Алайда,
біріншіден,
мақсаттың заттық құндылығы жоқ, оның сипаты тек оның әлеуметтік
мазмұны мен белгілі бір индивидтің, адамның өзінің санасындағы
құндылықтар жөнінде көріністерін құрастыруға ғана мүмкіндік береді,
Достарыңызбен бөлісу: