«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Эксгумация Адамның мәйiтiн жерленген жерiнен қазып алу (эксгумация) егер мыналар



бет42/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Эксгумация
Адамның мәйiтiн жерленген жерiнен қазып алу (эксгумация) егер мыналар:
1. Мәйiттi тексеру, оның iшiнде қосымша немесе қайталап тексеру
2. Тану үшiн көрсету
3. Сараптама жүргiзу талап етiлгенде жүргiзiледi.
Эксгумация тергеушiнiң прокурор санкция берген дәлелдi қаулысы бойынша жүргiзiледi.
Эксгумация туралы қаулы жерленген жердiң әкiмшiлiгi және қайтыс болған адамның туыстары үшiн мiндеттi болып табылады.
Эксгумация сот медицинасы саласындағы маманның мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.
Куәландыру
Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыс iздерiн, денсаулығына келтiрiлген зиянның белгiлерiн анықтау, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге және куәға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.
Куәландыру жүргiзу туралы тергеушi сезiктi, айыпталушы үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы шығарады. Жәбiрленушiнiң, куәнiң мәжбүрлеп куәландырылуы прокурордың санкциясы бойынша жүргiзiледi.
Куәландыруды тергеушi дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен, ал олар қатыса алмаған жағдайда куәлердiң қатысуымен жүргiзедi. Бұл тергеу iс-әрекетi куәландырылатын адамды шешiндiрудi қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердiң қатысуымен жүргiзiледi.
Егер куәландыруда адамның денесi жалаңаштандырылатын болса, онда тергеушi жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе куәлердiң қатысуымен дәрiгер жүргiзедi
3. Бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында тергеушi тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, сезiктiге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн.
Танылуға тиiс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуы керек. Бұл ереже мәйiттi тануға қолданылмайды.
Тергеу iс-әрекетiне арасында танылуға тиiс адам орналасқан өзге адамдардың қатысуы тек олар ерiктi түрде келiскен кезде және тануға қатыстырылған адам олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкiн болады.
Әдетте, мәйiт жеке көрсетiледi. Апаттар туралы iстер бойынша және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да iстер бойынша мәйiт тану үшiн жалпы қаза болғандармен бiрге көрсетiлуi мүмкiн. Қажет болған жағдайларда тергеушiнiң нұсқауы бойынша танушы адамға мәйiттi көрсетпес бұрын маман мәйiттi гримдейдi. Тергеушiнiң мәйiттi оның жатқан жерiнде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшiн ұсынуға қажеттi уақыт кезеңiнде орындалуға мiндеттi.
Егер танитын адам куә немесе жәбiрленушi болса, оған танудың алдында айғақ беруден бас тартқаны үшiн, көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, оған сондай-ақ өзiне, ерiне (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына, ал дiни қызметшiге - тәубе үстiнде өзiне iшкi сырын сенiп ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
Тану жүргiзудiң алдында тергеушi танылуға тиiс адамға өзге адамдардың арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетiледi.
Адамды көрсету мүмкiн болмаған кезде тану оның фотосуретi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн, ол бет әлпетi танылуға тиiс адаммен мүмкiндiгiнше ұқсас, кемiнде үш адамның фотосуретiмен бiрге көрсетiледi, тану сонымен бiрге дыбыс және бейнежазба бойынша да жүргiзiледi.
Зат кемiнде үш бiртектес затпен бiрге көрсетiледi. Ұқсас объектiлердi iрiктеп алу мүмкiн болмаған немесе қиын болғанда затты тану үшiн көрсету жалғыз дана бойынша жүргiзiледi.
Танушы адамға өзi ол туралы айғақ берген адамды немесе затты көрсету ұсынылады.
Жетекшi сұрақтар қоюға тыйым салынады.
Егер танушы адам оған көрсетiлген адамдардың немесе заттардың бiрiн көрсетсе, оған бұл адамды немесе затты қандай белгiлерi немесе ерекшелiктерi бойынша танығанын түсiндiру ұсынылады.
Тану үшiн көрсету куәгерлердiң көзiнше жүргiзiледi.
Танушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танылуға тиiс адам танитын адамды көрмейтiндей жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бiр жерде тұрады. Тануға тартылған адам мен куәгерлерге тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi көрiп байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Тiнту iс үшiн маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргiзiледi.
Тiнту жүргiзуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкiн деп болжауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады. Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамдарды немесе мәйiттердi табу үшiн де жүргiзiлуi мүмкiн.
Тiнту мен алуды тергеушi дәлелдi қаулы бойынша жүргiзедi. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиiс.
Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жүргiзiлген тiнту туралы кейiн жиырма төрт сағат iшiнде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Аталған хабарламаны алғаннан кейiн прокурор жүргiзiлген тiнтудiң заңдылығын тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Жүргiзiлген тiнтудiң заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда бұл әрекет iс бойынша дәлел ретiнде жiберiлмейдi.
Тiнту мен алу куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.
Тiнту немесе алу жүргiзу басталар алдында тергеушi оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi.
Тiнтуге кiрiскенде тергеушi iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын заттар мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанына күмәндануға негiздер болмаса, тергеушi одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы.
Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашылуы мүмкiн. Бұл ретте есiк құлыптарын және басқа заттарды қажетсiз бүлдiруге жол берiлмеуге тиiс.
Алу кезiнде тергеушi алынуға жататын заттар мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алу мәжбүрлi түрде жүргiзiледi. Тергеушi сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке өмiрiнiң тiнту мен алу кезiнде анықталған мән-жайларының жария етiлмеуiне шаралар қолдануға мiндеттi.
Тергеушi тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайда немесе орында тұрған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Тiнту мен алу жүргiзiлген кезде тергеушi iске қатысы болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиiс. Айналымға салуға тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатыстылығына қарамастан алынуға тиiс. Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетiледi, буып-түйiледi және тiнту немесе алу жүргiзiлген жерде мөрмен бекiтiледi және куәгерлер мен бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қоюымен куәландырылады. Тiнту жүргiзген кезде қажет болған жағдайда фотосуретке, киноға түсiру және бейнежазба жүргiзiледi.
5. Сезiктiнiң, айыпталушының және қылмыс туралы, ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы iстер жөнiнде мәлiметтердi бiлуi мүмкiн басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiн жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерiн тыңдау мен жазу тыңдау нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мәлiметтер алынады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор санкция берген тергеушi қаулысының негiзiнде жүргiзiле алады.
Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттердi жәбiрленушiге, куәға немесе олардың отбасы мүшелерiне қолдану қаупi болған кезде тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың келiсiмiмен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерiнiң тыңдалуы және жазылуы мүмкiн.
Тергеушi сөйлескен сөздердi, әңгімелесулерді тыңдау мен оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелдi қаулы шығарады, онда: қылмыстық iс және осы тергеу iс-әрекетi жүргiзiлуге тиiс негiздер, сөйлескен сөздерi тыңдалатын және жазылатын адамдардың аты-жөнi және ол қандай уақыт аралығында жүргiзiлетiнi; сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетiледi.
Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда тергеушi оны орындау үшiн тиiстi органға жiбередi.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу тергеушiнiң қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейiннен жиырма төрт сағат iшiнде сөйлескен сөздердің тыңдалғаны, жазылғаны туралы хабар жiбере отырып, жүргiзiледi. Аталған хабарды алғаннан кейiн прокурор осы тергеулiк iс-әрекеттiң заңға сәйкестiгiн тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады.
Сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу алты айдан аспайтын мерзiмге белгiленуi мүмкiн. Олар бұл шараларға қажеттiлiк жойылған кезде, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешiктiрмей тергеушiнiң қаулысы арқылы тоқтатылады. Тергеушi ол қаулыда белгiленген бүкiл мерзiмнiң iшiнде кез келген уақытта техникалық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшiн фонограмманы талап етуге құқылы. Фонограмма тергеушiге мөрмен бекiтiлген түрiнде, тыңдаудың негiзi, сөйлескен сөздi, әңгімелесуді жазудың басталған және аяқталған уақыты, пайдаланылған құралдардың қажеттi техникалық сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетiлген iлеспе хатпен бiрге тапсырылады. Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеушi куәгерлердiң және қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргiзедi, бұл туралы хаттама жасалады, онда сөйлесу фонограммасының iске қатысы бар бөлiгi сөзбе-сөз жазылып, сөйлесiп отырғандардың сөздерiнiң естiлу сапасына сипаттама берiлуге тиiс.
Сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазуға қатысушы адамдарға өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапкершiлiгi туралы ескертiледi.
Фонограмма хаттамаға қоса берiледi, бұл ретте оның iске қатысы жоқ бөлiгi үкiм заңды күшiне енген соң немесе қылмыстық iс тоқтатылғаннан кейiн жойылады.
6.Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет