Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды: 1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;
2) iсте оны тоқтатуәа әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын;
3) таәыләан айыптың негiздi-негiзсiз екенiн, оның iсте бар дәлелдемелермен расталатынын;
4) айыпталушыәа iс бойынша барлық анықталәан және дәлелденген қылмыстық әрекеттерi бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;
5) қылмыс жасаәаны туралы iс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретiнде жауапқа тартылғанын-тартылмағанын;
6) айыпталушының әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және iсте оны өзгертуге не алып тастауға негiздердiң бар-жоғын;
8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлiктi ықтимал тәркiлеу шараларының қабылданәан-қабылданбағанын;
9) айыптау қорытындысының осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жасалғанын- жасалмағанын;
10) алдын ала тергеу жүргiзуде қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi бұзушылыққа жол берiлгенi-берiлмегенiн тексеруге мiндеттi.
Дәріс 12. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Басты сот талқылауынт тағайындау Жоспар: 1. Қылмыстық істердің соттылығы
2. Басты сот талқылауын тағайындау
3. Аппеляциялық сатыдағы сот өндірісін белгілеу мен істі қарау тәртібі
1.Аудандық және оған теңестiрiлген сот бiрiншi сатыдағы соттар ретiнде iс-қимыл жасайды. Облыстық және оған теңестiрiлген соттар бiрiншi, апелляциялық қадағалау сатысы ретiнде әрекет жасайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретiнде әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы облыстық және оларға теңестiрiлген соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша iстердi, сондай-ақ осы соттардың заңды күшiне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртiппен қарайды.