«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет43/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Егер iс бойынша:
1. Өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
2. Іс үшiн маңызды болып, бiрақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
3. Ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда сезiктiнiң, айыпталушының психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;
4. Іс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда жәбiрленушiнiң, куәнiң психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;
Істiң өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.
7. Айыпталушының тұрәан жерi белгiсiз боләан жаәдайда тергеушi iздестiру жүргiзудi анықтау органдарына тапсыруәа құқылы. Бұл тапсырма туралы алдын ала тергеудi тоқтата тұру туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шыәарылады. Айыпталушыны iздеу алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде де, оның тоқтатыла тұруымен бiр мезгiлде де жариялануы мүмкiн.
1. Халықаралық iздестiрудi жариялауәа негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы айыпталушыәа халықаралық iздестiру жариялау туралы прокурор санкция берген жеке қаулы шықарады.
2. Қазақстан Республикасының аумаәында қылмыс жасаәан және тергеуден жасырынып жүрген адамәа халықаралық iздестiру жариялауәа санкция беру құқығы Бас прокурор мен оның орынбасарларында болады.
8.Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлiмдерiнен тұрады.
1. Кiрiспе бөлiмде тергеушi айыптау қорытындысы жасалып отырәан айыпталушының (айыпталушылардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның әрекеттерiне баға берiлiп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсетедi.
2. Сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде, айыптаудың мәнiсi, қылмыс жасаләан орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары мен басқа да елеулi мән-жайлары, жәбiрленушi туралы мәлiметтер, айыпталушының кiнәсiн растайтын дәлелдер; оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзiн қорәау үшiн келтiрген дәлелдер және осы дәлелдердi тексеру нәтижелерi баяндалады. Айыптау қорытындысы iстiң томына және бетiне жасалған сiлтеменi қамтуға тиiс.
3. Қарар бөлiмiнде айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтер келтiрiледi және осы қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады.
4. Айыптау қорытындысына оның жасаләан орны мен күнiн көрсетiп, тергеушi қол қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет