Имашева турсынай бахытжановна


Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың моделі



бет19/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
2.3 Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың моделі
Соңғы он жылда модельдеу ғылыми зерттеудің ең өзекті әдістерінің бірі болып саналды және ол педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Модельдеу әдісі педагогикалық зерттеуде эмпирикалық және теориялық біріктіруге - педагогикалық объектіні зерттеу барысында эксперимент, логикалық құрылымдар мен ғылыми абстракцияларды құруға мүмкіндік береді. Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер педагогикалық үлгілеу түсінігімен жиі кездеседі.
«Педагогикалық модельдеу» ұғымын ашуды «модель» терминін анықтаудан бастау қажет. Модель – бұл схема, физикалық конструкция, таңбалы формалар немесе формулалар түрінде жасанды жасалған объект, ол зерттелетін объектіге (немесе құбылысқа) ұқсай отырып, осы объектінің құрылымы, қасиеттері, өзара байланысы және элементтері арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым қарапайым және шабылған түрде бейнелейді және жаңғыртады [112].
Адамзат өз қызметінде (ғылыми, білім беру, технологиялық, көркем) қоршаған әлемнің үлгілерінсіз қалай өмір сүретінін елестету мүмкін емес. Модельдерді құрудың қатаң және дәл ережелерін қалыптастыру өте қиын, алайда XXI ғасырға адамзат түрлі объектілер мен процестерді модельдеу мен пайдаланудың бай тәжірибесін жинақтады. Модельдерді жасау процесі ғылымды дамыту үдерісі сияқты үздіксіз.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытудың жүйелі жүзеге асыру мақсатында оның құрылымдық-мазмұндық моделін жасап алудың қажеттілігі туындады. Модельді жасауға кіріспес бұрын осы қалыптастыруда негізе алынатын әдіснамалық тұғырларды саралап өткенді жөн санаймыз.
Соның ішінде болашақ мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуға даярлығын қалыптастыруға тиімділігі бар, тірек болатын әдіснамалық негіздер қатарында тұлғалық-әрекеттік, рефлексивтік, аксиологиялық, акмеологиялық, синергетикалық және т.б. тұғырларларына аса мән береміз.
Тұлғалық тұғыр, субъект-субъектілі қарым-қатынас негізінде әсерлену, ойлау шығармашылық, өзін-өзі дамыту формасында бейнелейтін тұлғалық тәжірибе ретінде қарастырады (Ю.К. Бабанский, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Сластенин және т.б.).
Кәсіби өзін-өзі дамытуда жеке аспекті өте маңызды болып саналады, себебі жеке тұлға «сананың тасушы» (С.С. Рубинштейн), «белгілі бір ұстанымды ұстануға икемді», өз өмірінің тұлғасы және басқа тұлғалармен жағдайы сәйкес болып танылады (В.И. Слободчиков), «жағдаятта белсенділігін» байқатады (В.А. Петровский) әрекетте өзін көрсетеді (М.М. Бахтин).
Кәсіби өзін-өзі дамыту жеке тұлға сұраныстарына жауап береді, өзін танытуға көмектеседі, өйткені «тұлға - адамның өзіндік ұйымдастыратын механизмі, әлдебір іргелі қасиеті» болуы себепті таңдау, рефлексия, басқаға бағытталу, мәндіні іздеуге қабілеттілік, жауаптылық, өзін-өзі басқарушылық, креативтік, ішкі еркіндік сияқты қабілеттерге ие.
Рефлексивтік тұғыр болашақ мамандардың кәсіби маман ретінде қалыптасуы оқыту процесіндегі кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруына байланыстылығын көрсетеді (И.Г. Бессонова, А.В. Руденко және т.б.). Рефлексивтік тұғыр зерттеудің мақсатына жету үшін келесі ерекшеліктерімен байланысты өзекті. Бір жағынан, рефлексивтік тұғыр зерттелінетін ақиқатты пәндік бақылауды қамтамасыз етсе, екінші жағынан, практикалық міндеттерді шешу және мақсатқа жету үшін нақты іс-әрекет арқылы түрлендіруге және оны меңгеруге мүмкіндік береді; рефлексивтік тұғыр кәсіби даярлау практикасында алынған білімді пайдалану үшін құрылымдық мүмкіндік туғызады. Білімді реформалау мен жаңғыртуда аксиологиялық тұғырдың маңызы ерекше.
Аксиологиялық тұғырдың өкілдері Е.И. Исаев, В.А. Сластенин, В.И. Слободчиков, Г.И. Чижаков, Н.А. Шайденко және т.б.
Тұлғаның кәсіби өзін-өзі дамыту мәселесінің ажырамас бөлігіне аксиологиялық тұғырды жатқызады, себебі В.А. Болатов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко білім берудің жаңа құндылықтары: өзін-өзі дамыту, өздігінен білім алу және өзінің орнын таба білу қасиеттері сұранысқа ие деп есептейді.
Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби қзін-өзі дамытуындағы бұрын қалыптасқан құндылықтарды қайта қарауына, қоғамдық және азаматтық өмірдің жаңа ережелерін игеруіне септігін тигізеді.
Философияда бағалы қатынас қабілеті қайбір заттың тұлға үшін маңыздылығы, оның саналы немесе санасыз түрдегі қажеттіліктерімен байланысты, қызығушылығы немесе мақсаты ретінде қарастырылады. Тұлғаның өзінде қатынас құру және белгілеу құндылықтары болған жағдайда ғана құндылықтар тұлға әрекетінің бағдары мен әрекеті болып табылады. Құндылықты сана – тұлғаның әлемге, тұлғаларға және өзіне деген қатынасын, ұстанымы мен әрекетін айқындайтын әділ шындықтың бейне үлгісі.
Құндылықты сана - бар нәрсенің бейнесі ғана емес, өз әрекетінің ойша құрылуы мен оның ойша нәтижелері. Бұл ғылыми зерттеу үшін болашақ әлеуметтік педагогтың өзін-өзі тану, дамыту, жеке жетістікке жету - өзіндік білім алудың құндылықтары ретінде өзіндік санасында жете ұғынуы маңызды болып табылады. Өйткені Тек кәсіби және жеке тұлға тұрғысында өзін-өзі дамыту маңыздылығын түсінген жағдайда ғана, болашақ әлеуметтік педагог оны дамытуға (ұйымдастыруға) белсенділік танытады.
Олай дейтініміз құндылық тұрғысынан белгілеу – өзінің ішкі ұстанымын жеке тұлға ретінде қабылдау және белгілі бір құндылықтармен әрекетке кірісуге дайын болу дегенді білдіреді. Белгілеу жеке тұлға құрылысының маңызды бөлігі болып танылатын құндылық бағдар ретінде айқындалады.
Құндылық бағдарлар мақсатты айқындайды, тұлғаның кәсіби дамуын, қызығушылығын, қажеттілігін, нанымдарын сипаттайды.
Г.И. Железовская және оның шәкірттерімен педагогикалық әрекет құрылымындағы педагогикалық құндылықтарға талдаулар жасаған. Педагогикалық құндылықтарға:
– құндылықты-мақсаттар
– Мен-тұлға және Мен-кәсіби жиынтығындағы мұғалімнің жеке тұлғасының тұжырымдамасы;
– құндылықты-құралдар
– педагогикалық қатынас, техника мен технология тұжырымдамасы;
– құндылықты-қатынастар
– педагогикалық үрдіске қатысушылар қатынастарының жиынтығын ашады;
– құндылықты-қасиеттер
– жеке тұлғаның алуан түрлі, бір-бірімен байланысты позитивтік, қызметтік, әрекеттік қасиеттері;
– құндылықты-білім
– жеке және кәсіби біліктілігін айқындайды [113].
Тиімді кәсіби өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру үшін қажетті материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, болашақ әлеуметтік педагогтардың жұмысын ынталандыру мен марапаттау жүйесін қолдану, білім беру және өздігінен білім алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңестер өткізу сияқты біршама іс-әрекеттерді жасауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет