Имашева турсынай бахытжановна



бет21/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Мазмұнды-операциялық компонент әлеуметтік педагогтердің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Ол болашақ әлеуметтік педагогтер даярлық барысында нені игерсе және де олардың бойында не қалыптасу және даму керек болса, олар әлеуметтік педагогтер ретінде неменеге дайын болу керек болса соны көрсетеді. Аталмыш компонент – «шығармашылық қызметтің ғылыми білімдері, қабілеттері мен дағдылары, қарым-қатынастары мен тәжірибесі жүйесі, оларды игеру тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді», жалпы адамның өзін-өзі дамытуына және оның кәсіби өзін-өзі дамытуына себеп болады. Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуына мазмұнды-операциялық компонентіне, бірінші кезекте, мамұнның өзін анықтаудың объективті факторы болып табылатын тұлғаның қажеттіліктері ықпал етеді. Дәл сол қажеттіліктердің өздері адамды белсенділікке итермелейді. Кәсіби өзін-өзі дамыту процесі мазмұнының құрылымына адамның жеке көзқарасы да, өз тұлғасының қандай салаларын ол жетілдіргісі келетіні әсер етеді.
Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуға мазмұнды-операциялық компоненті үшін бастысы, біздің ойымызша, кәсіпті рухани толықтыруды «технологиялық» қастамасыз ету болып табылады:

  • жетілген кәсіби өзіндік сана-сезім;

  • жоғары еңбек өнімділігі, сенімділік жәнежоғары нәтижелердің тұрақтылығы;

  • кәсіби даярлану және даярлануға ашықтық;

  • кәсіпке деген шығармашылық қарым-қатынас.

Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуға соңғы компоненті – рефлексивті. Рефлексивті компонент – студенттердің мақсатты кәсіби өзін-өзі дамыту процесінде өз әрекеттеріне әділ баға қоюын талап етеді. Оны екі бөлікке бөлуге болады: өзгеру нәтижелерін бағалау және оларды түзету.
Кәсіби өзін-өзі дамыту процесінің нәтижелері – бұл білімдердегі, қабілеттердегі, бағдарлардағы, тұлғалық және кәсіби қасиеттердегі өзгерістер. Орын алған өзгертулер нәтижелерін бағалау өзін-өзі дамытудың барлық құрылымын компоненттер бойынша талдауды талап етеді, яғни алдымен әрекеттегі ережелер мен жаңа сипаттамаларды алу қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарға әкелген жағдайлар (қозғалу және өздігінен қозғалу процестері қарастырылады), содан соң өзгерістерге түрткі болған себептер талданады. Өзін-өзі дамыту процесінің мақсаттары мен мазмұнын талдау өзін-өзі дамыту процесінде пайда болған өзгерістердің оң және теріс сипаттамаларын анықтау мақсатымен осы компоненттерді кешенді қарастыруға негізделген. Қандай да бір тұстары жіберіліп қалған (мақсаттар нақты тұжырымдалмаған, мазмұнды компонент жеткізіксіз іске асырылмаған және т.б. жағдайларда) немесе нәтижесі үмітті ақтамаған жағдайларда ғана алынған нәтижелерді түзету жүргізіледі. Түзету қалыптасқан жағдайларды түзету бойынша ұсыныстар түрінде немесе кәсіби өзін-өзі дамыту процесі аясында кейінгі өзгертулердің анағұрлым толық бағдарламасы түрінде жүзеге асырылуы мүмкін [119].
Көптеген авторлар белсенді рефлексивті позиция маманның өзін-өзі дамытуы үшін қажетті жағдай, ал оның болмауы оның тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамыту мүмкіндігін іс жүзінде жоққа шығаратынымен келіседі.
Жоғары деңгейі: болашақ әлеуметтік педагогтар кәсіби өзін-өзі дамытуды қажетсінеді, мәнін түсінеді, өзін-өзі ынталандыруы жақсы дамған, кәсіби дамуын жүзеге асыруға ерік-жігерінің жоғары деңгейде болуы, өздігінен білім алудың механизмін, құрылымдық мәндік сипаттамасын біледі; формаларын, құралдарын, әдістерін жетік меңгерген, өзіндік танымдық іс-әрекетті мен өзін ұйымдастыру білігі жоғары деңгейде қалыптасқан және т.б. Кәсіби өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі бақылай алады, өзін үздіксіз дамытады, алдына мақсат қоя біледі, өзінің іс-әрекетін жүйелі түрде бағыттап, өзін-өзі реттейді, өзін-өзі басқарады, өзін-өзі жетілдіреді, іскерлігі жақсы дамыған.
Орта деңгейі: Кәсіби өзін-өзі дамыту қажеттілігін аса түсіне бермейді, мәнін түсінеді алайда өзін-өзі ынталандыруы аса байқалмайды, Кәсіби өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруға қылығушылығы мен ұмтылысы бар, ерік-жігерін көрсете бермейді, кәсіби өзін-өзі дамытуының механизмін, құрылымдық мәндік сипаттамасына білімі үстірт; формаларын, құралдарын, әдістерін қолдана бермейді, өздігінен білім алуда мобильдік технологияларды пайдаланау білігі орташа, өзіндік танымдық іс-әрекетті өздігімен ұйымдастыруды толықтай іске асырмайды және т.б. Кәсіби өзін-өзі дамытудың мазмұнын жүйелі түрде ашуы толық емес өзін-өзі бақылай алады алайда өзін-өзі дамыту жағдылары байқалмайды, мақсатты бағытты жұмыс істеуі, өзін-өзі реттеуі айқын емес, өзін-өзі басқарады, өзін-өзі жетілдіру іскерліктері орташа деңгейде. Болашақ әлеуметтік педагогтар кәсіби өзін-өзі дамытуды және басқаруды жүзеге асыру барысында болашақ әлеуметтік педагогтарға педагогикалық көмек қажет.
Төмен деңгейі: кәсіби өзін-өзі дамытудың қажеттілігін, маңыздылығын түсінбейді, өздігінен дамуға ынтасы жоқ, білім алуға жігері төмен, өздігінен білім алудың механизмі туралы білімі жоқ, құрылымдық мәндік сипаттамасын білмейді; формаларын, құралдарын, әдістері туралы хабарсыз, өзіндік танымдық іс-әрекетті өздігімен ұйымдастыру білігін және т.б. іске асыра алмайды, тек қана басқа біреудің айтқандарын ғана дұрыс орындайды, кәсіби өзін-өзі дамытуы өзін-өзі бақылау жүргізілмейді, өзін-өзі дамытумен айналыспайды, алдына қойған мақсаты жоқ, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі басқару қалыптаспаған, өзін-өзі жетілдіру іс-әрекеті, іскерліктеріне өздері де 65 сенімді емес Осылайша, біз болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуының тиімділігіне әсер ететін әр түрлі жағдайларды қарастырып өттік.
Сонымен ұсынылған модель компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері (педагогикалық өзар аәрекеттестікке қатынасы, өзіне қарым-қатынасы, кәсіби пәндерге қатынасы) өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі талдау, кәсіби өзін-өзі бағалау қабілеттерінің жиынтығын құрайтын болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамығандығын сипаттайды. Ол болашақ кәсіби іс-әрекеті үшін қажетті тұлғалық (интеллектуалдық-рефлексивтік және тұлғалық-рефлексивтік, құндылық-мәндік), тұлғаралық өзара әрекеттестік сапаларының сәйкестілігін талап етеді.
Қорыта келгенде, әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің дайындалуы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізгі бағыттарын және қолданылатын әдістемелерді анықтауға, сонымен қатар кәсіби өзін-өзі дамыту жүйесін құруға мүмкіндік туғызады.
Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін нәтижелі жүзеге асыру оны әдістемесін жасаудың қажеттілігін тудырады. Әдістеменің мазмұны және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмысында тексерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет