Бекіту сұрақтары: ХІХ-ХХ ғ. басындағы Германия мен Франциядағы елтану қандай ғалымдардың есімімен байланысты?
Н.Н.Баранский елтануға жаңа қандай үлес қосты?
Кеңестік елтану үлесіне нені жатқызуға болады?
№9, 10 дәрістер тақырыбы:Аймақтық топтастырулар
Дәрістің мақсаты: аймақтық топтастырулар сипатын ашып көрсету.
Терминдер мен анықтамалар. Макроаймақтық типология. Аймақтанушылық.
Дәрістің топтама-тәсімі.Макроаймақтық типология. Америкалық аймақтану. Азия-Тынықмұхиттық аймақтанушылық. Посткеңестік кеңістік. Теңіздік аймақтану.
Бекту сұрақтары: Ірі аймақтық топтастыруларды атаңыз.
Ірі макроаймақтардағы интеграциялық үрдістердің ерекшеліктері қандай?
Африка мен ТМД-ғы интеграциялық үрдістер арасында ортақ не бар?
Теңіздік аймақтану ерекшелігі неде?
№11 дәріс тақырыбы:Аймақ әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Дәріс мақсаты: Аймаққа әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар. Әлеуметтік-экономикалық жүйе. Ұдайы өндіріс. Орталық және периферия.
Дәрістің топтама-тәсімі. 1. Аймақтың қоғамдық-географиялық жүйе ретіндегі сипаттамасы. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұдайы өндіріс қызметтері. Ұдайы өндірістің аймақтық ерекшеліктері. Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тұрақтылығы. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылуы. Орталық пен периферия: өзара әрекеттесу үрдістері. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің трансформациясы.
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі, өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді қолдануға, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін бағытталған.
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:
- жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделердің келісуі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы мен өндіргіш күштерді орналастыруды ұзақ мерзімді перспективаға кешенді болжау, аймақта бар өндірістік-экономикалық, интелектілік және экспорттық потенциалды нығайту мен тиімді қолдану;
- кешенді болжауда белгіленген елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен кезеңдерін жүзеге асыруға бағытталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;
- ірі көлемдегі аймақ аралық мәселелерді шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасақтау мен жүзеге асыру;
- нақты аймақтық дамуындағы аса шешуші мәселелерді шешуде мақсатты бағдарламалады жүзеге асыру; оның ішінде экологиялық кедей аудандарды, депрессияға ұшыраған шағын және орташа қалаларда, шалғай жатқан ауылдық аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы;
- аймақтарды дамыту үшін сәйкес заңмен, институционалдық және әдістемелік қамтамасыз етілген арнайы экономикалық зоналар жасау;
- қаржы – несие және салықтық тетіктер;
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа бөлінеді: тікелей (әкімшіліктік) және жанама (экономикалық).
Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет әдістер жүйесін қолданады. Ол икемді жіктелінген кешенді болуы тиіс, аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, шешілетін стратегиялық және тактикалық міндеттемелер сипатын ескеруі тиіс. Аймақтық дамуда орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметтеріне мына шараларды жүзеге асыру жатады.
- барлық аумақтық шаруашылық жүргізу субьектілерінің, орталық және жергілікті атқару органдарының қызмет етуінің құқықтық және нормативтік негізін жасау;
- республика шаруашылығының перспективалық дамуының макроэкономикалық және салалық басымдықтарымен нығайып аумақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;
- барлық халық үшін олардың жеріне байланыссыз республика аумағында ең төменгі тұрмыс деңгейінің мемлекеттік кепілік қамтамасыз ету;
- аймақаралық немесе жалпы республикалық сипаттағы аумақтық мәселелерді шешу;
- республика экономикасы үшін аса маңызы бар аумақтардың басымдықта дамуын қамтамасыз ету;
Сонымен бірге мемлекеттің аймақтық дамуындағы реттеуші рөлі бюджеттен қаржыланатын мақсатты кешенді бағдарламаны жүзеге асырудан, құрылым құраушы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан көрінеді.
Аймақтық экономика – күрделі шаруашылық, әлеуметтік, ұйымдық, ғылыми-техникалық жүйе. Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы. Аймақтық экономика - «ұлттық экономика құрылымындағы территориялық-өндірістік кешеннің шаруашылық өмірін ұйымдастыру тәсілі». Ол табиғи-ресурстық, өндірістік, еңбек және ғылыми-техникалық сияқты жалпы экономикалық потенциалға ие.
«Экономикалық кеңістік» түсінігіне келесі түсініктер жақын болып табылады: экономиканың кеңістіктік (территориялық) құрылымы жәнешаруашылықтың кеңістіктік (территориялық) ұйымдастырылуы.
Экономикалық кеңістіктің сапасы көптеген сипаттамалармен және параметрлермен анықталады. Олардың ішінде, ең алдымен, келесілерді бөліп қарастырған жөн:
- тығыздық (халық саны, жалпы аймақтық өнім көлемі, табиғи ресурстар, негізгі капитал және т.б.);
- орналасу (орналасу теңдігінің көрсеткіштері, халық бөлінуінің және экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері, оның ішінде шаруашылық игерілген және игерілмеген территориялардың болуы);
- байланыстылық (кеңістік бөліктері мен элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың интенсивтілігі, көлік және коммуникациялық желілердің дамуымен анықталатын тауарлар, қызметтер, капитал мен адамдар мобильділігінің шарттары).
Экономикалық кеңістіктің қызмет етуі үшін оның элементтері арасындағы ара-қашықтықтың да маңызы зор. Физикалық тұрғыда километр, мильдермен өлшенетін өлшемдерге қарағанда «экономикалық кеңістік» физикалық алшақтықты жеңу үшін көлік және трансакциялық шығындармен сипатталады. Сондықтан бір географиялық нүктелер арасындағы экономикалық ара-қашықтық түрлі тауарлар, қызметтер және мигранттар топтары үшін бірдей болмайды.
Әлем елдерінің басым бөлігі біртекті емес экономикалық кеңістікке ие. Бірақ тіпті біртекті емес экономикалық кеңістік шекараларында анклавтармен эксклавтар сияқты ерекше бөліктер бөлініп қарастырылады.
Анклав (лат. inclavatus — «жабық, қамалған», лат. clavis — «кілт») — өзге мемлекеттің территориясымен қоршалған мемлекет территориясының бөлігі. Өзге елмен толығымен қоршалған мемлекет бөліктері толық анклавтар деп аталады. Анклав-мемлекеттерге Италиядағы Ватикан және Сан-Марино, ОАР-ғы Лесото жатқызылады. Ал анклав-территорияларға мысалы, Бангладеш территориясында 106 үндістан ауылдарын қамтитын үндістанның анклавтарын атап өтуге болады.
Жартылай анклав — өзге мемлекеттің территориясымен жазық далада қоршалған, бірақ теңізге шыға алатын мемлекеттің бөлігі. Осындай типті анклавтарды жағажайлық анклавтар деп те атайды. Осындай жартылай-анклав елдеріне Малайзия мен Оңтүстік Қытай көлі қоршап жатқан Брунейді, Испания және Атлант мұхитымен қоршалған Португалияны жатқызуға болады.