Қара, Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің
Макрогеоэкожүйелері
Осыдан онша көп емес өткен геологиялық заманда (палеогенде), Жердің Оңтүстік және Солтүстік материктерін ендік бойымен созылған Тетис палеомұхиты бөліп тұрған. Оның қалдықтары- қазіргі Жерорта, Қара және Каспий теңіздері. Қаратеңіз - Каспийй атрабы біртұтас (Понт-Эвксин) теңіз алабы болған. Табиғи геологиялық факторларға байланысты, Қара теңіз жартылай оқшауланған тұзды су, Әлем мұхитымен Босфор арқылы жарғасқан алапқа айналған.
Қара теңіз айдынында атмосфералық жауын мен өзен ағынының мөлшері буланудан артық. Бұл жағдай, теңіздің Әлем мұхитынан біршама бөлініп жатуымен бірге, оның тұздылығының (15-23%) ашық мұхит тұздылығынан 1.5-2 есе аз екендігіне себепкер болады. Осыған байланысты Қара теңіздің 180-200 м-ден терең бөлігінде судың күкіртті сутекпен залалдануы орын алады. Бұл феноменнің физикалық түсініктемесі мынадай. Босфор арқылы біріне бірі қарама-қарсы екі ағыс қозғалады. Төменгі жақтан- жерорта теңізі атырабынан тұздылау және тығыздау, ал жоғарғы жақтан- Қара теңізден, тұщыланған және тығыздығы аздау ағыс келеді. Осы себепті Қара теңіздің өзінде судың жоғарғы қабатының тұздылығы мен тығыздығы аздау, ал төменгі қабатында-керісінше. Сондықтан мұнда конвекция процесі болмайды. Терең қабаттарға оттек жетпегендіктен, сульфат тотықсыздандыратын бактериялар әрекеттілігінен күкіртсутек жиналады (14 мг/л-ге дейін).
Каспий теңізі- табиғаттың тамаша тартуы. Ол бес елдің Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран мен Түркіменстан жағалауларын қамтиды және Еуропа мен Азия субматериктерін байланыстырады. Бұл айдынның табиғи ресурстарын игеру Каспий маңы мемлекеттерінің халық шаруашылығы мен айналадағы елдердің экономикасында маңызды рол атқарады.
Теңіздің барлық Каспий маңы аймағындағы климатты қалыптастыруда маңызы үлкен, ол климатты айтарлықтай жұмсартады.
Касий теңізіне өзен суларымен көптеген компоненттер ағып келеді. Жыл сайын Еділ, Жайық, Терек, Сулак, Кура өзендерінің сағасына ауыр металдар, мұнай өнімдері, биогендік ластанулар көптеген тонна мөлшерінде келіп жатады. Осыған байланысты, Каспий теңізі канализациялық қабылдағышқа айналуда. Баку, Сумгайт, Махачкала, Астрахань, Атырау, Ақтау мен Теңізден айдынға көптеген миллион тонна лас ағындар келеді, олар: сынап, фенол, күкірт, ауыр металдар, т.б.
Осының барлығы аймақтың экологиялық жағдайын нашарлатып, биоресурстарға, ихтиофаунаға, жалпы алғанда теңізге теріс ықпал етеді. Айтылғандардың бір мысалы, 1998 жылы Атырау аймағында балықтардың жаппай қырылуы. Ал, 2000 жылы көктемде теңіз алабындағы итбалықтар мен осетр балықтарының жаппай қырылуы олардың жақын арада мүлде жойылып кетуі мүмкін екенін көрсетеді.
Көптеген жылдар барысында қазір су басып қалған және су баса бастаған жағалау белдеміндегі Атырау, Маңғыстау облыстарының, Әзірбайжан мен Түркіменстанның аумақтарында мыңдаған ұңғымалар бұрғыланған. Олардың нақты саны белгісіз, бірақ олардың кез-келгені айдынға мұнай, тұзды жер асты суымен тұздық лақтырып, өте жайсыз салдарларға әкелуі мүмкін.
Каспий теңізіне қанша экологиялық залал келетінін есептеп шығару өте қиын. Дегенмен, оның аумағының орасан үлкендігін, биологиялық және минералдық шикізат ресурстарының өте бай екендігін ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ықтимал апаттың бірнеше есе асып кетеді.
Әлемнің бір елінде де мұндай өзекті мәселе кездеспейді. Бір ескеретіні, Солтүстік Каспий мұхит-қайраңындай емес. Бұл жер өте таяз, тереңдігінің бар-жоғы 3-8 м ғана. Қайраң өндірістік құстар мен балықтар дамыған тамаша биологиялық белдем. Ал бірнеше тонна ғана мұнайдың қайраңға араласуы, Солтүстік Каспий маңы үшін апатты болмақ.
Каспий теңізі әлемдегі ең үлкен материктік тұйық, тұзды сулы алап. Оның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылады, орташа ені- 320км ал жаға сызығының ұзындығы- 7 мын км-дей. Теңіздің өлшемі тұрақсыз, жалпы аумағы 1929 жылы 422мың км2 болса, ал 1969 жылы ол 371 мың км2 дейін қысқарған.(3.3-кесте).
Тарихи тұрғыдан қарағанда, Каспий гидрогеологиялық тұрақсыздығымен сипатталады. Теңіз деңгейі соңғы 150 жыл ішінде (1830-1930 жылдарда) көтерілсе, 1931-78 жылдары – 29.12 м-ге күрт төмендеген. Ал, 1978 жылдан бастап теңіз деңгейінің қайта көтерілуі байқалған. 1980 жылдан 1995 жылдың желтоқсанына дейін, Каспий теңізі 3м-ден аса көтерілген. Осыдан кейін теңіз деңгейі біршама тұрақтанған.)
Соңғы жылдары адамдардың қарқынды әрекеттілігіне байланысты, Каспий теңізі индустрияның тұтқынына айналуда. Құрлық пен қайраңда мұнай газ өндірудің қарқынды ламуы және химиялық өнеркәсіптер, ұңғымалар мен өндіріс орындарынан бөлініп шығатын газдар мен қалдықтар аймақта үлкен экологиялық мәселелер туындатуда.
Қазіргі кезде Солтүстік Каспиймен Шығыс жағалауларында ауданда мұнай өнімдері мен фенолдың шоғырлануы 4-6 шектік мөлшерге, ал әзірбайжандық жағалауда теңіз ластануының деңгейі -10-15 шектік мөлшерге жеткен. Теңізге жыл сайын өзен суларымен 2.5 тонна ауыр металдар, 62-146 мың тонна мұнай өнімдері, 4.5 млн тоннадай биогендік ластаушы заттар ағып келеді.
Дегенмен, Каспий теңізі әлі де болса өз бетінше тазара алатын қабілетін жоя қойған жоқ сондықтан ластаушы заттар мен ақаба сулардың келуін тоқтатса болғаны. Ол үшін қазіргі орасан зор техногендік салмақ түсіруді азайтып, тиімді тазартқыш қондырғылар санын арттыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |