Атмосфераның кинематикалық жылжымалылығы. (1 сағат)
Желдің пайда болуы – атмосфера мобильділігінің салдары. Ауа қозғалысының бағытына әсер ететін басты фактор атмосфераның әркелкі жылынуы болып табылады. Осының салдарынан, атмосфера алып жылу машинасы сияқты, Күннен келетін сәуленің энергиясы қозғалыстағы ауа массасының кинематикалық энергиясына айналады. Ірі масштабты алып құйындар (циклондар мен антициклондар) мен жел (муссондар, пассаттар және басқалар) табиғи-антропогендік жүйелер үшін қауіп туғызады.
Мысалдар:
1970 жылы 12 -13 қарашада Ганг өзенінің (Бангладеш) дельтасы араларында соққан сұрапыл дауыл жел 1 млн-ға жуық адамның өмірін қиған. Жапонияда 1974 жылы шілденің басында болған «Джильда» тайфунынан (Қытайша «тайфын»- үлкен жел ) су тасып, жылжымалар мен опырылымдар туындаған. Нәтижесінде 120-дай адам өліп, жоқ болған. Оңтүстік Дакота штатында (АҚШ) 1998 жылы 31 мамырда 150-дей адам дауыл –торнаданың құрбаны болған.Москва мен Подмосковьеде 1998 жылы маусымның 20-нан 21-не қараған түні, 20 минут ішінде 20м/с (72 км /сағ) жылдамдыұпен найзағайлатқан қатты жел соғып өткен. Ол 55 мың ағашты құлатып, 200 үйдің шатыры мен 100 жарнама қалқанынын жұлып, трамвай мен троллейбус желілерінің жартысын қатардан шығарған. Қала мен облыста 200 адам жарақаттанып, 11 адам қайтыс болған.
Жел тозаң мен қираған таужыныстың майда фракцияларын алыс қашықтықтарға тасымалдайды. Шаңды боран кезінде жел 30-35 м/с (110-125 км/сағ) жылдамдықпен қатарынан бірнеше күн соғып, топырақтың құнарлы қабатын 15-25 см тереңдікке дейін суырып, 1-3 км биіктікке дейін көтеріп, өте алысқа тасымалдайды.
Мысалдар: 1969 жылы ақпанда солтүстік Кавказ бен Шығыс Украинада дауыл жел көтерген топырақтың майда бөлшектері Швеция, қ Финляндия және Норвегия аумағындағы ақ қар бетіне қонған, ал Беларусь пен Ленинград облыстарында ол қармен араласып жауған.
Шаңды боранның халық шаруашылығына тигізетін зиянын нақты есептеп шығару қиын. Ауаның тозаңдануы көріністі, көлік қатынастарын нашарлатумен қатар, шаң мен тозаң құбылыстарын, бау-бақшаны, жүзімдіктер мен суландыратын каналдар жүйесін тұтып қалады. Егіс даласының құнарлы қабаты бүлініп, топырақ беті ондаған жылдар бойы қалпына келе алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |