Жерасты суларының геоэкожүйелері. Жерасты сулары адам өмірінде де, өндіріс пен шаруашылықта да кеңінен пайдаланылады. Антропогендік ықпал салдарынан көп байланысты жерасты сулары ерекше геоэкологиялық жүйелер ретінде әлем қауымын алаңдатып, геоэкологиялық тұрғыдан арнайы бақылаулар мен зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Табиғи факторлардың атмосфераға ықпалы Атмосфераның (грекше «атмос»-бу), яғни жер шарының газды қабығының негізгі құрам бөліктері оттек пен азот, олардың мөлшері 99, 1316%. Ал, аргон мен көмірқышқыл газдың үлесіне тиісінше 0.934% және 0.0314% келеді.
Атмосфераның құрамы планетаның геологиялық даму барысында қалыптасқан. Атмосфера жер бетіндегі күн радияциясын, температураны, су айналымды және газды реттейді.
Атмосфера - сезілетін ішкі статикалық (тұрақты) шекарасы жоқ мегагеоэкожүйе. Осыған бацланысты атмосферада, литосфера мен гидросферадағы сияқты, геоэкожүйелерді жіктеу қиын. Дегенмен, атмосфера құрамы бірнеше қабатқа бөлінеді. Төменгі, яғни литосфера мен гидросфераға түйісіп жатқан қабат - тропосфера деп аталады. Оның жоғарғы шекарасы жер бетінен полюстерде - 6-8 км, ал экваторда-16-17 км биіктікте өтеді. Тропосфераның жоғарғы жағында, шамамен 55 км биіктікке дейін – стратосфера, одан әрі мезосфера (400км –ге дейін) қабаттары таралады. Тропосфера мен стратосфераны шартты түрде атмосфераның геоэкожүйелері деп санауға болады. Олар экзогендік әрекеттілікті, климат пен Жердегі тірішлікті анықтайды.
Атмосфералық процестердің мобильділігі мен алдын-ала болжау қиындығы табиғи-антропогендік жүйелер үшін потенциялық геоэкологиялық қауіп туындата алады.
Атмосфераның температуралық режимі.Тропосферада (грекше «тропос»-бұрылыс) атмосферадағы ауа массасының 4/5 бөлігі орналасқан. Осы қабатта атмсфера кинематикасы мен планета климатына әсер ететін негізгі процестер жүреді. Температура Жер бетінен биіктеп, көтеріліп тропосфераның жоғары жағына жеткенде, тропик үстінде минус 75 градус, ал полюстер үстінде минус 55 градусқа дейін азаяды. Тропосфераның әртүрлі бөліктерінде және әртүрлі ендіктерде температураның өзгеріп тұруы ауаның тұрақты конвекциялық араласуына әкеледі. Осыған байланысты табиғатқа, егінге және адамға үлкен зиян жасайтын тілсіз апаттардың көзі- бұлт пен тұман, жаңбыр мен қар, жел, дауыл мен борандар туындайды.