«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша


дәріс Геологиялық ортаға комплектісі антропегендік ықпал



бет25/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

8 дәріс


Геологиялық ортаға комплектісі антропегендік ықпал. (3 сағат)

Геосфераларға ең үлкен комплексті ықпал, ірі өнеркәсіп апттар соғыс әрекеттері салдарынан туындайды.


Чернобль апаты. Әлем тарихында ең үлкен өнеркәсіп апат 1986 жылы 26 сәуірде , 01 сағат 23 минут 40 секундта (Москва уақыты бойынша Чернобль АЭС 4-ші блогында болған. Апат адамдар мен табиғатқа орасан зор ауыр зардап әкелді.
ЧАЭС халық тығыз орналасқан ауданда, Киевтен солтүстік-батысқа қарай 160 км қашықтықта орналасқан. Апат болған кезде активті зонада 205 тоннадай ядролық отын реакторды, сыртқа балқыған лава шашқан жанартауға айналдырған. Радиактивті атқыламаның биіктігі 2 км-ге жеткен. Жарылыс барлық блок бойына және оның сыртына графит жарықшақтары мен өте майда радиоктивті тозаң боратқан. ЧАЭС алдындағы алаңнан 25 мың ластанған грунт аршылған. Оны радио арқылы басқарылатын бульдозер аршыған.
Шашыранды құрамында қысқа мерзімдік радионуклиттер йод-131 және басқалар басым болған. Ұзақ мерзімдік радионуклиттер ішінде цезиий -137 көп таралған.
Стронций -90 және плунотит -239 заттарымен ең көп ластану апат болған жерден 30 км радиуста байқалған. Припять өзенінде және Днепрдің жекеленген бөліктерінде тікұшақтан ЧАЭС 4-ші блогындағы апатты өшіруге падаланылған қорғасынмен ластану анықталған.
Реактордың көмейінен шапшыған радиоктивті сорғалама атмосфераға 50 тоннадай ядролық отын лақтырған.бұл радиоктивті заттар көлемі бойынша Хиросимаға 1945 жылы тамызда тасталған атом бомбасының радиациялық лақтырындысынан он есе артық.
Аспанда 10 мега-кюриден артық радиоктивті бұлт қалқып жүрген. Радиоктивті жауын ЧАЭС алаңынан 2 мың км қашықтықта тіркелген, ол 20 мемлекеттің аумағын әр түрлі дәрежеде қамтыған. Оңтүстікте радиоктивті бұлт Греция мен Югаславияға солтүстікте –Швецияға ал батыста Германия Польша мен Австралияға жеткен.
Жалпы аумағы 131 мың км, ал халқы 4 млн адам шамасында, оның ішінде 1 млн-га жуығы Россияның балалар мекендеген төрт облысы, Украинаның сегіз облысы мен Белорусьтың бес облысы цезий -137 затымен ластанып, оның тығыэдыгы 1 Ки/км-ден асқан ( 5.6-кесте).
Жарылыс салдарынан әртурлі дөрежеде 3 млн адам зардап шеккен (1986-1995 жылдары үш мыңнан он мыңга дейін адам қайтыс болған), радионуклидтер топырақ пен суды ластаған.
ЧАЭС-тың сақталып қалған З-ші блогындағы 1100 бөлменін 60%-інде жиналған радиация қалыпты жағдайдағыдан жүздеген есе асып кеткен. Төменгі қабаттарда мыңдаган тонна радиоактивті су шалқып жаткан.
Апаттан кейін 300 мың м-ден асатын бетон мен 7 мың тонна металл қондырғылар үйіндісінен жасалган «саркофагта» 130-190 тонна ядролық отын калған. "Саркофагтың" жобалық әсер ету ұзақтығы - 30 жыл. Ол 1991 жылы 3 баллдық жерсілкінуді аман көтеріп, 5 жыл өткен соң 4000 ренггенге дейін "сәуле" шашқан. "Саркофаг" біртіндеп қирауда. Бетон мен темірді зиянды тотықтар кеміріп жатыр 4-ші блок пен саркофагты грунт сулары шаюда. Ядролық отыны бар массаны шаймалаған цезййдің, уран изотоптарының және плутонийдің концентрациясы артуда.
1986-1989 жылдары дезактивациялау жұмыстары ЧАЭС маңындағы 944 елді мекеңдерде жөне 17,8 мың км аумақта жүргізілген, 1,7млн км^-дей ластаған және 2,8 млн таза грунт шығарылған.
Чернобыль апатының ресми себебі "реактордың қорғаныс жүйесі мен кауіпсіздігінің жетімсіздігі, жайсыз жағдайларын орын алуы, сондай-ақ адамдан салақтығынан тәртіп пен пайдалану режимінің бұзылуын және т.б." деп есептеледі. Бірақ РҒА Біріккен физика институтының мамандары жақында басқа қорытындыға келді. Олардың пікірінше, ЧАЭС алаңы астындағы жер қыртысыньң екі тереңдік жарылымы қиылысында орналасқан төртінші энергоблок, локальдық жерасты дүмпулерінің қираған тікелей төртшіні энергоблоктың астында дүплер 10-11 баллға жетсе, ал басқа энерблоктарда 5-6 балл болған. Егер бұл пікір дұрыс болса, онда апаттың себебі - ЧАЭС аладын тандағанда сейсмикалық кауіп факторын ескермеген геолог-зерттеушілер мен жoбaлаушылapдың қателігі болып шығады. Бұл жағдай ЧАЭС төртінші блогының мамандарын ақтап айтса, сонымен қатар қираған энергетикалык қондырғының астында қалған саргофапин да кауіпті жағдайда екенінен хабардар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет