Соғыстармен жаппай қаруланудың ықпалы. Атмосфераны мобильді әскери техниканыдң- ұшақтардың танктардың, брольды машиналардың және басқалардын түтіні, әскери кемелер, заводтар мен орттер шығарған түтін, танкерлер мен мұнай қoймаларының және мұнай құбырларының түтіні мен газдары ластайды. Олардын құрамындағы күйе күн сәулесін жұтып қоятындықтан атмосфераның жоғарғы қабаттары қызады, булану артады және жауынның мөлшері азаяды. Планетамыздың әр түрлі бөліктсрінде болып жататын әскери жарақтар қоймаларындағы өрт салдарынан атмосфера қатты туындайды. Зымыран техникаларын сынаған кезде атмосфераның жоғарғы жағына өте улы отын, су, азот, көмір қьшқыл газы, алюминий тотықтыры бөлініп шығады.
Әйгілі ақын Расул Гамзатовтың өлеңінде "ақ тырналарға айналды" деп айтылғандай, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Освенцим, Дахау жөне басқа өлім лагерлеріндегі крематорийге 9 млн адам (еркектер, әйелдер, балалар) өртеліп, олар аспанға "ақ тырна" түтіндер түрінде таралған. Блокададағы Ленинградта аштық жайлауыны байланысгы жаппай адам өлімі болған кезде, оларды жерлеуге ор қазып үлгермеген. Мәйіттерді завод пештерінде өртеуге мәжбүр болған. 1942 жылдың 1 маусымынан 1943 жылдың1қаңтарына дейін 109925 мәйіт өртелген. Ал алда аштық блокадасның әлі бір жылы тұрды
Атмосфераға радиологиялық ластану үлкен кауіп төндіреді. 1940-шы және 1950-шы жылдары АҚШ радиологиялық кару жасаған, ол ауага радиоактивті газдар мен аэрозольдар таратуда негізделген. Дейтон қаласының маңында (Огайо штаты, АҚШ) ядролық кару лабораториясынан радиоактивті тритий ағып кеткен.
Жерге жылулық, сәулелену, соққылама толқын мен ядролық жарылыстар радиациясы аса кауіпті. Олар барлық геосфераларды табиғи тепе-тендіктен ауытқытады. Жарылыс толқындарының гидравликалық соққысы жер бетіндегі таужьныстарды ығыстырады. АҚШ 1958 жылдан 1962 жылға дейін Тынық мұхиттьң дәл ортасындағы Джонстон атоллында атмосфералық ядролық сынақ өткізген. Осының нәтижесінде коралдың үстіңгі қабаты радиоактивті кұмға айналған. Хиросима мен Нагасаки үстіндегі атомдық жарылыстан, Бикини аралындағы америкалық ядролық, сьнақ жүргізуінен кейін Тынық мұхитқа, құрлық пенөзендерге радиоактивті күл жауған. Бикини аралында жасалған 27 қуатты жарылыс гүлденген аралды қуарған далаға айнадырған. Сынақтардан кейінгі 20 жылда лагунадан алыс жерлерде радиоактивтілік анықталған. Суға батырылған заттардың барлығы радиоактивтіленген. Лагунаның түбінде радиоактивті ұйық жиналған. Қытай 1972 жылы қаңтар атмосферада жүргізген ядролық сынақтан кейін, Жапония, үстіңгі радиоактивтілік қалыпты жағдайдан 400 есеге дей арткан.
Адамзат қазір одан әрі асуға болмайгын шекке жет оның арғы жаіында болжап болмайтын экологаялық апат салдарға әкелетін тұңғиық жатыр. Әскери-өнеркәсіп комплекс жер қойнауын химиялық және радиациялы ластандыратын әлеулеметтік көзге айналды. Әлемдегі ядролық қарудың куаты Жерді бірнеше дүркін қиратуға жетеді. Оны жалпы куаты 1945 жылы 6 тамызда Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан милион есе артық.
Соғыстар мен жатппай қарулану онысыз да жетімс минералдық шиикізаттың өте көп мөлшерін әлемде өндірілетін мұнайдың 5-6 % -ін; әлемде қорытылатын барлық мысты 11%-ін, қорғасынның -8%-ін, никель,алюминий,мырыш және күмістің-6%-ін жұтуда.
Әлем тұщы су жетімсіздігін барған сайын көп сезінуде ал оның айтарлықтай мөлшерін әскери өндіріс пайдаланып булдіруде. Әскери өнеркәсіп қажеттілігі үшін минералды; шикізатты қарқындылықты өндіру жұмысы жер қойнауына гидросфера мен атмосфераға үлкен геологиялық зиян келтіретіні айтпасада түсінікті.