«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша


Атмосфераның литосферамен және гидросферамен өзара әрекеті



бет21/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Атмосфераның литосферамен және гидросферамен өзара әрекеті

Жер қойнауынан бөлініп шыққан газдардан жаралған атмосфера қазір де литосферамен гидросфераның алмасу процестерімен тығыз байланысты. Жанартаулар атмосфераға жерден шыққан газдың жаңа порцияларын жіберіп, сонымен қатар оны атқыламаның күлдерімен және ірілеу қатты өнімдерімен ластайды. Жанартаудың ықтық газ тасқындарымен бірге күкірт, хлор, фтор және басқа элемент қосындылары тарайды. Олар 70 км-ге дейінгі биіктікке көтерілетіндіктен, озон қабатына өте қауіпті.


Мысалдар: Мехиконың оңтүстік шалғайында орналасқан Попокатепетль жанартауы 1994 жылы қыркүйекте күніне 3 мың тонна улы газ лақтырып тұрған. 1883 жылы Кракатау жанартауы атқылағаннан кейін, Жерге жететін күн радиациясы жалпы алғанда 12%-ке азайған. Атмосфераның жер маңы қабатындағы озонның мөлшері де айтарлықтай кеміген.
Аляскадағы Катмаи жанартауының 1912 жылы маусымдағы атқылауы атмосфераға өте үлкен ықпал жасаған. Атмосфераның ластануы жоғары ендіктерден бастап барлық жартышарға жылдам таралған. Россиядағы Павловскіде күн радиациясының мөлшері 22%-ке азайған.
Атмосфера мен Тынық мұхиттың беткі қабаттарының әсерлесуінің бір факторы «Эль-Ниньо» циклдік табиғи құбылыс феномені. Алғашында осылайша Оңтүстік Американың Перу ауданындағы Солтүстік-батыс жағалауы бойындағы жылы ағысты атаған. «Эль-Ниньо» білінімінің салдары ірі геоэкологиялық аптқа- климаттық аномалияларға, қиратушы су тасқындарына, дауылдарға, жерсілкінулерге, жылжымаларға соқтыруы мүмкін.Сарапшылардың болжауы бойынша 14997-1998 жылдары «Эль-Ниньо» феномені әлемдік экономикаға 50 млрд долларға бағаланатын зияк әкелеген.
Атмосфера өзінің затымен, ғарышпен де алмасады.Атмосферадан ғарышқа әр секунд сайын шамамен 1 кг сутек ұшып шығады.
7 дәріс
Атмосферадағы антропогендік ластануы. (2 сағат)

Атмосфера – Жердегі тіршіліктің басты шарты. Адамзаттың боуы немесе болмауы оның жағдайы мен сапасына байланысты. Атмосфераның зиянды қоспалармен ластануы, адамдарды ауруға шалдықтырады және өлімге соқтырады, техникалық қондырғылары каррозияға ұшыратады, озон қабатын бүлдіреді,т.б


Бүкіл әлем денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша планетағы қала тұрғындарының үштен екісі ластанған ауамен демалады,қалалықтардың тек бестен бір бөлігі ғана сапасы біршама дұрыс ауамен тыныстайды.
Атмосферадағы антропогендік ықпалдың салдары, оныңапаттық жағдайда жеткен химиялық, радиоактивтік және тозандық ластанумен байланысты.
Атмосфераға антропегендік ықпалдың салдары, оның апаттық жағдайға жеткен химиялық, радиоактивтік және тозаңдық ластануымен байланысты.
Атмосфера құрамбөліктерінің химиялық ластануына тоқталайық.
Ауаның негізгі ластаушылары. Атмосфераның табиғи тепе -теңдігі антропогендік газдар (90%) тозаң аэрозоль бөлуіне байланысты бұзылады. Ауаның негізгі ластаушысы –органикалық отынының шала жануына байланысты түзілетін көмірқышқыл газ (СО) .Оның атмосфера құрамында көбеюі оттек мөлшерінің азаюына әкелді. Атмосфера СО газының көбеюі орман алқаптарының тарылуымен байланысты.Орман көмірқышқыл газын сіңіріп, оттек бөліп шығаратыны белгілі.
Атмосфераны техногенді ластаушы зиянды заттар қатарына көміртек оксиді (СО) күкірт пен азот қосылыстары және басқалар кіреді. Адам үшін ерекше қауіптісі тұрақты органикалық қосылыстар –жасанды синтезделген улылығы жоғары хлор қосылыстары.
Атмосфераның химиялық ластануының басты-көзі автакөлік, мұнай-газ және кен өнеркәсібі жылу энергетикасы, т.б (5.2-кесте)
Атмосфераның негізгі ластаушылары



Көзі

Ластаушылар

Автоөлік

Көміртек диоксиді, күкірт пен азот оксиді, альдегиттер, қорғасын, хлор, т.б

Мұнай-газ және кен өнеркәсібі

Көміртек диоксиді, күкірт пен азот оксиді, альдегиттер, күкіртсутек, сутек, минералдық тозаң, көмірсутектер, т.б

Машина жасау

Аэрозоль, еріткіштер буы, бензол, толуол, ацетон бензин, уайт-спирит, химиялық құрамы әртүрлі тозаң, көміртек диоксиді, күкірт пен азот оксиді.

Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру

Көміртек оксиді және диоксиді, азот оксидтері, формальегид, күкірт, күйе, қорғасын, бояғыштар, цемент, асбест, нитроцеллюлоза және полеэфир майлары

Жылу энергетикасы

Күкірт диоксиді, азот оксиді, көміртек оксиді және диоксиді, көмірсутектер, сынап , қорғасын, күшәла, хлор, ванадий,т.б

Қара және түсті металлургия

Көміртек оксиді хәне диоксиді, азот оксидтері, күкірт диоксиді, көмірсутектер, кремний диоксиді, маталл тозаңы (темір, марганец, цинк, ванадий, никель, оксидтері, т.б)

Әртүрлі газтәрізді өнімдер–мысалы, метан, көміртек оксиді, азот оксидтері, күкірт қосындылары және басқалар – кенорыдардан пайдалы қазбаларды өндірген кезінде атмосфераға бөлініп шығады.


Мәселен, Донбастың 140 шахтасынан көмір қабаттарын қазған кезде жылына шамамен 2,5 млрд метан бөлініп шығады. Қарағанды көмір алабы 1970-ші жылдары тәулігіне 1млн астам метан бөлініп шығаған. М.В.Голоциынның есебінше бұл алапта көмірлі қатқабаттардың орташагаздылығы жанғыш массаға 20-25 м/т-дан келеді, ал алаптың 1800м тереңдігінде дейінгі қойнауында шамамен 2 трлн метан бар көрінеді. Метан – шахталардағы қопарылыс пен өрттің себепшісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет