Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Мүмкіндігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын түсіндіріңіз



бет7/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
10.Мүмкіндігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын түсіндіріңіз
Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау-бұл балаға да, оның ата-анасына да оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіруге байланысты арнайы міндеттерді шешуде әр түрлі саладағы мамандарға психологиялық-педагогикалық көмек пен қолдаудың кешенді әдісі.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің міндеттері:ерекше білім алатын бағдарламаларға мұқтаж балаларға көмек көрсету;педагогикалық құрамда және балалар ұжымында эмоционалды қолайлы климат құру;дамудағы бұзылуларды уақтылы диагностикалау және түзету;баланы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты мәселелер бойынша ата-аналар мен мұғалімдердің психологиялық және педагогикалық құзыреттілігін арттыру;балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеу.Психологиялық-педагогикалық қолдау әрқашан екі келісілген процесті қамтамасыз етуге бағытталған: баланың дамуын қолдау және оны оқыту, тәрбиелеу, бар ауытқуларды түзету процесін қолдау. Оған бар бұзушылықтарды түзетуге немесе жеңілдетуге бағытталған түзету жұмыстары және баланың әлеуетін ашуға, олардың оңтайлы даму деңгейіне жетуге бағытталған дамыту жұмыстары кіреді. Психологиялық-педагогикалық қолдау балалармен түзету және дамыту жұмыстарының әдістерінің жиынтығы емес. Бұл кешенді технология, баланы қолдаудың ерекше жолы, оған Даму, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелерін шешуге көмектесу.
11. Сенсорлық бұзылысы бар балаларға жүргізілетін жұмыстың түрлерін атаңыз
Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың(анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. Сенсорлық алалиясы бар /басқаның сөйлеуін түсіну қиыншылықтары/ және есту бұзылыстары бар /басқаның сөйлеуін ажырата алмау қиыншылықтары/ балаларды дифференциациялауға мүмкіндік беретін бірқатар анықтаушы көрсеткіштер бар:Нашар еститіннің дыбысты қабылдау шегі тұрақты / әртүрлі жағдайда тәуліктің әр кезеңінде ол бірдей естиді/, ал сенсорлық алалиясы бар балада дыбысты қабылдау функциясы тұрақсыз /ол бірде жай дыбыстарды естиді және түсінеді, бірде қатты дыбысты қабылдамайды/. Алалиясы бар баланың аудиоөлшеуші көрсеткіштерінің тұрақсыздығы оның жұмыс орындауға қабілеттігі бұзылғанын, жылдам шаршауын, қозу және тежелу процестерінің үйлесімсіздігін көрсетеді, ал бұл жағдай жоғары акустикалық талдау мен синтездеу мүмкіндіктеріне жағымсыз ықпал береді. Дыбыстың қаттылай түсуі нашар еститін баланың қабылдауын жақсартады. Сенсорлық алалиясы бар бала қатты, әсіресе аса қатты дыбыстарды қабылдамайды; жай, тыныштандыратын дыбыстарды жақсы қабылдайды, ал аса қатты дыбыстар мидығы процестердің тежелуіне, өз-өзін сақтауда жұмыстан шығып кетуіне себеп болады. Нашар еститін балалар есту аппаратымен жақсырақ естиді, ал сенсорлы алалиясы бар бала есту аппаратымен қолдана алмайды: ол құлағы, басы ауырғанын айтады; дыбыстардың күшейюі оған жайсыз тітіркендіргіш болады. Бірқатар жағдайда сенсорлық алалия кезінде тыныш, қоршағандардың назарын аудармайтын дыбыстарға аса сезімталдылық бақыланады /тамшылап тұрған су, кітап парақтарының сыбдыры және т.б./, яғни алалия жағдайында есту мүмкіндігі сақталады. Нашар еститін баланың даусы тыныш, анық дыбыстаусыз, ал сенсорлы алалияда дауыс қалыпты қаттылық пен анық дыбыстау сақталады. Нашар еститін баламен, сенсорлық алалиямен ауыратынға қарағанда, байланысқа түсу оңай. Сенсорлық алалиясы бар балаларды емдеуде қолданылатын әдістердің дамуына К.А.Семенова, ал оларды оқыту және тәрбиелеудегі арнайы жүйенің дамуына М.В.Ипполитова үлкен үлес қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет