6. Ата-аналар мен жүргізілетінжұмыстүрлері мен формаларын түсіндіріңіз Егер мүгедек бала мектепте оқитын болса, отбасы мұғалімдермен, әлеуметтік қызметкерлермен, психологпен, басқа мамандармен, сондай-ақ балалар тобымен, кем дегенде аз дәрежеде өзара әрекеттеседі. Алайда, үйде оқытылатын балалар көп.Педагогтердің ата-аналармен ынтымақтастығының негізгі бағыттары келесідей:1) ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту (ата-аналар университеттері; конференциялар және т. б.) 2) ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту (Ашық есік күндері; ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар және т. б.) 3) ата-аналардың оқу-тәрбие процесін басқаруға қатысуы(сынып ата-аналарының ата-аналар комитетінің жұмысына қатысуы және т. б.)Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасылық микроортасын зерттеу үшін ата-аналармен диагностикалық және аналитикалық жұмыс жүргізу қажет.Диагностиканың ең көп таралған әдісі-сауалнама. Бұл отбасының жалпы жоспарын, ата-аналардың жасын, білім деңгейін, баланың ата-аналармен қарым-қатынасының сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, сауалнама баланың жеке ерекшеліктерін, оның отбасындағы өмірін толық білуге мүмкіндік бермейді.Сондықтан жеке жұмыстағы маңызды буын-бұл отбасына бару. Мұғалімнің ата-аналармен жеке жұмысының тиімді формасы. Сапардың негізгі мақсаты-баламен және оның жақындарымен таныс ортада танысу.Ата-аналармен жеке сараланған жұмыстың бір түрі-кеңес беру, әңгімелесу.
7. Ерте замандағы «ауытқушылық» ұғымына тоқталыңыз Мінез-құлықтағы ауытқушылық ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді, біраз уақыт ұмытылып 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа ене бастады. Қазір де бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Мінез-құлықтағы ауытқушылық мәселесі әрдайым әлеумет-танушылардың, педагог-психологтардың, заңгерлер мен дәрігерлердің зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отырды. Себебі қазіргі қоғамда орын алып жатқан күрделі мәселелер көбірек белең алуда.Педагогика ғылымында мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды қиын балалар деп атады. 1936 жылы П.П.Блонский қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырды. П.П.Блонскийдың зерттеуінің негізгі мақсаты қиын балалардың өмірін анықтау болды. Ол қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп пен отбасы арқылы ашып көрсетіп, қиын балаларға мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көреді . П.П.Блонский тәрбие қиындығын Л.С.Славина секілді түсіндіреді: «Қиын бала - бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы - ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау, қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» - деді.Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге және тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тәсіл жоқ. «Қиын жеткіншек» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар және ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.
«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер
1.Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмәдениет, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады және оның әлеуметтену үрдісін бағыттайды;
2.Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, әлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан тұтады, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
3.Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың әртүрлі амалдарын қолданады.Психология ғылымында ауытқушылық мінез-құлық терминін көбіне жастық категориямен, яғни жеткіншек кезеңмен байланыстырады. Себебі жеткіншек кезең әлеуметтік-мәдени өзгерістерге және әлеуметтік жағдай-лардың дамуына жоғары сензитивтілікпен ерекшеленеді. Дәл осы жаста баланың мінез-құлқы отбасы мен мектеп ұжымы шекарасынан шығып, қиын мәселені туындатып, қоғамға, қоршаған ортасына, өзіне қауіп төндіре бастайды. Мінез-құлықта ауытқушылықтың пайда болуы мен салдары оның тұлға ретінде дамуына қатты әсер етеді.Жалпы алғанда ауытқушылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан нормалар мен мінез-құлық стандарттарына жауап бермейтін адамдардың қылықтары мен жүріс-тұрыстары. Ең алғаш болып француз ғалымы Э.Дюркгейм ауытқушы мінез-құлыққа тұжырымдама жасады. Сондықтан ауытқушы мінез-құлық тұжырымдамасы Э.Дюркгеймнің есімімен байланысты. Э.Дюркгейм өзінің бүкіл қызметі барысында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктің себептерін айқындауға айрықша көңіл бөлген. Э.Дюркгейм: «Егер индивид жалпы ортақ нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады, яғни, бұл – қоғам мүшелерінің айтарлықтай бөлігі өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле тұрып, оларға бей-жай, қалай болса солай қарайтын қоғамның жай-күйі» деп атап көрсеткен. Мінез-құлық ауытқушылығы жоғарыда айтылғандай: тәртіпсіздіктер, құқық бұзушылықтар, мазасыздану, агрессивті іс-әрекеттер, қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, адамгершілікке жат қылықтар көрсету, тіл табыса алмау және т.б. жағымсыз қасиеттермен сипатталады. Бұл ұғым өте кең, оған мінез-құлық ауытқушылықтары ерте маскүнемдіктен басталып, суицидті мінез-құлыққа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Сонымен қатар, «мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан ажырата білу керек. Соңғы екі термин, яғни «дамудағы ауытқушылық» пен «дамудың жеткіліксіздігі» ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.Мінез-құлықта психологиялық ауытқудың пайда болуы, бұл баладағы психика мен жүйке жүйелер қызметтерінің дұрыс дамымауынан болады. Осы мəселелерді жойып, алдын алу үшін мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек. Алайда бірінші кезекте мінез-құлықтың ауытқушылығы мен зерттелу мəніне зер салайық. Жалпы педагогикалық-психологиялық əдебиеттерді талдау негізінде, бұл мəселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды-еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез-құлық жəне т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді.Мінез-құлық адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады. Ауытқушылық мінез-құлықтың алғашқы пайда болуы балалалық жаста, əсіресе жеткіншек жаста байқалады.