Инклюзивті білім беру негіздері



бет11/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 33 б

  2. Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 96 б.

  3. Инклюзия жағдайында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 321 б.


1.3. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

Мектепте білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады.


Мамандар мен мұғалімдер оқушының қызығушылығы, оқу және тапсырмаларды орындау стилі туралы мүмкіндігінше көбірек білуі керек, оқушының үлгерімінің күтілетін нәтижеге сәйкес болуын/болмауын білуі керек, мүмкін болатын өзгерістерді жоспарлап, қажет болған жағдайда қосымша қолдау көрсетуі керек. Бағалау нәтижесінде алынған ақпарат оқушының нені үйренуі керектігін, сондай-ақ оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтауға негіз ретінде пайдаланылады.





Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау.
Адамдардың (балалардың) ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалау мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (ПМПК) жүзеге асырылады.



Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет