Инклюзивті білім беру негіздері


Мектеп мәдениеті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің негізі болып табылады



бет3/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Мектеп мәдениеті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің негізі болып табылады. Мектепте қалыптасатын, білім беру мен оқытудың саясаты мен тәжірибесін өзгертетін инклюзивті мәдениетті жаңа қызметкерлер мен мектеп оқушылары белсенді қолдай алады.





ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және әртүрлілікті құрметтеу және айырмашылықтарға төзімділік құндылықтарын қабылдауды қамтиды. Инклюзивтік мәдениетті ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру факторы ретінде ғана емес, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл қоғамның өзгеру негізі ретінде де қарау керек.
Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет.

Инклюзивті мәдениет баланың денсаулығындағы ауытқуына емес, оның қажеттіліктеріне назар аударудан басталады.


Инклюзивті тәжірибені дамыту:

  • оқу процесін басқару,

  • ресурстарды жұмылдыру.

Практика мектеп мәдениетін де, инклюзия саясатын да сынып деңгейінде қамтамасыз етуді білдіреді. Оқыту- оқуға барлық оқушылардың қатысуын көздейді. Сабақ әртүрлілікті түсіну мен құрметтеуге бағытталады. Оқушылар өз оқулары үшін жауапкершілікті алуға үйренеді, ал мұғалімдер оқушылардың сабақ тақырыбын түсінуіне көмектеседі. Сабақтарда оқушылар бірге жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектеседі. Мектеп қызметкерлері балалардың қиындықтарына түсіністікпен қарайды. Оқушылар оқу процесінде жетістікке жетеді. Білім берудегі қиындықтар жақсы тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде қабылданады. Мектептің барлық мұғалімдері мектеп қызметін жоспарлауға қатысады .
Осы үш аспект мектепте инклюзияны дамыту үшін өте маңызды. Мектепте жүргізіліп жатқан кез келген реформалар мен өзгерістердің барлығы осы үш бағытқа назар аудару қажет.
Инклюзивті оқыту тәжірибесін таңдаған мектеп үшін белгілі бір оқушыны оқытудағы қиындықтардың нақты себебін анықтау өте маңызды. Бұл мектептегі оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен, мәдени айырмашылықтармен, оқу жоспарларының, оқыту мазмұны мен әдістері оқушының қажеттіліктеріне, мектеп әкімшілігінің саясатына сәйкес болмауымен, ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ инклюзивті оқыту тәжірибесінде ресурстық кедергілер бар.
Ресурстық кедергілер-бұл инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық ресурстар мен қаражаттың жеткіліксіздігі ғана емес. Ресурстық кедергілер қызметкерлер мен мектеп әкімшілігінің кәсіби көзқарасы, білімнің жетіспеушілігі және инклюзияға қатысты нақты мектеп саясатының болмауының салдарынан туындайды.
Білім беру жолындағы осындай кедергілерді еңсеру мектептің физикалық ортасын өзгерту және қаржыландыруды ұлғайту бағытында ғана емес, сонымен бірге мектептің мәдениетін, саясаты мен тәжірибесін өзгертуді де қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет