Инклюзивті білім беру негіздері


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



бет24/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Èíêëþçèâò³ á³ë³ì áåðó íåã³çäåð³

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Оқу бағдарламасын қысқарту кезінде ЕБҚ бар оқушы үшін міндетті болмайтын оқу мақсаттары (білік- дағдылар) анықталады және олар сол тоқсандағы оқу бағдарламасына енгізілмейді. ЕБҚ бар оқушы үшін міндетті және міндетті емес мақсаттарды (дағдылар мен қабілеттерді) анықтау критерийі - бұл оқушының оқу пәні аясында негізгі білім мен дағдыларды игеруіне ықпал ету қажеттілігі болып табылады (Инклюзия жағдайында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар құралын қараңыз).

Мысалы, ЕБҚ бар білім алушы үшін 1-сыныпты математика курсында «Алгебра элементтері» бөлімін оқу мақсаттары (дағдылары) міндетті емес:
1.2.1.2 Әріптің берілген мәнінде әріптік өрнектің мәнін бір әрекетке табу;
1.2.1.3 Қосу мен азайту арасындағы байланыстың әріптік теңдігі түрінде ұсыну және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-B=a;
1.2.2.2 Теңдеулерді іріктеу тәсілімен және қосу мен азайту байланысы негізінде шешу; «Логика элементтері» 4-бөлімнен:
1.4.1.1 Диаграмманың көмегімен екі жиындарды біріктіру және жиын бөлігін жою; «Математикалық модельдеу» 5-бөлімінен:
1.5.2.5 Қол астындағы материалдардың көмегімен деректерді жинауды, жүйелендіруді, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды құрастыру/аяқтау
Жоғарыда көрсетілген оқу материалын алып тастау сандарды нөмірлеу білімін, 20 шегіндегі қосу және азайту есептеуіш тәсілдері 1-сыныптағы математика курсының негізі болып табылатын арифметикалық есептерді шешу тәсілдерін меңгеруге кедергі болмайды. Қысқартылған бағдарлама аясында оқушы меңгерген 1-сыныптың математика курсының негізгі ұғымдары екінші сыныптағы келесі бөлімдерді одан әрі оқуға мүмкіндік береді: 100 дейінгі сандардың нөмірленуі, олармен арифметикалық әрекеттер, арифметикалық есептер, шамалар және геометриялық материалдар.

ЕБҚ бар оқушыға арналған оқу материалының көлемін азайту негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыруға көп уақыт бөлуге, оқушының жұмыс қабілеттілігі мен оқуға деген ынтасын сақтауға мүмкіндік береді.





Жалпы сыныпта қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар бүкіл сынып қолданатын оқулықтарды пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет