Инклюзивті білім беру негіздері



бет22/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Б

В

Г

Ұйымдастырушылық

1

Жұмыс материалдарын дайындау
















2

Өз жұмысын ұйымдастыру
















3

Уақытты бөлу
















4

Оқыту процесіне қатысу
















5

Тапсырмаларды орындау
















6

Өз жұмысының таныстырылымын жасау













Бірлескен жұмыс

1

Басқаларды қабылдау
















2

Басқаларға көмектесу
















3

Қиындықтарды жеңу
















4

Топтық жұмыс













Қарым-қатынас

1

Оқылым
















2

Бірлескен оқу
















3

Ақпараттық құралдарды пайдалану
















4

Ақпарат алу
















5

Басқаларды ақпараттандыру













Ақпаратты пайдалану

1

Ақпаратқа қол жеткізу
















2

Ақпаратты іріктеу және жүйелеу
















3

Адалдық













Рефлексия



1

Сұрақтар бойынша өзіндік талдау
















2

Идеялар мен жұмыстарды жетілдіру













Ойлау дағдыларын дамыту

1

Қолда бар білімді пайдалану
















2

Идеяларды дамыту
















3

Идеяларды ұйымдастыру
















4

Зерттеу
















5

Проблеманы қою













Идеялар байланысы

1

Байланыстар жүргізу
















2

Идеяларды біріктіру және бөлу
















3

Мәдениетті бағалай білу













Дағдыларға қол жеткізу деңгейін интерпретациялау



А

Оқушы жаңа дағдыларды жылдам және дәйекті түрде игереді және оны таныс және таныс емес жағдайларда табысты қолданады.

Б

Оқушы жаңа дағдыларды меңгерді. Оларды таныс жағдайда табысты қолданады, дегенмен кейде бейтаныс жағдайларда қиындықтар туындайды.

В

Оқушы жаңа дағдыны игерген, бірақ оларды өз бетінше қолдану қиындық туғызады.

Г

Оқушы әлі күнге дейін оқуда жетістікке жетуде дағдыларды игеруде үлкен қиындықтары бар.

Педагогикалық диагностика жүргізу кезінде педагогтер оқушының өз бетінше меңгерген оқу пәні шеңберіндегі дағдыларын (өзекті деңгей) және қалыптасу сатысындағы дағдыларын (жақын даму аймағы) анықтауы тиіс. Диагностикалық құрал ретінде белгілі бір тақырып, пән бөлімі шеңберіндегі оқу мақсаттарына сәйкес келетін тапсырмалар мен жаттығулар қолданылады.


Қажеттіліктерді бағалауды барысында білім алушының біліміндегі немесе мектеп бағдарламаларын меңгеру үшін базалық болып табылатын дағдылардағы «олқылықтарға» да назар аудару қажет. Олар оқу материалын игерудегі қиындықтардың себебі болуы мүмкін болғандықтан, толықтыруды қажет етеді. Бұл дағдыларды қалыптастыру мақсаттары оқушының оқу бағдарламасына енгізілуі керек.
Педагогикалық диагностика жүргізу кезінде оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына (мотивация, өзін-өзі ұйымдастыру, оқу іс-әрекетін жоспарлау, орындау және бақылау), жұмысқа қабілеттілікке, жұмыс қарқынына және оқу жұмысының қандай түрлері оқушыға оқу материалын (жазбаша, ауызша, практикалық іс-әрекетке, иллюстрациялық материалға және т.б. сүйене отырып) жақсы түсінуге көмектесетініне назар аударылады. Бұл оқушы үшін оқытудың ең қолайлы әдістері мен тәсілдерін, сабақта оның қызметін ұйымдастыру тәсілдерін таңдауға негіз болады. Диагностикалық құрал ретінде белгілі бір тақырып, пән бөлімі шеңберіндегі оқу мақсаттарына сәйкес келетін тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану керек. Нұсқаулық нақты, қысқа, кезең-кезеңмен беріледі. Тестілеуді ұсынудың қажеті жоқ, өйткені ол тапсырманы орындау шарттарын түсінуді қиындататындықтан, оқушының қателесуіне әкеліп соғуы мүмкін. Мұғалім педагогикалық диагностиканы сабақта, ал арнайы мұғалім жеке сабақтарда жүргізеді.
Мұғалімдердің көпшілігі жалпы оқу дағдылары пән бойынша білімнен гөрі маңызды екендігімен келіседі, дегенмен әр мұғалімнің алдында жүзеге асыруды талап ететін пәндік міндеттері бар екендігін де естен шығармау қажет.
Педагогикалық диагностиканың нәтижесі – ЕБҚ бар оқушыға арналған бағдарламаның мазмұнын анықтаудың бастапқы нүктесі болып табылады.


Қысқартылған / жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу
Қысқартылған/жеке оқу бағдарламасын сынып мұғалімі арнайы педагогпен бірлесіп, педагогикалық диагностика (бағалау) негізінде және МЖМБС бағдарланған пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын ескере отырып немесе ақыл-ой бұзылыстары бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді.

1.7-кесте. Қысқартылған және жеке оқу бағдараламасы



Қысқартылған оқу бағдарламасы

Жеке оқу бағдарламасы

Оқушы МЖМБС белгілеген көлемге және оны сыныпта оқыту қарқынына сәйкес оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтар туындаған жағдайларда оқу бағдарламаларын қысқарту (бейімдеу) талап етіледі

Жеке оқу бағдарламасы жалпы сынып жағдайында оқитын ақыл-ой бұзылыстары бар оқушы үшін әзірленеді.


Қысқартылған/жеке оқу бағдарламасы бір тоқсанға құрылады, оны игеру нәтижелері негізінде келесі тоқсанға оқу бағдарламасы жасалады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере алатындығын, жоспарланған іс-шаралардың қайсысының қиындық туғызатынын алдын-ала болжау қиын. Сондықтан білім беру процесі барысында оқу бағдарламасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Оқу бағдарламасын уақтылы түзету үшін оқушының жетістіктерін үнемі бақылау қажет. Ол үшін мұғалімдер мен қолдау көрсету мамандары жүзеге асыруымен оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданылады.





20___/20_____ оқу жылының бірінші тоқсанына
_____ сынып оқушысы ___________________арналған
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН/ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Бағдарламаның бөлімі, бөлімшелер

Күтілетін нәтижелер

Тоқсан соңындағы нақты нәтижелері (+,-, түсініктемелер)

Математика (қысқартылған/жеке)






















Қысқартылған/жеке оқу бағдарламасының мазмұнында Үлгілік оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша күтілетін нәтижелер (оқушының білік-дағдылары) түрінде тұжырымдалған оқу мақсаттары және ЕБҚ бар оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетілуі тиіс. (И. Г. Елисеева, А. К. Ерсарина «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық, Г қосымшасын қараңыз).
Оқу мақсаттары мен әдістері оқушының мүмкіндіктерін анықтауға негізделген психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелеріне командалық талқылау жасау барысында анықталады.

1.8-кесте. Оқытуда қолданылатын әдістер





Математика (қысқартылған/жеке)

Оқытуда қолданылатын әдістер (белгілеу қажет, қосуға болады)

  • оқу тапсырмасының мазмұны жеңілдетіледі

  • оқушыға ұсынатын тапсырмалар саны азаяды

  • оқу тапсырмасының көлемі азаяды

  • тапсырмаларды орындау үшін қысқа және анық нұсқаулар беріледі

  • оқушыға оқу тапсырмасы мұғалімнің бақылауымен бөлікке бөлініп, кезең-кезеңмен ұсынылады

  • сынып алдында жауап беру талап етілмейді

  • жаттауға қажет ақпараттар саны азайтылады

  • тапсырманы немесе жаңа материалды түсіндіру үшін нақты заттар, арнайы дидактикалық материалдар, иллюстрациялар қолданылады

  • кестелер, графикалық суреттер, формулалар қосымша түсіндіріледі

  • мұғалімнің арнайы даярлаған тапсырмалары қолданылады

  • оқушы қателік жіберуі мүмкін (оқушы мұқият болуы үшін) орындар белгіленеді



САБАҚ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ:

  • ережелер, үлгілер

  • көбейту кестесі, салмақты, ұзындықты, уақытты өлшеу кестесі

  • калькулятор

  • алгоритмикалық жазбалар, жаднама





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет