3.
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
1. Инклюзивті білім беру жайында ғұламалардың ой-пікірлері
Шығыстың ғұлама ойшылы Ян Амос Коменский ерекше қажеттілігі бар балалар туралы: «Сұрақ
былай қойылды: көзі көрмейтінлар, естімейтінлар және даму жағынан артта қалғандар (кемтарлықтарына
байланысты кез-келген нәрсені жеткілікті дәрежеде қабылдай алмайтындар) білім алуға жіберіле ме?
Жауап беремін: 1. Адам қатарына жатпайтындар ғана адамдардың білім алу үдерісіне қатыса
алмайды. Егерде олар адамзаттан жаратылған болса, олардың білім алу үдерісіне қатысуларына да
құқықтары бар. Және бұдан да маңыздысы, сыртқы көмектің қажеттілігі, себебі ішкі кемтарлық болған
кезде табиғат өзіне-өзі көмек көрсете алмайды.
1. Ал бастысы, табиғат кейбір салаларда өз күшін дамыта алмаған болса, оны басқаша түрде
табысты дамытады, дегенмен оған көмек көрсету қажет.»-деген екен. Демек, әр оқуышының білім алуда өз
ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы
деңгейі әртүрлі. Десекте, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру
өмір талабы болып табылады. Осы ретте әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас
ерекшелігі ескеріліп білім берілуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқымқуалаушы аурулармен
немесе жарақаттың салдарымен негізделген, өмір сүру әрекетінде шектеулері бар, дене және психикалық
кемістіктері бар он сегіз жасқа дейінгі балалар
.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаны кіріктіру, оған өзінің жеке құзырлылығын дамытуға мүмкіндік ұсыну,
барлық ықтимал әлеуметтік кедергілерді (білім алуға қолжетімділік, мәдени-ағартушы мекемелер мен
ұйымдарға, ақпаратқа, көлікке қолжетімділік, жағымсыз қатынасты жою) жеңу, қазіргі кезде азаматтық
қоғамның дамуындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Мұнда денсаулығында және
психофизикалық дамуында қиындығы бар адамды қоғамға тиімді кіріктірудің жетекші міндеттерінің бірі
ретінде, оған сапалы білім алуға мүмкіндікті қамтамасыз ету алынады.
Н.Н.Малофеев: «ерекше» баланың өзінің балалық шағын толыққанды өткізу құқығы болатынына,
ешқандай коррекциялық мақсатты көздемейтін өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау, ойындар мен
сауықтар, туыстарының қамқорлығы мен махаббатына ие болу құқығы болатынына баса назар аудару қажет,
бақытты балалық шаққа кепіл болу керек»-дейді.
Л.С.Выготскийдің
пікірі бойынша, мүмкіндігі шектеулі баланы оңтайлы дамытудың формаларының
бірі ретінде ұжым алынуы керек. Автор ұжымның дәрежесі бойынша әртүрлі интеллектуалды жетілмеген
балалармен толықтыру талабын ұсынады. Зерттеушінің ойынша, балалардың ұжымы біртекті болған
жағдайда, бұл дені сау қалыпты балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға да зиянын тигізеді, оларды
дамыту мүмкіндігінен айырады. Интеллектуалды тұрғыда аса дарынды балалар өзінің әлеуметтік белсенділігін
көрсете алады, ал дамуында кемістігі бар балалар аса дарынды балалармен ұжымдық ынтымақтастық және
қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылады. Бұл олардың танымдық сферада екінші рет артта қалуына
және кемістіктің ауырлауына әкеледі. Сондықтан, Л.С.Выготский бойынша, дамуында ауытқуы бар баланы
тәрбиелеудің негізгі міндеті ретінде, оны өмірге кіріктіру және оның кемістігін белгілі бір жолмен толықтыру
алынады. Оның пікірінше, дені сау қалыпты балаларға ауқымды бағдарлану, арнайы білім беруді қайта
қарастырудың бастапқы негізгі ретінде алынуы керек. Л.С.Выготскийдің арнайы білімді, оқытуды және жалпы
тәрбие мен жалпы оқытуды кіріктіру туралы идеясы инклюзивті білім беру түрінде жүзеге асырылып келеді,
оның негізгі мақсаты ретінде, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың толыққанды және тиімді білім алуы
қарастырылады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарда мүгедектерге деген қоғамның қатынасы, олардың ерекше
мұқтаждықтарына сыртқы ортаның бейімделмеуі салдарынан, денсаулық күйі, сырт бейнесі, дамуындағы
ауытқулар немесе кемістіктер, аурудың нәтижесіндегі функционалды қиындықтары болады.
Мұндай шектелген мүмкіндіктердің пайда болу механизмін төмендегідей көрсетуге болады:
1.құрылымдық бұзылыстар, медициналық диагностикалық аппаратурамен көрінетін немесе
танылатын;
2.іс-әрекеттің бірқатар түрлеріне қажетті дағдылардың жетілмеуі немесе жоғалтуы;
3.әлеуметтік дезадаптация, сәтсіз немесе баяулаған әлеуметтендіру.
Достарыңызбен бөлісу: