«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

2. Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының топтастырылуы 
 
1. естуінде кемістігі бар балалар\сурдопедагогика\ (құлағы естімейтін, нашар еститін, естімейтінлар); 
2. көруінде кемістігі бар балалар\тифлопедагогика\ (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, көзі 
көрмейтінлар); 
3. тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар; 
4. сөйлеуінде кемістігі бар балалар\логопедия\; 
5. ақыл-ойында кемістігі бар балалар\олигофренопедагогика\; 


6. психикалық дамуында ауытқуы бар балалар; 
7. эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар; 
8. күрделі кемістігі бар, оның ішінде көзі көрмейтін және естімейтін балалар . 
Естуінде кемістігі бар балалар.
Есту дыбыстарды қабылдау және айыра білу қабілеті. Бұл есту 
анализаторы немесе есту мүшесі арқылы жүзеге асады. Дыбыстар үш қасиетпен сипатталады:күші, 
жоғарылығы және тембрі. 
Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Есту 
анализаторларының зақымдануының салдары және потологиялық процесінің пайда болу уақытына, қандай 
деңгейде және қандай кезеңде естудің бұзылғанына байланысты барлық естуі бұзылған балаларды үш 
категорияларға бөледі: саңылау, кеш саңылау, нашар еститіндер. 
Тек естудің дефектісі ғана емес, сондай-ақ кеш пайда болған сөйлеудің жетіспеушілігі бар балаларды 
оқытуда қиындық туады. Баланың дамуында естуі мен сөйлеуі тығыз бір-бірімен байланысқан. Тек естімейтін 
балалар толығымен естуден жоғалуы, олар өз бетінше сөз қорын жинай алмайды. Естімейтін балалардың өзін: 
v естімейтін (ерте естімейтін); 
v қандайда бір деңгейде естуі сақталып қалған естімейтінлар(кейін естімей қалған). 
Ерте естімейтін- сөйлеудің қалыптасуына дейін туа және жүре пайда болған екі жақты тұрақты, 
күрделі естуі бұзылған балалар. Кеш естімейтін болғандар мектепке дейін немесе мектеп жасында пайда 
болған естімейтінлық. Нашар еститіндер - жартылай естуі бұзылған балалар, олар есту анализаторларының 
көмегімен сөз қорын өз бетінше жинай алады. Нашар еститін балаларға естуі 20-дан 75 деңгейге (ДБ) 
төмендейді. Нашар еститін балаларды: 
а) мектепке келгенде сөздерді дұрыс айта алмайды, яғни сөйлеудің күрделі дамымауы; 
б) грамматикада белгілі деңгейде жетіспеушілігі бар және сөйлеуінде, жазуында қателіктердің болуы. 
Кейін естімей қалған. Сөйлеуі сақталып, психикалық дамуында белгілі жетістіктері бар балалар. 
Сөйлеудің сақталу деңгейіне бірнеше факторлар әсер етеді. Естімейтінлықтың пайда болу уақыты, баланың 
арнайы дайындықсыз мектепке барғанда ол сөйлемейді, тек біраз сақталып қалған сөздік қорларын бұрмалап 
айтады. 
Нашар еститіндер. Қазіргі кезде естуі бұзылған балалардың біршама бөлігін құрайды. Естімейтін 
балалардан айырмашылығы олар оқу барысында сақталып қлған естуді қолданады. Нашар еститін балаларда 
кереңдік айқын көрінген жағдайда ауызша сөйлеуін тек арнайы дамытады. Естімейтін балалар нашар 
еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. 
Көруінде кемістігі бар балалар.
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми 
қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ. Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен көзі 
көрмейтін болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе тіптен 
мүмкін емес. Көзі көрмейтін адамдардың көбісі тума берілген ауытқулар сол себептен де олардың психикалық 
даму қарқыны өзгеше. Көруі бұзылған 2-3 айлық нәрестенің іс-әрекеті қалыпты баланың әрекетінен еш 
ерекшеленбейді. Олардың зейінін қалыпты баланың зейінін аударатын заттар мысалға жылтыр, қозғалыстағы, 
ашық заттар қызықтырса, оларды шулы, жылдам дыбыстар көңілдерін аударады екен. 
Көру қабілетінің бұзылуы - преднаталды(құрсақ ішілік), интронаталды (босану барысында), 
постнатальды(босанғаннан кейінгі) кезде орталық жүйке жүйесінің, әсіресе ми қыртысының зақымдануы 
нәтижесінде пайда болатын көру қабілетінің бұзылысы.Көру талдағыштары қызметінің зақымдану
дәрежесін негізге ала отырып, көруінде тұрақты кемістігі бар балаларды көзі көрмейтін және нашар
көретіндер деп бөледі. 
Көзі көрмейтін балалар ешқандай көру түйсігі жоқ немесе жарық сезу мүмкіншілігі сақталған,
болмаса көру қабілетінің қалдық мүмкіндіктері бар. 
Нашар көретін балалар – жақсы көретін кезінде көзілдіріктің көмегін пайдаланғанда көз өткірлігі
0,05-0,14 дейінгі аралықта болады. 
«Туа болған көзі көрмейтіндердің қайғысы жүре біткен көзі көрмейтіндың қайғысынан аз болса да, 
оның өмір бойы өкініші өшпейді»,-дейді Щербина. Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға 
тоқталады. Көзі көрмейтінлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ 
ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген. 
Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көзі көрмейтін баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау баламен 
бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен бірге 
ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек ондай балаға көзің көзі көрмейтін екен деп 
аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көзі көрмейтін бала өзінің кемдігін онша сезіне 
қоймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет