«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше


Инклюзивті білім беруде педагогтар мен түрлі мамандардың қызметтік міндеттері



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

 Инклюзивті білім беруде педагогтар мен түрлі мамандардың қызметтік міндеттері
Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңа құзыреттіліктер мен 
білімдерді талап етеді. Түрлі мамандар мен педагогтардың мүмкіндігі шектеулі баланы жалпыға білім беру 
процесінде оқыту мен тәрбиелеудегі өзара байланысқа түсу ерекшеліктері – бүкіл ұжымның олардың дамуына 
жағымды жағдай жасалуына қатысуында. Топта жұмыс жасауда, оның әр мүшесі өзінің пәндік іс-әрекеті 
шеңберінде нақты мақсаттар мен міндеттерді орындайды. 
Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта), мектепке дейінгі мекемеде немесе мектепте мақсатты 
интеграциялау; 
- топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық поцесті ұйымдастыру сұрақтары 
бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және 
қосымша білім беру педагогына кеңес беру; 
- фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістерін сараптауда көмек 
беру; 
- мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық-педагогикалық және медициналық көмекті реттеу; 
- басқа мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене шынықтыру мұғалімімен және т.б.); 
- мүмкіндігі шектеулі немесе жас көрсеткіштерінен қалыс қалған тәрбиеленушілермен фронталды және жеке 
сабақтар өткізу, сонымен қатар қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп кіші 
топтарда және топтық сабақтар жүргізу; 
- педагогикалық анықтау жұмысын жүргізу; 


- жеке білім алу бағыттарын құрастыру және нақтылауды қамту; 
- пәнаралық топтың мүшесі ретінде жеке бағдарламалар мен топтың бағдарламаларын құрастыруға және іске 
асыруға қатысу; 
- баланың анықталған нәтижелерін ескере отырып онымен жұмысты ұйымдастыруға байланысты басқа 
мамандарға арналған ұсыныстар жасау. 
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы
ауытқушылықтарды түзетумен айналысады.
Ол: 
- тәрбиеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын және анықтығының деңгейін 
зерттейді; 
- тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтың және жеке сабақтар жүргізеді; 
- мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдерді қолдануға байланысты 
ұсыныстар жасайды; 
- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын 
құрастыруға және іске асыруға қатысады. 
Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары:
- тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалыптылығын сақтайды; 
- нақты мәселелерді шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға көмек береді; 
- психологиялық анықтау жұмысын жүргізеді; 
- тәрбиеленушілердің дамуындағы ерекшеліктерді (ақыл-ой, физикалық, эмоционалдық) анықтайды; 
- ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді; 
- әлеуметтік дамудағы бұзылыстарды анықтайды және психологиялық- педагогикалық түзету жүргізеді; 
- педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін 
қалыптастырады; 
- пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму бағдарламаларын құрастыру мен іске 
асыруға қатысады; 
- топпен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды анықтау, жоспарлау, құрастыру және іске асыруға 
қатысады; 
- өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады. 
Әлеуметтік педагогтың жұмысы.
Тәрбиеленушілердің және олардың отбасының әлеуметтік жайлылығын қамтуға бағытталған. 
Әлеуметтік педагог: 
- білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты жүзеге асырады; 
- тәрбиеленушілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға қатысады; 
- баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді қалыптастыру сұрақтары бойынша ата-
аналарға кеңес береді; 
- баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды зерттейді; 
- педагогтар, әлеуметтік қорғау қызметтерінің мамандарымен, тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек көрсету 
сұрақтары бойынша қайырымдылық мекемелерімен өзара байланысты болады; 
- топ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау іс-шараларын іске асырады; 
- тәрбиеленушілердің 
қызығушылықтарын, 
қажеттіліктерін, 
қиындықтарын, 
іс-әрекеттернідегі 
ауытқушылықтарды анықтап, дер кезінде оларға әлеуметтік көмек көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет