«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

ІҮ. Әлеуметтік – бейімдеу бағыты:
- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; 
- баланы шығармашылыққа тарту; 
- баланы мектепішілік, мектеп аралық мереке, іс- шараларға қатыстыру; 
- баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; 
- мектепте өзін еркін сезінуге, өзін- өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай 
білуге үйрету. 
Сонымен қатар баланы психикалық-педагогикалық қолдауда әлеуметтік- бейімдеу бағыты 
оқушылардың, қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады. 
Ү. Әдістемелік- ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс- шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын 
толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады: 
- ұстаздар мен ата- аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; 
- оқушыға портфолио құрастыру . 
Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім, білік дағдыларының, баланың жеке өсуін 
қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші. 
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі 
шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы 
психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. 
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау - инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, 
оқу процесіне, жақтың дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді 
жүйе. 
ППҚ қызметіндегі мұғалім - дефектолог баланы психологиялық- педагогикалық қолдауда тек білім 
мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін 
ұйымдастыруды көздейді. ПДТ баланың танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт - 
мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Яғни, ол сыпайылық, педагогикалық 
әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын созу, сәтсіздіктердің себептері мен жетістіктерді ұғыну мен өз 
мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне 
деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды 
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін 
білім беру ұйымының мамандары мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру және тәрбиелеуде отбасының
ауқымды әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады. 
Бaлaның отбaсымен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері:


1. aтa-aнaлaрдa бaлaғa қaтысты қaрым-қaтынaсты қaлыптaстыру, оны отбaсындa тәрбиелеуге белсенді 
қaтысу; 
2. aтa-aнaлaрғa бaлaмен өзaрa әрекет жaсaу тәсілдерін, жaнұя жaғдaйындa оны тәрбиелеу мен оқыту 
әдістерін және тәсілдерін меңгеруге көмектесу; 
3. aтa-aнaлaрды түзете-дaмыту жұмысынa белсенді түрде тaрту; 
4.
aтa-aнaлaрмен психологиялық-педaгогикaлық aғaрту жұмыстaрын жүргізу, олaрдың 
психологиялық-педaгогикaлық қaжеттіліктерін зерттеу [36]. 
Aтa-aнaлaрмен жұмыс әртүрлі формaлaрдa жүргізіледі:
- жеке әңгімелесулер мен кеңестер; 
- aтa-aнaлaр лекторийлері; 
- aшық есік күндері; 
- семинaрлaр мен өзге де іс-шaрaлaр. 
Қорыта келгенде баланы психологиялық- педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей: 
- ППҚ қолдауының мақсаттылығы; 
- ППҚ қолдаудың үздіксіздігі; 
- ППҚ қолдаудың бірізділігі 
- ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ 
қызметі мамандарының біріккен жұмысы) 
- ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік)- баланың мүмкіндігіне сенетін 
мамандар құзыреттілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет