Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
 
 
 
 
,
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап
 
 
 
.
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап


 – 
 
Самарқанд Бұхар Ташкент бәрін кезген
 
 
 
 
 
, –
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап
7


десе, екінші рет барғаны турасында:
 
 
 
 
,
Жалғанда жалғыз кезген басым еді
 
 
 
 
 
.
Бір асыл қолға түспес тасым еді
 
 
 
 
.
Зыбарат шығыс бапқа бұл барғаным
 

 
 
 
, – [3, 8 .]
Жылым қой отыз жеті жасым еді
б
деп анықтама береді.
М.Көпеевтің өзі айтуынша ол 1895 жылы араға сегіз жыл 
уақыт салып қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да 
оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.
Мәшһүр Жүсіп қазақтың байтақ даласының көп жерін 
аралайды; серілік құрады; көптеген ақындармен айтысқа 
түседі. Көкшетау ақындары шақырып, сонда барып, Ақанмен 
кездеседі. Бұл туралы ақын өзінің күнделік дәптеріне былай 
деп жазады: «Көкшенің жер-суымен танысып, Ақан серіні 
көру өзімнің тілегім, ойым еді. Ақан сері жігіт көркі, сөздің 
бұлбұлы еді».
Өткен ғасырдың 80–90 жылдарында Мәшһүр Жүсіп 
Омбыда шығатын «Дала уалаяты» газетінің белсенді 
авторларының бірі болады. Ақын ел тұрмысын танытарлық 
хат-хабарлармен қатар жұрт аузынан өзі жазып алған, өзі 
жинап-терген әңгіме, өлеңдерді газет редакциясына үнемі 
жіберіп тұрады [4].
М.Жүсіп тоқсаныншы жылдарды Сырдария жаққа 
Түркістан, Ташкент қалаларына бірнеше рет барып қайтады. 
Шығыс елдерінің мәдени-әдеби мұраларымен тереңдей 
танысады. Сол заманда ғалым-ғұлама атанып жүрген 
адамдардың сөзін тыңдайды. Сырдария бойының ақын-
жырауларымен танысады (Майлықожа т.б.).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев С.Ш. Мәшһүр Жүсіп өмірі (аңыз бен ақиқат). – Павло-
дар, 2000. – 132 б.
2. Сонда, 15 б.
3. Дәуітов С. Алғы сөз // М.Ж.Көпеев. Таңдамалы. І-том. – А., 
1990. – 271 б.
4. Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. – Павлодар, 
1999. – 93 б.
8


2. 1907 жылы Қазан қаласында басылған 
кітаптары туралы
1905 жыл оқиғаларына құлақ тігіп, сол тұстағы қазақ 
ақын-жазушыларынан бұл оқиға жайында үн қатқан, «отклик» 
жасаған М.Жүсіп болды. Ақынның 1907 жылы Қазанда жарық 
көрген үш кітабы – «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан 
көрген бір тамашамыз», «Сары-Арқа» ... – бәрі де 1905 жыл 
оқиғаларының тікелей әсерімен жазылған. Үш кітапта да 
ақынның көптеген күрделі әлеуметтік мәселелерді теріс 
түсінгендігі байқалады, бірақ, әділіне келсек, ақынның 
Россиядағы саяси жағдайларымен жақсы таныс екендігі, 
сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына деген 
наразылығы, азаттықты аңсаушылығы кітаптарында ашық 
айтылған. Сондықтан да М.Жүсіптің кітаптарын басып 
шығарған Қазандағы Хұсайыновтар баспасынан көп адам 
сотқа тартылады, баспа иесіне 12 мың сом айып салынады. 
М.Жүсіп
кітаптарының
таратылмаған
даналары 
кәнфескеленіп, ақынның өзін жауапқа тарту жөнінде нұсқау 
берілді. Мұны білген ақын ел аралап, ел ішіне сіңіп кетіп, 
жергілікті әкімдердің көзіне түспей, бір талай уақыт бойы 
тасалап жүреді.
Бұл туралы ғалым С.Дәуітов былай дейді: «Ақынның осы 
кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі 
Россияның саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс 
екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінде 1905 жылғы халық 
көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Бұл шығармаларда 
қожа-молдалардың жағымсыз іс-әрекетін сынайтын жерлері 
де аз емес. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық 
саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп 
Россиямен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиын-
дығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта 
жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол 
кездегі тұрмыс-тірлігін, іс-әрекетін, психологиясын біршама 
суреттеп беруімен де құнды дер едік». [1, 9 б.]
Айта кететін бір жайт, аталмыш автордың «Хал-ахуал» мен 
«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 
кітаптарына енген шығармаларының бәрі дерлік мазмұндас, 
яғни бір кітаптың екі басылымы іспеттес. Тек ақынның 
«Ғибрат-нама» өлеңі екінші басылымға енбеген, тек «Хал-ахуал» 
кітабына да ғана бар. Бұл пікірді М.Ж.Көпеевтің шығарма-
ларын зерттеуші ғалымдар да растайды.
9


Атап өтуге тұрарлық бір нәрсе – патша цензурасы 
Көпеевтің кітаптарын бастырған Хұсайыновтар баспахана-
сына айып салып, өкімет орындары Мәшһүр Жүсіпті саяси 
қудалауға алады. Бұған Қазақстан баспасөз жөніндегі комитет 
архивінің құжаттары толық дәлел.
«Юсуф Куфяевтың «Қазақтың осы күнгі әңгімесі» 
(«Настоящее желание казахов»), «Хал-ахуал» («Житье-бытье») 
кітаптары конфескеленді ...» (Архив Казахского комитета по 
печати, фонд 420, опись І, дело №12).
Ал, «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 
атты Жүсіп Көпеевтің кітапшасын қылмыс заңының 129-
статьясының 6-бабына сай қылмысты шығарма деп табады. 
Комитет бұл кітапқа арест салды. Авторын жоғарыдағы 
қылмысты заң статьясына сәйкес сотқа тартуға ұйғарады. 
(Архив Казахского комитета по печати, фонд 420, опись І, 12 
листы 55-56) Комитет председателі және секретары қол 
қойған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға 
түгелдей қосылуы – қазақ қоғамының саяси, шаруашылық, 
мәдени дамуында әр ел алуан сипаттағы өзгерістер ала келді. 
Бұл Россия империясындағы крепостниктік правоның 
жойылып, бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдана 
бастаған кезі еді. Россияда капитализм кең қанат жая 
бастады.
Соған сәйкес Қазақстанда да капитализмнің нышандары 
пайда болды. Россиядағы капиталистік өнеркәсіптің дамуына 
қажетті өнім өткізетін мол әрі арзан шикізат көзі ретінде 
Қазақстан зор роль атқарды. Отарланған жаңа өлкені тез 
арада игеріп, патша әкімшілігіне оны басыбайлы бағындыру 
үшін патша өкіметі қазақ даласын бірыңғай басқару жүйесін 
енгізуді қолға алды. Отарлау екі түрлі әдіспен жүргізілді, бірі – 
басқарудың жаңа жүйесін енгізу болса, екіншісі – 
қазақтардың арасында христиан дінін тарату еді. Бұл жөнінде 
белгілі ғалым М. Мырзахметов былай дейді: «Екінші Александр 
патшаның 1865 жылғы 5 июльдегі арнаулы раскриптінде екі 
нәрсеге айрықша назар аударылды. Оның бірі – қазақтың 
бәрін бірыңғай билеп-төстеудің жаңаша жүйесін жасап, яғни 
«жаңа низам» деп аталатын ережені 1867 жылдан бастап 
өмірге нақты түрде енгізу мақсаты көзделеді. Екіншіден, 
қазақтардың келешекте православия дініне өндірудің бар 
мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы көздеген орыстандыру 
саясатының түпкі мақсатына меңзейді» [2].
10


Россияда крепостниктік правоның жойылуы елдегі 
аграрлық мәселені шешкен жоқ. Үкімет шаруалардың назарын 
революциялық қозғалыстан алыстату мақсатында бірқатар 
шаралар қолданды. Солардың бірі – қоныс аудару саясаты еді.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында Қазақстанға 
Орталық Россиядан шаруаларды жаппай қоныс аударта 
бастады. Патша өкіметі осыған байланысты арнайы «Заң 
ережелерін» бекітіп, көшпелі қазақтардың бұрыннан 
қоныстанып келе жатқан жерлерін мемлекет меншігіндегі жер 
деп таныды. Қоныс аударушы орыс шаруаларына қазақтың 
кең байтақ даласының ең шұрайлы жерлерін кесіп берілді. 
Және ол заң жүзінде бекітіліп, жер келімсектердің толық жеке 
меншігіне өтті. Сөйтіп, патша өкіметі қазақ даласында 
орыстандыру саясатын жүргізе бастады. Ғасыр аяғында 
қоныс аударушылардың саны күрт өсіп, үдей түсті.
Жер мәселесіне байланысты таптық қайшылықтар 
шиеленісе түсті. Жайылымдық жерлері тарыла бастаған 
қазақтың бай-болыстары кедейлердің егін егіп, жаз 
жайлайтын жерлерін тартып алды. Осыған байланысты 
шаруалар наразылық білдіріп, өкімет орындарына шағым 
жасап отырды. Оның үстіне ауыл еңбекшілері патша өкіметі 
тарапынан да ауыр езгі көрді.
Бір сөзбен айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 
бас кезі қазақ халқының тарихындағы ең бір елеулі кезең 
болды. Бұл – Россияда революция дауылдары өршіген, 
халықтың басына сан қилы сынақтар түскен кез еді. 
Россиядағы әлеуметтік жаңарулар мен өзгерістердің, ірі-ірі 
оқиғалардың жаңғырығы қазақ даласына жетіп жатты. Бұл 
кездегі қазақ әдебиетінде де терең көрініс тапты. Сол себепті 
де бұл дәуірдегі қазақ әдебиетін сол тұстағы тарихи-әлеуметтік 
жағдайлармен тығыз байланысты алып қараған жөн.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ 
даласының экономикасы мен шаруашылығы ғана емес, 
мәдениеті мен әдебиеті де жедел өркендей бастады. Халықтың 
сана-сезімі оянып, жаңалыққа құштарлық күшейе түсті. Елдің 
оқу, білімге ынтасы артты. Елді мекендерде оқу-ағарту ісі 
жанданып, мектептер ашыла бастады. Егер ХІХ ғасырдың 
аяққы кезінде қазақ жерінде ондаған ғана орыс-қазақ мектебі 
болса, жаңа ғасырдың басында жалпы білім беретін оқу 
орындарының саны бес жүзге жетті.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ арасында оқу-ағарту 
жұмысы екі түрлі бағытта жүргізілді: бірі – мұсылманша, 
екіншісі – орысша. Діни-мұсылманша оқу қазақ елінде 
11


бұрыннан, тіпті, Қазақстан Россияға қосылмай тұрған кезден-
ақ бар болатын. Ол кезде қазақтар бір не бірнеше ауыл болып 
бірігіп, ортадан молда жалдайтын да, балаларды сонда 
оқытатын. Екі дәуір аралығынан, яғни ХІХ ғасырдың ақыры 
мен ХХ ғасырдың басынан бастап жаңа, төте оқу – ұсули 
жәдит оқуы шығуына байланысты, қазақ арасында ескіше оқу 
Бұқара, Қазан жанындағы мұсылманша оқудың үлгісі 
бойынша жүргізілді.
Осы кезде Қазақстанда баспасөз ісі де қолға алынып, 
жандана бастады. ХІХ ғасырда қазақ тілінде тек бір ғана газет 
(«Дала уалаятының газеті») шығып тұрған болса, ХХ ғасырдың 
алғашқы жылдарында қазақ тілінде алты газет-журнал 
шықты. Сондай-ақ, қазақ тілінде ХІХ ғасырда небары 100 
шақты кітап басылса, ХХ ғасырдың басында (1900–1917 
жылдары) 300-ге жуық кітап басылды. Бірақ бұл дерек нақты 
емес. Өйткені бұған кейін ақталып жатқан «ақтаңдақтар» 
аталған көптеген арыстарымыздың еңбектері енбеген еді. Сол 
кітаптардың жартысына жуығы қазақтың сол кездегі ақын-
жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол заман тақырыбы-
на арнап жазған төл шығармалары: өлең жинақтары, дастан-
поэмалар, әңгіме, романдар еді [3].
Міне, қазақ қоғамы үшін осындай үлкенді-кішілі оқиғалар 
мен өзгерістерге толы кезеңде дүниеге келген халқымыздың 
біртуар ұлдарының бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
Көшпелі сахара қазақтары көрген теңсіздік, әділетсіздік, 
зорлық-зомбылық Мәшһүр Жүсіп туындыларынан айрықша 
орын алды. Оның шығармаларынан қазақ халқының өткен 
кезеңдегі өмірін, арманын, күйініш-сүйінішін, қайғы-қасіретін 
көреміз. Ол халықтың ғылым-білімнен шет қалмауын, өнерлі 
болуын, алдыңғы қатарлы ел болуын тіледі. Патша саясатының 
қара халық басына азап төндірген ауыртпалықты жақтарын 
әшкерелейді.
Талай жердің дәмін татып, озық елдердің үлгілі 
жетістіктеріне қаныққан, әрі қазақтың тұрмыс-тіршілігінен 
аса хабардар Мәшһүр өз елінің мәдениетті де, өркениетті ел 
болуын армандады. Және осы жолда белді бекем буып, «дос 
жылата айтады, дұшпан күлдіре айтады» деген бұрынғының 
сөзі бар»,- дей отырып, батыл да бекем ойларға барады.
Замана сипатын мейлінше шынайы таныту кез-келген 
ақын-жазушының үлесіне тие бермейді. Ал, М.Ж. Көпеев ірі 
қалам иесі ретінде өз қабілет-қарымына қарай дәуір 
тынысына үн қата білді. Қоғамдағы нақты жағдайлар мен 
өзгерістерді көзімен көріп, жүрегімен сезінген ақын ғасыр 
12


басындағы дүрбелеңі мол кезеңде туған халқының көкейтесті 
мұң-мұқтажын жыр етті [4].
Өзі өмір сүрген дәуірдің шынайы сыр-сипатын суреттей 
білген жазушылардың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. 1907 
жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспаханасынан оның 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп 
жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деген үш кітабы 
жарық көрді. Бұл шығармаларында ол өзінің саяси-әлеуметтік 
көзқарастарын білдіреді.
Жалпы, 1906–1907 жылдары – М.Ж. Көпеев шығармашы-
лығының идеялық жағынан тереңдей түскен дәуірі. Бұл 
жылдары жазған шығармалары тегісінен қазақ халқының 
бостандық, саяси-экономикалық праволарымен байланысты 
болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дәуітов С. Алғы сөз // М.Ж.Көпеев. Таңдамалы. І-том. – А., 
1990. – 271 б.
2. Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен. – А.: Қазақстан, 
1985. – 172-б.
3. Әбіқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – А., 1971. – 
18–19-б.
4. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А.: Жазу-
шы, 1964. – 230-б.
3. Мәшһүр Жүсіптің ғұмырының соңғы кезеңі
Мәшһүр Жүсіп өмірінің соңғы жылдарында, дәлірек 
айтқанда, Кеңес өкіметінің тұсында өзінің жазған 
шығармалары мен ел аузынан жинап-терген ауыз әдебиеті 
үлгілерін қағазға түсірумен шұғылданады. Ақын 1931 жылы 
өзінің ауылында дүниеден қайтады. Айта кететін бір жай – ол 
қайтыс боларынан бір жыл бұрын өкімет саясатына қарсы 
оғаштау бір мінез көрсетеді. Күні бұрын бейітін тұрғызып, 
жаназасын шығарып, өзінің көзі тірісінде өзіне ас бергізеді. 
«Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке 
шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын», – деген сөзі дәл келеді. 
Осы бір жайлар ел арасында әңгіме аңыз боп тарап, ауыл 
адамдары өлгеннен кейінгі жерде Мәшһүр Жүсіпті әулие 
тұтып, басына келіп тауап өтуді, түнеуді шығарады. Ал, саяси 
идеология үстемдік құрған кезеңде бұл жағдай көпе-көрнеу 
13


ақынға пәле болып жабысты. Оның әдеби мұрасын тексеріп, 
дұрыс тануға көпке дейін залалын тигізіп келді [1].
М.Ж.Көпеев – ұзақ жасап, талай тарихи кезеңдерді 
басынан кешірген ақын. Мәшһүр Жүсіптің ұзақ өміріндей 
творчестволық жолының да талай-талай кезеңдері, бел-
белестері болған. Бұл ақынды өзінің қатарлас, иықтас 
әріптестерінен оқшауластыратын ерекшеліктер.
1929 жылы Ескелдідегі қыстауын бастап, 1930 жылы 
аяқтап, бір қыстайды. Осы жылдың жазында зират үйін де 
салдыруды қолға алады.
«Әуелі «Жатар орнын» дайындатады. Үлкен келіні Ақ 
Зейнептің Дұсжан деген інісіне қаздырып, өзі үнемі басында 
отырады екен. Енін, көлденеңін, биіктігін екі жарым кез етіп 
алдырады да, ол біткен соң көңілі әлдебірденеңеге 
дауаламағандай балдызына тағы да біраз тереңдету керектігін 
айтады. Күндегі әдетінше ертеңгілік тағы да басына келіп 
отырады да, дұға етеді. Бұл кез Дұсжан бірыңғай қиыршық 
тас жер үйіндісінің астынан тұтасқан бір ақ күлгін түсті 
тастың белгі бере бастағанын байқайды. Сөйтеді де:
– Моллеке, мына жердің тасының түсі өзгере бастады, әрі 
тұтас жатқанға ұқсайды, енді не істейін, бөлектеп уақтайын 
ба, – деп жоғары қарайды.
– Жоқ, Дұсжан. Менің де күткенім сол болса керек. 
сындырмай тұтас ал да жоғарыға шығар, – деп тағы да дұға 
оқиды. Биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-
30 сантиметр бұл тасты аты-жөнін жазып, басына белгі етіп 
қойғызған екен тірісінде. Ол тастың қалдығы әлі сақтаулы. Ал 
Мәшекең зират-үйін екі бөлмелі етіп салдырған да, төргі 
бөлмесіне өзін ашық қоюды өтінеді. Ауызғы бөлмеге ыдыс-аяқ, 
кітап-құрандарын, ер-сайман, кілем, үккіш т.б. пайдаланған 
заттарын түгел қойғызады. Насыбай шақшасына әрдайым 
дайын насыбайды толтырып кетіп отыруды өсиет етеді.
– Қысы бар, жазы бар, әрі-бері өткен жолаушылар келіп 
түнеп қалса, барлық мүлкімді пайдалансын. Бірақ жуып-
тазалап қайыра орын-орындарына қойып кететін болсын. 
Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын, – 
деп тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің:
– Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін денем 
бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етем. Тек жаздың 
ыстық айлары ақіретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі 
жоқ. Сонда көздерің жететін болады, – деп, үлкен баласы 
Шәрәпиденге шырақшылықты өсиет етеді» [2, 21].
14


Иә, Мәшһүр 1931 жылдың күз айының аяқ кезінде дүние 
салды. Одан бұрын тірісінде өзіне-өзі бата жасатып, дұға 
өткізген екен.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. – Павлодар, 
1999. – 93 б.
2. Көпеев С.Ш. Мәшһүр Жүсіп өмірі (аңыз бен ақиқат). – Пав-
лодар, 2000. – 19 б.
2-дәріс тақырыбы
ФОЛЬКЛОРШЫ, АҚЫН ӘРІ ТАРИХШЫ ЖАЗБАГЕР 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЖАРИЯЛАНУЫ
Мақсаты: М.Ж.Көпейұлы туралы уақыт талабына орай 
жазылған не айтылған ой-пікірлерді саралай отырып, ол 
еңбектерді бүгінгі күн тұрғысынан талдап, таразылау.
Міндеттері:
– кеңес өкіметі тұсында жазылған, идеология қыспағында 
кейде оң, кейде теріс айтылған пікірлерге шолу жасау;
– жариялылық, қайта құру заманынан бері қарай Мәшһүр 
Жүсіп мұрасы жайында жүргізілген тың, соны зерттеу 
жұмыстарын толық қамту;
– 1907 жылдан бері жарияланып келген, әлі де жарық 
көретін әдеби-фольклорлық, тарихи жазбаларының 
жариялануы туралы мәліметтер беру.
Жоспар:
1. М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, 
Қ. Бейсенбиев, Ә. Қоңыратбаев, И. Жарылғапов, Ы. Дүйсен-
биев және т.б. ақын, фольклоршы әрі ағартушы ретінде 
бағалап, бірде қаралып, бірде жаңалап жазған оң, теріс 
пікірлері
2. Д. Әбілов, С. Дәуітов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп, С. Сүтжанов, 
Н. Жүсіпов, Г. Жүсіпова, Е. Жүсіпов, т.б. ғылыми еңбектерін 
саралап, салмақтау.
3. Төңкеріске дейін жарық көрген кітаптарынан бастап 
бүгінгі күнге дейінгі том-том болып шыққан және шығуы 
жоспарлап шығармалар жинағы жайында.
15


Дәріс мазмұны:
1. М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, 
Қ. Бейсенбиев, Ә. Қоңыратбаев, И. Жарылғапов 
және т.б. ақын, фольклоршы әрі ағартушы ретінде бағалап, 
бірде қаралып, бірде жаңалап жазған оң, теріс пікірлері
Ұлылар мұрасын игере білу ең алдымен кешегі тағдыр – 
тарихымызды терең тану үшін сол арқылы бүгініміздің мәнін 
жете парықтауымыз үшін керек. «Кешегіміз түгенделмей, 
бүгініміз бүтінделмейді», – дейді алаштың ардақты азаматы 
Қошке Кемеңгеров.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ 
халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше 
бір кезең екені белгілі. Сондықтан да осы кезеңнің әрбір қалам 
иесінің шығармашылығын нақты әрі жан-жақты зерттеу 
бүгінгі таңда толғақты да маңызды. Өйтпейінше, сол дәуірдің 
шын суретін көзге елестету еш мүмкін емес.
Қазан
төңкерісіне
дейінгі
әдеби
процесте 
М.Ж.Көпейұлының да атқарған ролі айрықша. Ол – қазақтың 
сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың 
бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші-сыншы ғалымдары-
мыздың көпшілігі оны осы кезеңнің белді де белгілі өкілдерінің 
бірі деп танылды. Ақын, ағартушы, тарихшы, халық ауыз 
әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде ол туралы М. Әуезов, 
Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Қ. Бисенбиев, 
Ә. Қоңыратбаев, И. Жарылғапов, Ы. Дүйсенбаев, М. Бөжеев, 
Д. Әбілов және т.б. әр ой-пікірлер білдіріп отырған.
М.Ж. Көпейұлы туралы уақыттың талғам-талабына қарай 
әр кезде әр түрлі пікірлердің болғаны рас. Алайда оның кестелі 
өлеңдері мен келісті ойларын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін 
жинаудағы еңбегін ешкім жоққа шығарған емес.
Қолда бар деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп туралы 
алған мақала («Қазақ әдебиеті», №2, 5 қаңтар, 1940 ж.) жазып, 
өзінің әділ пікірін айтқан адам – академик Әлкей Марғұлан [1]. 
Оның Мәшһүр өмірбаяны мен творчествосы жетік білуі сол 
өлкеде туып-өскендіктен де болса керек. Жастайынан оның 
өлеңдерін жаттап, атағына тәнті болған ғалым өзінің аталмыш 
еңбегінде ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, шығармашы-
лығы туралы мол мағлұмат береді. Сонымен бірге, Көпейұлы 
діни ортада тәрбиеленгендіктен «діншіл молдалардың әсерінен 
жуық арада шыға алмады» деп, ақын шығармаларында діни 
сарыннның орын алу себебінің сырын да ашып айтады.
16


Бір айтарымыз, зерттеушінің Мәшһүр Жүсіп араб, парсы 
халқының тарихын, философиясын жақсы білген, химия, 
физика, геология, астрономия ғылымдарынан хабары болған 
деуі шындыққа әбден жанасады. Себебі, ол қалдырған көп 
мұраның ішінде әр алуан ғылым саласынан мағлұмат берерлік 
ой-тұжырымдардың жиі кездесетіні бұған толық дәлел.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығына 
ықыласпен ден қойған және орынды сын-пікір жазған әдебиет 
тарихының білгір маманы, ғалым – Бейсенбай Кенжебаев [2]. 
Ол өзінің «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ 
жазушылары» атты еңбегінде Мәшһүр Жүсіпті демократтық-
ағартушылық бағыттағы ақындардың бірі ретінде қарап, 
негізінен оның Қазанда жарық көрген (1907) үш кітабына 
жеке-жеке тоқталып, сөз етеді. Ғалым аталмыш ақынның 
шығармаларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтергенін, 
халықты оянуға, өнерге, мәдениетті іргелі ел болуға шақыруын 
жоғары бағалады. Сонымен қатар, жинақтарға енген көлемді 
шығармаларға тоқталып, мысал келтіре отырып, оз ой-
толғамдарын ортаға салады. Мәселен, Мәшһүр Жүсіптің «қазақ 
жұртының осы күнгі әңгімесі» деген ұзақ өлеңін талдай келіп, 
«Бұл жинағында Мәшһүр Жүсіп негізінен демократтық-
ағартушылық жолда бола тұрып, біраз қателесті де»,- деп, 
бүгінгі күнге дейін дұрыс саналып келген идеологияны 
жақтайды. Әрине, білімдар сыншының бұл пікірін қаралауға 
еш негіз жоқ. Өйткені, Кеңес өкіметі орнағанннан бері қарай 
дінге деген теріс көзқарас қалыптасқаны мәлім. Проф. 
Б. Кенжебаевқа мұндай пікір айтқызып отырған сол 
сыңаржақ көзқарастың әсері.
Әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда 1959 
жылы өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның маңызы 
айрықша болды. Бұл конференцияда қазақ әдебиетінің келелі 
мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар 
айтылды. Ол ұсыныстар әдебиет тарихын тануға әрі жалпы 
қазақ әдебиеттануына кедергі болып келе жатқан 
проблемалардың бетін ашып алуға ықпал етті.
М.Ж. Көпейұлының әдеби мұрасы жайында баяндама 
жасаған І.Жарылғапов болсын, не басқа баяндамашылар 
(Е. Ысмайлов, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Кәрібаев, Б. Кенжебаев) 
болсын, бері дерлік оның творчествосының құндылығын, 
әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін аса зор 
бағалады. Әрине, шығармаларының идеялық қайшылығы бар 
деп саналған М.Ж. Көпейұлының әдеби мұрасы талас 
тудырмай қойған жоқ. Ол туралы қилы кереғар пікірлер 
17


айтылғанмен, сайып келгенде, барлық ой-тұжырымдар бір 
арнаға тоғысқандай болды.
Конференцияда қорытынды сөз сөйлеген М.Әуезов 
баяндамаларды қорытындылай келіп, әдеби мұра және оның 
зерттелуі жайында толғақты мәселелер төңірегінде өз ой-
толғамдарын ортаға салды. Әдебиет тарихының бірнеше 
күрделі де күдікті мәселелерін шешуге Мұқаңның сөзі шешуші 
әсер етті. Мәселен, өзгесін айтпай-ақ, өзіміз сөз етіп отырған 
Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы туралы топшылауларын 
алайық. Әр нәрсеге тереңнен толғанып, ой жүздіріп алып қана 
байыбына баратын ғұлама М.Ж. Көпейұлы туралы баяндама 
жасаған, жарыссөзге шыққан сыншыларға сын-ескертпелерін 
айта келіп, былай дейді: «Мәшһүрдің ұзақ өміріндей 
шығармашылық жолының да талай-талай кездері болған. 
Соны ескерту қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде 
халықтық сарынға жақындаған. 1905 жылғы патша 
манифесінен үміт етіп сөйлеген кезі де бар. Бұл тарихтық 
заңды жайлар. Мұндай кездерін мінеудің қажеті жоқ» [3]. 
Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов Мәшһүр қолжазбаларының 
құндылығын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегін 
ерекше атап өтеді.
Шынында бұл конференция ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасыр басындағы әдебиеттің бірсыпыра өкілдерінің 
творчествосын танып білуге аз да болса жол ашты. Солардың 
бірі – М.Ж. Көпейұлы еді. Ол тірісінде репрессияға ұшырамаса 
да, оның әдеби мұрасына көп тосқауыл қойылды. Бұған 
әсіресе «Социалистік Қазақстан» газетіне 1952–1953 жылдары 
жарық көрген қос мақала мен осы мақалаларға орай шыққан 
партия қаулысы күшті әсер етті. Мәшһүрге «діндар», «ұлтшыл», 
«панисламист» деген атақ тағылды. Міне, сондықтан да бұл 
мәслихат Ж.Көпейұлын толық ақтамаса да, оның 
шығармаларының жарыққа шығып, зерттелуіне бірден-бір 
себепші болды.
М.Ж. Көпейұлы туралы кереғар пікірде болғандардың 
бірі – белгілі тарихшы ғалым Қ. Бейсенбиев. Ол өзінің «ХІХ 
ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ой-пікірлер» 
мен «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы 
Қазақстандағы саяси-идеялық ағым» деп аталатын 
кітаптарында Мәшһүр Жүсіп шығармаларына тоқталып, 
туындыларында діни уағыз бен ұлтшылдық сарын басым 
екендігін айтады. Автор ақын творчествосында діни 
дүниетаным айрықша рөл атқаратындығын дәлелдей келіп, 
оны қоғамдық ой-сана, діни-мистикалық ағымның беделді 
18


өкілі деп таныды. Автор М.Ж. Көпейұлы шығармаларының 
прогрессивтік-демократиялық бағыттарын да ашып көрсет-
кен [4].
М.Ғабдуллин, Қ.Бейсенбиев секілді ғалымдардың былайша 
ой қорытуы сол кездегі теріс идеологияның әсері екені даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. – 1940. – №2. – 5 қаңтар.
2. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы 
демократ жазушылары. – А.: ҚКБ, 1958. – 308-б.
3. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – А., 1959, ҚМКӨБ, 556-б.
4. Бейсенбиев Қ. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси 
философиялық көзқарастары туралы. – А., 1958.
5. Қоңыратбаев Ә. М.Ж. Көпеев лирикасы. // Қазақ әдебиеті. – 
1959. – 19 маусым. – 3 б.
6. Мұқанов С.Абайдың шәкірттері туралы. // Абай. – 1992. – 
№4. – 57-70 б.
2. Ы. Дүйсенбаев, Ә. Жиреншин, Д. Әбілов, С. Дәуітов, 
З. Сейітжанов т.б. ғылыми еңбектерін саралап, салмақтау
Ы. Дүйсенбаев халық жыраулары мен классик 
ақындарының өмірі мен творчествосын арқау еткен еңбегінің 
жиынтығы – «Ғасырлар сыры» (Алматы: Жазушы, 1970) 
кітабында әдеби мұрасы жөнді ескерілмей келе жатқан 
ақындарымыз – М.Ж. Көпейұлы мен Ғ. Қарашұлына аз-кем 
тоқталып өтеді. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті 
нұсқаларын жинаудағы еңбегін жоғары бағалай келіп, төл 
туындыларындағы кейбір қайшылықтарды атап көрсеткен. 
Біріншіден, Мәшһүрдің дінді мойындауын, Құдайды бар және 
бір деп тануы, – дейді. Екіншіден, – дейді автор, – ақын патша 
өкіметінің отар елдерге жүргізген езу-қанау саясатына 
қарсылық білдірсе де, ол ақ патшаға сенім білдіріп, одан 
мейірімділік, қамқорлық күтеді, әлсіздік пен жәбір-жапаны 
көрсетушілер патша әкімдері мен болыс-ауылнайлар деп 
ұғынады» [1,192 б.].
Сонымен, ғалым Көпейұлы шығармаларына ортақ басты 
кемшіліктерді атай келіп, жазушының халық мұңын мұңдап, 
өткір де улы тілімен сын айта білгенін, өкімет өкілдерінің 
жауыздығын, арам ниетін, батыл әшкерелегенін ерекше 
көрсетуге ниеттенген.
Ә.Жиреншин «Қазақ кітаптары тарихынан» (Алматы, 1971) 
атты зерттеу кітабында Көпейұлының шығармашылық өмір 
19


жолын қысқаша баяндай келіп, кітаптарына тоқталады. 
Ғалым әр жинақтың туындыларына ортақ өз ой-тұжырым-
дарын ортаға салады. Ол Мәшһүр Жүсіпті өнер-білімге жетілу, 
оқып-тоқу арқылы жетуге болады деген пікірдегі, яғни таза 
демократтық бағыттағы ағартушы, бұқарашыл ақын деп 
таниды. Шынында да М.Ж. Көпейұлы халқына саяси-
әлеуметтік бостандықты талап еткен ХХ ғасыр басындағы 
алғашқы қайраткерлер қатарына жатады. Сондықтан да оны 
патша өкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын зиянды деп 
тапқан [2,3 б.].
Ә.Жиреншиннің Көпейұлы творчествосына қатысты 
жаңалығы мынада, ол патша цензурасы Көпейұлының 
кітаптарын бастырған Хусаиновтар баспаханасына айып 
салып, өкімет орындарының авторы саяси қудалауға алуын 
архив деректерімен растайды.
«Жалын» журналының 1974 жылғы №3 санында «Мәшһүр 
Жүсіп мұралары хақында» атты көлемді мақала жарияланды. 
Жазбагері филология ғылымдарының докторы – Мұратхан 
Бөжеев. Ғалым айтқандай, «Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Ғылым Академиясының архивындағы мағлұматтарға» сүйене 
отырып, М.Ж.Көпейұлының өмірбаянынан көптеген бағалы 
деректер берген. Мақала авторы – Мәшһүр Жүсіптің қазақ 
фольклоры нұсқаларын жинау ісімен көп шұғылданып, 
«Желкілдек», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Алтын бас, күміс аяқ», 
«Сайын батыр», «Қырғыз барған батыр» сияқты нұсқауларымен 
қатар Бұқар жырау, Шөже, Шортанбай, Орынбай т.б. көптеген 
ақындар сөздерін кездестіретіндігімізді тілге тиек ете келіп 
былай дейді: «Мәшһүрдің ескі сөздерінің қалпын бұзбай дұрыс 
жазып алуды борыш санағандығы сондай, жыр нұсқалары 
табиғи көне түрін мол сақтағандығымен көзге түседі. Мұның 
бір себебі – ол дастандарда, халықтың жайын, түрлі 
аңыздарын жетік білетін көне құлақ даналар, жыраулар 
сарқыны мол кезде жинап үлгерген. Бұл салада қалдырған 
мұрасының әдебиет ғылымы үшін қаншалықты құнды екені 
өзінен-өзі түсінікті болса керек» [3,112 б.].
Ғалым «Хал-ахуал» кітабына енген «Ғибратнамасы» мен 
«Шайтанның саудасы» атты шығармаларына талдау жасап, 
ақынның ұшқыр ойын дөп басып айтады. М.Бөжеев өз 
мақаласын Көпейұлынан қалған «ұланғайыр мол дүниеге 
бүгінгі таңда әлі де болса терең зерттеп, жан-жақты әрі әділ 
бағасын беруіміз керек»,-деп түйеді.
М.Ж. Көпейұлының туғанына 125 жыл толуына орай 
«Қазақ әдебиеті» газетінде (26 тамыз, 1983 жыл) белгілі ақын 
20


Д. Әбіловтің «Шежіре болған серігі» және филология 
ғылымдарының кандидаты С.Дәуітовтің «Халықтың маржан 
сөзін қадірлеген» атты мақалалары жарық көрді.
Д. Әбілов мақаласын «М.Ж. Көпейұлы діни нанымға, 
ескілікке қарсы шыққан белгілі ағартушылардың бірі» деп 
бастайды. Әрине, бұл саяси тұжырымның Мәшһүр Жүсіпті 
ақтап, шығармашылығына шын жанашырлықтан туған ниет 
екені анық. Алайда, Мәшһүрдің діни оқу арқылы өмірге көзін 
ашып, бүкіл дүниетанымында діни уағыздық айқын 
сезілетінін жоққа шығаруға болмайды [4].
Ал, С. Дәуітов мақаласында Мәшһүр Жүсіптің ел аузынан 
жинаған әдебиет үлгілері, соның ішінде «Үлгілі сөз», «Бата», 
Жар-жар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Шешендік сөз» туралы айтқан 
нұсқаларынан мысалдар келтіріп, өзіндік талдау жасаған. 
С.Дәуітов кейінгі жылдары М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасын 
мерзімді баспасөз беттерінде жариялап, оқушы қауымға ол 
туралы көп мағлұмат беріп жүрген ғалымдардың бірі. Мұның 
жарқын айғағы ретінде оның Мәшһүр Жүсіптің екі томдық 
таңдамалы жинағын құрастырып, оған көлемді алғы сөз 
жазғанын атап өтуге болады [5].
М.Ж. Көпейұлы қолжазбаларымен таныс әрі мағлұматы 
мол ғалымдарымыздың бірі – филология ғылымдарының 
кандидаты Зұфар Сейітжанов. Оған оның 1990 жылы Қазақ 
ССР ҒА Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болған 
«Қазақ фольклористиканың тарихы» атты коллективтік 
жинаққа енген «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» деген еңбегі күә. 
Зұфар да ақынның шығармашылық өміржолына 
тоқтағанымен, оның халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін 
зерттеудің негізгі нысаны етіп алған. Фольклоршының ауыз 
әдебиетіне сіңірген еңбегін жоғары бағалай отырып, бұл 
саладағы артықшылығын да дөп басып, тани білген. Мысалы, 
Мәшһүр Жүсіптің фольклор үлгілерін жазып алғанда ескі 
сөздердің қалпын бұзбай жазып алуының маңызы зор екенін 
тілге тиек еткен. Ғалым Мәшһүрдің ауыз әдебиеті үлгілерін 
өзінше топтастырып, жіктеуін құптай келіп, бұл әдіс-
тәсілдеріне нақты мысалдар арқылы көз жеткізеді. Сонымен 
қатар, Көпейұлының өзі жинаған фольклор үлгілеріне 
этнографиялық түсініктер жасауын фольклоршыға тән қасиет 
деп тануы дәлелді [6].
Ғалым Мәшһүр Жүсіптің көбірек жинаған әдебиет 
нұсқалары, атап айтқанда, мақал-мәтелдер мен бата, 
шешендік сөздер, тарихи аңыздар дей келіп, фольклоршының 
қыр-сырын жан-жақты зерттеген.
21


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры (қазақ әдебиеті тарихынан 
очерктер). – А.: Жазушы, 1970. – 192-б.
2. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – А., 1971. – 3-б.
3. Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. – А.: Жазушы, 
1971. – 112-б.
4. Әбілов Д. Шежіре болған серігі // Қазақ әдебиеті, 1983. 26 
тамыз
5. Дәуітов С. М.Ж. Көпеев // Көпеев М.Ж. Таңдамалы. 2-том-
дық. – А., 1990, 1992. – 272, 224-бб.
6. Сейітжанов З. Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Қазақ фольклорис-
тикасының тарихы. – А.: Ғылым, 1988. – 353-388-бб.
3. Төңкеріске дейін жарық көрген кітаптарынан бастап 
бүгінгі күнге дейінгі том-том болып шыққан және шығуы 
жоспарлап шығармалар жинағы жайында
Біз жоғарыда М.Ж. Көпейұлы және оның әдеби мұрасы 
туралы жазылған бірқатар сыни еңбектерге тоқталып, шама-
шарқымызша өз ой-толғамдарымызды ортаға салдық. 
Сондағы түйгеніміз – Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы туралы 
әр кезде жазылып, жарық көрген көптеген мақалалар мен 
монография тараулары және арнайы еңбектер қазақ 
әдебиеттану саласында бұл біршама зерттелгенін растайды.
1959 жылдан жоғары оқу орындарында оқытылып, ақын 
творчествосы жөнінде жылы лебіздер баспасөз бетінде жиі 
жарияланып айтылып келсе де, Мәшһүр Жүсіп шығармала-
рының кітап болып шығу ісінің кешеуілдеуіне де 1952–1953 
жылдардағы қате көзқарастардың салқыны тиіп келгені 
сөзсіз. Тіпті күні кешегідейін бірыңғай тапсыздық саясат 
әсерінен туып келген сыңаржақ тұжырымдардың М.Ж. Көпей-
ұлы шығармашылығын танып білуде де өзіндік әсері болды. 
Олардың кейбірі жете білмегеннен жазылса, енді бірі біле тура 
жалтарып шындықты бүркемелеуге, бұрмалауға мәжбүр 
болғаннан жазылған. Сөйтіп арада 40 жылдан аса уақыт 
өткеннен кейін басқа да ақын-жазушылар қатарлы 
Ж. Көпейұлына берілген сыңаржақ, теріс бағаның күшін 
жойғаны жариялылықтың арқасы деп білеміз. Осының дәлелі 
соңғы кездері әдебиетіміздің ақтаңдақ беттерінің бірі ретінде 
Мәшһүртану ісі қолға алынып, арнайы ғылыми еңбектер 
жазыла бастады.
22


Бұл істің бастамасы деп осы еңбек авторының 1994 жылы 
«М.Ж. Көпейұлының әдеби мұрасы» атты кандидаттық 
диссертациясы мен сол жылы жарық көрген 
«М.Ж. Көпейұлының шығармашылық өмірбаяны» деген 
методикалық нұсқауын айтуға болады [1].
Ақынның туған немерелері – филология ғылымдарының 
докторы, профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің [2] тың 
зерттеу еңбектері мен Сүйіндік Көпеевтің ғұмырнамалық соны 
деректері де баспасөз беттерінде жарық көрді. 1998 жылы екі 
көлемді ғылыми зерттеу жұмысы Гүлназ Жүсіпованың [3] 
«Мәшһүр-Жүсіп дастандары» мен Нартай Жүсіповтың 
«М.Ж. Көпейұлының фольклорлық еңбегі» [4] атты кандидат-
тық диссертациялары қорғалды. Сондай-ақ, Е. Жүсіповтің 
қорғау тақырыбы бойынша «Мәшһүр-Жүсіп және Шығыс 
руханияты» атты монографиясы өткен жылы Алаш 
баспасынан жарық көрді [5].
Мәшһүр Жүсіп мұрасынынң іріктеліп, екі томдық кітап 
болып шығуы да жаңа заман желінің лебі. Оның ел ауызынан 
жинаған «Ер Едіге», «Ерсайын» жырларының «Қазақтың 
батырлық жыры» кітабына енуі, төл туындыларының мерзімді 
баспасөзде жарық көруі – игілікті істің бастамасы ғана. 
Алдағы уақытта М.Ж. Көпейұлының қыруар мол мұрасы 
жарияланып, тарихи, этнографиялық тұрғыда байыпталынуы, 
әдеби ғылыми аспектіде әрі теориялық, әрі тарихи-көркемдік 
електен өткізілуі, сөйтіп сарапталынып барып, әдебиетіміздің 
тарихынан өзінің лайықты орнын алуы тиіс.
Қысқасы, бүгінде көк байрақ туымызды желбіретіп, 
тәуелсіз ел атанып, қайта құрылып жатқан күндері өзіміз 
орындауға ұмтылып отырған идеяларды ол сонау жылдары 
ұсынған болатын. М.Ж. Көпеев мұрасының көп кедергіге кез 
болып, осы күнге дейін түбегейлі зерттелмеу себебі де осында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 
2001. – 104 б.
2. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және 
бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.
3. Жүсіпова Г. Мәшһүр-Жүсіп дастандары. – Павлодар: НПФ 
«ЭКО», 1999. – 164 б.
4. Жүсіпов Н. М.Ж. Көпейұлының фольклорлық еңбегі. – Павло-
дар: НПФ «ЭКО», 1999. – 126 б.
5. Жүсіпов Е. Мәшһүр Жүсіп және Шығыс руханияты. – 
Алматы: Алаш, 2005. – 184 б.
23


3-дәріс тақырыбы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ 
ЖАҒДАЙ КӨРІНІСІ
Мақсаты: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ қоғамында белең алған теңсіздік, 
әділетсіздік, тағысын тағылар мен елдің ескілік, мешеулік 
халде қалуы – бәрі де көрнекті де көреген ақынның төл 
шығармаларында орын алуын байыптап, бағалау.
Міндеттері:
– ақынның Қазан қаласында 1907 жылы жарық көрген 
кітаптарына талдау жасау;
– жазбагердің «Дала уалаяты» газетінде жарияланған 
мақалаларын сол кезеңнің сипаты негізінде саралау;
– халықты өнер-білімге үйренуге үгіттеген ағартушылық 
сарындағы өлеңдерін зерделеп қарастыру
Жоспар:
1. «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тіршілікте 
көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптарына енген 
шығармалары
2. Баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларының 
тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы
3. Халықты өнер мен ғылым үйренуге, оқып, білім алуға 
шақырған не көлемді туындылары
Дәріс мазмұны:
1. «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», 
«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 
кітаптарына енген шығармалары
Жазбагер «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты еңбегінде 
қазақтың жер-суынан айрылып, патшаның отаршылық 
талауына түскенін жазады. Алдымен қазақтың кең жер, ата-
қонысы жайында, бұдан арғы 500–600 жылғы қазақ 
тарихынан әңгіме қозғайды. Сарыарқа – қазақтың Ноғайлы 
заманынан бері қарай мекендеп, туып-өсіп келе жатқан жері. 
Арқадағы жер аттарының аталу тарихын «Қозы-Көрпеш – 
Баян сұлу» жырымен байланыстырады. Бұл жер – Қытайдың, 
Жоңғар қалмақтарының Орта Азия хандығының шабуылынан 
24


сан рет қорғап алып қалған, осы жер үшін қазақ халқы, оның 
талай ерлері, талай батырлары қанын төгіп еді дейді: «Бұл 
қазақ иесіз жатқан жерге текке ие болған жоқ. «Ақ найзаның 
ұшымен, ақ білектің күшімен» кеше Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы 
Жәнібек замандарында жаннан көшіп, сусын орнына қызыл 
қан ішіп, «жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, 
қара қанға басылып», шыбын жанын нысанаға байлап, не 
маңғаз жау қолында оққа ұшып, өліп, сөйтіп алған жері еді.
Ата-бабамыз не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына 
жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам 
емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті 
бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа 
болып еді» [1].
Сөйтіп, ата-бабамыз қан төгіп алған Сарыарқа таланып 
жатыр, патша оны тартып алып, переселендерге беріп жатыр 
деп, Мәшһүр Жүсіп қатты күйінеді. Мұнан кейін ол қазақ 
халқының Ресей патшасының қол астына қарау тарихына 
тоқталады. Қазақстан Ресей патшалығына қараған кездегі 
халықтың Сарыарқа үшін қалай күрескенін айтады. Жазбагер 
ойы патшаның қол астына қарамай, жерді, қонысты аман 
сақтау жөнінде басшылық еткендер Кенесары, Наурызбай еді. 
Олар халықты патшаға бағынба деп үгіттеді» дегенге саяды.
Мәшһүр өзінің шығармаларында: «Кенесары, Наурызбай-
дың бұл сөзін қазақтың сатқынды феодалдары қостамады, 
шоқ билер жұртты ноқталағандай патшаға бағындыруға 
кірісті. Сарыарқаның ең шұрайлы кіндіктері Баянауыл, 
Көкшетау сияқты жерлерге қала салуға ұлықсат берді. Сөйтіп, 
сонан бері Сарыарқа талауға түсті. Міне, осы күні қазақ халқы 
сол кең жерінің оннан біріне ие бола алмай отыр, күн сайын 
кедейленіп бара жатыр. Оның үстіне елді ұлықтар, болыстар, 
ауылнайлар талап, зорлап қырып барады», [2] – деп күйіне 
жазады.
Мәшһүр Жүсіп Қазақстандағы жер мәселесін, қазақ 
халқының қоныстан қысым көру мәселесін кең тарихи 
проблема етіп көрсетеді. Бұл мәселенің халықтың азаттық, 
отан, ел үшін күресімен байланысты, күнбе-күнгі тіршілігімен 
байланысты, саяси ұлттық теңсіздігімен байланысты проблема 
екенін баяндайды. ХІХ ғасырдың (30–40 жылдарында болған) 
Кенесары, Наурызбай бастаған қазақ халқының патшаға 
қарсы көтерілісі өзінің тәуелсіздігі, жері, Отаны үшін күрес 
екенін ашық айтады.
25


Сөйтіп, ол халықтың шұрайлы жерінен, мал өрісінен 
айрылғаны, ел ішінен береке-бірліктің кеткенін, 
чиновниктердің қала салып, егін еккенін ашына айтады. Сол 
кездегі жер, ауылға келгендермен бірге, қазақ тұрмысына көп 
жаңалықтың енгені, атап айтқанда, ел ішінде егін салу, бір 
жерге тұрақталып отыру, газет-журнал шығару, оқу-ағарту 
мен мәдени істердің көпшілігі қауымға бірте-бірте тарай 
бастағанын ашық жазды. Оның бұл пікірінен сол кездегі 
жұрттың тұрмыс жайы, жер атаулары елдің ішкі-сыртқы 
жағдайымен көрінеді. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің 
топономия, этнография туралы дәлелді де дәйекті тұлғалары 
ауыз тұщытарлық. Мәселен, «Сарыарқаның күн шығыс 
жағында ашық намаз оқылатұғын құбылаға төрі тура келген 
тас қорғандар бар. Ол ноғайлының қалақ қалмаған күнде 
намаз оқу үшін тастан жасаған қорғаны екен деп айтысады. 
Сарыарқада жары терең, суы аз өзендер бұл замандағы 
ноғайлардың егін салу үшін қазған арығы екен», – деп ой 
екшеуі шындыққа саяды. Осы сияқты жазушының тағы бір 
қызғылықты дерегі мынандай: «Қалмақ деген жұрт өлген 
кісісін қойдың бір санымен, бір құмыра сумен далаға апарып 
тастайды екен.
Сол басындағы тамақтарын ақ ит келіп жеген болса, 
«Иманды болды, пейішке барады»,- деп біледі екен, қара ит 
келіп жесе, «Имансыз болды, дозаққа барады», – деп біледі 
екен. Жаназасы сол – қалмақ тасқа табынады, кісі басы не бір-
бір тасы болады, сол тастармен бастырып үйіп кетеді екен. 
Сарыарқадағы «Оба» дейтұғын үйілген көп тас қалмақтардың 
өлгеніне шығарған жаназасы екен... Бағызы бір қадірлісіне 
адам суреті сықылдандырып сынтас қояды екен. Қай жерде 
болса да күйген кірпіштен жасалып, жермен жер болып 
кепкен кірпіштер – ноғайлардың моласы, тастан үйілген 
обалар – қалмақтардың обасы ...»
Біз сөзбен айтқанда жазбагердің жер-су аттарына 
байланысты ой-толғамдарының ғылым үшін маңызы зор екені 
анық. Жазбагердің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабына 
енген «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты еңбегі сол кез 
үшін мәні зор елеулі мәселелерді көтеруімен құнды. Олар 
мыналар: қазақ мүддесін қолдау үшін думаға депутат сайлау 
мәселесі; саяси көзқарасына байланысты түрмеге жабуды 
сынау; патша әкімдерінің зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу, 
қысымға қарсы бірігіп күреспей, жоғарыдағыларға бас ұрып 
көне берушілікті, жікке бөлінуді анықтау; ел мұқтажына жан 
26


ауыртпай, қара басының қамын көздейтіндерді сөзбен түйреу, 
әділдік жолына бас тіккен ерлерді үлгі ету, т.б.
1905 жылы енді қазаққа бір кеңшілік болғалы тұр, 
патшаның пейілі кеңіді, қазақ сияқты халыққа рахымы түсіп, 
17 октябрь манифесін шығарады деп ақын үлкен үмітте 
болады. Бізге енді кеңшілік тауар, біздің халімізді патша осы 
уақытқа дейін ұқпай жүр екен-ау деген наныммен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет