Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет13/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Хорезми
«Мұхаббат-наме»
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі - «Мұхаббат наме» дастаны. Оны жазған - ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми - Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған.Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі - 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл - дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек. Алеңді «Мұхаббат-наменің»араб әрпіменжазылған нұсқасы – 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен. Бір қызығы - араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлдеқайда кең әрі толық сақталған болып келеді.
1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан «Мұхаббат-наменің» араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В. В. Бартольд (1924), А. Н. Самойлович (1928) және Ә. Нәжіп арнайы зерттегені мәлім. Бұләдеби жәдігерліктіңұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі орыс ғалымы - А. М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударды.* Ал «Мұхаббат-наменің» екі нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген көрнекті түрколог Әмір Нәжіп болды.**
Сондай-ақ бұл дастан 1954 жылы өзбек тіліне (Т. Жалалов), 1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы қазақ тіліне (А. Қыраубаева) тәржіма жасалды. Алайда бұл аудармалар ғылыми тұрғыдан да, көркемдік жағынан да сын көтермейтіні кезінде мерзімді баспасөз бетінде жазылғаны мәлім. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары (Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев) «Мұхаббат-наменің» араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын дәлелдеп шықты, әрі дастанның түпнұсқаға мейлінше жақын қазақ тіліндегі аудармасын оқырман қауымға ұсынды.*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет