Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Тарих-и Рашиди». «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің



бет15/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
Байланысты:
хандықт

Тарих-и Рашиди». «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым XV-XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, қаламгер солелдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін,
мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құнарлылығы - Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндайды.
«Тарих-и Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің XV-XVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады. Бұл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас болып жатқан күллі түркі халықтарының қоғамдық-әлеуметтік ғұмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан - шығысында Ертіспен, солтүстігінде Балқаш көлімен, батысында - Түркістан және Ташкент шаһарларымен, оңтүстігінде Қашғариямен шектесіп жатқан ұлан-ғайыр мемлекет еді. Сонау XIV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ-Темір мен Ілияс-қожа Мауераннахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билігі әмір Камараддинге көшті. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстан жеріне қайта-қайта шабуыл жасаумен болды. Моғолстанның билеушілері әмір Камараддин дулат, Еңке төре, Қызыр қожа хан және Ақ Орда билеушісі Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шықты.Он бесінші ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылықтары күшейіп, қазақтың көптеген ру-тайпалары Дешті Қыпшақты тастап кетті. Олар Жетісуға қоныс аударған еді. Бұларды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап барып еді. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қаратау маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бұл кезде Жетісуда қазақ хандығын құрды.
Сөйтіп, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы - Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы - Қасым хан, т. б. Т




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет