Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасының зерттелуі



бет37/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
Байланысты:
хандықт

18. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасының зерттелуі.
«Диуани лұғат ат-түріктің» көшірме қолжазбасы ХХғасырдың бас кезінде табылды. Бұл еңбектің автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Махмұт Қашқари кітабы жазылғаннан кейін, араға екі жүз жылдай уақыт салып барып, автордың өз қолжазбасынан көшірілген бір нұсқасы қазір Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Оны көшірген хуснихатшының аты - Әбу Бәкір бин Абдул- фотхат. «Диуани лұғат ат-түрік» 1915-1917 жылдары Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді. Міне, Махмұт Қашқари еңбегін жан-жақты зерттеу, басқа тілдерге аудару ісі осы кезден бастап шындап қолға алынды деуге болады.
Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 жылы Лейпциг қаласында бастырып шығарды. Броккельман бұл еңбекті аудару кезінде шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірді. Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал- мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырды. Көрнекті түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941жылы Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.
Махмұт Қашқаридің бұл еңбегін зерттеуге, оны басқа тілдерге аударуға, оған тілдік және әдебиет тұрғысынан түсініктер жазуға кеңес ғалымдары қыруар үлес қосты. Мәселен, тілші-ғалым С. Муталлибов «Диуани лұғат ат-түрікті» өзбек тіліне аударып, оны 1960-1963 жылдары Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп шығарды. Ал көрнекті кеңес лингвист ғалымдарынан Н. А. Баскаков, А. Н. Кононов, А. К. Боровков, С. Муталлибов, В. Решетов, т. б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Махмұт Қашқари сөздігін қазақ тіліне аударған - А. Егеубай.
19. Ислам дәуірдегі әдебиеттің дидактикалық сипаты.
Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин- ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф. Көпрүлузаде, Н. Банарлы және Г. Грюнебаум еді.
Ал Ахмет Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-XII ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым- түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты - тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар - діншіл деген мағынада, ділмар -тілше деген мағынадағы сөздер».
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-XII ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бұл кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Биру- ни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи, т. б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-XII ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу - ренессанс дәуірі болды».
Бір кездері түркі жұрты Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауераннахр жерінің едәуір бөлігін қамтыған жаңа мемлекет құрды. Түркілер барлық әкімшілік билікті өз қолдарына алды. Түркілердің бұл қауымдастық бірлестігі - алғашқы ханы Әбділкәрім Сатұқ Қараханның (915- 955) есімімен аталып, тарихқа «Қарахан мемлекеті» ( 942-1212 ) деген атпен енген. Сатұқ ханды кезінде Богра хан деп те атай берген. Ал ресми құжаттарда «Қара қаған» («Бас хан») немесе «Тамғаш қаған» («Хандардың ханы») деп жазатын болған.
Алайда Х-XII ғасырларда ұлан-ғайыр Еуразия аймағын түгел қамтыған тарихта бұрын-соңды болып көрмеген жойқын соғыстар, рухани шайқастар жүріп жатты. Бұл шайқас жер үшін де емес, байлық үшін де емес, діни үстемдік жүргізу үшін болып жатқан күрес еді. Көп жылдарға созылған түрлі шайқастар мен айтыс-тартыстардан кейін Сатұқтың баласы Мұса таққа отырған кезден (960 жыл) бастап, Қарахан мемлекетінің ресми діні - ислам деп жарияланды. Жаңадан құрылған Қарахан мемлекеті үшін бұл тарихи кезеңдегі ең басты мәселе - елді басқарудың жаңа дәуір талаптарына сай келетін идеологиясын жасап алу еді, Бұл идеология жаңадан қабылданған ислам дінінің қағида-шарттарына негізделуі тиіс болатын. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқарудың исламға негізделген әлеуметтік-этикалық нормаларын белгілеу қажет болды.
Міне, осы қажеттілікті өтеу үшін Әл-Фарабидің Әлеуметтік-дидактикалық трактаттары», Ибн Синаның «Данышнамесі» («Білім кітабы»), Әл-Бирунидің «Хикметтері» («Даналық сөздері ), Махмүт Қашқаридің «Түркі тілдерінің жинағы», Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары жайындағы атақты «Қутадғу біліг» («Құтты білік») дастаны, Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабы, Ахмет Иассауидің Диуани хикметі» («Ақыл кітабы»), т. б. өмірге келді. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтитын жоғарыда аталған шығармалар үкімет билігін жаңадан қолға алған, түркі тектес жергілікті халықтардан шыққан әкімдер үшін аса маңызды болып табылатын ең басты сауалдарға жауап берді. Бұл сауалдар: мемлекетті басқаратын билеушілер, жергілікті әкімдер ақыл-парасаты, білімі, адамгершілігі жағынан қандай адам болуы керек, сондай-ақ ел билеушілер мен қарапайым халықтың өзара қарым-қатынасы қандай болуы тиіс, ақыл-парасаттың, білімнің, мінез-құлықтың қоғамдағы рөлі қандай деген сияқты сұрақтар еді. Әсіресе этикалық, моральдық мәселелерге қатысты шешілмей тұрған теориялық проблемалар көп болатын. Сол себепті ислам дәуірінде этикалық-моральдық тақырыптағы туындылар .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет