Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Тарихи көркем шежірелердің көркемдік ерекшеліктері



бет35/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97
Байланысты:
хандықт

15. Тарихи көркем шежірелердің көркемдік ерекшеліктері.
Шежіре - халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарихи ғылымның бір тармағы. «Шежіре» сөзі - арабтың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туған. Ежелгі ру, жұрт, ұлыс, тайпалардың, бүкіл бір халықтың шығу тегін, өсіп-өрбуін, даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін шежіре-жылнамалар ұлттық мәдениеті бар елдердің бәрінде де кездеседі.
Тегінде мұндай шығармаларды екі топқа бөліп қараған жөн деп білеміз. 1.Тарихи оқиғаларды жіпке тізгендей етіп, хронологиялық тәртіппен баяндайтын ресми жылнамалар.
2. Тарихта болған жеке қайраткерлердің өмір жолын, яки тұтас бір ру, тайпа немесе халықтардың шығу тегін, өсіп- өрбу, кезеңдерін, т. б. сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсететін көркем шежірелер.
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін танып-білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер ерекше зор рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы білген. Ресми шежіре тарих ғылымының бір тармағы іспеттес деуге болады. Дегенмен, қазақ елі шежірені тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деп таныған. Тіпті алғашында ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи жырға айналдырып жіберетін болған. Соның өзінде, шежіренің негізгі сюжетін, тарихи фактілерін көбінесе дерлік өзгертпей, сол күйінде сақтап қалып отырған.
Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар белгілі бір мағынада өз заманының тарихшы-ғалымы, саяси қайраткері секілді болған. Шежірешілер сан алуан тарихи құжаттарды, өздерінен бұрынырақ жазылған жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып жазып отырған. Оны кітап көшірушілер - хуснихатшылар бірнеше дана етіп көшіріп жазатын болған. Көп томдық қолжазба-кітаптар осылайша өмірге келген.
Қазақ тарихында кезінде кең өріс алған дәстүрлердің бірі шежіре тарқату еді. Қазақ халқының тарихына тікелей немесе жанама қатысы бар шежіре кітаптар, хусни хатшылар тарапынан көшірілген қолжазба шежірелер кезінде оқырман қауымға жақсы мәлім болған. Олар: Рашид ад-диннің «Түрік-монғол шежіресі», Жамал Қаршидің «Оғыз- қыпшақ шежіресі», Рахым Ташкентидің «Ансаб ас-салатин» («Сұлтандар шежіресі»), Бейбарыс пен ибн Халдун жазған «Қыпшақ шежіресі», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресі», Әбілғазының «Түрік шежіресі», Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағы», Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди», Захириддин Бабырдың «Бабыр-наме», Абдулла Ниязовтың «Үш жүздің шежіресі», Өтеу Бөжейұлының «Қазақ жұртының шежіресі» (Н. И. Гродеков жазбасында), Дихан- бай батырдың «Ұлы жүз шежіресі» (Н. А. Аристов жазбаларында), Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі», Нұржан Наушабайұлының «Манзумат қазақиясы», Ғұсманғали Сыдықовтың «Қырғыз-қазақ шадманиясы», тағы басқалар. Бұл шежірелердің көпшілігін қазақ қауымы кезінде тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде қабылдап, ел арасына ауызша да, жазбаша да кең таратып жібергені мәлім.
Шежіре жазушылар тарихи деректерге ғана емес, шығарманың көркем тілмен жазылуына да ерекше мән беріп отырған. Қазақ қауымы тіпті қара сөзбен жазылған шежіре тарихтың өзін бейне бір дастан-жыр секілді ұйып тыңдаған. Мұны шежіре жазушылар мықтап ескеріп келгенін аңғару қиын емес.
Көркемдік ерекшеліктері:

  1. Шежірелер тарихи тақырыптарға байланысты болады. Мысалы: Әбілғазының Түрік шежіресінде – Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлердегі тарихи оқиғалар баяндалады.

  2. Тарихи шежірелерді өлең түрінде халыққа жеткізген.

  3. Шежіре жазушылар метофора, теңеу, метатеза, эпитет, гипербола сияқты көріктеу құралдарын ерекше пайдалана білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет