Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз



бет40/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
хандықт

23. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.
Қорқыт (ҮІІ-ІХ ғ.ғ)-оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. 


24. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының зерттелуі
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн- түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің
аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан- ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. ХІ ғасырда өмір сүрген данышпан. Ж. Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден- бір әдеби туындысы- «Құтты білік» дастаны. Дастанның бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар.

Біріншісі- Вена нұсқасы

Екіншісі - Каир нұсқасы

Үшіншісі - Наманган нұсқасы

оны Герат нұсқасы деп те атайды. Қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал Герат нұсқасы деу себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әріпімен көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл.

Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы
B.В.Радлов Петербург Ғылым
академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде сақтаулы тұр.



Оны 1913 жылы А. Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Қтты білік» дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.
Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды өзбек әрпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.



«Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған академик В. В. Радлов болды. В. В. Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда осы кезде «Құтты біліктің» бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты, В. В. Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп, біліп алу қажет еді. «Құтты білік» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс, А. Валитова, К. Каримов, С. Муталлибов сияқты көрнекті ғалымдардың мол үлес қосқан.
«Құтты білік» туралы елуінші жылдарға дейін біршама зерттеулер жинақталады.1951 жылы С.Е.Маловтың атақты «Көне түркі жазба ескерткіштері» жарық көреді.Мұнда дастан туралы қысқаша зерттеу беріледі, шығарма үзіндісі жарияланады, соңында дастанның зерттелу тарихын танытатын әдебиеттер тізімі көрсетілген. «Құтты білік» дастаны туралы жан-жақты зерттеу нәтижелерімен А.А.Валитова, С.Е.Малов, Р.Р.Арат, Ділашар, С.Бамер, К.Кримов, И.В.Стеблева, И.В.Баролина, Д.М.Насилов, А.Егеубаев еңбектері мен «Советская туркология» журналындағы мақалалардан танысуға болады. Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтың «Құтадғу біліг» және «Абай» атты мақаласы ерекше танылған. 
«Құтты білік» жайын әңгімелегенде, әсіресе ақын әрі ғалым Асқар Егеубаевтың еңбегін ерекше атаған жөн.Бұрынырақта баспасөз беттерінен әртүрлі тақырыптағы үзінділерін оқығаны болмаса, қазақ оқырманы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігімен» қауышып кете алған жоқ еді.Көпшілікке беймәлімдеу бұл дүние А.Егеубаевтың аударуымен 1986 жылы қазақ тілінде кітап болып шығып, қолымызға тиген. 
«Құтты білік» белгілі-белгісіз себептермен қазіргі ұрпаққа кешігіп жетсе де, оның халық арасындағы қадір-қасиеті бұрыннан-ақ жоғары болған, тіпті таң қаларлық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет