Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет33/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
Алып Ер Тоңға (Негізгі бұл ҒҰН ЕМЕС; ШАТАСТЫРЫП АЛМАҢДАР; САҚТАРДЫҢ ҚОЛБАСШЫСЫ. Сұраққа беріп қойғасын жазып кетейін)

Алып Ер Тоңға» - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәйкес өмірге келген қаһармандық жыр. Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік желісін, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді. Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. Алып Ер Тоңға бейнесін Тұран елін сыртқы жаудан қорғаумен, елін ынтымақ-бірлікке шақырумен және туған жерінің даңқн арттыруымен байланыстыра көрсетеді. Сонымен қатар, Алып Ер Тоңға қаза болғанда, оған жоқтау шығарылған. Осы кезде ең қатігез деген батырлардың өзі жылаған. Осының бәрің саралай келе, Алып Ер Тоңға бейнесінің дастанда тек ерлік, батырлық жағынан емес, халқына сыйлы, құрметті адам ретінде көрсетілгенін аңғара аламыз.
13. «Тоныкөк», «Күлтегін» жырларының көркемдік ерекшеліктері
«Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының көркемдік және жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Сол арқылы ғана көк түріктер дәуірінің ғажайып туындылары - «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының өзінен кейінгі кезеңдерде қазақ ауыз әдебиетінде туындаған батырлық жырлардың қалыптасуына қаншалықты терең әсер еткенін пайымдауға болады.
Орхон жәдігерліктерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді.
1. Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға, ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады.
2. Руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т. б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал қазір Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон жәдігерліктерін поэзия, атырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар».
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа яки ритмге - үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін И. В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон жәдігерліктерінің өлшемі - әрі буын, әрі екпін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, көне түркі жырының дыбыстық құрылысы ерекше назар аударады. Өлеңдерде көбінесе бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, яғни аллитерацияның жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық. Мәселен, «Күлтегін» жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:
Қырғыз, құрықан, отыз татар,
Қытай татабы - бәрі жау еді.
Қаған әкем осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет