Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Ж. Баласағұнның «Құтты білік» кітабындағы ел басқарған әкімдер бейнесі



бет42/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
26. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» кітабындағы ел басқарған әкімдер бейнесі
Бұған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында елдің іргесін берік сақтап тұру үшін занды бұзбау қажеттігі ерекше атап айтылады. Сондай-ақ халық зорлық-зомбылыққа көнбейтіндігі ескертіледі. Белгілі тарихшы С. Г. Кляшторный атап көрсеткендей-ақ, Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан мемлекетінің Ата заң қызметін атқарды, патшадан бастап қойшыға дейінгі елдегі барлық адамдардың міндетін, мінез-құлық нормасын айқындап берді.
Ж. Баласағұн ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр- сипаты, мінез- құлқы, ақыл- парасаты, міндеттері, жауапкершілгі қандай болу керектігін жеке- жеке баянап шығады. Ақын әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам - ақыл-парасаты ұшан- теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құр- алақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Жүсіп Баласағұн ел басқаратын әміршіге, бекке мейлінше жоғары талаптар қояды. Бүкіл елге билік жүргізетін адам ақыл-парасаты мол, білімі терең, өнер мен білімді жоғары бағалайтын, кішіпейіл, ақкөңіл, жомарт, қарапайым халықтың қамын ойлайтын, «көзі-тоқ», «сөзі- шоқ», «тілі майда» жан болуы тиіс. Сонда ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікір айтады.
Жүсіп Баласағұн елді басқаратын әміршінің қадір-қасиетіне, мінез- құлқына, қоғамдағы рөліне қатысты бұлардан басқа да көптеген талаптар қояды. Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да, күллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің күш-қуатын нығайтып, ұлыстар мен
кенттерді гүлдендіре түсу үшін әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы үшін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мұндай көмекшілердің бірі әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, есітер құлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын уәзір екендігі айтылады. Ең бастысы - уәзір мемлекет басшысының жарлығын халыққа, ал халықтың талап-тілегін әміршіге жеткізіп отырады. Әмірші мен қарапайым халық арасындағы қайшылықты да дер кезінде үйлестіріп, кілтін тауып шешіп отыратын да сол уәзір.
Күнтуды- патша бейнесі,
Айтолды- уәзірі,
Ұғділміш- уәзірдің баласы,
Одгурміш- дәруіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет