Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының қазіргі жаһандану үдерісімен үндестігі



бет41/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
25. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының қазіргі жаһандану үдерісімен үндестігі
ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан, ойшыл, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының маңызы зор. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен қазақ даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасы қазақтың тарихымен, мәдениетімен сабақтастығымен, өмір шындығын баяндауымен дараланады. Жалпы Ж.Баласағұнның Құтты білік дастанында қазіргі жаһандану үдерісімен өте байланысты.Әсіресе бұл дастанда Күнтуды деген кейіпкермен тығыз байланысты.Яғни сол кездегі әлеуметтік саяси жағдайларды бейнелейді.Қазіргі заманда ел басқаратын кейбір әкімдер бейнесі осы тұста көрінеді. Ел басқарудағы мәнсапқорлық, әділетсіздік, жағымпаздық елдің тозуына әкеп соғады. Ел басшысы болсаң, әділ бол, әділет ізгілікке жетелейтін басты қасиет екенін естен шығармауды сипаттайды. Ел билеуші адамның байлыққа мас болмай, халықтың жағдайын жасап, соңында ізгілікті іс қалдыруын айтады. Парасатты адамға тән қасиет – қайырымдылық, әділеттілік,кішіпейілділік шыншылдық. Адам тумысынан текті болса, ол өзінің ізгі қасиетімен қайырымды адам ретінде елдің есінде қалады. Ол ізгі жанның мінезі мен іс-әрекеті кейінгі ұрпаққа үлгі болады. Кім ізгі қасиетке ие болса, сол ел басшысы болуы керек дейді. Дана ойшылдың: «Жақсы мінез-құлық пен ізгілік, адамға құрметпен қарау, басқарушының халқымен жақсы қарым-қатынасы қоғамды тек ізгілікке, жақсылыққа бастайды. Мұндай ізгі бекті елі еш уақытта ұмытпайды», − деуі, «Құтты біліктегі» мінсіз қоғам идеясы, қоғамды ізгі басқару мəселесінде адам мінезін, болмысын терең сезіне толғануы Жүсіп Баласағұн философиясының қазіргі таңдағы ізгілікті басқару мəселесінде ғылыми танымымызды кеңейтіп, рухани бастау болмақ. Жүсіп Баласағұн мемлекеттің дамуы, көркеюі ел басшысының ақыл-парасаты мен біліміне, мінез-құлқына байланысты дейді. Қандай басшы болса да басқару ісінде ақылмен іс қылуды, ең алдымен, адамдық қасиетті ұстануы керек. Өз мүддесінен қара халықтың мұң-мұқтажын жоғары қойып, халқына ізгі іс жасаған басшының ғана беделі арта түседі. Олай болса, басқару мəселесінде ғұлама ұстанған рухани құндылықтар:қайырымдылық, ізгілік, адамгершілік, адалдық, шынайылық, парасаттылық, тəрбиелі адамға тəн іс- əрекет. Қайшылықты өмірде кездесетін əр түрлі əлеуметтік мəселелерді шешу мен жүзеге асыруда жаны таза басқарушы ғана кез келген мəселеніəділеттілікпен шешеді, яғни «Құтты білік» дастанының əр шумағы − басқарушының бойындағы ел басқаруға лайық мінез-құлықтыңқоғамда алатын орны туралы философиялық ой - толғамдарға толы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет