Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» дастанындағы афоризмдердің мәні



бет71/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
Байланысты:
хандықт

64. Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» дастанындағы афоризмдердің мәні

«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.


“Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.” Бұл үзіндіні қазіргі кезде кең қолданылып жүрген қазақтың мақалымен тікелей байланыстырсақ болады. Мысалы,


•айтылған сөз, уәденің байламы жоқ-Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
•Өтірікке шындықтың қайраны-өтіріктің арты бір ақ тұтам.

Йасауи: Арыңды сақта, болсаң да малға кедей.


Қазірге “Жарлы болсаң да арлы бол” деген мақалмен пара-пар.

Йасауи: Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?! Деген үзіндіде Йасауидің айтқысы келген ойы “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” деген түйіні.


Йасауи: Ынтасыздың күні қараң- дейді


Қазіргі Мақал-Білімсіздіңдің күні қараң.
(Өз сөздеріңмен көп қылып себебін ашып айтасыңдар мән-мағынасын. Мысал ретінде қазіргі мақалдармен байланыстырасыңдар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет