Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


«Аттила» дастанының тақырыптық- идеялық ерекшелігі



бет72/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
хандықт

65. «Аттила» дастанының тақырыптық- идеялық ерекшелігі.

«Аттила» дастанының сюжеттік желісі негізінде орта ғасырда қайта жазылған екі поэма сақталған. Олар: күні бүгінге дейін герман және скандинавия халықтарының батырлық эпосы саналып келген «Нибелунга туралы жыр» («Песнь о Нибелунгах») және «Алып қолды Вальтария» («Вальтарий могучая рука» - «Waltarius vanu fortis») деп аталатын неміс тіліндегі поэмалар. Бұл поэмаларды оқи отырып, екеуін де қыпшақтар жазғанына шүбә келтірмейсіз. Өйткені мұнда авторлар қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, ішкі жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған. Бұл туралы ғұлама-қаламгер Мурад Аджи: «Нибелунгтар туралы жыр» мен «Вальтарияның» авторлары, сөз жоқ, ата-тегі қыпшақ болған адамдар. Өйткені олар даланың әдет-ғұрпынұмытпай, оны ұсақ-түйегіне дейін бұлжытпай орындап отырған. Міне, сол себепті олардың қаһарманы Етцель (Аттила) тіпті өзіне қолайсыз жағдай туып тұрған сәтте де адамгершіліктің биік тұғырынан көріне біледі», - деп жазады (98, 135-136 ). Сонымен бірге Аттила жөнінде жазылған басқа да шығармалар бар екенін ескергеніміз жөн. Олар -«Атли туралы жырлар» және «Атли сөзі» деп аталады. Бұл жырлардың жөні бөлек. Өйткені оларды қыпшақтар жазбағаны бесенеден белгілі болып тұр. Жоғарыда аталған екі жырды да солтүстік герман жерінен шыққан қаламгерлер жазғаны күдік тудырмайды. Мұнда Аттила шектен шыққан қатыгез қолбасшы ретінде бейнеленген. Бұлекі жырда да Аттила еуропалық психологияға тән жан түршігерлік зұлымдықпен өз жауларын өлтіріп отырады. Ол бірде өз дұшпанының кеудесін жарып жүрегін кесіп алса, екіншісінде жылан толы шұңқырға тастайды. Қатыгездік - дала адамдарының әдетіне енбеген құбылыс. Ғұндар дұшпанын бірден-ақ өлтіріп тастайды. Бұл үшін оған қылыш пен қанжардың өзі-ақ жетіп жатыр.




66. «Шу батыр» дастанындағы батырдың тапқырлығы

Шу батыр еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп шығып келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы-жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау-бақшасы ішінен айналасы ат- шаптырым, аса үлкен күміс хауыз (әуіз, бассейн) салдырады. Ол ха- уызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек-легімен қысы-жазы жүзіп жүреді екен. Ал Шу батыр сарайдағы ел басқаруістерінен, қиян- кескі соғыстардан, аңшылықтан қолы босаған сәттерде осы хауызға келіп, ондағы құстарға қарап, терең ойларға шоматын болған. Дастанда Шу батыр осы киелі құстардың қимыл-әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. Ескендірдің алдынан көп әскер емес, тек қырық нөкерін ғана жібереді. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар келгенде ғана Шу батыр оған қарсы өзінің қырық нөкерін жұмсайды.


Талай қанды шайқастарды басынан өткізіп, күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шығарғанын көріп, мұнда бір сыр бар екенін аңғарады. Сонда жиһангер патшаның ақылгөй қарты: «Шу батыр халықты көп қырғысы келмей тұр. Мықты болсаң, осы қырық батырмен шайқасып көр! Егер сен жеңсең, біз онда соғыспай-ақ бас иеміз»- деген ойды меңзеп айтып тұр дейді. Намысы қозған Ескендір патша да Шу батырдың қырық батырына қарсы өзінің ең таңдаулы деген қырық нөкерін шығарады.
«Шу» дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым-қи- ғаш қанды майдан, шайқас басталып кетеді. Шайқас алдында жекпе- жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас-қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда өлген батырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: «Алтыны - қан болды!» - деп қайта-қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер «Алтынқан» деп аталып кетіпті. Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соғыстан аман алып қалыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет