Issn 1563-0242 Индекс 75869



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#5513
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Əдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» 
Заңы.  – Астана. – 11 шілде 1997 жыл.
2  Назарбаев  Н.Ə.  Президенттің 2006 жыл 30 
мамырдағы № 127 Жарлығы. – Астана, 2006.
3  Дулатов  М.  Таңдамалы  шығармалар 
жинағы. – Алматы, 1998.
4 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: 
Ана тілі, 1992.
5  Досмұхамедұлы  Х.  Таңдамалы.  Алматы, 
2003.
6  Əуезов  М.  Жиырма  томдық  шығармалар 
жинағы. ХХ том. – Алматы: Жазушы, 1985.
7 Қозыбаев М. Киелі тəуелсіздік. – Алматы: 
Баспалар үйі, 2009.
Б.Ж. Исхан
Роль казахского языка как государственного
в общественно-социальной сфере современности 
В статье говорится о роли казахского языка в системе национальных ценностей, его тесной связи с историей нации, се-
годняшнем его состоянии как государственного языка независимого государства. Автор рассматривает работы по изучению 
проблем государственного  языка с начала обретения Казахстаном независимости до сегодняшнего дня. 
Ключевые слова: государственный язык, общественное отношение, история нации.
B.Zh. Iskhan
Role of kazakh as the state language 
in today`s public-social fi elds
 
In the article the role of the Kazakh language in the system of national values, his close connection with the history of the nation, 
the current development as the offi cial language of the independent state, the use of social relations, as well of the complex problems 
in this area are considered. The author considers works on studying of problems of a state language since the beginning of fi nding of 
independence by Kazakhstan till today.
Keywords: state language, public relation, nation history.
 

Судың сұрауы тақалды. Арал десе, есіме... Аралға қол салғаның...
106
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 316.77:070
 А.Ə. Құрманбаева
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: alma_kurmanbaeva@mail.ru
Судың сұрауы тақалды.
Арал десе, есіме... Аралға қол салғаның...
(Экошолу)
Аңдатпа.  Бұл  мақалада  автор  ғалым-публицист  Бауыржан  Омарұлының  «Қаратерең  вальсі»  атты 
кітабындағы  Арал  теңізі  мəселелерін  қарастырады.  Теңіздің  тартылып  бара  жатқаны,  кіндік  қаны 
тамған сол жердің тумаларын бір уақыт та бей-жай қалдырмауы тиіс.
Арал  мойнына  ұлыорыстық  шовинистік  саясаттың  қамыты  түспей  тұрған  замандардағы  теңіздің 
табиғи жағдайы суреттеледі. Кеңес Одағының цензурасы мен отаршылдық іс-қимылының салдары-
нан «шекемізге тиіп отырған» қасірет хақында жанайқайымыз шыққаны бүгін ғана емес. 
Түйін сөздер: цензура, отаршылдық, публицист, роман-дилогия, экология, идеология.
Күні  кеше  көлемі  шағын  болғанмен,  өте 
салмақты,  жазу  мəнері  ерекше,  баяндау  тіліне 
кез  келген  қаламгер  қызыға  қарайтын  (оқитын) 
«Қаратерең  вальсі»  атты  кітап  дүниеге  келген. 
Оған жалпы баға берудің кезегі кейін келе жатар. 
Осы туындының авторы – ғылым докторы, про-
фессор, ақын, публицист Бауыржан Омарұлының 
кесек ой толғамын бөле-жарып алғым келеді. 
«...Көкірек  атқан  тексектер  мен  келімсектер 
Аралдың  бар  тамырын  қырқып,  өзін  құрдымға 
жіберді. «Сібір  өзендерін  сендерге  қарай 
бұрайық  деп  жатырмыз», – деп  талай  жыл 
алдады.  Оған  бала  біз  түгілі,  мына  тұрған 
Аманөткелде  туған  жаны  жайсаң  Жарасқан 
ағамыздың  өзі  кəдімгідей  сенді: «Жағасына 
шығып  қалған  шалақы,  Теңіздердің  ашылады 
таланы,  Қаптасына  донор  болып  қарт  Сібір, 
Арал қайта арнасына толады», – деп оптимистік 
өлең жазды. Қайдан!..Сібірден су келмеді. Асау 
толқын  жағалауды  тастай  қашты...» (1,25-б.), – 
деген жүрекжарды жолдар бар. 
Əңгімені əуелі теңіздің тарихын ғылыми са-
ралау жағдайын шолудан өрбітсек дейміз. Зерт-
теу проблемасына «алғаш түрен салған» – акаде-
мик Л.С. Берг ол осыған бір ғасыр бес жыл ерте-
ректе жарық көрген «Арал теңізінің физикалық 
географиясы»  тақырыпты  очеркі.  Сол  кездегі 
ешбір не ғалым, не қалам қайраткерінің «көзіне 
түсе  қоймаған»  нысан. «1874 жылы,  Тиллоның 
дəл  деңгейлік  өлшемі  бойынша,  Арал  теңізі 
Каспийден 74 метр биіктікте жатыр. Ал Каспий 
Қара  теңіз  деңгейінен 26 метр  төмен.  Демек, 
Арал  теңізінің  айдын  беті  мұхит  деңгейінен 
48  метр  биік.  Аралдың  түбінің  ең  терең  жері – 
мұхит бетінен 20 метр төмен. Ал Каспий айдын-
нан 6 метр жоғары...» (2,40-б.).
Міне,  сол  бір  Арал  мойнына  ұлыорыстық 
шовинистік  саясаттың  қамыты  түспей  тұрған 
замандардағы теңіздің табиғи жағдайы осындай 
болатын. Ал енді қазір ше? Кеңес Одағының цен-
зурасы мен отаршылық іс-қимылының салдарын 
көріп отырмыз ғой. «Көріп отырмыз ғой» деген-
де, «шекемізге  тиіп  отырған»  қасірет  хақында 
жанайқайымыз шыққаны бүгін ғана емес. 
Аралға  баспасөз  жүзінде  жанашырлық  біл-
діргендердің  бірі – Қазақстан  табиғат  қорғау 
қоғамының  Қызылорда  облыстық  бөлімшесі 
президиумы төрағасының орынбасары қызметін 
бүгіндері  атқарған  Ə.  Əлімжан  болатын.  Ол 
көлемді  проблемалық  мақаласымен  мерзімді 
басылым үшін қазір де елдің мəтеліне айналып 
кеткен. «Арал  тағдыры – адам  тағдыры»  атты 
тақырыппен күн тəртібінен түспеуі тиіс күрделі 
мəселенің  көзін  ашып  берген-ді.  Сол  тұстары 

 А.Ə. Құрманбаева
107
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
қазақ  баспасөзінің  ақиқат  флариасының  рөлін 
атқарған  аға  газет – «Социалистік  Қазақстан» 
аталмыш  жарияланым  «Проблема.  Пікір.
Ұсыныс»  айдарымен  жарық  көрді.  Кейін  осы 
мақала тақырыбының өзі кейбір мерзімді басы-
лымдарда  жиі-жиі  жұртшылықпен  дидарласып 
тұратын дидарға айналды. 
Автор  мақаласын  түйіндеу  тұсында  бұ-
қаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдеріне 
де  салмақ  салып, «өкпесін  білдірді.  Біздің 
жазушыларымыздың, басқа да қоғам қайраткер-
лерінің  пікірі  қайда?  Дəл  қазір  ұсақ-сүре  ро-
ман – өз алдына, қайнап тұрған қызулы, уытты 
публицистикалық  сөз  керек», – деп  ұтқырлы 
түрткі салған. 
Осы  мақаланы  құдды  бір  дабыл  көрсеткен-
дей, бізден басқа, таяу жəне шалғай жерлерде де 
үн қосқан əр мамандық иелері шыққан. Мысалға 
атал мыш  мəселені  медицина  ғылымының 
док торы,  профессор  Андрей  Михайлович 
сердюктің келесі жылы Мəскеуде жарық көрген 
«Непростые  заботы  человечества:  научно-тех-
нический  прогресс,  здоровье  человека,  эколо-
гия» («Адамзаттың  күрделі  алаңдаушылығы: 
ғылыми-техникалық прогресс, адам денсаулығы, 
экология ») кітабында: «Соңғы  жылдары  ай-
надай  жарқыраған,  бет  ауданы  екі  есе  азайған, 
əлі  де  «алшысы  қуырылып  бара  жатқан»  Арал 
теңізіне  құрып  кету  қаупі  төнуде.  Екі  миллион 
гектардан артық  су беті құм-сор батпаққа айнал-
ды. Өлі жерге айналды!» (4,266-б.), – деген ащы 
шындық айғақталған-ды.
Дəл  сонымен  жарыса  шыққан  эколог-маман 
ғалымдар  А.А.  Алимов  пен  В.В.  Слугевскийдің 
Ленинградтан  сол 1988 жылы  басылып  шыққан 
«Век  ХХ:  Экология  и  идеология» («ХХ  ғасыр: 
Экология  жəне  идеология»)  атты  еңбегінде: 
Арал  тағдыры  қасіретті  де  тəлім  аларлық 
дүниежүзіндегі  аса  ірі  су  объектілерінің  бірі, 
теңіз-көл  біртіндеп  ғайыпқа  айналып  барады. 
Арал  теңізінің  деңгейі  тез  төмендеуде.  Баяғыда 
тұмсығымен  теңіз  толқындарын  қақ  айырып 
жүре беретін балық аулайтын кемелер де əр жерде 
теңкиіп-теңкиіп,  құр  қаңқалары  қалған.  Бүгінде 
Арал  теңізі  баяулап  өліп  барады» (5,83-84-б.), – 
деген өздерінің құдайлық сөздерін айтқан. 
Сонымен  қатар  авторлар  аталмыш  мəселе 
төңірегінде  кем  жеуші  тиісті  тұлғалардың  да 
идеяларын  келтіре  кетуді  жөн  көрген. «Аралды 
сақтап  қалу  үшін  не  амал  қарастыру  керек?» – 
деп,  өздері  судан  алып,  ғалымдар  мен  үкімет 
араларындағы бір пікірлермен жұртты құлағдар 
ету  мақсатымен: «Ең  жақын  уақыт  арасында 
оның  жауабы  Орта  Азияға  Сібір  өзендерінің 
суын аударумен тынады деп есептеліп келген», – 
дейді. Ол жобаларының аяғы құрдымға кеткеніне 
қазір  де  бəріміз  де  куəгер  болып  отырғанымыз 
мынау...
Сол  кездері  күн  тəртібіне  терістікке  жатқан 
Сібір  өзендерінің  тағдыры  қойылып,  таразы 
басы  бір  сəт  теңескендей  болған-ды.  Одақтық 
шеңберден  асып,  планеталық  проблемаға 
айналған пікір таласына ғылыми дəйектемелерін, 
талдау-зерттеулерін  көлденең  тартқан  маман-
дармен  қатар  өмірлік  тəжірибелерін,  терең 
білімдерін,  ақ-адал  көңілдерін,  азаматтық  по-
зицияларын  жария  түрде  білдірген  жанашыр 
қаламгер қауымы да араласты. 
Арал  проблемасы  арасы – роман,  повестер, 
берісі – поэма,  жеке  өлеңдердің  тақырыбына 
өзек  болып,  қазіргі  қазақ  əдебиетінің  классигі 
Ə. Нұрпейісов соңғы кесек дүниесі – «Соңғы па-
рыз» роман-дилогиясын арнады.
«Біздің  топырақтан  да  Арал  қасірет  мал-
даныш,  атын  шығарғысы  келген  талай 
жанашырсымақтар  шығар!  Олар  дүниені 
даңғазаға айналдырып, айқай-шуға қанша болса 
да, бірақ тартылған теңізге сол өңірдегі халықтың 
көз  жасынан  басқа  бір  тамшы  су  тамбас-ау... 
Теңіз  неғұрлым  тартылып,  жер  неғұрлым 
азып,  ел  неғұрлым  тозып,  індет  неғұрлым 
етек  алып  жайылған  сайын  Аралдың  əлгі  бір 
жанашырсымақтары  соғұрлым  жанталасып 
даңғарасын қаға түседі. Үкімет те қарап қалмас: 
иə, талай төтенше комиссия құрылды. Төтенше 
комиссиялар  бірінен  бірі  өткен  талай-талай  та-
маша қаулы алар. Тамаша қаулыға сəйкес, талай-
талай тамаша жобалар мен жоспарлар жасалар... 
«Арал  тағдыры – адам  тағдыры»  деген  əуелгі 
сөзді...  енді  жігіттер,  қызыл  тілді  қайраққа  жа-
нып-жанып алып, халық алдында оны мінбеден 
де,  мына  мінбеден  де  қиқулатар-ау!» (6,382-
б.).  Бұл  дилогиядағы  автордың  запран  ойлары. 
Керек  десеңіз,  күні  бүгін  Арал  аймағында  бо-
лып  жатқан  ситуацияны  қаншама  жыл  бұрын 
бейнелеп  берген  болжамы.  Көркем  əдебиетке 
тиесілі  қыруар  оқиғалар  айналып-үйіріліп  осы 
эколгиялық  проблемаға  тірелді.  Сондықтан 
да  өз  тақырыбымыздан  ауытқып  кетпей,  теңіз 
трагедиясының  кульминациясын  осы  керемет 
зарлы сөйлемдерден білеміз. 
Аталмыш  экологияға  арналған  тағы  бір  ро-

Судың сұрауы тақалды. Арал десе, есіме... Аралға қол салғаның...
108
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ман – «Теңіз – тақсырет».  Автордың  көп  жыл-
дар бойы теңіз аттас ауданның коммунистік пар-
тия ұйымын Аралдың мейлінше тез қарқынмен 
құлдырау кезеңінде басқарған, негізгі мамандығы 
журналист – Қуатжан Досжанов. Бұл романда да 
«Соңғы  парыздағы»  автор  монологындай  ашу-
ызалы жолдар бар. 
«Аралға араша түсушілердің құрамы көбейді. 
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар пайда бол-
ды.  Теңіздің  табанында  қалған  тұзды  сор  тозаң 
ауданы  жайлап,  адам  түгіл  өсімдіктер  мен  хай-
уанаттар  дүниесін  бүлдіре  бастады...  Мұны 
сезінген  ел-жұрт  Арал  теңізі  мүлдем  тартылса, 
табиғаттың  толмайтын  апатына  айналатынын 
түсінді. Əр ел мен жерден ғалымдар мен қоғам 
қайраткерлерінің  ынтымақ  одақтары  құрылып, 
оны жұртшылық қолдады. Алайда істен сөз көп. 
Нақтылы  шаралардан  гөрі  жалпы  нұсқаулар, 
даңғазалық  пен  дүрлігу  мол.  Əр  жерде  айты-
лып  жүрген  үлкен  шаралар  шешім  тапқанша, 
балықшылар қауымы біржола тоз-тоз болып ке-
туге қарады» (7,247-б.), – деген авторлық ремар-
ка Ə. Нұрпейісовтің мазасыз ойын толықтырып 
тұрғандай. 
Кітапта  қаншама  уақыт  аудан  басшысы 
лауазымындағы  Қ.  Досжанов  өз  аймағында 
қатысты Кремльдің құпия зиянкестік шараларын 
да  қоса  кетеді. «Турасын  айтқанда,  Арал  апаты 
тек  жалғыз  теңізге  байланысты  ма?  Меніңше 
олай  емес.  Біздің  аймақтың  апатқа  ұшырауына 
əсерін  тигізіп  жүрген  тағы  да  басқа  жағдайлар 
бар.  Ол – аудан  жеріне  орналасқан  көптеген 
əскери  полигондар.  Отан  соғысының  алғашқы 
жылдарында теңіздің арғы түкпіріндегі «Николай 
атауы» деп аталатын аралда химиялық қару сы-
налып  жатқанынан  кімнің  қандай  хабары  бар? 
Ал  аудандағы  байырғы  мал  жайылымдарының 
жартысынан  көбісін  иемденіп,  талай  қару-
жарақты сынақтан өткізіп жатқан екінші əскери 
бөлімшенің халқымызға əкеліп жатқан қосымша 
зардабының  мөлшері  қандай?  Біз  бұдан  былай 
қарай өз өмірімізді аман сақтап алып, ел болып 
өсіп-өнеміз дейтін болсақ, осы озбырлықтардың 
бəрінің бетін ашып, оларға қарсы қажырлы күрес 
жүргізуіміз керек» (7,251-б.), – деген публицистік 
қарқын танытатын романның аяқталар тұсы.
Бұл – келтіріліп  отырған  үзінділер  əдебие-
тіміздің ең сүйекті жанры – романдардан іріктеп 
алынған,  қара  сөзбен  өрнектелген  экологиялық 
толғаулар  дер  едік.  Аралдық  жерлес  қос  туын-
дылар  көзімен  көргендерін  жүрегімен  жазып 
отырғандай...
Сөйтіп,  қос  шығармашы  тұлғалар,  бірі 
–  əйгілі  қаламгер,  бірі – қоғам  қайраткері – 
Аралдың  «ажалы»  қолдан  жасалды  деп,  елдің 
бəріне  белгілі  шындықты  əдебиет  активіне 
енгізіп  отырғанын  мойындасақ,  бұл  ақиқатқа 
басқаша да пікір бар көрінеді. 
Соған  сəйкес  шығармашылығында  əдеби 
көркемділіктен  бері,  публицистік  мақаласы  ба-
сым,  қалам  шаруашылығында  өзіндік  орнын 
белгілей  алған  Серік  Байхановтың  бір  дүниесі 
бізді  елең  еткізеді.  Ол – «Аралға  от  араша» 
жолсапар  очеркі.  Журналистиканың  аталмыш 
жанрына  тəн  ерекшеліктерге  сай  туынды  бұл 
сапарында көрген, түйіндеген мəліметтерін рет-
ретімен, үйлесімді тарауларға беріп баяндаған. 
Бірақ  бізді  бұл  жерге  очеркист  С.  Байханов 
емес, тура Арал теңізіне байланысты аналитик-
автордың дəйектемелері көбірек алаңдатқан-ды. 
Əсіресе,  оның  жағрафиялық  нысан  есебіндегі 
біздің  планетамызда  пайда  болуынан  бастап, 
қазіргі сарқылған шағына дейінгі эволюциялық 
жолы  қызықтырған-ды.  Əрине,  тек  автордың 
көзқарасы  тұрғысынан  қарағандағы  баянды 
қарастырып байқамаймыз.
Орта  Азиядағы  суға  қатысты  табиғи  қате-
ліктің  түптамыры  тым  тереңде  жатыр  деседі. 
Сонау  ерте  кезеңдерде-ақ  сол  табиғи  қателікті 
түзеткісі келген зерттеушілер болған. 1967 жылы 
«Природа»  журналынан  академик  Кунициннің 
мақаласын оқығаным бар. «Құмды өлкеде сусап 
отырған адамдарға қажетті суды Аралға тастап, 
ысырап етудің қажеті не?» деген пікір ашық ай-
тылыпты.  Ал  география  ғылымының  докторы 
Геллер  болса: «Бекерден-  бекер  теңізге  кетіп 
жатқан  суды  пайдалана  отырып,  төрт  миллион 
гектар  жерді  суаруға,  сол  арқылы  төрт  милли-
ард  сом  пайда  табуға  болады»  деп  есеп  жасай-
ды. Басқаны былай қойғанда, өзіміздің түрікмен 
туысымыз  академик  Бабаев: «Мен  өзімді 
Арал  теңізін  сақтап  қалудан  гөрі,  оны  құрғату 
тиімді  деп  санайтын  ғалымдардың  санатына 
жатқызамын», – деп мəселені төтесінен қояды. 
Кітаптың  «Теңіз  табанында»  тарауында: 
«Неге екенін кім білсін, көз алдыма қауын-қарбыз 
емес,  теңіздің  тереңді  жайқалып  өскен  күріш 
танабыкеп  қалғаны.  Суға  бастырылған  табанға 
көкөніс емес, су ішінде өсуге бейімделген күріш 
дақылы жарасатын секілді. Мына ойымның өзіме 
ұнап  кеткенін  сезем...» – деген  шат-шадыман 
эйфорияға  берілген  автор: «Сонда  бұған  дейін 

 А.Ə. Құрманбаева
109
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
Арал  табиғат  қателік  болып  келіпті  ғой?  Сол 
қателікті  түзеу  мына  біздің  ұрпақтың  еншісіне 
тиісті  не  деген  бақытты  ұрпақ  едік  десеңші!» 
(8,246-б.) , – деген сөйлемдерді ұшырастырдық. 
«Бақытты ұрпақтың өкілі» – С. Байханов осы-
нау  «лирикалық  толғаумен»  нені  сездіргісі  кел-
ген? Жоғарыдағыдай мақаламыздың жалғасында 
тілге  тиек  ететін  басқа  да  ақын-жазушылардың 
келтірген  дəлелдері,  таққан  күналары  негізсіз 
болып  шыққан  ба?  Қоғамымыздағы  билік 
басындағылардың  əрбір  замандардағы  тұмса 
табиғатқа  көзбе-көз  жасаған  қиянаттарын  енді 
табиғаттың «өз қателігін» көрсек пе екен?!.
Ал, əдетте жұртшылық бөтендерге қарағанда, 
«нəзік  жандылар»  саналатын  поэзия  өкілдері 
бұл  проблемаға  қалай  қарап  жүр?  Əрине,  ақын 
интуициясы  теңіз  трагедиясының  жеткен  кезін 
сезе  білгенін  сол  тұстарда  газет-журналдарға 
қайтадан  жариялана  бастаған  жыр-сақтандыру, 
жыр-элегиялардан байқай алар едік. Айтпақшы, 
осы жерде автордың бұдан ширек ғасырға таяу 
ертеректе  жарық  көрген  «Сал  үстіндегі  мау-
сым.  Сыр  туралы  сыр»  кітабы  еске  түседі (9). 
«Осы  жерде  басын  ашып  айтатын  бір  мəселе 
–  Арал  проблемасының  айдың-күнінің  ама-
нында,  кенеттен,  күтпеген  жерден  пайда  бола 
қалмағандығы. Бұл жөнінде адамдар сонау алпы-
сыншы жылдардың басынан бері-ақ құлақтанып 
үлгерген-ді» (9, 3-б.); «Жекелеген ғалымдардың 
тиіп-қашты  пікірлері  болмаса,  соңғы  он-он  бес 
жыл  ішінде  (кітап  шыққан 1988 жылдан  бері 
санағанда – А.Қ.)  Аралдың  пайдасына  бір  де 
бір  жылы  сөз  айтылған  жоқ.  Одақтың  баспасөз 
бетінде  Байкал  мен  Азовтың,  Ыстықкөл  мен 
Балқаштың  қамын  жеген,  жан  ашуына  толы 
дауыстар  көтеріліп  жатқанда,  ғалымдар  мен 
қаламгерлер  Арал  төңірегінде  «болады», «бол-
майды» деп, іштей «бал ашудан» əрі аса алмай-
ды. Теңіз жайын толғаған көркем шығарма неме-
се нақты ғылыми зерттеулер тиісті орындардың 
назарынан  тыс  қалды» (9, 9-10 бб.); «Бүгінде 
Арал  мəселесінің  шиеленіскені  сонша,  түбірлі, 
түбегейлі  өзгерістер  жасалмайынша,  теңіз 
тағдырына  белгілі  бір  дəрежеде  араша  түсудің 
өзі  мүмкін  еместігі  айқындалып  отыр» (9, 18-
б.), – деп жазушы баспасөз бетінде көрінуі тиіс 
проблемалық  мəселені  ашына,  жұрт  назарына 
айқара тарата білгенін атап өткен абзал.
Олардың  арасында  Арал  жағалауындағы 
қиыршық құмда табандарының таңбасы қалған, 
ақбас  толқыны  құшағына  қапқан  ақындардың 
жыр  жолдары  өз  нысаналарына  жетіп  жатты. 
Арал  ақыреті  хақындағы  жыр  тілімен  етілген 
мұң-зарды  басқа  жерлік  ақындардың  көбінен 
таба алар едік. 
Бұл  тұста  əңгімемізді  сол  топырақтың 
тұрмыста да, поэзияда да қайсарлықтың үлгісін 
көрсеткен  тума  талант  Зейнолла  Шүкіровке 
«əлқисамызды» бастар едік. Туған теңізінің «төрт 
құбыласы  түгел»  боп  тұрғанда,  атауын  ақын 
Зейнолла  Шүкіров: «Кіндігім  бірге  Аралмен, 
Теңізден тыныс алам мен. Ақ пейіл ана секілді, 
Алдыңда жатыр далам кең. Сырласым жібек са-
малмен, Желпісе жүрек жаңа əнмен, Теңізше жа-
ным  кең  шалқып,  Теңізше  толқып  қалам  мен!» 
деп  ертеректе  жырмен  шалқығаны  есімізде. 
Тұрмыста да, поэзияда да қайсарлықтың үлгісін 
көрсеткен  осы  талант  иесінің  өткен  ғасырдың 
орта шенінде шығармашылығына бір ызы, қана 
сарындары  енетін  болатын.  Сонда: «Қайда, – 
деп, – теңіз?»  сұраса,  Балама  сонда  не  деймін? 
Мен,  мүмкін,  жол  тартып  алыс  жөнермін.  Асау 
Ертістің  мойнына,  Бұғалық  салып,  жетектеп 
саған  келермін.  Көк  нөсер  болып  төтермін. 
Өлермін! (10, 36-б.)
Ал саңлақ ақын Қадыр Мырза Əлі: «Сіз бо-
лып жəне біз болып, Қойдық па дұрыс қарамай? 
Əмусіз,  Сырсыз  тұз  болып,  Төменге  шөккен 
Арал-ай!..Бара  бермейтін  парқына,  Бассыз 
жандарға нəлет бе! Айырылып қалып, артынан, 
Жылау  бізге  əдет  пе?» (10, 103-б.), – осындай 
күйреуге  əкеліп  соқтырған,  математик-акаде-
мик  Асқар  Жұмағалиев  айтпақшы, «компьютер 
бас»  əкім-қараларды  жыр  найзасымен  түйреген 
кезеңде. 
Классик  ақын  жалғыз  Арал  емес,  күллі 
экология  тақырыбын  қозғағанда,  сатириктік 
қабілетін  аямаған.  Онда  өлең  жолдарын 
қайталап  оқысақ: «Біледі  жердің  нарқын  кім? 
Білмегендіктен  тозды  адам.  Ақымақтығынан 
əркімнің, Аздық-ау біраз, Боз далам!» (10, 94-б.); 
«Ақын əсте сияқты, Адвокаты талдың да. Жусан 
менен  қияқтың,  Жуан  беремайында» (10, 101-
б.); «Мотор  біткенді,  қарағым,  мақтай  бер  өзің, 
мақтасаң. Басым ауырып барады, Бункер тауып 
ап жатпасам!» (10, 107-б.)
Қазақ 
прозасы 
мен 
поэзиясы 
атал-
мыш  тақырыпта  жоғарыдағылар  тəрізді  зор 
мəселелерді  көтергендерін  қысқа  да  болса 
нұсқа  түрінде  баяндадық  деп  есептейміз.  Ал 
жариялылықтың  жауынгер  жанры – мерзімді 
баспасөздің үлесі қанша екеніне тоқталуды жөн 

Судың сұрауы тақалды. Арал десе, есіме... Аралға қол салғаның...
110
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
көрдік. БАҚ егемендік жылдары бедерінде Арал 
теңізі  оның  маңайындағы  елді-мекендердің 
экологиялық  апатының  ақиқат  келбетін  толық 
ашып беруге əл-қатарынша күш салғаны ақиқат. 
Біріншісі,  проблемаға  тəжірибелі  мамандар 
немесе  сол  саланы  зерттеуші  ғалымдарға  сөз 
беру. 
Екіншісі, 
журналист-публицистердің 
пікірлерімен  таныстыру.  Мəселені  осындай  екі 
бағытқа  қарастыру  баспасөздің  Арал  қасіретін 
талдауға  жүйелі  жұмыс  атқарғандарын  айқын 
ашып беруге мүмкіндік туғызады деп білеміз. 
Аралдың экологиялық проблемасын  жазуға 
ресми  тұлғалар  мен  эколог-ғалымдардың  пікір-
лері  журналистикатануда  елеулі  рөл  атқарса 
керек.  Өйткені  қолында  мөрі  бар  кез  келген 
билік    қасындағыларының  қас-қабағын  бағып, 
пұшайман халде қалған Ұлы Теңіз бір замандары 
асқақ  үнді  əн-жырдың  тақырып-тиегі  болғанын 
бүгінгі ұрпақ біле де бермейтін шығар...
Жоғарыда  əңгімелеген  «Теңіз – тақсырет» 
романының  авторы  еліміз  егемендік  алғаннан 
кейін  «өзінің  журналистік  мамандығына  ба-
сып» баспасөз беттерінде экология мəселесі ту-
расында  кең  көлемде  жазылған  мақалаларымен 
өз  көзқарасын  еркін  білдіруге  мүмкіндік 
алғанын  аңғарамыз.  Бұрынғы  партияның  бас-
шы  қызметкері,  қазіргі  қаламгер  «Егемен 
Қазақстан»  газетінде  «Арал  тағдыры – адам 
тағдыры»  айдарымен  жарияланған  «Қамқор 
болғанмен, қамқорлық кем» деген проблемалық 
мақаласында: «қазіргі  Аралға  арашашылардың 
саны  артып,  осы  мақсатты  құрылып  жатқан 
ұйымдар  мен  қозғалыстар  көбеюде.  Арал  про-
блемалары  туралы  əртүрлі  ғылыми-тəжірибелік 
мəжілістер  де  жиі  өткізілуде.  Алайда  осы 
шаралардың  бəрі  Аралды  сақтап  қалуға,  оның 
халқының  мүшкіл  халін  жеңілдетуге  нақты 
көмек жасап отыр деп айта алмаймыз. Тіпті осы 
ізгі  ниетті  кейбіреулер  өзінің  саяси-қаражаттық 
жағдайларын  жақсартуға  пайдаланып  жүр»  де-
сек, артық болмас» (14), – деп болашақта үлкен 
сыбайластық қылмыстарға ұласып кететін əдіс-
айлаларының  алдын  ала  шымылдығын  түре 
бастағанын бүгінде біліп отырмыз...
Бүгінгі  тығырыққа  тірейтін  жағдайымызды 
ресми  тұлғалардың  өздері  мойындамауға  ама-
лы  қалмағандай.  Олардың  бірі – Қызылорда 
облысының  бұрынғы  əкімі  С.  Шаухманов 
«Егемен  Қазақстан»  газеті  тілшісімен  əңгі-
ме сінде: «Біздің  өңір  жөнінде  үкіметіміз 
қабылдаған 4 қаулының бірде бірі орындалмай, 
бұрынғы одақ тұсында жүзеге аспай, баянсыз су 
аяғы  құрдымға  кеткен  əйгілі 8 қаулының  кебін 
кие  ме  деп  қорқамын...  Бұл – ең  алдымен,  сол 
министрлер  кабинетінің  өз  беделін  түсіретін, 
халықтың  оның  қаулы-пəрмендеріне  деген 
сенімсіздігін туғызатын ретсіз, қолайсыз қадам» 
(15), – деп  бүкпесіз жайып салады.
Осы  облыстың  келесі  əкімі  Б.  Сапарбаев 
республикалық 
«Атамекен» 
экологиялық 
газетінің «Жер тағдыры – ел тағдыры» айдарына 
«Ежелгі Сырдың екінші тынысы» деген мақала 
ұсынған. «Тағдыр  тəлкегіне  орай  адам  ойының 
үздік желісі, ғылыми-техникалық процестің озық 
тəжірибесі  нақтылы  ғажайып  шешімін  тапқан 
бұл  өңірде  тағы  да  сол  атамның  қомағайлығы 
салдарынан Арал жойылып, қисапсыз қасіретке 
жол берілуде», – деп өзінің ресми тұлға екеніне 
қарамастан, сол аумақта алда күтіп тұрған алапат 
күйзеліс хақында ойын бүкпесіз жеткізген (16). 
Аралға  екі  күн  салып  əкіммен  «Егемен 
Қазақстанның»  тілшісі  сұқбат  жүргізген.  Онда: 
«Теңізден  су  кеткенмен,  халқының  жүрегінен 
жыр кеткен жоқ» деп ақындар жырлағандай, теңіз 
тартылса да, бұл өңірден халық күдер үзген жоқ. 
Ел орнында. Еңбек ырғағы бұрынғы қалпында... 
Арал  өңірінің  барлық  қасіреті  бүгінгі  таңда 
бүкіл  дүниежүзін  елеңдетіп  отырғаны  белгілі»,  
(17), – деп  айтқанына  керағар  пікір  білдіргенін 
қалай қабылдаған дұрыс?...
Аралдың  экологиялық  проблемасын  қазақ 
баспасөзі бетінде жариялануда елеулі орын ала-
тын  ресми  тұлғалардың  бірі – аудан  əкімдері. 
Көпше  түрін  айтып  отырған  себебіміз:  респу-
бликамыз  тəуелсіздік  алғаннан  бергі  жылдың 
ішінде  ауданда  бірсыпыра  əкім  өзгерген. 
Солардың  алғашқысы – Б.  Қайымовты  белгілі 
жазушы М. Қаназов əңгімеге тартқан екен (18). 
Онда  пікірлесуде  əкім  теңіз  қасірет  жасығып, 
табыс  табуды  ойлаған  алаяқтар  мүмкін  болған 
жердің  бəрінде  апатты  аймақ  жұртшылығына 
мүлде  беймəлім  Арал  атын  иемденген  түрлі-
түрлі  қоғамдық  ассоциация,  қозғалыстар  белең 
алғанына  тоқталған. «Сонда  басынан  мұңы 
айықпаған шерлі Арал нешеу? Шілдеханасының 
жаназасы  басым,  құм  мен  тұзды  шаң  жұтқан 
Арал  халқының  қайсарлығын  жамылып,  құл-
қынының  қамын  күйттетер  бас  жоқ-көз  жоқ, 
шетінен жамыратып қор аша бере ме?» дегендей 
өзара əңгіме қозғағанда, əкім ол қорлардың ба-
сын біріктіріп, тек Аралда болуын талап еткен...
Ал  ауданның  келесі  əкімі  А.  Көшербаев 

 А.Ə. Құрманбаева
111
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
«Арал қайтып келеді» деген оптимистік тақырып 
қойған  мақаласында (19) өз  өңірінің  бүгінгі 
таңдағы  экологиялық  жай-күйінен  жарытым-
ды  деректер  бермеген.  Көбіне-көп  əкім  жазып 
жүрген  жайттарды  қайталаған.  Арал  пробле-
масына  қойылып  отырған  талаптардың  қандай 
екендігі  ашық  айтылмаған,  қысқасы,  мұнан 
жұртшылық күткендей жаңалық табу қиын...
Теңіздің  басына  бұлт  үйіріле  бастаған  кез-
де  академик-жазушы  Ғ.  Мүсірепов  «Қазақ 
əдебиетінің» 1984 жылғы 2 қыркүйегіндегі 
санында:  Теңіз  тіршілігін  жақсы  білетін 
ғалымдардың  ойларына  қарағанда,  біздің  Арал 
теңізінің  соншама  тонауымыз  (астын  сызған 
–  А.Қ.)  түптін  түбінде  үлкен  өкінішке  соқпай 
қоймайтын ұят сияқты. Алпыс төрт мың шаршы 
километр жерді алып жатқан теңіз түптін түбінде 
құрғап  қалар  болса,  одан  борайтын  тұзды  шаң 
қанша  дүниені  бүлдіргенін  кім  білсін», – деп 
мазасызданғаны есімізде.
Тек  Қазақстан  емес,  күллі  Орта  Азия,  одан 
да  аса  түкпір-түкпірде  ылаңын  салатын  ны-
сан  жөнінде  туыстас  елдердің  зиялылары  да 
алаңдаушылық білдіретін-ді. Мысалы: Өзбекстан 
Ғылым академиясының толық мүшесі С. Камалов 
«Апат дабылы – Аралдан» аталатын проблемалық 
публицистикасында: «Бұл  жерде  сезімге  ерік 
бергім  келмейді.  Мен – ғалыммын,  сондықтан 
Арал проблемасы жөнінде ғылымның позициясы 
тұрғысынан сөз еткемін. Бірақ та біз үшін əбден 
толғағы  жетіп  піскен  осы  мəселенің  барлығы 
жөнінде айтып, жазуға тура келген кезде, ең ал-
дымен,  сөз  еткенде  өз  сезімімді  білдірмей  кете 
алмаймын. Иə, тап көз алдымызда кенеттен теңіз 
тартылып  бара  жатқанда,  бір  кездері  арнасынан 
асып  жататын  кең  айдынды  өзендердің  сағасы 
сарқылып, тіршілік нəрі – алдымнан айырылып, 
кенезесі кеуіп жатса, бұл жөнінде  жүрек сыздап, 
қабырға қайыспай сөз етпеуге мүмкін бе?» (2,78-
б.) , – деген еді.
Өткен ғасырдың соңғы қырық шақты жылы 
апатпен  арпалыстың  қарқынды  кезі  болғаны 
қазір  байқалуда.  Өйткені  жаңа  ғасырдың  бас 
жағында теңіз тақсіретін мойындаған секілдіміз. 
Оған  да  негіз  бар  еді.  Енді  судан  айырылып, 
шалшыққа айналған теңіз табанына өмір сүріп, 
тірлік  етудің  басқа  амалдары  қарастырылған. 
«Кіші  Арал»  тағы  да  басқа  объектілер  салына 
бастады. Оның үстіне аталмыш онжылдықтарға 
жаңа  мемлекеттің  «өтпелі  дəуірі»  келді.  Соның 
қарқынды  шараларының  ішінде  Арал  эко-
логиясы  жарытымсыз  проблема  дəрежесіне 
«төмен  түсіп»  жаһандану  колланысына  еніп 
кеткен  жайы  бар.  Ол  турасында 1966 ж. 30 
сəуірінде 2967 өкіміне, 2-қосымша, «Қазақстан 
республикасының 
экологиялық 
қауіпсіздігі 
тұжырымдамасында»: «...кейбір  аймақтарда 
жағдайдың  ауырлығы  соншалық,  тоқтатуға 
ырық  бермейтін,  тежеуге  болашағын  пайымдап 
білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді 
жəне  тұрақты  табиғат  пайдалануды  басқару 
мен  сақтап  қалуды  болжамдау  мүмкіндігі  де 
күрт  кеміп  барады  (Арал  өңірі,  Семей  полиго-
ны, Каспий өңірі, Байқоңыр жəне т.б.)...Əсіресе 
Арал мен Семей  проблемалары  сияқты кеңінен 
жария болмаған, алайда өздерінің көкейкестілігі 
жөнінен  олардан  кем  түспейтін  проблемаларды 
назарда ұстау қажет» (20, 147 жəне 155 бб.), – де-
ген ой-пікір жергілікті жер жəне республикалық 
дəрежедегі тиісті мамандардың кəперінде болған 
секілді.
Классик-жазушы  Ə.  Нұрпейісовтің  таяуда 
«Айқын»  газетінде  жарық  көрген  естелігінің 
үзіндісіндегі мынадай:
«Теңіз тартылды. Ел көшті. Əсіресе ел-жұрт 
əне бір қара  орынды тастап,  жаппай  сыпырыла 
көшкенде қаңырап иесіз қалған қаңыраң жұртта 
не  сиық,  не  қасиет  болушы  еді.  Бұл  күнде  о 
да  жұртта  қалған  кен  тұлақтай.  Ана  жақта 
Байқоңырдан ракета ұшса, мына жақта Аралдың 
ауданы  қатты  адуын,  жынды  желі  жеті  көз  аш-
тырмай, ышқынып соғып берер еді. Сол-ақ екен, 
таңқылдап  кеуіп  қалған  теңіз  түбінен  күлдей 
аппақ  ақ  тұзды  сортаң  көкке  көтерілер  еді  де, 
аспан  астын  ақтүтек  бұрқасынға  айналдырып, 
алағай-бұлағайды  салғанда,  сыртқа  шыққан 
кісі  аяқ  жолын  көре  алмай,  ішке  қайта  қашып 
тығылар  еді.  Айтуға  жеңіл,  ал  ол  өңірде  тұрса, 
тек  өлімге  басын  тіккендер  ғана  тұрады  қазір» 
(21), – деген  үзінді  осыған  дейінгі  Нұрпейсов 
Ə.  Жақайым,  жақайымдар.  Айқап. – 2012. – 1  
қыркүйек  шын  мəнінде  айқай-шудың  ащы  да 
болса, ақиқат соңы аккорды дерсің. 
Бұл  тұжырымдама  Кеңес  Одағы  кезіндегі 
жоғарыдан  түсірілген  нұсқауларға  көбірек 
ұқ сайтынын 
мойындағанымыз 
абзал. 
Пробле маны  бұлайша  «ары  көтеріп,  бері 
жығу»  принципі нің  кесіріп  Орта  Азияның 
бренді – Аралды  осындай  күйге  жеткізді. 
Ол  жөнінде  техника  ғылымдарының  докто-
ры  Абай  Тұрсынов: «Ғалымдардың  бүгінгі 
іздеп  жатқан  тұсында  Арал  проблемасын 

Судың сұрауы тақалды. Арал десе, есіме... Аралға қол салғаның...
112
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
шешудің нақты ұтымды нұс қасы жоқ...  – деп 
жар  сала  отырып,  өзінің  мы на дай  дəйектерін 
ұсынады: – Арал  апатын  жыл  дың,  мейлінше, 
бір-біріне  ұқсамайтын,  бірақ  өзара  өте  тығыз 
екі  жолы  бар.  Біріншісі,  Əмудария  мен 
Сырдария өзендерінің бассейнінде су-жер жəне 
əлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта 
қарау...Екіншісі, ең төменгі экологиялық тиімді 
деңгей мөлшерінде болса да теңіздің өз аквато-
риясын қалпына келтіру...» (22). (Бұл дəйек терін 
8  баппен  негіздеген  автордың  мақаласы нан 
проблемалық «Айқап» газетінің 22 ақпандағы 
«Қазақстан  Арал  теңізін  құтқаруға  болатын 
дəлелдеді» деген толық танысуға болады.)
Осыған  дейін  қаншама  онжылдықтар  бойы 
еліміздің қуыс-қалдықтарындағы адам қолы мен 
жасалған  қиянаттары  жұртшылыққа  жария лау-
дан зəре-құтымыз қалмай, «жауырды жоба тоқу-
дан» нендей жағдайға тіреліп отырғанымыздың 
ақыр-соңы  не  болғанына  бүгінде  бəріміз  де 
куəгерміз.  Бұл  жергілікті  де,  жоғарыдағы  əкім-
қаралардың  қылығы  екенін  əлі  де  жасырып  не 
басқаларға итере салатындар табылады.
Ал  осы  тұста  жариялылықтың  үлгісін 
Президент  көрсетіп  отыр.  Республикамызға 
бел гілі  журналист  Сауытбек  Абдрахмановпен 
жасаған  «Егемен  Қазақстан»  таяуда  «Еңселі 
елдікке  еңбек  жеткізеді»  деген  тақырыппен 
жарияланған сұқбаттарының бірінде, ол: «Қазір 
не болып кетті өзі? Ауадан ақша жасалатын бо-
лып кетті ғой. Соған жұрттың көзі үйреніп, көңілі 
сеніп бара жатыр. Бұл – жалған жол. Қай заманда 
да, қай қоғамда да байлықтың барлық түрі вир-
туалды қаржы институттарының қолымен емес, 
адамның  қолымен  жасалды», – деп,  барлық 
қасіреттің «қайнар көзі» жемқорлыққа тірейтінін 
ашық айтып отырған жоқ па?
Арал қасіреті де – соның бір көрінісі. Жəне 
жеке-дара  мемлекет  шекарасымен  шектеліп 
қалған  емес,  Күллі  Жер  планетасына  кері 
ықпалын тигізген, əлі де талай-талай күйзеліске 
ұшырататын  апат  екенін  қайта-қайта  есте 
ұстасақ дейміз. 
Ертелі  айтқан  ой-пікірімізді  қорыта  келе, 
мақаламызды  Қасиетті  Құранның  Бақара  сүре-
сіндегі  «Алланың  ырзығын  ішіңдер,  жеңдер, 
тек  Жер  бетінде  бұзықтық  жасамаңдар», – де-
ген 60-аятымен  тұжырымдағым  келеді.  Себебі: 
табиғатқа қол жұмсағаннан асқан бұзықтық жоқ! 
Əумин! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет