Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата12.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#8959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНДАР 
ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАҢАША БАҒЫТТАР
Б.Т. ЕЛЕУСІНОВ, 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор
О.М. МАХАНБЕТОВ, 
Қызылорда облысы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі таңда еліміз инновациялық­индустриалық дамуға бет алғаны белгілі. Таяу жылдарда елі­
мізде құны миллиардтаған доллар болатын жүздеген нысандар бой көтеретін болады және тиісінше 
мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Ел экономикасы үшін маңызды өндіріс орындарын іске қосу аса 
күрделі іс болса, сондай заманауи кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету одан да күрделі 
іс. Елімізде білікті техникалық кадрлардың жетіспеушілігінен осы күнге дейін экономиканың маңызды 
салаларындағы өндіріс орындарын амалсыздан шетелдік жұмысшы күшімен толтырып келеді. Елбасы 
үкіметке отандық кәсіпорындарды барынша отандық кадрлармен қамтамасыз ету міндетін қойғаны 
белгілі. Бұл міндет индустрияландыру бағдарламасы іске асырылып жатқан қазіргі тұста аса өзекті 
бола  түсуде.  Сондықтан  білім  беруді  дамытудың  жаңа  бағдарламасында  техникалық  және  кәсіптік 
білім  беру  басым  бағыттардың  бірі  ретінде  белгіленген.  Бұл  бағыттың  негізгі  мақсаты  техникалық 
және кәсіптік білім беру жүйесін индустриялды­инновациялық дамудың талаптарына сәйкес жаңғыр­
ту болып табылады. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны кәсіби стандарттармен 
қамтамасыз ету, индустриалды жобалар сұраныстарын ескере отырып мазмұнын жаңарту, индустриял­
ды жобалар бойынша кадрларды даярлау, инфрақұрылымдарын дамыту сынды іс­шараларды жүзеге 
асыру қарастырылған.
Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыру – ел экономикасының тұрақты өсуін, 
қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі және жастардың 

11
тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады. Осыған орай, қа­
зіргі таңда кәсіби білікті мамандар даярлау ісі мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып, еліміздің 
стратегиялық даму жоспарында негізгі басымдықтардың қатарында тұр. 
Елбасының  үстіміздегі  жылғы  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  еңбек 
қо ғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Білім беру мекемелерін оңтайланды­
ру;    оқу­тәрбие  үдерісін  жаңғырту;  білім  беру  қызметтерінің  тиімділігі  мен  қолжетімділігін  артты­
ру, сонымен қатар, дуалды кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадрларының 
жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» деп 
еліміздегі білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыттарын атап көрсетті. Қоғам мен заман талабы­
на сай инновациялық­индустриалық даму сұраныстарын қанағаттандыратын білікті кәсіби мамандар 
даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. 
Қазіргі таңда облыс көлемінде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикасын дамытып, өндірісін 
өркендететін кәсіби маман даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беретін 23 колледж және 13 кә­
сіптік лицей жұмыс жасайды. 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап барлық кәсіптік лицейлер колледж 
мәртебесін иеленді.
Техникалық  және  кәсіптік  оқу  орындарында  87  мамандықтың  110  біліктілігі  бойынша  барлығы 
27960 оқушы кәсіптік білім алуда. 
 Бүгінгі күні облыс колледждерінде 1320 оқытушы және 21 өндірістік оқыту шебері жастарға кәсіби 
білім мен тәрбие береді.
Олардың ішінде: жоғары санатты – 200; 1­санатты – 270 және 2­санаттылары – 325 оқытушы.
Кәсіптік лицейлерде 376 оқытушы қызмет жасайды, оның ішінде: жоғары санатты – 20; 1­санатты – 
88 және 2­санатты – 149 оқытушы бар. 
Білім алушыларды өндірістік оқытуға машықтандыратын 371 өндірістік оқыту шеберлерінің ішін­
де: жоғары санатты – 10; 1­санатты – 58 және 2­санаттылары – 135­ті құрайды. Кәсіптік лицейлер­
де қызмет жасайтын 119 оқытушы мен 168 өндірістік оқыту шеберінің біліктілік санаттары жоқ. Қа­
зіргі  кезең  колледждер  мен  кәсіптік  лицейлердің  оқытушылары  мен  өндірістік  оқыту  шеберлерінің 
шығармашылық ізденіспен, сергектікпен жұмыс жасауларын талап етеді. 
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше басымдық беріліп отырған қа­
зіргі  кезеңде  осы  саланың  кәсіби  білікті  мамандарын  даярлау  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 
жүйесінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің алдына жаңа талаптар қойып отыр. Оқы­
тудың теориялық және практикалық үдерісін жандандыру, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, 
мамандықты игертудің озық технологияларын іздестіру оқушылардың біліктілігін, оқуға деген ынта­
сын, белсенділігін арттырудың бірден­бір тиімді жолы болып табылады. Осы бағытта барлық педагог 
қызметкерлердің біктілігін арттыруға қойылатын талаптар күшейтіліп келеді.  
Соңғы  3  жыл  көлемінде  (2010­2012  жылдары)  облыстағы  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 
жүйесінің 890 инженер­педагог қызметкерлері біліктіктерін арттырды, оның ішінде:
– Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми­педагог кадрларының біліктілігін арт­
тыру институтында – 183; 
– Облыстық біліктілік арттыру институттарында – 630; 
– Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жа­
нындағы өңіраралық орталықта – 45;   
– «Өзін­өзі тану» курстарынан 32 тыңдаушы біліктілігін арттырды.
2012 жылдан бастап педагогтардың біліктілік арттыру курстары жаңаша бағыттарда жүргізіле бас­
тады. Атап айтқанда: 
1) Қысқа мерзімді курстар (36 және 72 сағаттық). 2012 жылғы жоспар бойынша 3328 тыңдаушы 
курстан өтуі қажет болса, І жартыжылдықта 1862 тыңдаушы біліктіліктерін арттырды.

12
2) Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша жүргізілетін 3 айлық біліктілік арттыру курс­
тары. Жоспар бойынша 2012 жылы 450 тыңдаушы біліктілік арттырулары қажет. 1­кезеңде 163 тың­
даушы курстан өтіп, оның 8­і біліктілік арттыру емтиханын тапсыра алмады. 
3) Электронды оқыту (e­learning) курстары бойынша 2012 жылы 418 тыңдаушы курстан өтуі қажет. 
Қазіргі таңда барлығы 300 тыңдаушы аталған курстан өтті. 
Бүгінгі  таңда  электрондық  оқытуға  барлық  әлемнің  назары  ауып  отыр.  Электрондық  оқыту  жү­
йесін  құрудың  жалпы  мақсаты  –  жаппай  сапалы  білімге  бағытталған  озық  білімдік  ресурстар  мен 
технологияларға білімдік үдерістің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету. 
Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару тиімділігін, сыртқы ортамен 
ақпараттық кірігуді арттырады, сонымен қатар:
– Білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру үшін; 
– Білімдік процесті технологияландыру үшін;
– Отандық цифрлық білімдік ресурстарды ( ЦБР ) дайындау үшін жағдайлар жасайды. 
2020 жылға дейін білім беру ұйымдарының 90%­ының қажетті оқу ресурстары бар Интернет­ресурс­
тары болады. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен 
толықтыру, ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оқытушылар жасаған 
электрондық білім беру ресурстары дамытылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған бағдарлама сы­
на  сәйкес  Қызылорда  облысы  бойынша  33  білім  беру  ұйымына  электрондық  оқыту  жүйесін  ен гізу 
жоспарланған. Олардың қатарында И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық­техникалық колледжі, М. Мә­
метова атындағы гуманитарлық колледж, №6, 8, 9 кәсіптік лицейлер және 28 жалпы білім беретін орта 
мектептер бар. 
Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне электрондық оқыту (e­learning) жүйесін 
енгізуге дайындық жүргізу мақсатында 5 біліктілік арттыру курстары өткізіліп, оларға 125 тыңдаушы 
қамтылды. 
Қазақстан Республикасының 2011­2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасында атап көрсетілгендей, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде: 
– жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар базасында біліктілігін 
арттырып отырады; 
–  арнайы  пәндердің  оқытушылары  мен  өндірістік  оқыту  шеберлері  біліктілігін  арттырады  және 
әлеуметтік әріптестер есебінен кәсіпорындарда, шетелдерде тағылымдамадан өтеді.          
Осы бағытта үстіміздегі жылғы өткізілген 2 біліктілік арттыру курсында кәсіптік лицейлердің ар­
наулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін өндірісте тәжірибеден өткізу мақсатында 
Қызылорда қаласындағы «Монтажспецстрой» ЖШС базасында болып, арнайы біліктіліктерін арттыр­
ды. 
Облыстық  бiлiм  беру  қызметкерлерінің  бiлiктiлiгiн  арттыру  және  қайта  даярлау  институты  кол­
ледждер  мен  кәсіптік  лицей  оқытушылары,  өндірістік  оқыту  шеберлерінің  педагогикалық,  кәсіби 
шеберліктерін  арттыру,  оқу­өндірістік  және  тәрбие  берудегі  озық  іс­тәжірибелерін  анықтау  және 
насихаттау, кәсіптік білім берудегі шығармашылық бастамаларын қолдау, дамыту мақсатында жос­
парлы жұмыстар мен іс­шаралар ұйымдастырып келеді. Институт жоспарына сәйкес жыл сайын об­
лыс колледждері мен кәсіптік лицейлерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби 
құзырлылығы  және  біліктілігін  арттырудың  тиімді  жолын  іздеуге,  шығармашылық  жұмыстардың 
жаңа  моделін  іріктеуге  бағытталған  «Колледждің  үздік  оқытушысы»,  «Кәсіптік  лицейдің  үздік 
оқытушысы» және түрлі мамандықтар бойынша «Үздік өндірістік оқыту шебері», информатика пәні 
оқытушыларының «Алтын диск» байқауы атты облыстық кәсіби байқаулар мен конкурстар өткізіліп 
келеді. 
Жаңа  тұрпатты  кәсіби  мамандарды  сапалы  даярлаудағы  басым  бағыттарды  талдау,  оларды  іс­
тәжірибеде пайдаланудың тиімділігін арттыру, педагогика, кәсіптік педагогика ғылымының практи­
камен қазіргі заманғы бірігуін және байланысын нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы 

13
техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындары  педагог  қызметкерлеріне  арналып  өткізілді. 
Педагогикалық оқуларға облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 
шығармашылық ізденіспен еңбек ететін оқу орны басшылары, әдіскерлер, оқытушылар мен өндірістік 
оқыту  шеберлері  қатысты.  Педагогикалық  оқуларға  жалпы  70­тен  астам  жұмыстар  тың далып, 
аталған  шараның  пленарлық  және  секция  мәжілістерінде  алдын­ала  сараптаудан  өткен  50­ден  аса 
шығармашылық жұмыстар арнайы жинақ түрінде шығарылып, таратылды. 
Кәсіптік  оқыту  үдерісінің  сапасын  арттыруға  оқу  орындарының  материалдық­техникалық  база­
сының  толық  жаңартылмауы,  оқу­әдістемелік  қамтамасыз  етудің  төменгі  деңгейі,  қазіргі  заманғы 
оқу  әдебиетінің,  әсіресе  арнаулы  пәндер  бойынша  мемлекеттік  тілдегі  әдебиеттердің  тапшылығы 
едә уір  кедергі  болып  табылады.  Осындай  өзекті  мәселелерді  тиімді  шешу  бағытында  Қызылорда 
қаласындағы №6 кәсіптік лицейде құрылған арнайы шығармашылық топтың ғылыми­ізденіс жұмыс­
тарының нәтижесінде «Өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электрмонтеры», «Газэлектр­
мен  дәнекерлеу»,  «Үйлер  мен  ғимараттарды  салу  және  пайдалану»,  «Тігін  өндірісі  және  киімдерді 
модельдеу», «Жылу жүйесі жабдықтарын жөндеуші­слесарь» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 
мамандықтарына арналған қазақ тіліндегі оқу құралдары дайындалды. Дайындалған еңбектер облыс­
тық бiлiм беру қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтының Эксперттік 
са раптау  кеңесінен  өткізіліп,  «Фолиант»  баспасынан  жарыққа  шығарылды.  Аталған  оқу  құралдары 
республика  көлемінде  таратылып,  колледждер  мен  кәсіптік  лицейлердің  оқу­өндірістік  үдерісіне 
пайдалануға енгізілді.
 Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен 
білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман бола тын­
дай деңгейге көтерілу болып табылады» деп атап көрсетті. Бәсекеге қабілетті маман білікті, білімді, 
кәсіби жағынан ғана шебер болмауы керек, сонымен қатар өз елінің мәдениетін, салт­дәстүрін, тілін 
жетік меңгерген, жан­жақты дамыған тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда алып қарасақ, ұлт тық рухтағы 
әлемдік білім деңгейінің талаптарына сай ұлтжанды азамат тәрбиелеу үшін білім беру ұйым дары оқыту 
мен тәрбиелеу үдерісінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану, құзыреттілік­әрекеттілік тұрғыда 
оқыту, жаңаша авторлық технологиялар мен бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі туын­
дайды. 
Қазіргі  уақыт  әрбір  ұстаздан  үздіксіз  ізденімпаздық  пен  шығармашылықты,  кәсіби  шеберлікті, 
құ зырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Бү­
гінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде 
педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негіздел ген 
технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез 
келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін, құзырлы азаматтарды қалыптастырады. 
Құзырлы  тұлға  қалыптастыру  стратегиясының  философиясы  «Қазақстан­2030»  стратегиялық  даму 
бағдарламасы және «Білім туралы» Заңда айқындалған тұжырымдамалар негізінен алынған. Өйткені, 
осы аталған құжаттарда білім алушыларды шығармашылықпен, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, да­
мыту қажеттілігі айқындалған. Жастарды оқыту және дамыту дегеніміз – шығармашылықпен айналы­
сатын интеллектуалы жоғары адамдарды, сайып келгенде, құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Қай қоғам 
болмасын ойлау қабілеті дамыған, өз жұмысын кәсіби тұрғыда, шығармашылықпен атқаратын білімді, 
кәсіби білікті мамандарды қажет етеді. 
   
Әдебиеттер:
1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоға­
мына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы. – Астана, 2012.
2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекет тік 
бағдарламасы. – Астана, 2011.

14
  Резюме
В данной статье рассматриваются новые направления процесса повышения квалификации педаго­
гов профессионально­технического образования с целью подготовки квалифицированных специали­
стов.
Summary
This article is examining questions about staff Re­training teachers by new directions in professional and 
technical Educationsphere through qualification specialists.
 ӘОЖ 61(17)
СТУДЕНТТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ПӘНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПАРАЛЫҚ 
ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
Л.Г. ТУРГУНОВА, А.Р. АЛИНА, Р.Е. БАКИРОВА
Н.В. ВАСИЛЬЕВА, Е.М. ЛАРЮШИНА, А.С. ФАЗЫЛОВА, 
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық 
сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту – жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деген еді [1, 2]. 
Бұл қазіргі таңда жоғарғы білім беру стратегиясы мен дамыту қағидаларын, әсіресе, медициналық 
білім беруде анықтау қажет екендігін көрсетеді. Ол білім беру тәжірибесіне жаңа ақпараттық, педа го­
гикалық және білім беру технологияларын енгізуді талап етеді [3]. 
XII ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры, тек техникалық саладағы жаңарулар емес, сонымен бірге 
мамандарды дайындаудағы әдістер мен технологиялардың жандандырылуы болып есептеледі.
Еуропалық  білім  беру  кеңістігіне  енуге  байланысты  біз  оқыту  әдістері  мен  түрлерін  өзгертуіміз 
қажет. Нарықтық қатынас кезінде білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдауды, бола­
шаққа жауаптылық сезімі мен өзінің кәсіптік мүмкіндігіне сенімді қалыптастыратын заманауи білім 
беру – инновациялық оқыту жүйесі керек [3]. 
Мамандандырылған  медицина  қызметкерлерін  дайындау  республикамыздың  әлеуметтік  қажет­
тілігін қалыптастыру болып табылады. Медицина қазіргі кезде, әсіресе, тәжірибелік және теориялық 
медицинаның дамуы жоғары технологиялардың дамуымен қатар қарқынды түрде ілгері басуда [3, 4]. 
Кәсіпаралық медициналық білім беру екі немесе одан да көп мамандардың бір­бірінен өзара оқу, 
үйрену мақсатында бірігіп жұмыс атқаруы. Бұндай көзқарастың мақсаты мамандардың тығыз ынты­
мақтастығы мен науқастарға сапалы көмек көрсету мен оны жетілдіру болып табылады [4, 5]. 
Пәнаралық оқыту дегеніміз – әр түрлі пәндер арасында ақпарат және машықтармен өзара алмасу. 
Бұл алмасулар фрагментарлы сипатта емес, жүйелі, біріктірілген түрде болуы керек [6]. 
Кәсіпаралық оқыту – әр түрлі мамандық бойынша (мысалы: жалпы медицина, медбикелік іс, қоғам­
дық денсаулық сақтау) білім алатын немесе әр түрлі мамандардың ролін атқаратын студенттердің 
бір­бірімен байланысы. Сол себепті студенттер «кәсіпаралық» немесе «пәнаралық» топтарға біріктірі­
ліп, олардың жалпы білім беру нәтижелеріне жету деңгейіне байланысты бағаланады. Бұл әдіс бойын­
ша білім берудің соңғы нәтижесі бойынша студенттер медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету 
үде рісіне қатысатын басқа мамандарды түсіне білуі, сыйлау және қолдай білуі қажет. Студент топтың 
тең құқықты мүшесі ретінде нәтижелі қарым­қатынас көрсетіп, науқасқа мамандандырылған, сапалы 

15
көмек көрсету мақсатында медициналық және әлеуметтік саладағы үдерістердің өзгермелілігін түсіне 
отырып  барлық  мамандыққа  тән  білім  деңгейі,  машықтар  кешенін  көрсетуі  керек.  Сонымен  қатар, 
топтың басқа мүшелерін қадағалап, олардан үйрену, әрбір топ мүшесінің әрекеті жалпы жұмысқа әсер 
ететіндігін жадыда ұстауды да міндетке алу қажет [6, 7].
Кәсіпаралық топтарға бөліну және науқасқа қызмет көрсету барысында келесі кезеңдерді қарас­
тыруға болады: клиникалық жағдайды қарастыру, көзқарас, пікірлермен алмасу, мүшелер арасында 
міндеттерді бөліп алу, жағдайды бағалау мен әрекеттерді жоспарлау, науқасқа қызмет көрсету, атқа­
рылған жұмысты сараптау, жұмыстың аяқталуы.
Шетелде жүргізілетін кәсіпаралық және пәнаралық оқыту бойынша мәліметтеріне сараптама жүр­
гізсек, пәнаралық оқыту алғаш рет Польшаның Варшава университетінде құрылымдық, жүйелі түр­
ге  ие  болды.  Гуманитарлдық  ғылымдар  бойынша  пәнаралық  білім  беру  концепциясы  1993­1994  жыл­
дары Варшава университетінде қолға алынды. Қазіргі таңда он жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт  
аралығында оқытудың бұл үлгісі білім беру саласында өз орнын таба білді, бірталай тәжірибе жинақ­
талды. Польшаның Болон декларациясына қол қойғаннан кейін осы декларацияны құптаған еуропа 
елдерінде пәнаралық оқытуға қызығушылық пайда болды. Жоғары білім беру саласында пәнаралық 
оқыту үлгісі Болон жүйесіне еніп, жоғары деңгейлі білім беру үлгісі ретінде қабылданды. 
Пәнаралық оқытуда студенттер өздеріне жеке оқу бағдарламасын құруына мүмкіндік алды. Пән­
аралық оқыту 2000 жылдарда Украина мен Белоруссияның ғылыми академиялық шеңберіне ене бас­
тады. 2002 жылы гуманитарлық ғылымдар бойынша пәнаралық оқыту Львов университетінде, 2003 жы­
лы Гродно мемлекеттік университетінде, 2004 жылы Белорус мемлекеттік университетінде жүр гізіле 
бастады [8]. 
Бұл оқу әдісі студенттердің тәуелсіздігіне және оқытушы мен студенттер арасындағы жолдастық 
қарым­қатынасқа негізделген. Пәнаралық білім алу аясында студенттер әр түрлі факультеттер мен ка­
федралар ұсынатын сабақтар арасынан таңдау жасай отырып оқу жоспарын өздері үлгілей алады. Олар 
үшінші оқу жылына дейін белгілі бір мамандық бағытынсыз кез­келген пәнді немесе курсты таңдай 
алады.  Бір  мамандық  бойынша  диплом  алу  үшін  осы  мамандыққа  тән  пәндер  бойынша  белгілі  бір 
академиялық сағаттар мен сынақ бірліктерін жинау керек. Оқу аяқталғаннан кейін таңдаған мамандығы 
бойынша диплом алады. Сонымен бірге пәнаралық оқыту бойынша білім алғандығы, оқыған курстар 
нәтижелері енгізілген құжат беріледі [8]. 
Алғашқыда гуманитарлық пәндер арасында қолданылса, қазіргі таңда бұл инновациялық оқу әдісі 
заманауи техникалық және медициналық ғылымдар саласына енгізілуде. 
Оңтүстік  Каролина  Университетінде  (АҚШ)  студенттерде  кәсіпаралық  және  пәнаралық  оқыту 
санаторий, аурухана, әлеуметтік қорғау орталықтарында жедел және созылмалы аурулары бар нау­
қастардың  шынайы  клиникалық  жағдайы  бойынша  жүргізіледі.  Студенттер  жалпы  медицина,  фар­
мация,  медбикелік  іс,  стоматология  мамандықтары  бойынша  біріктірілген  мақсаттарға  ие  болатын 
клиникалық жағдайларда науқасқа қызмет атқарады [7]. 
Томас  Джеферсон  Университетінде  (АҚШ)  кәсіпаралық  және  пәнаралық  білім  беруге  жауапты 
оқытушы екі жыл аралығында 3­4 мамандық бойынша оқитын құрамында 4­5 студенті бар кәсіпаралық 
топпен 8 рет кездеседі. Жетекшілерімен кездесу барысында студенттер мамандықаралық мақсатқа ие 
жағдайларға  қатысып,  пікірталас,  оқытушымен  кері  байланыс  ұйымдастырылады.  Жұмыс  соңында 
студенттердің меңгеру деңгейін жазбаша түрде бақылайды [7]. 
Нью­Мексика  Университетінде  (АҚШ)  студенттер  оқытушымен  біріге  отырып  пәнаралық  ма­
шықтарға негізделген сценарий құруға қатысады. Студенттер (әдетте 8­12 студент және екі оқытушы) 
көктемде 3 ай пәнаралық топтар құрамында ауылдық жерлерде болып, денсаулық жәрмеңкесіне, ха­
лықты медициналық қарау, жасөспірімдер, жастар арасында ішімдік пен нашақорлықтың зияндылығы 
туралы үгіт­насихат шараларына қатысады [7]. 
Осы жасалған сараптама нәтижесіне қарасақ, беделді шетел жоғарғы оқу орындарында кәсіпара лық 
және пәнаралық оқыту тәрізді инновациялық білім беру әдісі студенттердің өзіндік білім алуы мен оны 
жетілдіруі үшін маңызды екендігін айқындауға болады. 

16
Шетелдік мәліметтерге және республикамызда жүргізіліп жатқан еңбектерге сүйене отырып, Қа ра­
ғанды мемлекеттік медицина университетінің жанынан құрылған білім беру мен оқытудың белсенді 
әдістері комиссиясының қолдауымен ішкі аурулар, акушерлік іс және гинекология, жалпы тәжірибе 
дәрігері кафедраларында кәсіпаралық оқыту қолға алынды. Терапевттер, гинекологтар, жалпы тәжіри­
бе саласы бойынша оқитын дәрігер­интерндердің тақырыптық жоспарлары, білуі және меңгеруі қажет 
машықтары мен құзыреттіліктерін ескере отырып кәсіпаралық және пәнаралық оқытуға арналған та­
қырыптар тізімі қарастырылды. Жоғарыда аталған мамандық бойынша білім алатын дәрігер­интерн­
дер арасынан кәсіпаралық оқыту тобы құрылды. Ішкі аурулар, акушерлік іс және гинекология, жалпы 
тәжірибе дәрігері кафедралары оқытушыларының көмегімен таңдалып алынған тақырыптар бойын­
ша клиникалық сценарийлер құрастырылды. Клиникалық сценарий көмегімен кәсіпаралық оқыту ды 
өткізу алдында студенттерге тек талқыланатын тақырыптың жалпы нұсқасы ғана айтылатындықтан, 
студенттерден кең көлемді, терең, тиянақты дайындалуды қажет етеді. Бұл сценарийлер оқу­клини­
калық  орталықтың  құрал­жабдықтары  мен  стандартталған  науқастардың  көмегімен  жүргізіледі. 
Клиникалық сценарийге қатысты жабдықтарды, стандартталған науқастарды, зертханалық және ас­
пап тық зерттеу әдістерінің нәтижелерін дайындау оқытушыларға жүктеледі. Мысалы, «Жүктілердегі 
ты ныс  алу  ағзаларының  аурулары»  тақырыбы  бойынша  жүргізілетін  кәсіпаралық  оқыту  сценарийі­
не  тоқталсақ.  Алдын­ала  оқу­клиникалық  орталығында  оқытушылар  жабдықтарды,  науқастың  үйі, 
те рапия,  акушерлік  іс  және  гинекология  саласы  бойынша  қабылдау  бөлімдеріне  еліктеме  бөлмелер 
дайындайды.  Стандартталған  науқасқа  және  науқастың  туысқанына  (кафедра  ассистенттеріне)  кли­
никалық сценарийдің жоспары, оларға жүктелетін міндеттері айтылады. Үш мамандық бойынша білім 
алатын  студенттерге  қысқаша  клиникалық  жағдай  түсіндіріледі.  Студенттер  2  топқа  бөлінеді.  Бір 
топ – бақылаушылар, екінші топ – клиникалық сценарийге қатысушылар. Бақылаушылар тобына ба­
қылау және бағалау парақтары ұсынылып, арнайы жабдықталған бақылау бөлмесіне отырғызылады. 
Сценарийге қатысатын топ мүшелері арасында мамандығына байланысты жалпы тәжірибе дәрігері, 
фельдшер, қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері, дәрігердің көмекшісі, пульмонолог, реаниматолог, 
акушер және гинеколог рольдері бөлінеді. Әрі қарай дәрігерлердің әрекеті бақыланып, видеотүсірілім 
жүргізіледі.  Сценарий  соңында  видеотүсірілім  қаралып,  дәрігер­интерндердің,  әрқайсысының  кли­
никалық сценарийде алған орны, коммуникациялық, тәжірибелік машықтары, диагностикалық және 
емдеу  шара ларын  анықтаудағы  көзқарастары,  жағдайдың  кенет  өзгеруіне  байланысты  шұғыл  жағ­
дайдағы іс­әрекеттері, топ арасында жұмыс атқара алуы талқыланып, бақылаушылар тобы және оқы­
тушылармен кері бай ланыс жасалады. 
Оқыту  барысында  кәсіпаралық  оқыту  топтарына  енген  студенттер  (жеке  пікірі  және  сұрақна­
ма  нәтижелері  бойынша)  осы  әдістің  нәтижелілігінің  жоғары  екендігін,  шынайы  жағдайда  нау қас­
қа  көмек  көрсету  барысында  клиникалық  логиканы  арттыратындығын  және  тәжірибелік  машық­
тарды  жетілдіретіндігін,  басқа  мамандармен  келісе  жұмыс  атқара  алуға  бейімдейтіндігін,  үлкен 
жа уапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті. Кәсіпаралық және пәнаралық оқыту әдістері оқытушы­
лардың  тиянақты,  үлкен  дайындығын  қажет  еткендігімен,  студенттердің  коммуникациялық  және 
тәжірибелік машықтарды, аурудың және шұғыл жағдайлардың диагностикасы, емдеу шараларын мең­
геру деңгейі мен сын сәттерде іс­әрекетін бағалауда тиімді екендігі анықталды. 
Қорыта келгенде, шетел мәліметтерінің сараптамасы мен өзіндік жүргізілген бақылаулар мен тал­
қылаулар нәтижесінде пәнаралық және кәсіпаралық оқыту инновациялық білім берудің әдісі ретінде 
медициналық жоғары оқу орындарында студенттердің клиникалық құзыреттілігін жетілдіруде маңыз­
ды  екендігін  айтуға  болады.  Кәсіпаралық  медициналық  білім  беру  әдісінің  болашақ  мамандардың 
тығыз  ынтымақтастығы  мен  науқастарға  сапалы  қызмет  көрсетудегі  тәжірибесін  арттыруда  санаты 
жоғары, жаңа заман талаптарына сай мамандарды даярлауда маңызы зор. 
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». – Астана, 2007 жылғы 28 ақпан // http: //www. Kazembassy .by/ofisial_ 
astana/new. html.

17
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында [Мәтін]: 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. На­
зарбаев // – Астана: Елорда, 2005. – 48 б. 
3. Байдурин С.А. Пути оптимизации преподавания внутренних болезней в медицинском вузе / С.А. Бай­
дурин, А.Х. Альмухамедова, Ф.К.Бекенова [и др.]. // Клиническая медицина. – 2008. – №3. – С. 36­38.
4. Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Тургунова Л.Г., Мациевская Л.Л., Седач Н.Н. Сфера компе­
тентности выпускника медицинского вуза. Компетентности: Навык работы в команде. Профессиона­
лизм / Методические рекомендации. – Караганда, 2010. – 84 с.
5. Герасименко С.Л. Соврешенствование коммуникативной культуры студентов в условиях меди­
цинского вуза // Электронный педагогический журнал. – 2007. – №1.
6. Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной работы: Содержание и методы психосоци­
альной практики. – М.: Академия, 2002. – 147 с.
7. Шорникова О.Н. Этапы формирования междисциплинарной технологии обучения студентов // 
http://www.rusnauka.com/6_NITSB_2010/Pedagogica/59672.doc.htm
.
8. Иваницкий С.А. История международного опыта междисциплинарного обучения // 
http://rudocs.
exdat.com/docs/index­445647.html
.
Резюме
Развитие науки и образования в современном мире все более определяется междисциплинарной 
конвергенцией и интеграцией различных областей знания. В статье рассмотрены вопросы междисци­
плинарного и межпрофессионального образования, показана история международного опыта междис­
циплинарного  обучения.  Обоснована  высокая  актуальность  междисциплинарного  и  межпрофессио­
нального образования в условиях повсеместного внедрения Болонской системы высшего образования. 
Summary
The development of science and education in a modern world is increasingly determined by interdisciplinary 
convergence  and  integration  of  the  various  areas  of  knowledge.  The  issues  of  interdisciplinary  and 
interprofessionaleducation and history of international experience in interdisciplinary education are considered 
in the article. High topicality of interdisciplinary and interprofessionaleducation in the conditions of ubiquitous 
implementation of Bologna system of education is substantiated. 
УДК 907.23

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет