Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ҚАТЫСЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата14.02.2017
өлшемі6,42 Mb.
#4107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ҚАТЫСЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қ.Е. АБИЫР, 
филология магистрі,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуші педагогтардың, әдіскерлердің, психологтардың, ғылыми-
педагогикалық зерттеу орталықтарықтарының жұмыстары тілді оқыту әдістемесі мәселелерімен тығыз 
байланысты. Тілді оқыту әдістемесінің түрлері көп. Қазақ тілін практикалық жақтан үйретудің бұрыннан 
қалыптасқан әдістері – талдау, жинақтау, салыстыру, өзгерту, баяндау, әңгімелесу, жаттығу, индукция, 
дедукция, бақылау, бекіту, т.б. Соның бірі – оқушы мен оқытушының тілдік қатынас арқылы тығыз бай-
ланыста оқыту әдістемесі. Ал бұл қатысым әдісі арқылы оқыту теориясымен етене жақын. Сондықтан 
бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында сан алуан әдіс-тәсілдерінің ішінде қатысым әдісі арқылы 
оқытудың  алатын орны ерекше [1,3]. Себебі тілдік қатысым барысында балалар бір-біріне өз ойларын 
толық  әрі  жатық  та  көркем  етіп  жеткізуді  үйренеді.  Айтар  ойын  қысылмай  еркін  жеткізуге  төселеді. 
Сөйлемдерді бір сөзді қайталай бермей, жүйелі түрде өзара байланысқан сөз тіркестері арқылы құрайды. 
Сөздік қоры молаяды, тілі дамиды, дүниетанымы кеңиді, жеке тұлға болып қалыптасуына толық жағдай 
жасайды. Алған білімдерін өмірде, тілдік қатысым барысында қолдана білуге машықтандырады. Мұның 
бәрі қатысым әдісі арқылы интерактивті және деңгейлік дамыта оқытумен бірлікте жүзеге асады. Бұл әдіс 
тілдік қатынас пен педагогиканың қосылған жігінде жүзеге асады. Сол себептен тілдік қатынастың линг-
вистика мен педагогика салаларындағы өзгешеліктеріне тоқтала кеткенді дұрыс санап отырмыз.
Қазіргі  таңда  тілдік  қатынас  мәселесінің  теориялық  тұрғыдан  дамуы  тілдік  коммуникацияның 
жеке ғылым болып қалыптасуына ықпал етті. «Коммуникация» терминінің қолданысын әмбебаптық 
сан салалы қырымен түсіндіруге болады. Себебі «қатынас» көп элементтерден құралған компонент 
болғандықтан,  коммуникация  қоғамдық-гуманитарлық,  жаратылыстану  ғылымдары  секілді  дербес 
пәндердің объектісі болып табылады. Қатысым теориясы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың (пси-
холингвистика,  психология,  педагогика,  лингвистика,  мәдениеттану,  этнография)  коммуникативтік 
аспектілері мен оларға тән ерекшеліктерді қарастырады. Қатысым теориясын лингвистика мен педого-
гика аясында қарастырамыз. Ғалымдар лингвистикалық қатысым теориясы жөнінде «Объектом линг-
вистической теории коммуникации выступают различные виды коммуникации. Субъектом выступает 
человек говорящий» деген пікір айтады [4, 13].
Қатысым – адамдардың қарым-қатынас жасауының басты тетігі. Қатысым қызметі ақпаратты хабар-
лау мен тасымалдаудың тәсілдерін анықтап, байланыс мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асырады.
Лингвистикада  қатысым  теориясы  сөйлеу  актісі  теориясымен  тікелей  байланысты.  Қатынастың, 
яғни коммуникацияның бірнеше түрі бар. Соның бірі – тілсіз қарым-қатынас. Адамдардың тілден тыс 
қарым-қатынасының түрі «тілсіз қатынас» деп аталады. Әр түрлі белгілерге, қимылдарға, т.б. осын-
дай  сипаттағы  қатынастар  арқылы  адамдар  бір-бірін  түсінеді.  Осы  сипаттағы  қатынас  түрін  «тілсіз 
қатынас» деп танимыз. Қатынастың енді бір түрі – тілдік қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз – ойлау мен 
сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде 
жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы 
берілетін,  адамдардың  өзара  түсінісуін  қамтамасыз  ететін,  тек  адамзатқа  ғана  тән  күрделі  тілдік 
қоғамдық-әлеуметтік процесс [5, 50].
Тілдік қатынас ең кемінде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылған. 
Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі атап өтеді. Бірақ бір ескертетін мәселе: тілдік 
қарым-қатынас, пікірлесу екі адамның арасында ғана емес, екі топтың арасында да немесе бір адам мен 
ұжымның, көпшіліктің арасында да болады. Бұл тілдік қатынастың жеке хабаршы және қабылдаушымен 
ғана шектелмейтіндігін, хабаршы мен қабылдаушының түрліше болып келетінін көрсетеді [6, 50-51].

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
34
Тіл – адам ойын білдіретін қарым-қатынас құралы. Қатысым барысындағы тілдің рөлі лингвистика-
лық коммуникация теориясының объектісі болып табылса, ал субъектісі – сөйлеуші адам, ол сөйлеу 
арқылы қарым-қатынас орнатады.
Қатысым  барысындағы  тілдің  маңыздылығын  Ф.Ш.  Оразбаева:  «Қарым-қатынас  –  тілдің  өмір 
сүруінің,  тілдік  болмыстың  басты  өлшемі.  Қарым-қатынас  сөйлеу,  сөйлесім  арқылы  жүзеге  асады. 
Сөйлеудің  ең  маңызды  құралы  –  тіл,  сөйлесімді  жүзеге  асыратын  да  –  тіл»  деп  көрсетеді  [1,  259]. 
Және оның мағынасын төмендегідей етіп ашып береді. Ғалым тілдік коммуникация туралы мәселені 
қарастырмастан  бұрын  «коммуникация»  немесе  «коммуникативтік»  терминдерін  қандай  мағынаны 
білдіретінін, қалай қолданылатындығы жөнінде сөз қозғайды. Қазақ тіл біліміне байланысты шыққан 
еңбектерді сұрыптай келе «коммуникатив» деген терминді тілшілер қоғамдық-әлеуметтік қызметіне 
қатысты қолданғанымен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ деген 
пікірге келеді [5, 36].
Адамдардың арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы 
әлдеқайда кеңейді. Сонымен қатар «коммуникация», «коммуникативтік» термині соңғы жылдары линг-
вистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің 
тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы «қарым-қатынас» тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге са-
ятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация 
тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация қоғамдық байланыс, қоғамдық 
қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация саяси өмірдегі байланыс, саясатқа қатысты 
қарым-қатынас дегенді байқатады.
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсында да оның қарым-қатынас 
құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның өзі сөздің, ең алдымен, тілдік қарым-
қатынасқа,  екіншіден,  адамдардың  өзара  ұғынысуына,  бірін-бірі  түсінуге  негізделетінін  дәлелдейді. 
Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, 
сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғады. Екі адамның бірінің 
жанын бірі ұғуы бір топтың түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуіне әкеледі. Осыдан 
барып, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы көрінеді, «коммуникативтік» терминінің 
әлеуметтік сипаты осыдан келіп шығады [5, 38].
«Коммуникативтік» терминінің тілдің қызметіне байланысты білдіретін мағынасы І. Кеңесбаев пен 
Т. Жанұзақовтың «Лингвистика терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде» анық айтылған.
«Коммуникативная  функция  предложения  –  сөйлемнің  коммуникативтік  функциясы»  (лат.  сom-
munication – қатынас, байланыс, сөйлемнің байланыстық қызметі).
Коммуникативная функция языка – тілдің коммуникативтік функциясы. Тілдің қатынас қызметі. Тіл – 
адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысатын қатынас құралы [6, 81].
Терминнің  тілге  байланысты  мағыналық  ерекшелігі  лингвистикалық  энциклопедиялық  сөздікте 
одан әрі нақтылана түседі: «Коммуникация  (лат. сommunication от сommuniсo – делаю общим, связы-
ваю, общаюсь) – общение, обмен мыслями, сведениями, идеями и т.д. специфическая форма взаимо-
действия людей в процессе их позновательно-трудовой деятельности» [7].
Сол сияқты Р.А. Абузяров пен З.И. Туеваның орыс тілін оқытуға арналған еңбектерінің барысында 
берілген лингвистикалық және методологиялық терминдерінің қысқаша сөздігінде «Коммуникация – 
сообщение, общение. Коммуникативный принцип заключается в обучении русской речи как средство 
общения в наиболее типичных коммуникативных ситуациях.
Коммуникативные ситуации – ситуации общения» деген түсініктемелер  жазылған [8, 8].
Тіл  білімі  терминдерінің  сөздігінде  «Коммуникация  (лат.  сommunication  –  байланысамын,  қа-
тынасамын)  адамдардың танымдық-еңбек процесінде қатынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу – олардың 
бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адам коммуникациясының хайуа-
наттар коммуникациясынан басты ерекшелігі – оның тіл арқылы жүзеге асатындығында.
Сөйлеу  арқылы  адамдар  өзара  еркін  түсінісе  алады.  Коммуникациялық  қызметте  тіл  танымдық-
белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудің маңызды тірегіне айналды. Тек 
жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметтің арқасында 
коммуникация қоғамның қалыптасуына айрықша ықпал етеді [9, 155].

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
35
Сөйлеу актісі тілдік бірліктер арқылы жүзеге асырылып, қатысымдық әрекеттің орын алуына себепші 
тілдің негізгі факторы ретінде көрінеді. Тілдік бірліктердің бұл ерекшеліктерін сөйлеу актісі барысын-
да қарастыру оның қатысымдық сипатын ашады. Қатысым теориясы қоғамдық құбылыстарды, заттар-
ды, қоршаған ортаны тілдік бірліктердің көмегі арқылы коммуникативтік тұрғыдан тұжырымдайды, 
қатысымдық мазмұн мен форманың ғылыми негіздерін дәйектейді. Сондықтан да сөйлеу актісіндегі 
тілдік  бірліктердің  қатысымдық  бірліктерге  айналу  процесі  ақпараттың  мазмұн  мен  форманы 
жинақтауынан, яғни кодталуынан көрінеді. Кодталу – баяншы санасындағы жеткізілуге тиіс ақпараттың 
тілдік  бірліктер  мазмұны  (лексикалық,  семантикалық,  қатысымдық)  мен  формасына  (сөзжасамдық, 
грамматикалық, т.б.) жинақталып берілуі.
Тілдік қатынас сөйлеу актісі арқылы жүзеге асады. Шетел және орыс тіл білімінде сөйлеу актісінің 
теориялық  негізі  кең  ауқымда  зерттелуде.  Бұл  мәселенің  күн  тәртібіне  қойылуы  Дж.  Остин, 
Дж. Серль, П. Грайс, Л. Медведева, А. Вежбицкая, В.В. Богданов, Г.О. Почепцов, Ю.Д. Апресян және 
т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады. Олар бұл күрделі процесті жүйелеуге, жіктеуге ты-
рысып, әр түрлі коммуникативтік модель түрлерін ұсынды.
Сурет 1. Тілдік қатынастың әдістеме мен лингвистикадағы байланысы
Зерттеушілер тілдік қатынасты бірнеше саты мен түрлерге бөліп көрсетеді. Тілдік қатынас, ең алды-
мен, ауызша және жазбаша тілдік қатынас деп екіге бөлінеді. Ауызша тілдік қатынас дыбыстық тілдік 
қатынасқа  құрылады.  Оған  қатынастың  айту  және  тыңдау  түрлері  жатады.  Жазбаша  тілдік  қатынас 
таңбалық  тілдік  қатынасқа  құрылады.  Оған  қатынастың  жазу  және  оқу  түрлері  жатады.  Сондай-ақ 
олардың (ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынас) бір-бірімен тығыз байланыста болатынын 
да жоққа шығармайды [5, 49]. Осы келтірілген тілдік қатынастың түрлерінің барлығы да (айту, тыңдау, 
жазу, оқу) қатысым әдістемесінде пайдаланылады. Оны сызба арқылы жоғарыдағыдай етіп көрсетуге 
болады.
Қатысым  әдісінің  басты  мақсаты  –  тіл  үйренушілермен  тікелей  тілдік  қатынаста  болу.  Ол 
қатынас тілді оқытушы мен тілді үйренушілер арасындағы диалогте көрініс табады. Ал диалог сыз-
бада  көрсетілгендей,  оқу,  айту,  тыңдау,  жазу  процестері  арқылы  жүзеге  асады. Қазақ тілі әдістемесі 
ғылымында  қатысым  әдісінің  іргетасын  қалаған  ғалым  Ф.  Оразбаева  қатысымдық  әдістің  өзіне  тән 
ерекшеліктері  бар  екендігін  көрсете  келе,  қатысымдық  әдістің  ең  басты  айырмашылығы  ретінде  оның 
екі  үлкен  ғылымның  басын  біріктіріп  отыруын  және  қатысымдық  әдістеме  ұғымының  пайда  болуын 
көрсетеді. «Оның бірі – лингвистика да, екіншісі – әдістеме ілімі. Әдістеме ілімінде әдістің қаншалықты 
маңызды рөл атқаратынына ешкім шүбә келтірмейді. Тілдік қатынас туралы мәселе соңғы жылдары тіл 
білімінде жеке сала ретінде бөлініп шығып, арнайы категория тұрғысынан қарастырыла бастады. Тіптен 
осының негізінде қатысымдық лингвистика, қатысымдық әдістеме тәрізді ұғымдар пайда болды» [5, 147]. 
Шындығында да, біз жоғарыдағы кесте арқылы қатысымның лингвистика мен әдістеме ғылымындағы 
байланысын көрсетуге талпындық.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
36
Сондай-ақ ғалым Ф. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік алты түрлі белгілерін көрсетті. 
Олар:
«1. Қатысымдық әдіс кем дегенде екі адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз 
қарым-қатынастың немесе белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.
2.  Қатысымдық  әдіс  оқушы  мен  оқытушының  әрқайсысының  өзіне  тән  міндеттері  бөлек  болып,  ал 
олардың алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.
3.  Қатысымдық  әдіс  үйренуші  мен  үйретушінің  бір-бірімен  пікір  алмасуын,  тіл  арқылы  сөйлесуін 
қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады.
4. Қатысымдық әдіс оқыту жүйесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді және амалдарды біріктіреді. Солардың 
ішінен бәріне ортақ қасиетке ие болатын біреуі басты өзек, жетекші кілт болады.
5. Қатысымдық әдістің басты белгілерінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты 
практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке-дара күйде іске аспай-
ды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
6. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім бермейді. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін 
қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі» [5, 147-148]. Және оған 
мынадай анықтама берді: «Қатысым әдісі дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы 
арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік 
категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын 
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» [5, 148]. 
Оқушылар мен мұғалім арасындағы мұндай еркіндік пен өзара теңдік бір-бірімен тығыз астарласып 
кеткен танымдық, қатысымдық байланысты жүзеге асыра келе, оның әлеуметтік қыры мен ішкі мазмұн-
мағынасын қатар игеру. Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін 
адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну 
негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян. 
Әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 367 б.
2. Викулова Л.Г., Шарупов А.И. Основы теории коммуникации. Практикум. – М., 2007. – 317 с.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 272 б.
4. Кенесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. – Алматы: Нау-
ка, 1966.
5. Лингвистический энциклопедический словарь. – М.: Совр. энцик., 1990. – 233 с.
6. Абузяров Р.А., Туева З.И. Русский язык на занятиях по начальной военной подготовке в нацио-
нальной школе. 2-е изд. – М.: Просвещение, 1989.
7. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 440 б.
Резюме
В  статье  рассматривается  теоретизированное  развитие  современной  коммуникативной  речи, 
становление  языковой  коммуникации  как  отдельной  науки  и  значение  коммуникативной  ком-
петенции.  Анализируются  взгляды  различных  ученых  относительно  коммуникативной  речи.  Также 
рассматриваются различные виды коммуникативных ситуаций. 
Summary
This  article  considers  theoretic  development  of  modern  communicative  speech,  formation  of  language 
communication as a separate science and communicative competence value. There were analyzed different 
scientists’  outlooks  concerning  communicative  speech.  There  are  also  considered  different  types  of 
communicative situations. 

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
37
ӘОЖ 8015616:809322
М. ҚАРАТАЕВТЫҢ ӘДЕБИ-СЫН МАҚАЛАЛАРЫ
Г. ӘШІРБЕКОВА, 
филология ғылымдарының кандидаты, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Ұлттық әдебиеттің тарихында әдеби сынның, сыншылардың алатын орны ерекше. Рухани дүниені 
байытатын  көркем  шығарманың  құндылығын  арттырып,  оқырманға  тигізер  пайдасын  елеп-екшеп, 
жазушының шығармашылық шеберлігін сарапқа салатын сын жанрын игеру кез келгеннің қолынан келе 
бермейді. Қазақ әдеби сынының тарихында Мұхамеджан Қаратаев өзіндік өрнегімен, дара қолтаңбасымен 
танылған. Кеңес дәуіріндегі сын жанрының кең қанат жайып, өрістеуіне сыншының қосқан үлесі зор.
Көп қырлы қалам иесінің рухани мұрасын құрайтын жиырмадан астам әдеби сын, зерттеу кітаптарының, 
жүздеген мақалалары қазақ әдебиетінің сол кездегі келелі мәселелерін сөз етуімен құнды. Мұхамеджан 
Қаратаевтың әдеби сын мақалаларының әрқайсысы шығарманың көркемдік сипатын ашуға бағытталған. 
Осы кезге дейінгі айтылған пікірлерді қайталамас үшін біз М. Қаратаевтың шығармашылық портреттерін 
сөз етуді жөн санадық. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, сын жанрларының тек әдебиетке 
ғана емес, публицистикаға да қатысы бар екендігіне көз жеткізу. Бұған дәлел ретінде сын жанрын зерттеуші 
ғалым Д. Ысқақұлының «Сын әдебиеттің жанры емес, сынның көркем әдебиет, публицистика сияқты өз 
жанрлары бар» деген пікіріне жүгінеміз [1,8]. Сын жанрларын әдеби, публицистикалық, философиялық 
деп жіктеп, іштей шартты түрде қара сөзбен (рецензия, шолу, эссе, шығармашылық портрет, т.б.) және 
өлең сөзбен (эпиграмма, пародия) жазылған деп бөлуге келеді. Публицистикалық жанрларға әдеби ха-
бар,  аннотация,  рецензия,  мақала,  шолу,  творчестволық  портрет,  әдеби  фельетон,  әдеби  очерк,  әдеби 
есеп, т.б. жатады. Әрі қарай ғалым аталған жанрларды хабар, талдау, әдеби-публицистикалық жанрлар 
деп қарастырады. Жанрлардың бұл ретпен жіктелуінің басты себебі зерттеу нысанына қарай екендігін 
де ұмытпауымыз керек. Әдеби сынның қарастыратын негізгі обьектілері шығарма, жазушы, әдеби про-
цесс болса, осыған сәйкес жанрлар да қалыптасады деп тұжырым жасайды. Шығармашылық портреттің 
негізгі нысаны – қаламгер.
М.  Қаратаевтың  «Сырдария  кітапханасы»  көп  томдығының  құрамына  енген  «Көргендерім  мен 
көңілдегім»  атты  жинағында  негізінен  естеліктері  мен  шығармашылық  портреттері  топтастырылған. 
Ұлттық  әдебиетте  ақын-жазушылардың  көпшілігі  естелік,  эссе  жанрында  қалам  тербегені  белгілі. 
Мемуарлық  дүниенің  көркемдігімен  қоса,  публицистикалық  сипаты  басым  екендігі  жасырын  емес. 
Естелік, эссе, шығармашылық портрет жанрлық ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. 
Бір  айта  кететіні  –  аталған  жанрлардың  оқырман  қызығушылығын  тудырып,  жылы  қабылданатыны. 
Ортақ белгі – өмірде орын алған шынайы оқиғаның, белгілі бір қаламгердің шығармашылық шеберхана-
сынан сыр шертетіндігінде. 
М.  Қаратаев  естеліктерінде  де  сыншылдық  көзқарасы  айқын  байқалады.  Бұл  –  біздің  әдеби  сын 
мұрасынан естеліктері мен портреттерін арнайы қарастыруымызға негіз болған екінші себеп.
Дарынды  сыншының  Жамбыл,  Сәкен,  Бейімбет,  Ілияс,  Мұхтар,  Сәбит,  Санжар  Асфендияров, 
Құдайберген, Ахмет Жұбановтар, Қаныш, Өтебай, Саттар Ерубаев шығармашылығы жайлы жазылған 
портреттері әдеби сынның арнасын ашып, мазмұнын байыта түседі.
Шығармашылық  портреттің  жанрлық  белгілері  туралы  профессор  Д.  Ысқақұлы  «Шығармашылық 
портреттің  негізгі  обьектісі  суреткер  дегенде  оның  шығармашылығына  ден  қойылады.  Өмірбаяндық, 
естелік, толғаныс, құжат сияқты түрлі мағлұмат-әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін. Осының бәрі белгілі 
бір шамада қажетіне қарай пайдаланылып, жазушының қаламгерлік қолтаңбасын, яғни шығармаларының 
өзіндік болмыс-бітімін, өзгешелік сыпаттарын ашуға қызмет етеді. Шығармашылық портретте негізінен 
талдаушылық тәсілдің орын алуы – оны әдеби портреттің басқа түрлерінен ажыратып тұратын басты 
белгілерінің бірі» деп тұжырым жасайды [1,149]. Жоғарыда аты аталған шығармашылық иелерінің өмір 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
38
жолы, шығармалары, туындыларында көркемдік көрініс тапқан шындық өмір жайлы пікірлерін білдірген 
М. Қаратаев әр тұлғаның ерекше қасиеттерін жеткізуге барын салған. 
Ең алғаш «Дала уалаяты» газетінде Шоқан, Ыбырай, кейіннен Ә. Бөкейханның Абай туралы жазған 
мақалалары осы шығармашылық портреттің бастауы десек, артық айтқандық емес. Сол уақыттан бері бұл 
жанрға көптеген ақын-жазушылар, сыншылар қалам тербеді. Соның ішінде шығармашылық портреттің 
озық үлгісін көрсеткен М. Қаратаев қазақ әдеби сынындағы ғылыми сипаттың айқын әрі басым көрінуіне 
ықпал етті.
Сыншы «Байырғы талант» атты шығармашылық портретінде Бейімбеттің өмір жолын шы ғармашылық 
қызметімен бірге қарастыра келіп, «Шұғаның белгісін» қазақ әдебиетіндегі осы тақырыптас туындылар-
мен салыстыра талдауы қаламгердің дара қолтаңбасын айқындап көрсетуге деген талпынысын көрсетеді. 
«Қамар сұлуда» жанр алалығы болса (өлең мен қара сөз араласқан), «Қалың малда» стиль шалалығы бар 
(арқауы бос, суреттері солғын, тілі олақ). Ал «Шұғаның белгісі» – жанры жөнінде де, стилі жөнінен де 
тұтас та мінсіз шыққан туынды. Көптен қалыптасқан, мәдениетті үлкен прозаның жемісі дерлік» [2,143]. 
М.  Қаратаевтың  шығармашылық  портреттерінде  жазушылық,  сыншылық  қасиеттері  қатар  өріліп, 
біте қайнасып жатады. Кейде көркем тілмен кестеленіп, кейде тұлғаның ерекше мінезін ашуда диалог-
ты жиі қолданса, кейде тарихи деректерді сипаттайтын публицистикалық стилді пайдаланады. Мәселен, 
«Мұхтар Әуезов туралы көрген, білгеніңді естелік түрінде қамтып жазамын деушілік теңізді қасықтап 
тауысамын  деумен  пара-пар»  деп  бастап,  кемеңгер  қаламгердің  өмір  жолын,  шығармашылығы  мен 
азаматтық тұлғасын бейнелейтін деректерді әдемі үйлесіммен бере білген. 
Сыншының шығармашылық портреттерінде көзімен көріп, көңілге түйген ойлары, жазушының шы-
найы бейнесін көрсететін оқиғалар, естеліктер жиі қолданылады. Бұл – портреттің жасалуына ең қажетті 
детальдар. Ең бастысы – сыншының оны талғаммен таңдап, ретімен баяндауы десек, артық айтқандық 
емес. 
Сәбит  Мұқанов  жайлы  жазылған  портретте  жазушының  шығармашылық  шеберханасынан  сыр 
шертетін деректерді жиі келтіреді. Қаламгердің тынымсыз еңбегін, әр сапарынан келген сайын очерк 
жазатындығы, өмір құбылыстарын жақсы білетіндігі, естігенін жадынан шығармайтындығы, қиыннан 
қиыстыратын керемет әңгімешілдігі, күтпеген жерден күлдіретін сөзуарлығы көркем баяндалады.
Санжар Асфендияровтың таланты мен эрудициясын оның өмірбаяны арқылы көрсеткен М.Қаратаев 
қазақтың  қайраткер  ұлы  жайлы  жазған  шығармашылық  портретінде  кейінгі  жастарға  үлгі-өнеге  ету 
мақсатын ұстанғандығын анық байқаймыз. Публицистикалық сипаты басым аталған шығармаларында 
сыншылдық көзқарасы жиі байқалады.
«Көргендерім мен көңілдегім» жайлы автор «Естегілерімді әңгіме еткенде бәрімізге үлгі-өнеге боп 
табылған аға жазушы, ғалымдардан және қарым-қатынаста болған қатар құрбы адамдардан аттап кете 
алмаймын, әрине. Әдебиет пен ғылымның тұңғыш ту ұстаушыларынан алған тәлім-тәрбиенің мәні тек 
мен үшін емес, біздің барлық ұрпақтар үшін зор екені хақ» деп жазады. Сын мұраты – әдебиет мұраты. 
Әдебиеттің мұраты оқырманына озық ой мен көркемдік нәр, рухани азық беру болса, сол мақсатты жіті 
бақылап, кезінде өткір ойларын ашық жеткізіп, өзгеше пікір-ұсыныстарын қаламгерлер қауымына мой-
ындата білген Мұхамеджан Қаратаевтың шығармашылық портреттері мен естеліктері, әлі болса, сөз етуді 
қажет етеді. 
Әдебиеттер:
1. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары (оқу құралы). – Алматы: Санат, 1999. – 321 б.
2. Қаратаев М. Көргендерім мен көңілдегім: Естеліктер, портреттер, лебіздер мен толғаныстар. – Аста-
на: Фолиант, 2009. – 328 б.
Резюме
В статье автор анализирует литературно-критические труды и творческие портреты выдающегося ли-
тературоведа, публициста М. Каратаева. Рассматриваются способы создания творческих портретов из-
вестных казахских писателей.
Summary
The author analyzes literary-critical works and creative portraits of famous literature scholar and publicist – 
M. Karatayev. There were considered ways of creation of well-known Kazakh writers’ portraits. 

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
39
ӘОЖ.809.322
МҰХАМЕДЖАН ҚАРАТАЕВ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
С. ДҮЙСЕНҒАЗИН, 
филология ғылымдарының кандидаты,
 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
ХХ ғасыр басындағы әдебиетті зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан ғалымдардың бірі – Мұхамеджан 
Қаратаев. Оның сол кездегі уақыт көзқарасымен зерделеген Сәкен Сейфуллин, Жамбыл Жабаев, Сәбит 
Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Өтебай Тұрманжанов, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Әбділда Тәжібаевтар-
дың  өмірі  мен  шығармашығы  туралы  зерттеулері  бүгінгі  уақытқа  дейін  өзектілігін  жойған  жоқ. 
Ғалымның ХХ ғасыр басындағы поэзия туралы жүйелі пікірлері «Асау тұлпар», «Ақын даңқы – халық 
даңқы», «Жарты ғасырдың шежіресі», «Халық жаршысы», «Таң жыршысы», «Ақын туралы ақиқат», 
«Сыршыл ақын» мақалаларында көрініс тапқан. М. Қаратаевтың ғалымдық, сыншылық келбетін танып 
білу үшін осы айтылған мақалалардың мәні мен маңызы зор. 
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық тұлғасын ашып көрсеткен «Асау тұлпар» атты ғылыми еңбегі 
сәкентану саласына салынған даңғыл жолдардың бірі деуге толық негіз бар. Кезінде жазықсыз қара 
күйе жағылып, кейін ақталған Сәкеннің өмірі мен шығармашылығын қайтадан қатарға қосуға еңбек 
еткендердің алдыңғы тобынан академик М. Қаратаевтың қолтаңбасын анық көреміз. Кейін бұл баста-
маны академиктер С. Қирабаев, Т. Кәкішұлы, Р. Нұрғалилар бастаған ғалымдар легі сәтті жалғастыра 
білді.
Ғалым С. Сейфуллинді Қазақ-кеңес әдебиетінің негізін қалаушы ретінде әспеттейді. Ол Сәкен ту-
ралы жүрек толғанысын былайша жеткізеді: «Біз, оның замандастары, үлкен жүрек, алғыр сезім, асыл 
ой иесі Сәкенді жақсы білеміз. Жанарлы көз, жазық маңдайлы жарқын жан жау оғының астында да 
еңкеюді білмей, еңсені тік ұстап, өмірге аяғын нық басып келді де, аршынды адыммен өтті. Ол бізді 
өзінің биік мұратты, өр талапты, өмірге ынтық, ақжарқын мінезімен баурап алушы еді», – деп еске 
алады.
Ол С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына терең бойлай отырып, І. Жансүгіров, М. Әуезов, 
С. Мұқанов, Ғ. Мүсіреповтердің ақынның қазақ әдебиетіндегі рөлі мен маңызын, даңқы мен дәрежесін 
дәріптейтін  құнды  өлеңдері  мен  мақалаларына  байыпты  шолу  жасайды.  Сәкеннің  Қазақ-кеңес 
әдебиетінің  барлық  жанрында  көшбасшы  екенін  тілге  тиек  ете  отырып,  алғашқы  эпикалық  поэма 
«Совет станды», алғашқы тарихи-мемуарлық роман «Тар жол, тайғақ кешуді», алғашқы төңкерістік пье-
са «Қызыл сұңқарларды», жұмысшы табы туралы алғашқы повесть «Жер қазғандарды», алғашқы әйел 
теңдігі туралы өлеңдерді және алғашқы қазақ әдебиеті туралы оқулықтың авторы болғанын жазады. 
Пікірі дәйекті болуы үшін белгілі орыс жазушысы Л. Соболевтің Сәкеннің әдебиетке сіңірген еңбегі 
туралы  айтқан  парасатты  пайымымен  ойын  шегелей  түседі.  Әрине,  Алаш  қайраткерлері  ақталмай 
тұрған заманда айтылған академиктің пікірі сол заман көзқарасымен бағамдайтын болсақ, өте құнды 
мұра екені даусыз.
М.  Қаратаев  «Асау  тұлпар»  еңбегінде  С.  Сейфуллиннің  тек  поэзиясын  ғана  талдап  қоймай, 
шығармашылық  өмірбаянын  да  жасаған.  Онда  ақынның  туған  уақыты,  өскен  ортасы,  елі-жерімен 
қатар, білім қуған бозбала шағынан бастап, саяси көзқарасы қалыптасқан азаматқа айналған кезеңіне 
дейінгі уақытты тәптіштеп жазады. Оның Омбы семинариясында оқып жүрген кезіндегі белсенділігін 
айта отырып, сол кездегі көзқарақты қауымды дүр сілкіндірген алғашқы өлеңдер жинағы туралы бы-
лайша тоқталады: «Омбы семинариясына келген алғашқы жылдардың өзінде-ақ жас Сәкен ақындық 
талантын  танытты.  «Бірлік»  ұйымындағы  жолдастарының  көмегімен  Қазанда  «Өткен  күндер»  атты 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
40
тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Егер қазақ поэзиясының классигі Абай Құнанбаевтың алғашқы 
кітабы өзі қайтыс болғаннан кейін 1909 жылы жарық көргенін еске алсақ, әлі жас, көпшілікке бейта-
ныс, ешкім білмейтін семинарист Сәкеннің бұл кітабының жарыққа шығуы қандай зор, ғажап оқиға 
болғанын аңғару қиын емес».
Сәкеннің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің әсерімен жазылған 
өлеңдерін талдай отырып, «Жолдастар», «Жас қазақ марсельезасы», «Далада», «Кел, жігіттер!», «Асау 
тұлпар», т.б. жырларының халыққа тез тарап, жауынгерлік жырға айналғанын айтады. 
Ғалым С. Сейфуллин шығармашылығының алғашқы кезеңін 1922 жылы жарық көрген үш бірдей 
кітабының,  «Бақыт  жолында»,  «Қызыл  сұңқарлар»,  «Асау  тұлпар»  жинақтарының  шығуымен  бай-
ланыстырады. «Бұл жинақтарда «оның алғашқы өлеңдеріне тән табиғат, махаббат, сағыныш сарыны 
енді асқақ революциялық пафоспен, бостандық, бақыт, жаңа өмір жолындағы күрес романтикасымен 
алмасқан» деп жазады ғалымның өзі.
М.Қаратаев Сәкен поэзиясының екінші кезеңі «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Ұйым және 
еңбекшарт – жалшылар қорғаны», «Тұрмыс толқынында» (1928) кітаптарының жарық көруіне байла-
нысты деп белгілейді. Бұл кезеңде оның ақындық дарыны одан бетер өркен жайып, толыса түскенін 
айтады.
  Сыншы С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ поэзиясы үшін мазмұны мен формасы жағынан 
жаңашыл болғанын айта келіп, оған Маяковскийдің әсерімен жазылған «Советстан» поэмасы мен халық 
ауыз әдебиетінен бастау алатын «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмаларын мысалға келтіреді.
Сыншы-ғалымның қаламынан туған «Ақын даңқы – халық даңқы» атты зерттеуі халық поэзиясының 
алыбы  Жамбыл  Жабаевтың  шығармашылық  өсу  жолына  арналады.  Ол  Жамбылдың  орыс  тілінде 
шыққан тырнақалды кітабы «Песни и поэма» кітабынан бастап бірқатар шығармаларына шолу жасай-
ды. Ақынның төңкеріске дейінгі шығармашылық ілуде бір ұшырасатын өрен талант ретінде бағалай 
отырып  «Ал  бірақ  талант  озат  дүние  тану  тұрғысы  болмаса,  қанаты  қырқылған  қыранға  ұқсайды. 
Сондықтан  революция  қарсаңында  Жамбыл  шыққан  әлеуметтік  арман  биігі  туған  халқының 
1916  жылғы  стихиялық  қозғалысының  биігінен  аса  алған  жоқ.  Асуы  мүмкін  де  емес  еді.  Сауатсыз 
Жамбыл түгіл оқыған азаматтардың өзі ол тұста осы деңгейге бірі жетсе, бірі жетпеді» деп ойының 
ашығын айтады.
Ғалым Жамбыл өмірбаянын жасаудың оңайға соқпағанын, оның өзіне жүктелгенін, ал аудару орыс 
ақыны Константин Алтайскийге тапсырылып, үлкен тер төгумен, тынымсыз еңбекпен келгенін жазады. 
Тоқсан жылдық өмір жолын қайта еске түсіру үшін 56 сұраққа анкета жасалып, алғашқы өмірбаянның 
қалай өмірге келгенін де тебіреніспен жеткізген. Жыр алыбының алғашқы кітабының жарық көруі сол 
кезде бүкіл Одақ бойынша мәдени өмірдің үлкен жаңалығы болғанын айтады. 
М. Қаратаев Жамбылдың өмір жолын, Шу, Сыр бойы, қырғыз, өзбек жерлеріне барып айтыс өнерінде 
шыңдалғанын  баяндай  отырып,  оның  «Өтеген  батыр»,  «Сұраншы  батыр»  поэмаларына  тоқталады. 
Өмірде  болған  Өтеген  мен  Сұраншы  батырлардың  тұлғасын  сөзбен  сомдауда  ақынның  шеберлік 
шыңының нағыз биігіне көтерілгенін жазады. Жамбылдың айтыс жырлары мен поэмаларын ауыздан-
ауызға көшіріп бізге жеткізген ақын шәкірттері Кенен, Үмбетәлі, Саяділ, Өтептердің еңбегін де атап 
өтеді.
М. Қаратаев қарт ақынның шығармашылығының жарқырай көрінген кезеңі соғыс жылдарындағы 
туындылары  еді  дейді.  Сыншы  ретінде  «Ленинградтық  өрендерім»  өлеңін  Жамбылдың  әмбеге  аян 
жырларының маңдай алдысы деп бағалайды. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі жөнінде айта келіп: «Халық 
поэзиясының эпикалық кең тынысты дәстүрі мен философиялық және патетикалық толғау тереңдігін 
жалын атқан патриоттық идея арқылы ұштастырған Жамбыл талантының шарықтау шегін танытты» 
деп түйіндейді.
Жамбылдың алғашқы өмірбаянын жасаушы әрі зерттеуші ретінде М. Қаратаевтың еңбегіне әрдайым 
зер салып отыру кейінгі әдебиет тарихын зерттеушілерге тірек болары сөзсіз. Ғалымның өз сөзімен 
түйіндер болсақ, «Әрбір өнер иесі өз даңқын, халық даңқын бүгінгі адам баласы алдында Жамбылдай, 
Әуезовтей жая алса, ана сүтін, халық қарызын одан артық ақтау болмайды» дегені әділ пікір болары 
анық.

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
41
М. Қаратаев «Ақын туралы ақиқат» атты зерттеуінде Сыр бойындағы Шәді төре бастаған шығыс 
поэзиясының  мектебінен  оқыған  «кітаби»  ақындардың  ішіндегі  ең  бір  көрнектісі  –  Тұрмағамбет 
Ізтілеуовтің шығармашылығына талдау жасайды. Алдымен Тұрмағамбеттің «Әр елдің бар бұлбұлы» 
деп аталатын өлеңіндегі «өрен жүйрік он тоғыз» деп ақынның бас иетін ақындарын атап өте отырып, 
«Тұрмағамбеттің көтере сипаттаған шайырлары: Аяған қожа, Бұдабай, Сәдір, Әзілкеш, Бекіш, Ешнияз, 
Толыбай, Оңғар, Сүйіндік, Сүйкімбай. Базар, Ерімбет, Шегебай, Аманжол, Есенжол, Жүсіп, Жиенбай, 
Омар, Нұржан – осы өз жерлерінде аты әйгілі ақындар. Бірақ әлі күнге дейін зерттелінбегендіктен олар 
әдебиет тарихынан тиісті орнын ала алмай келеді» деп мәселе көтереді.
Зерттеуде Тұрмағамбеттің қилы тағдырын, оның шығармашылығының сталиндік зобалаңға дейінгі 
шарықтауын  тілге  тиек  етеді.  О.  Исаев,  Т.  Жүргенов,  С.  Мұқанов,  Ғ.  Тоғжанов,  Қ.  Өтепов  сияқты 
қазақтың белгілі қайраткерлерінің Тұрмағамабетт есімін Жамбылмен қатар қойғанын атап өтеді. Бірақ 
оның жеке басқа табынушылық заманында араб, парсы тілін білгендігінен емес, заңсыз әрекеттердің 
кесірінен сорының «қайнағанын» өкінішпен жеткізеді. 
Ақынның атақты «Рүстем дастаны» еңбегінің Фирдоусидің «Шаһнаме» дастанының тікелей аудар-
масы емес, сол үлгімен өзі өлең етіп жазған шығарма екенін айта отырып, ойын М. Әуезовтің және 
Тұрмағамбеттің өз пікірі арқылы бекітеді. Шығарма ел ішіне тарап кеткен аңыздарды өзінше топшы-
лап, жыр ету арқылы туған деген пайымға тоқталады. Сыншы ретінде Тұрмағамбеттің «Қара қоңыз» (1896), 
«Мәгес молдаға» (1905), «Бар мен жоқ, ал мен бер» (1906), «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» (1916) 
өлеңдеріндегі  адамның  мінез-құлқындағы  ұсқынсыз  қылықтарын  мінеген  ақынның  ішкі  эмоциясын 
тамыршыдай тап басады. 
Ақынның  озық  ойлы  замандастарымен  үндесетін  шығармаларын  салыстыра  талдайды.  Мәселен, 
Абайдың  «Өлді  деуге  сия  ма,  айтыңдаршы,  өлмейтұғын  артында  сөз  қалдырған»  деген  өлеңінің 
Тұрмағамбеттің «Артында атақты ердің қалса сөзі, Өлді деп өкінбеймін оның өзі!» деген жолдары-
мен үндесетінін айтады. Жалпы бұл жерде Тұрмағамбетті ұлы ұстаз Абайдың ізбасары ретінде оның 
терең философиялық ойларын жалғастырушы ретінде қарастырған. Оның білімге, оқуға шақыратын 
«Шәкірттерге»  (1905),  «Балаларым»  (1906),  «Ұлдарым»  (1915)  деген  өлеңдері  мен  нақыл,  өсиетке 
құрылған «Тәлім» (1906), «Адамдық іс» (1907), «Қамын ойла халқыңның» (1907), «Халыққа қайрама 
тісіңді» (1907), «Мәнді сөз» (1908) сияқты ағартушылық, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдерінің 
Абай  мен  Ыбырайшы  жас  ұрпақты  тәлім-тәрбиеге,  білімге  шақыратын  туындылар  ретінде  атап 
көрсетеді.  Ол  Тұрмағамбет  шығармаларының  ұйқастарына,  көркемдік  құндылығына  тоқтала  оты-
рып: «Шаһнамені» Шығыс поэзиясының ұлы дарағына теңесек, қазақтың Тұрмағамбет ақыны бізді 
сол дараққа апарып таныстырған жоқ, дарақты бізге әкеліп, қазақ топырағына қондырып таныстырды 
және таныстырып қана қойған жоқ, бұл дарақты қазақ поэзиясының миуалы бағына қосып, жанымызға 
эстетикалық сая таптырды. Оның бұл – ең шұрайлы, ең жемісті еңбегі!» деп түйіндейді.
Ғалым  Сыр  бойынан  шыққан  Асқар  Тоқмағамбетов,  Әбділда  Тәжібаев,  Өтебай  Тұрманжанов, 
Қалмақан Әбдіқадыров сияқты ақындардың Тұрмағамбеттің тәлімін көріп, алдынан қанаттанған да-
рындар екенін айтады. Сәбит Мұқанов бастаған аталған дарындардың шығармашылыған М. Қаратаев 
жеке-жеке тоқтала отырып зерттеген. Мәселен, «Жарты ғасырдың шежіресі» деп аталатын зерттеуінде 
Сәбит Мұқановтың жазушылық шығармашылығы мен ақындық қырын, оның ішінде атақты «Сұлу-
шаш» поэмасы бастаған бірқатар поэмалары мен алғашқы өлеңдері талданған. Ал «Халық жаршысы» 
деген зерттеу еңбегінде ақын Асқар Тоқмағамбетов туралы ой толғамы көрініс тапқан. «Азаматтық – 
Асқар поэзиясының абыройлы туы. Халық ортасында туып, халық өмірінің қазанында қайнап піскен 
жас талап ақынның азаматтық өнер жолын таңдауына оның таланты мен тәрбиесі, халық поэзиясы мен 
шығыс әдебиетінен алған әсері себепкер болғаны даусыз», – дейді зерттеушінің өзі. Асқардың заман 
үнімен жазылған «Мұғалім», «Жас дәрігер», «Біздің әскер», «Көктемде», «Маяк», «Қош, аман бол», 
«Көктемдегі көріністер», «Түркісиб тоғысқанда» өлеңдерінен бастап, «Уборщица», «Советтік марш-
руттар», «Испания», «Берлин көшесінде» поэмаларына дейін мазмұны мен маңызына тоқтала келіп, 
сүйікті ұстазы Сәкен Сейфуллиннің тағдырына арналған «Ақын тағдыры» поэмасының ерекшелігін 
«үлкен  ой  биігіне  көтерілген  туынды»  деп  бағалайды.  М.  Қаратаевтың  бұл  зерттеу  еңбегінен  ақын 
Асқар Тоқмағамбетовтың шығармашылығына үлкен құрметпен қарағанын байқаймыз.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
42
М.  Қаратаевтың  ақын  Өтебай  Тұрманжановтың  шығармашылық  жолының  зерттелуіне  сіңірген 
еңбегі зор. Ол «Таң жаршысы» деп аталатын әдеби зерттеуінде Өтебайдың өнегелі өмір баспалдақтарын 
ғылыми пайыммен зерделейді. 1925 жылы Мәскеуде ақынның өзі жинап бастырған «Таң өлеңдері» 
атты жинаққа енген өлеңдерінен бастап, 1929 жылы Қызылордада басылған «Таң сыры» жинағына 
дейінгі аралықты бір шолып өтеді. Одан кейін 1929-1931 жылдарда Ташкентте, Самарқанда басылған 
«Ақ алтын», «Шыршық сыры» поэмалары мен «Тез адыммен», «Құрылыс жыры» өлеңдер жинағының 
әдебиет  әлемінде  алған  орынын  бағамдайды.  1932-1937  жылдар  аралығында  Алматыда  жарық 
көрген «Пулемет», «Құрыш құс», «Қарлығаш» жинақтарына тоқтала келіп, бастапқы жинақта жарық 
көрген «Пулемет» поэмасының маңызын ерекше атап өтеді. «Бұл поэма 1933 жылы жақсы поэмаға 
жарияланған республикалық жабық конкурсте алдыңғы орынды алуы тегін емес-ті. «Пулемет» 
Ө.  Тұрманжанов талантының толықсыған шағын танытқан туынды болып табылады. Сондықтан ол 
бүкіл қазақ поэзиясының отызыншы жылдардағы шоқтықты шығармасы есебінде танылды» деп жазады.
Ғалымның ерекше жалынды шабытпен жазған зерттеуі – Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығына 
арналған  «Сыршыл  ақын»  еңбегі.  Мұнда  ғалым  Әбділдә  жырларындағы  жан  тебірентерлік  сыр-
шылдықты, жаңа тақырып қана емес, жаңа түр, тәсіл іздеу арқылы ерекше сипатқа ие болған сәулелі 
өлеңді сипаттайды. Оның Шевченко, Пушкин, Гейнелермен үндес туындыларын бөліп алып көрсетеді. 
Оның сыршылдықтан суретшілдікке ауысқан бірқатар өлеңдерін атап айтады. Мәселен, «Алтын ай» 
өлеңіндегі сезім мен сыршылдықты сөзінің айғағы ретінде дәлел қылып ұсынады. Ақынның туған жер-
ге деген сүйіспеншілігін «Сырдария» өлеңінен іздей отырып, оның лирикасы мен балладаларына, ма-
хаббат сезімінің мүлтіксіз сұлулығын жырлайтын өлеңдеріне тоқталады. Оның достық, адамгершілік, 
соғыс  тақырыбында  жазылған  циклдік  өлеңдері  де  зерттеуші  назарынан  тыс  қалмайды.  Поэма  са-
ласына  да  сіңірген  еңбегі  ұшан-теңіз  ақынның  тұңғыш  поэмасы  «Құлғарадан»  бастап,  «Толағай» 
аңыз-поэмасын, отызыншы жылдардағы «Батрақ Қобыланды», «Олқылық», «Құтқару», «Екі жаһан» 
поэмаларының кемшілігін де сынайды. Ілияс Жансүгіровтің ізімен жазған күй тақырыбындағы «Ор-
кестр»,  «Күй  атасы»,  «Абыл»  поэмалары  ән-күй  тақырыбын  игеруде  көп  алдыға  кеткен  туындылар 
ретінде бағалайды. Солай дей отырып, оның мағыналық тереңдігі мен көркемдігі жағынан кемелдісі 
«Портреттер» поэмасы екенін атап көрсетеді. Сыншы-ғалымның Әбділдә ақын туралы жазғандарының 
өзі жеке бір мақалаға арқау болатын зерттеуді қажет етеді. 
Қорытындылай айтқанда, М. Қаратаевтың ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясын зерттеуге сіңірген 
еңбегі  ауыз  толтырып  айтарлықтай.  Оны  келешекте  тереңдей  зерттеу  керек.  Бұл  қажеттілікті  өтеу 
әдебиет тарихы мен сынын зерттеушілердің мойнындағы парызы мен қарызы екені анық.
Әдебиеттер:
1. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. – А., 1969.
2. Қаратаев М. Шеберлік шыңында. – А., 1963.
3. Қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері. – А., 1957.
Резюме
Статья посвящена академику М. Каратаеву, внесшему огромный вклад в исследование казахской 
литературы начала ХХ века. Показана роль М. Каратаева в изучении жизни и творчества выдающегося 
казахского поэта Жамбыла Жабаева, основоположника казахской советской литературы Сакена Сей-
фуллина, поэта Турмагамбета Изтилеуова. Также анализируются труды М. Каратаева, посвященные 
творчеству поэтов земли Сыра, – А. Токмагамбетова, А. Тажибаева, О. Турманжанова и др.
Summary
This article is devoted to Academic M. Karatayev, who made a great contribution to the study of early 
ХХ th century Kazakh literature. There has been shown M. Karataev’s role under studying life and creativity 
of outstanding Kazakh poet Dzhambul Dzhabayev, Kazakh Soviet literature founder Saken Seifullin, poet 
Turmaganbet Iztileuov. There were also analyzed M. Karatayev works, dedicated to poets of the land of Syr,  
A. Tokmagambetov, A. Tazhibaev, and O. Turmanzhanov. 

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
43
УДК 811.512.122’33
СПОСОБЫ ПЕРЕДАЧИ ПРИМЕРОВ ПЕРЕВОДЧЕСКИХ 
ТРАНСФОРМАЦИЙ ПО РОМАНУ Л.Н. ТОЛСТОГО «ХАДЖИ-МУРАТ»
Т.И. КЕНШИНБАЙ, 
кандидат филологических наук, 
Э.А. АМИРАЛИЕВА 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата
«Перевод – это процесс межъязыковой и межкультурной коммуникации, при котором на основе 
целенаправленного переводческого анализа исходного текста создается вторичный, переводящий текст, 
заменяющий исходный в новой языковой и культурной среде» [1-8].
Задача перевода заключается в передаче содержания текста оригинала. В идеале переводчик должен 
бы стремиться к воспроизведению всего глобального содержания этого текста (в связи с этим в теоре-
тических работах по переводу нередко указывается, что следует переводить не просто текст оригинала, 
а «текст плюс контекст»). Мы видим, что это глобальное содержание складывается как из выраженного 
смысла, так и из смысловых компонентов, которые лишь подразумеваются или добавляются к языково-
му содержанию текста самими коммуникантами. Из таких же компонентов складывается и глобальное 
содержание текста перевода. Поэтому оптимальным решением задачи было бы точное воспроизведе-
ние в переводе языкового содержания оригинала, с тем чтобы рецепторы перевода могли бы на его 
основе самостоятельно вывести конкретно-контекстуальный и имплицитный смысл. Однако при этом 
возникают определенные трудности.
Со своей стороны сами переводчики весьма скептически относились к роли науки о языке в иссле-
довании особенностей переводческой деятельности. Согласно широко распространенному мнению, 
в процессе перевода языковые факторы (под которыми часто понималось владение переводчиком дву-
мя языками) имеют при переводе столь же второстепенное значение, как знание нотной записи при 
сочинении музыки. В основном же перевод – это операция отнюдь не лингвистическая, и языкознание 
мало что может дать теории перевода [9,1].
Перевод – это сложный и многогранный вид человеческой деятельности. Хотя обычно говорят 
о переводе «с одного языка на другой», но, в действительности, в процессе перевода происходит не 
просто замена одного языка другим. В переводе сталкиваются различные культуры, разные личности, 
разнохарактерный склад мышления, разные литературы, разные эпохи, разные уровни развития, раз-
ные традиции и установки. Переводом интересуются культурологи, этнографы, психологи, историки, 
литературоведы, и разные стороны переводческой деятельности могут быть объектом изучения в рам-
ках соответствующих наук [9,1].
Наиболее важным, ключевым вопросом в теории перевода является вопрос изучения процесса пере-
вода. В этой связи следует отметить работы лингвиста Л.С. Бархударова, который выступает за изуче-
ние перевода как процесса, но при этом оговаривается, что термин «процесс» применительно 
к переводу понимается им «в чисто лингвистическом смысле, то есть как определенного вида языково-
го, точнее межъязыкового преобразования и трансформации текста на одном языке в тексте на другом 
языке» [2,6].
В процессе перевода часто оказывается невозможным использовать соответствия слов и выраже-
ний, которые нам дает словарь. В подобных случаях мы прибегаем к трансформационному переводу, 
который заключается в преобразовании внутренней формы слова или словосочетания или же ее полной 
замене для адекватной передачи содержания высказывания. Достижение адекватности в переводе свя-
зано с умением грамотно идентифицировать переводческую проблему и осуществлять трансформации 
при переводе художественного текста.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
44
Переводческие трансформации представляют собой особый вид перефразирования – межъязыко-
вое, которое имеет существенные отличия от трансформаций в рамках одного языка.
Когда мы говорим об одноязычных трансформациях, то имеем в виду фразы, которые отличаются 
друг от друга по грамматической структуре, лексическому наполнению, имеют (практически) одно и то 
же содержание и способны выполнять в данном контексте одну и ту же коммуникативную функ-
цию [7,3].
Несоответствия в структуре различных языков приводят к трудностям, связанным с сохранением 
и передачей значений слов при переводе на другой язык. Слово, как лексическая единица, является 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет