Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘР ТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата14.02.2017
өлшемі6,42 Mb.
#4107
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘР ТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН 
САРЫСУЫНДАҒЫ КРЕАТИНИН МӨЛШЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ 
С.Ж. ИБАДУЛЛАЕВА, 
биология ғылымдарының докторы, профессор
Г.Р. ОҢҒАРБАЕВА, 
магистрант,
Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университеті
Арал өңірінде қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремалды факторларды атауға бо-
лады:
1) климаттың құрғауы және судың аздығы;
2) ауыз судың жетімсіздігі және оның химиялық құрамының санитарлық нормаға сәйкес келмеуі;
3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;
4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қал-
дықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы [1,2,3,4]. 
Осындай жағдайдағы экологиялық дағдарыс аймағында тұратын адамдардың бірқатар органдары 
мен  жүйелерінде  патологиялық  өзгерістерге  дейін  дамитын  функционалдық  жағдайдың  өзгерістері 
болатындығы айқындалды [4,5]. 
Сонымен  қатар,  Арал  өңірі  тұрғындарының  зәр  шығару  жүйесі  мүшелерінің  жағдайы  және 
маусымдық өзгерістері соңғы жылдары зерттелмеген. Арал өңірінің экологиялық жағдайымен байла-
нысты әр түрлі аймақ тұрғындарының қан сарысуындағы мочевина мен креатинин деңгейі мен ауыз 
судың байланысының ара қатынасы қарастырылмаған [5,6]. Сондықтан жоғарыда айтылғандар ғылыми 
зерттеу жұмысының бастамасына негіз болды.
Алға  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  2008-2010  жылдар  аралығында  Арал  өңірінің  әр  түрлі 
аймақтарында тұратын ер адамдар мен әйелдердің қан сарысуы құрамындағы креатинин мөлшеріне 
мониторинг жүргізілді. 
2008-2010  жылдардағы  Арал  өңірі  тұрғындарының  қан  сарысуындағы  креатинин  деңгейіне  тал-
дау көктемде солтүстіктіктегі ер адамдардың көрсеткіші жоғары болса (0,90 ммоль/л), оңтүстіктікте  
(0,80  ммоль/л)  қызылордалықтарға  қарағанда  (0,82  ммоль/л)  төмен  болғанын  көрсетті.  Жазда 
солтүстіктікте  бұл  көрсеткішті  өте  жоғары  (0,86  ммоль/л),  ал  қызылордалықтардың  көрсеткіші 
(0,83 ммоль/л) оңтүстік тұрғындарынан (0,81 ммоль/л) жоғары болды. Күзде қызылордалықтар мен 
оңтүстіктің тұрғындары қан сарысуындағы креатинин деңгейі бірдей (0,85 ммоль/л) болып, солтүстік 
тұрғындарының мөлшері (0,84 ммоль/л) төмен болды. Қыстағы ер адамдардың қан сарысуындағы кре-
атинин деңгейінде аймақтар бойынша ауытқушылық аса (СБ – 0,86 ммоль/л, ҚҚ – 0,84 ммоль/л, 
ОШ – 0,83 ммоль/л) байқалмады  (1-сурет). 
Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын әйелдердің қан сарысуындағы креатинин деңгейіне 
салыстырмалы талдау нәтижесінде көктемде солтүстік тұрғындарының көрсеткіші (0,83 ммоль/л) басқа 
аймақтардың көрсеткішінен (ҚҚ – 0,82 ммоль/л, СБ – 0,80 ммоль/л) жоғары болғанын көрсетті. Жаз-
да аталған аймақ тұрғындарының қан сарысуындағы креатинин мөлшері бір деңгейде (0,86 ммоль/л), 
күзде солтүстік аймақ пен Қызылорда қаласы тұрғындарының қан сарысуындағы креатинин мөлшері 
бірдей (0,86 ммоль/л) болса, оңтүстік аймақ тұрғындарының көрсетікіші 0,85 ммоль/л болды.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
122
Сурет 1. 2008-2010 жылдардағы ер адамдардың қан сарысуындағы креатинин деңгейі (ммоль/л).
Қыстағы  ең  жоғарғы  көрсеткіш  солтүстікте  тұратын  әйелдерде  (0,83  ммоль/л),  одан  төменірек 
көрсеткіш  қызылордалық  әйелдерде  (0,81  ммоль/л),  ал  ең  төменгі  көрсеткіш  оңтүстікте  тұратын 
әйелдерде (0,79 ммоль/л) байқалды (2-сурет).
 
  
Сурет 2. 2008-2010 жылдардағы әйел адамдардың қан сарысуындағы креатинин деңгейі (ммоль/л).
Осылайша,  жүргізілген  зерттеулерден  Арал  өңірінде  тұратын  ер  адамдардың  қан  сарысуындағы 
креатининнің минимальді мөлшері оңтүстік аймақ және қызылордалықтар үшін көктемде, солтүстік 
аймақ  тұрғындарында  жазда,  ал  максимальды  көрсеткіш  көктемде  солтүстік  аймақ  тұрғындарында 
екені белгілі болды. Қызылорда облысында тұратын әйелдердің қан сарысуындағы креатинин деңгейі 
жаз бен күзде жоғары болып, қыста төменгі деңгей тіркелді. Солтүстік аймақ тұрғындарында қыстан 
басқа жылдың барлық мезгілінде де креатинин мөлшері жоғары болғанын көрсетті. 

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
123
Қызылорда облысында тұратын ерлер мен әйелдердің қан сарысуындағы креатинин мөлшерін тал-
дай келе, жылдың барлық мезгілдерінде де осы көрсеткіштің жынысқа сай айырмашылығы болғаны 
туралы қорытынды жасадық.
Әдебиеттер:
1. Баймуратов У. О решении социально-экономических и экологических проблем Приаралья // Вест-
ник АН КазССР. – 1990. – № 9. – С. 55-56.
2. Шарипова М.А., Бигалиев А.Б., Жунусова К.Х., Халилов М.Ф. Использование патогенетических 
критериев для экологической оценки состояния окружающей среды // Вестник КазНУ. Серия экологи-
ческая. – 2000. – № 1(8). – С. 42-44.
3. Сидоренко Г.И., Можаев Е.А. Санитарное состояние окружающей среды и здоровья населения. – 
М., 1987. 
4.  Девятко  В.Н.  Приаралье  –  зона  экологического  бедствия  //  Здравоохранение  Казахстана.  – 
1992. – № 6. – С. 51.
5. Баевский Р.М. Методико-экологический мониторинг здоровья населения // Медико-экологические 
проблемы Приаралья и здоровья населения: Сб.науч.тр. – Нукус, 1991. – С.65-68.
6. Исламкулова И.Б. Изменение некоторых показателей системы крови на воздействия комплекса  
факторов  производственной  среды // Автореф… дисс.канд.мед. наук. 14.00.07 – гигиена. – Алма-Ата, 
1989. – 24 с.
Резюме
В статье приводятся данные по содержанию креатинина в плазме крови у жителей Кызылординской 
области. Достоверно установлены изменения креатинина в различные сезоны года. Изучена корреляци-
онная изменчивость креатинина в различные сезоны года. Делается вывод о повышенном содержании 
креатинина в зимний период. 
Summary
This article deals with the data by the content of creatinine in the blood plasma of Kyzylorda region resi-
dents. Credible creatinine changes set in different seasons. Variability of the correlation of creatinine has been 
studied in the different seasons of the year. There is conclusion about the increased creatinine content in winter 
period.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
124
ӘОЖ 576.12:551.35:631.150.4 
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ОРНЫ МЕН ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ 
ЖЕРЛЕРДІҢ АГРОМЕЛИОРАТИВТІК КҮЙІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
А.М. НҰРҒЫЗАРЫНОВ, 
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,
Е.Ж. АРЫСТАН, 
жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Арал теңізінің құрғаған орнында шаруашылық айналымға қосатын әлеуетті жер қорларының ауқымы 
аз емес. Бірақ теңіз астынан шыққан жерлер әзірге шаруашылық айналымнан тыс қалып тұр. Өйткені 
ол жерлердің агромелиоративтік күйін бағалайтын мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан бірден иге-
ру, әсіресе суармалы егіс егу өте қауіпті. Мұнда топырақ құрылу процесі құрамы өте күрделі теңіз 
шөгінділерінде жүруде. Олардың құрамында көпшілігі терригендік материалдар мен бірге органогендік 
және  химиялық  шөгінділер  бар.  Сол  шөгінділердің  сандық  қатынасы  жаңадан  қалыптаса  бастаған 
қарапайым  топырақ  түрінің  қасиеттерін  анықтайды,  ал  олар  өз  кезегінде  жердің  агромелиоративтік 
күйіне  ықпалын  тигізеді.  Бар  мәліметтерге  қарағанда  [1,2],  Арал  теңізінің  құрғаған  орнындағы 
химиялық  шөгінділердің  негізгісі  карбонаттар  болса  керек.  Теңізге  құятын  өзендердің  аллювийлік 
шөгінділерінің астында көбінесе теңіздің (көлдердің) шөгінділері жатады, ал олардың белгілі бөлігі 
химиялық шөгінділер болуы мүмкін [3]. 
Өткен  ғасырдың  50-ші  жылдарында  Сырдарияның  атыраулық  аумағына  жыл  сайын  7,6  км³  өзен 
ағысы келіп тұрды. Оның құрамындағы қалқыған заттардың көлемі 12 млн тоннаға дейін болды. Де-
мек, Сырдарияның ағысымен теңізге түскен шөгінділердің құрамында химиялық заттар аз есес. Сол 
аллювийлік  шөгінділердің  астында  жиналған  химиялық  шөгінділер  грунттың  қабатындағы  судың 
химиялық  құрамына  әсері  етеді,  ал  тұзды  су  топырақтың  мелиоративтік  күйіне  теріс  ықпалын 
тигізеді [4].
Теңіздің құрғаған орнындағы шөгінділер екі топты құрайды – байырғы терригендік және өзеннің 
теңізге құйған тұсында жиналған аллювийлік. Басым көпшілігі – терригендік материалдар. Олардың 
құрамында тұз көп. Массагет даласында шөптесінсіз жалаңаш, механикалық құрамы саз бөлшектерден 
жиналған грунтте тұздың мөлшері 3,5-4,0%, кейде 6,0%-ке жетеді. Ондай телімдерде топырақ құрылу 
процесі өте баяу сорлану қатарымен дамуда. Шаруашылық маңызы жоқ. 
Біздің  зерттеулеріміз  көрсеткендей,  көне  дәуірден  бері  теңіздің  астында  қалып  белгісіз  болып 
келген  Аралдарияның  ескі  арнасындағы  аванатырауда  едәуір  кеңістікті  аллювийлік  шөгінді  алып 
жатқаны  анықталды.  Оның  құрамы  өте  майда  құм-лайдан  жиналған.  Сол  аллювийлік  шөгінділерде 
пайда болған топырақ өзінің құрамы жағынан лесс шөгінділерде пайда болған сұр топыраққа өте ұқсас. 
Құрамында карбонаты көп, тұз аз (құрғақ қалдықпен 0,5-0,7%), қуыстылығы өте жоғары, сондықтан 
агромелиоративтік күйі тәуір. 
Ондай жерлер Құйылыс ойпатының шығыс жағында 3,5-4,0 мың гектар аумақты алып жатыр. Бұл 
телім қазіргі Солтүстік Арал теңізіне құйып жатқан Сырдарияның сулы арнасына жақын орналасқан, 
яғни егін суаратын су көзінен алыс емес. Осы телімде егін егілетін болса, су мәселесінде проблема 
болмайды.  Аванатыраулық  лесс  тәріздес  лайдан  жиналған  алювилік  шөгінділерде,  Сырдарияның 
арналық қырқасында, ағынсыз көл суларынан түскен өте майда алеврит шөгінділерінде пайда болған 

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
125
топырақ түрлері және көларалық ойпаттардағы гидроморф жерлерде топырақтың мелиоративтік күйі 
егін егуге қолайлы. Сол телімдердің бәрін қосқанда 10-12 мың гектардай жерді бірінші кезекте жеңіл-
желпі  мелиоративтік  жұмыстарды  орындау  арқылы  дәнді  дақылдар  (бидай,  арпа,  жүгері,  көкөніс, 
бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар, асқабақ, т.б.) егуге болады.
Ағын судың құрамындағы лайдан түскен аллювийлік шөгінді Құйылыс жазығында бар. Бұл алқап – 
көне дәуірде Құйылыс өзегінің баяу аққан суы жайылған жазық жер. Көне дәуірде Сырдария өзені 
тасу жылдары оның Тастақ қырқасына жақын бөлігінде өзен арнасының сол жақ қырқасынан асып 
жайылған су Жыланды және Ақкөл ойпаттарын толтырып, сосын Кәртіма ойпатына құйған. Кәртіма 
толған соң өзек арқылы шыққан су Қаратерең қыратының оңтүстік батыс мүйісін айналып, теріскей 
бағытпен жылжиды, сөйтіп, Аралдарияның аяғындағы Құйылыс көліне құйған. Яғни, бұл – Құйылыс 
өзегі. Оның арнасының ені – 12-13 км-дей. Ол Қаратерең қыратынан батысқа, ал массагет даласынан 
шығысқа қарай қаусырма бағыттағы еңістікпен баяу ылдилап, орта тұсында қабысатын астау тәрізді 
жазық дала. Сол жазық жермен баяу аққан судың құрамындағы лайдан шөгіндіге түскен алеврит саз 
грунттың механикалық құрамы өте ауыр, тығыз, құрғақ күйінде кубик тәрізді текшеленіп жиналған, 
су өткізгіштігі өте нашар, құрамындағы тұздың концентрациясы – 2,5-3,0% (құрғақ қалдықпен), яғни 
мелиоративтік күйі өте ауыр, егіншілікке жарамайды. Күз айларында мал жайылымына пайдаланады. 
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Арал теңізінің деңгейі қауырт төмендей бастаған кезде суы 
кетіп, құрғап қалған Ақкөл теңіз қолтығында 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылық дақылдарымен 
далалық  тәжірибе  жүргізілген  болатын.  Тәжірибелік  дақылдар  көкөніс  (капуста,  сәбіз,  жуа,  қияр), 
қауын, жоңышқа дақылдарымен жүргізген тәжірибелерде егін қалыпты өсіп-жетіліп, ортадан жоғары 
сапалы тәуір өнім берді. Жергілікті тұрғындар Сырдарияның арналық қырқасына сусорғышпен суарып, 
бақша,  көкөніс,  картоп  егеді  және  тәуір  өнім  алып  жүрген  бай  тәжірибелері  бар.  Соған  қарағанда 
теңіз жағалауындағы аллювийлік шөгінділерде пайда болған топырақты егіншілікке пайдаланып, осы 
саланы  өрбітуге  болатыны  дәлелденіп  отыр.  Демек,  қазір  теңіз  жағалауындағы  байырғы  тұрғындар 
суармалы егіншілікпен айналысуға толық мүмкіндік бар. Өңірде табиғат қорғау жобалары (САРАТС) 
жүзеге  асқаннан  бері  экологиялық  ахуал  тұрақтанды.  Теңіз  жағалауындағы  құрғап  жатқан  көлдерге 
(Кәртіма, Жыланды, Қызылжарма, Домалақ, Қарашалаң) 2011 жылдан бері су түсе бастаған соң өңірдің 
табиғи-климат жағдайы өзгеріп, табиғат қайта түледі, көптүрлі биологиялық әлем жаңаланып, молаю 
жолмен даму жолына түсті. Тұзды шаңның ауаға тарауы саябарлады, мал-жанға жайлы микроклимат 
қалыптасты.  Соның  айғағы  ретінде  Солтүстік  Арал  теңізі  мен  су  түскен  көлдердің  төңірегі  шөбі 
мөлдіреген  қалың  шабындық  пен  мал  жайылымына  айналды.  Көл  жағалауындағы  қалың  шөп  су 
ценозымен  байланысты  құстардың  (қаз,  үйрек,  сүңгуір,  шағала,  құтан)  және  аңдардың  мекеніне 
айналды. Теңіз бен көл суларында балық түрлерінің (сазан, ақбалық, торта, жайын, тыран, доңмаң-
дай,  т.б.) биомассасы молайғанын айтуға болады. Қазір Солтүстік Аралдан жыл сайын 3,5-4,0 мың 
тонна балық ауланады. Бұл бұрынғы ауланған көлемнен он (10) есе артық. Сонымен бірге шабындық пен 
мал жайылымының көбеюі мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай туғызды. Осы жағымды 
экологиялық процесті пайдаланып, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті тәжірибеге енгізу қажет 
деп санаймыз. Бұл жағдайда жергілікті тұрғындар өздерінің ата кәсібі ретінде бұрыннан келе жатқан 
балық  аулау  мен  мал  өсіру  кәсіптеріне  жаңа  кәсіпті,  яғни  суармалы  егіншілікті  дамытатын  болады. 
Сонда олар көпсалалы шаруа қожалығын жүргізеді. Олардың ең бастысы егіншілік болады. Ол бүкіл 
әлемде ежелден тұрақты кәсіп, суармалы егіншілік сыртқы қолайсыз құбылмалы процестердің әсеріне 
көнбісті келеді. Жерді күтіп баптаса жыл сайын күткендей өнім береді. 
Арал  өңірінде  өндірістің  осы  үш  саласын  қатар  жүргізгенде  экологиялық  және  әлеуметтік-
экономикалық пайда беретініне күмән жоқ. Салалардың тұрақты, әрі тиімдісі егіншілік дейтініміз – балықты 
жергілікті тұрғындардың бәрі ауламайды, оған мүмкіндік жоқ. Рас, малды бәрі өсіреді, бірақ оның басы 
мен өнімі сыртқы факторлардың әсерінен құбылып тұрады. Сондықтан үш саланы қатар дамытқанда 
шаруа қожалығы жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Егін еккен шаруа тұрған жерін көгалдандырады. 
Жергілікті жердің табиғи климат жағдайына бейім ағаш-бұталар, жеміс-жидектер отырғызады, көкөніс, 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
126
бақша егеді. Бос жатқан жерлерді жасанды шабындық, мал жайылымдыққа айналдырады, яғни малын 
жазы-қысы жем-шөппен қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге құрғап жатқан бұрынғы теңіз қолтығы Ақкөлдің табанында 15-20 мың гектардай 
жерге іркіп суаратын дәнді дақылдардың (бидай, арпа, көпжылдық шөп) ауыспалы егісін орналастыруға 
болады.  Бұл  жұмыс  облыс  деңгейінде  арнайы  бағдарлама  бойынша  суармалы  егіншіліктің  көлемін 
көбейту үшін жаңа жерлерді игеру жобасы бойынша орындалуы тиіс. 
Атап айту керек, Арал өңірінде Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу бағдарламасы 
аясында  жұмыс  орындауға  қажетті  теңізі  мен  көлі,  егін  егетін  жерлері,  суында  балығы,  тағы  басқа 
табиғи қорлар мол. 
Біздің пікірімізше, Арал өңірінде экологиялық тоқырау бәсеңдеді, табиғи процестердің бағыты адам 
қолымен басқаруға көшті, енді соны бақылаудан шығармауымыз керек. Өңірде табиғи-шаруашылық 
кешенінің ендігі дамуы бірнеше бағытта жүреді:
– өңірде табиғи процестердің қазіргі күйін бақылаудан шығармай басқару және оларды онан ары 
жетілдіру үшін табиғат қорғау жобаларын жалғастыру;
– өңірдің табиғи қорларын (жер, су, флора, фауна) тиімді пайдалану арқылы шаруашылық кешендерін 
көтеру;
–  теңіз  жағалауындағы  байырғы  тұрғындарды  егіншілікке  жұмылдырып,  олардың  көпсалалы 
(егіншілік, мал шаруашылығы, балық өндірісі) шаруа қожалықтарын жүргізуге жағдай жасау;
– балық өндірісінің әлеуетін (потенциалын) толық пайдалану үшін Солтүстік Арал теңізінің айды-
нын 330 мың гектарға және құрғап жатқан көл жүйелерін суға толтырып, бұл соңғыларының айдынын 
қосымша 60 мың гектарға жеткізу;
– өңірді жаппай көгалдандыру мен бос жатқан жерлерде жасанды шабындық пен мал жайылымын 
жасау. 
Бұл жағдайда орнықты дамудың Арал өңірілік моделін жасауға мүмкіндік бар.
Әдебиеттер:
1. Бродская Н.Т. Данные отложения и процессы осадкообразования в Аральском море // Тр. ин-та 
геол. наук. Вып. 115. – 1952.
2. Страхов Н.М. и др. Образование осадков в современных водоемах // Изд. АН СССР. – М., 1954.
3. Егоров В.В. Почвообразование и условия проведения оросительных мелиораций в дельтах Арало-
Каспийской низменности // Изд АН СССР. – М., 1959.
4. Нұрғызарынов А.М. Аралдың экологиялық тынысы. Монография. – Алматы: «Ғылым», 2006. – 
224-б.
Резюме
В статье отмечается, что на высохшем дне Аральского моря почвообразование идет на терригенных 
и аллювиальных отложениях. Для хозяйственного освоения под орошение пригодны почвы аллюви-
альных отложений, что подтверждается результатами полевых опытов с сельскохозяйственными куль-
турами. Авторы считают, что в Приаралье можно внедрить в практику орошаемое земледелие и вести 
многоотраслевые крестьянские хозяйства.
Summary
This article shows the dried Aral seabed soil formation which takes place on clastic and alluvial deposits. 
For the development of soil alluvial deposits suitable for irrigation, that confirmed by the results of field ex-
periments with agroindustrial cultures. The authors suppose that the Pre-Aral Sea region can be inculcated into 
the practice of irrigated lands and lead multi-branched farmer enterprises.

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
127
ӘОЖ 615.357
СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ КӨБЕЮ БИОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ж. ӨТЕСІНОВ, 
биология ғылымдарының докторы, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Биологияның іргетасы – көбею, өніп-өсу белгілі бір мезгілдің өтуінде жеке тіршілік иелерінде өмір-
дің процестерін тоқтатады. Көптеген зерттеулер, ізденулер, қойылған арнайы тәжірибелер, бақылаулар 
мен фундаментальды теориялық еңбектерді талдай келе тіршілік иелері 2-4 млрд. жыл бұрын пайда 
болғанын айқындайды. Бағалаулар әр түрлі. Өте ежелгі тіршілік формалары сансыз өзгерулерден соң 
және бұтақталынумен миллионға тарта жануарлар және 500 мыңнан астам өсімдіктер түрлері пайда 
болғаны кәзіргі таңда айқын дәлелденген [1, 218].
Бұл жағдайлар биологияда нақты фактілермен және теориялық түсініктемелері көрсетілген. Осы 
өзара әрекеттерді ғылыми тәсілдер дейді. Бұл мәселелер жасушаның элементтерін жеке алу, құрамын 
нақты  функциясын  жеке-жеке  алумен  фрагментттеріне  арнайы  көптеген  эксперименттер  жүргізіліп, 
нәтижелері дәйектерге арқау болды.
Жалпы  «ағза  –  бұл  реттелген  аралшық,  бірақ  ешқандай  реттелінбеген  мұхит»,-делінеді.  Бұның 
мағынасы бір жасушада жүретін тіршіліктің әлі күнге дейін білінбегендері өте көп дегенге саяды. Шы-
нында да биологиялық денелерде сансыз құпиялар әлі ашылуын күтіп тұр [2, 178]. Дегенмен, тіршілік 
сан жетпейтін фактілер жиынтығы және тірі ағзалар салыстырмалық теорияларға сүйенеді. Осылар-
ды  қазіргі  таңда  медицина,  денсаулық  сақтауда,  ауыл  шаруашылығында  және  табиғатты  қорғау  іс-
шараларында пайдаланып, көп нәтижелерге қол жеткізілуде.
Биологияның өзі көп салалы ғылымдар жиынтығы есебінде әрқайсысы өз бағыттарын еселеп дамы-
туда. Соның ең ірі саласы – көбею биологиясы және оның эволюциясы.
Қазіргі  кезеңде  электрондық  микроскоппен  ағзадаға  морфологиялық  ашу,  оны  молекулалық 
тұрғыдан тереңдетіп зерттеу биология ілімін өте жоғары деңгейде дамытуда. 
Сурет 1. Ұрықтану Вассерман бойынша: 1,2,3,4 – акросома реакциясының сатылары; 5 – мөлдір 
аймағы; 6 – перивителин кеңістігі; 7 – плазма мембранасы; 8 – кортикаль түйіршігі; 8 а – кор-
тикаль реакциясы; 9 – спермийдің жұмытқа жасушасына енуі; 10 – аймақтық реакция.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
128
Мысалы, ұрықтануды Вассерман бойынша көрсетсек, биологияның микро әлемінен көп мәліметтер 
арқау етіледі (1-сурет). Ол жетістіктердің деректері бойынша ооплазмаға енген спермияда басындағы 
ядро домалақтанып, аналық ядромен (хромосома жиынтықтары гаплоидты) қосылып, диплоидты жа-
суша – синкарион пайда болады. Онда метоболизм қарқынды жүріп майдалану сатысына дайындық 
жүреді. Соның деректігі ұрықтық дамудағы көптен белгілі болған эмбрионмен жатырдағы ұрпақтың 
арақатынасы имплантация және плацентация негізінде де байқауға болады.
Имплантация  (лат.сөзі  –  біріге  даму,  тамырлану,  түбірлену)  –  эмбрионның  (ұрықтың)  жатырдың 
шырыштық қабығына енуі. Бұның  екі кезеңі белгілі, біріншісі: адгезия (жабысу) – ұрық жатырдың 
ішкі  қабығына  жанасып  ене  бастайды,  екіншісі:  инвазия  (жұғылу  немесе  тереңдеу)  –  эмбрион 
жатырдың  шырыштық  қабығына  тереңдей  енеді.  Эмбрионның  7-тәуліктік  дамуында  трофобласт 
және эмбриобластарда өзгерістер жүреді, бұл оның имплантацияға дайындалуы болады. Бластоцис-
та  ұрықтану  қабығын  сақтай  отырып  трофобластта  лизосомалардың  ферменттері  көбейеді.  Олар 
жатырдың  шырыштық  ұлпасының  қабаттарын  ыдырата  бастайды  (лизис).  Соның  нәтижесінде  эм-
брион беткейіндегі қабықтардың жатырдың шырыштық қабаттарына енуі басталады. Трофобластағы 
микроворсинкалар біртіндеп жатырдың шырыштық қабатын бұзып, ұрықтану қабықтарын ыдыратады. 
Ұрпақтық түйіні жуандап, ұрпақтық қалқаншаға айналады, содан әрі қарай гаструляция жүреді.
Имплантация 40 сағатқа созылады. Осы кезеңде бір уақытта эмбрион қабықтары пайда бола бастай-
ды. Бұл – бірінші дағдарысты уақыты.
Алғашқы кезеңде трофобласт жатырдың шырыштық қабатына жанасып байланысу процесі жүреді 
және  эмбрионның  дифференциациясынан  кейін  екі  қабық  –  цитотрофобласт  және  симпластотрофо-
бласт немесе плазмодиотрофобласт түзеді. Екінші фазасында симпласттрофобласт протеолитикалық 
ферменттерді шығара бастайды, олар жатыр эндометрийін бұзып ішіне ену басталады.
Осы  уақытта  трофобластың  ворсинкалары  пайда  болып,  әйелдердің  эндометрийінен  эпителийін 
бұзып-жарып, одан әрі дәнекер ұлпадан және капилляр қабырғасынан өтеді де, трофобласт ана жаты-
ры қан тамырындағы қанмен тікелей шектеседі. Одан имплантациялық шұқырша пайда болады, оның 
айналасында эмбриондық шеңберде қанның құйылуы жүреді. Әуелі трофобласт (алғашқы 2 аптада) 
ыдыраған аналық жатыр ұлпасымен қоректенеді (гистотрофтық қоректік тип), сосын эмбрион қоректік 
заттарды тікелей аналықтың қанынан алады (гематотрофтық қоректік тип). Бұл кезде дамушы ұрық 
қоректік заттарды ғана алып қоймай, дем алуға қажет оттегіні де пайдаланады. Осы мезгілде эндо-
метрийде  дәнекер  ұлпасының  жасушаларынан  гликогенмен  байытылады,  децидуальдық  жасушалар 
көбейеді.
Эмбрион толық эндометрийдегі имплантациялық шұңқыр тесіктері қанменен толады және эндоме-
трий бұзылған ұлпалық өнімдерімен толады. Мысалы, энтодерманың ұрықтық бөлігі жиектері өзара 
қосылып, сарыуыз қапшығымен жіңішке түтік арқылы байланысатын ішек түтігіне айналады. Тұлғалық 
қатпар пайда болған соң, барлық ұрықтан тыс қабықтар майысып, ұрық үстінде қосқабатты ам нион 
қатпары  қалыптасады,  ол  эктодерма  мен  мезодерманың  париеталды  жапырақшасынан  құралады. 
Қатпар жылдам өсіп, өзара қосылады, нәтижесінде бірден екі уақытша мүше қабық – амнион және 
хорион түзіледі.
Плаценталық дамулар, бұл – хориондық емізік қантамырлары мен эндометрияда орналасқан анасы -
ның ағза қантамырларымен жалғасатын орын. Плацентаның негізгі қызметі – ұрықты қоректік заттар, 
оттекпен қамтамасыз ету, көмірқышқыл газы мен метоболизмнің улы заттарын шығару, нейрогормондық 
(ұрықтық)  реттелу,  жүктілік  кезеңінің  қалыпты  өтуін  қамтамасыз  ету.  Гематоплацентарлық 
кедергі  арқылы  заттардың  белсенді  тасымалдануы  үшін  энергия  шығын  болады.  Ұрық  пен  ананың 
қантамырлары тығыз қатынаста болғанымен, ана мен ұрпақтың қандары араласпайды. Ұрпақ жатын 
бездерінің секреті жатыр сүтімен қоректеніп, ол хорион емізіктерінің қантамырлары арқылы сорылады. 
Туу кезінде хорион емізіктері қоршаған ұлпаларды зақымдамай жатыр бездерінен бөлінеді, сондықтан 
да қан ағу құбылысы болмайды.

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
129
Имплантациялық дамудың периодтарында бұдан әрі қарай плацента (баланың орны) дамиды. Бұны 
адамда  «дискоидальды  гемохориальдық  плацента»  деп  атайды.  Плацента  –  уақытша  өте  көптеген 
функциялар  орындайтын  аса  қажетті  орган.  Соңғысы  ұрпақ  пен  аналық  ағзаларды  байланыстыра-
ды. Сонымен қатар плацента ана мен баланың қанының араласуына тосқауыл болады. Плацента екі 
бөліктен тұрады: ұрықтық (фетальдық) және аналық бөлігі (Pars Materna). Фетальды жағы бұтақталған 
хо рион, ішкі жағында бірге бітіп өскен амнион қабығы, ал аналықтық бөлігі эндометрий өзгеруінен 
пайда болған, туылған соң сыртқа түседі.
Плацентаның өсуі 3-аптадан басталады да, үшінші даму айында аяқталады. 6-8 аптада қан тамырла-
ры айналасындағы дәнекер ұлпа элементтерімен толығады. Фибробласт дифференцировкасында және 
оның коллаген синтездеуінде А және С дәрумендерінің рөлі аса қажет. Егер осы дәрумендер аз болса 
өздігінен түсік болады. 
Хорионның  дәнекер  ұлпасында  негізінен  көптеген  мөлшерде  гиалурон  және  хорионтин  күкіртті 
қышқылдары  болады,  соның  негізінде  плацентаның  (сіңіру)  өтімділігінің  реттелуі  жақсы  жүреді. 
Плацента дамыған гистрофты қоректі гемотрофпен алмасады да, оған хорионның протеолитикалық 
белсенділігіне  байланысты  екені  белгілі.  Бұл  жағдайда  хорион  ворсинкаларын  қан  жуып  өтеді, 
бірақ  эмбриондық  қанмен  ана  тамырындағы  қан  ешуақытта  араласпайды,  эндометрийдің  бұзылған 
қантамырынан лакундеріне құйылады.
Гемотохорион тосқауылы (барьері) екі қан айналымын бөліп тұрады. Оның құрылымы: ұрпағының 
қантамыры эндотелий делінеді, оның сырты дәнекер ұлпасымен қапталған, хорион эпителийі (цито-
трофобласт және симпласттрофобласт) фиброидтан құралып, кейбір орындарды ворсинкалар жауып 
тұрады.  Плаценттің  ұрықтық  бөлігі  3  айлық  даму  мезгілінде  хорионның  бұтақталған  пластикала-
рынан құралады, оның негізі коллагендік (жіпшелер) дәнекер ұлпасынан жаралады, сыртынан цито 
және симпластотрофтық элементтері жауып тұрады. Хорионның бұтақталған ворсинкалары эндоме-
трий жағында жақсы жетілген. Бұнда олар плацентадан өтеді де, өзінің жоғарғы жағымен бұзылған 
эндометрийдің базальды бөлігіне батырылып тұрады.
Хорион  эпителийі  немесе  цитотрофобласт  ерте  даму  кезінде  овальды  ядролары  бар  бір  қабатты 
эпителийлер,  митозбен  көбейеді.  Одан  симпласттрофобластқа  айналады.  Бұл  құрылымында  про-
теолитикалық және тотықтырушы ферменттер өте көп болады (АТФ-аза, негіздік және қышқылдық 
фосфотаза, цитохром-оксидаза НАМФ-диафераза, т.б. 60-қа жуық ферменттер). Олар бәрі аналық пен 
ұрықтық зат алмасу процесінде аса қажет.
Екінші айдағы дамуынан бастап хорион эпителийлік құрылымы жұқара бастайды да, біртіндеп сим-
пластотрофобластпен алмастырылады, осы кезеңде осы құрылым, жуандығымен цитотрофобласттан 
асып түседі. 9-10 аптада симпласт беткейі лакундерге қарай дами бастайды, содан көптеген микро-
ворсинкалар дамып, оның түрі щеткалық әдіпке ұқсайды. Сонымен көбеюдің биологиялық мәселерінің 
көптеген үдерістері эволюциялық дамудың негіздерімен тығыз байланысты екен. Болашақ ұрпақ өз 
түрін сақтауға биологиялық заңдылықтарға сүйеніп, ерте дамудағы қысқа ғана кезеңді (9 айдан аз ғана 
жоғары) қайталап, орта жағдайына бейімделуден өтеді де, жаңа ағзаның негізін қалайды, көбейеді, сол 
жолмен өніп-өсуі жүретінін білдіреді.
Әдебиеттер:
1. Вилли К., Детье В. Биология. – М.: Мир, 1974. – 822 с.
2. Өтесінов Ж.Ө. және басқалары. Сүтқоректілердің көбею биотехнологиясы және эмбриоинжене-
рия негіздері. – Қызылорда, 1998. – 236 б.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
130
Резюме
В  статье  дается  филогенетическое  обоснование  раннего  внутриутробного  развития  у  млекопита-
ющих. Рассматриваются различные методы оплодотворения, этапы развития эмбрионов. Приводятся 
примеры по размножению млекопитающих. 
Summary
This article touches upon the philogenetics basement of earlier fetal development in mammals. In addition, 
different methods of fertilization and the stages of embryo development are considered. There were given 
examples according to mammal breeding. 
ӘОЖ 612.15+612.398.1

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет