Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата14.02.2017
өлшемі6,42 Mb.
#4107
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Б.Ж. ШІЛДЕБАЕВ, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
XXІ  ғасырда  тіршіліктің  көзі  саналатын  су  тапшылығы  адамзат  үшін  өте  үлкен  мәселеге  айна-
лып барады. Күннен-күнге оның әлеуметтік, экологиялық маңызы артпаса, кеміп отырған жоқ. Тіпті 
қазірдің  өзінде  ол  өзінің  жетіспеушілігі  жағынан  көмір,  мұнай,  газ  сияқты  қазба  байлықтармен 
бәсекелесе бастады. Сондай-ақ су барлық тіршіліктің қозғаушы күші, тетігі ретінде Жер шарындағы 
тіршіліктің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі айқын білініп отыр. Оның үстіне Гоби, Такламакан, 
Қызылқұм, Қарақұм сияқты алып шөлдері бар Орталық Азия мен Қазақстан тұрғындары үшін судың 
маңызы бағасыз табиғи қорға айналды. Жасыратыны жоқ, Қызылорда өңірінде адамның өз қолымен 
жасалған Арал апаты орын алды. Құрлықтың миллион жылдар бұрын қалыптасқан табиғат биоценозы 
бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырады. Миллиондаған халқы бар елді мекенді асырап отырған Сыр-
дария өзенінің ауқымы қусырылып, тіршілік тынысы тарылды. Аралға су жетпей, теңіз шөлге айналып, 
ондаған балық комбинаттары мен балық өңдеу зауыттары жабылып, мыңдаған отбасы ішіп-жеп отырған 
несібесінен айрылды. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлап, туған қоныс-мекенін тастап 
үдере қоныс аударды. Осының бәрі 50-60 жылдың ішінде ғана жүзеге асып, Арал апатының шындыққа 
айналғанына баршамыз куәміз. 
Бүгінгі мақсат – Арал өңірінде орын алған апаттың себеп-салдарын көпшілік қауымға түсіндіру. 
Әрине, Арал теңізін құтқару және қалпына келтіру төңірегінде 30-40 жылдай мемлекеттік, халықаралық 
деңгейде  талай  ғылыми  тәжірибелік  конференциялар,  семинарлар  мен  дөңгелек  столдар  үстінде 
ғалымдар мен ауыл шаруашылығы практиктерінің пікірлері айтылып, ірі ғылыми жобалар тіркелді. 
Осының бәрін Арал апатының тағдырына бүкіләлемдік мән берілуі деп түсіну керек. Оны біз осы 
өңір де 2010-2011 жылдар аралығында өткен бірнеше халықаралық конференциялар материалдарынан 
жақсы білеміз. Соның ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға 
алынып отырған бірнеше ғасыр құрылыстары жүзеге аса бастағаны белгілі. Соның ірілерінің бірі – 
«Сырдария өзені арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру» (САРАТС) бағдарлама-
сы  өз  кезегінде  «XXI  ғасырдың  жобасы»  деген  атаққа  ие  болуы  тегін  емес  еді.  Аталмыш  жобаның 
бірінші  кезеңін  жүзеге  асыру  нәтижесінде  Аралдың  қазақстандық  солтүстік  бөлігінің  әлеуметтік-

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
131
экологиялық ахуалы жақсара бастады. Яғни, Кіші теңіз суының деңгейі 42 метрге жетсе, су айдынының 
аймағы 2606-3156,6 шаршы шақырымға артты. Құрғап қалған көлдер жүйесі суға толып жоғалып кет-
кен балықтың 13 түрі қайта пайда болды. Елбасы Кіші Аралды қалпына келтіруді қайта-қайта тап-
сыруы  аралдықтардың  көңіліне  үміт  отын  ұялатып,  Арал  тұрғындарының  әлеуметтік-экологиялық 
проблемаларын шешу мүмкіндігінің бар екеніне көздерін жеткізді. Оның айғағы – Көкарал бөгетінің 
салынуы және Көксарай су реттегішінің жасалуы. Бұл жобалардың маңыздылығы сонда – Көксарай су 
реттегішіне 3 млрд. су берілмек. Демек, Кіші Арал орнына келеді. Ол өз кезегінде Қызылорда облысын 
жыл сайынғы су басып қалу қаупінен біржола құтқармақ. Ең бастысы, Көксарайға көктемде арнадағы 
артық  су  жиналып,  ал  жаздай  ауызсудан  тапшылық  көретін  Сыр  тұрғындарын  сумен  қамтамасыз 
ету  мүмкіндігі  туып  отыр.  Сондықтан  да  болар,  бүгінгі  конференция  алда  тұрған  Арал  проблема-
сын шешуге бағытталған ең маңызды жиын болып отыр. Бүгін біз білікті ғалымдар мен тәжірибелі 
су шаруашылығының қызметкерлерінің аузынан «XXI ғасырдың жобасы» атанған Арал проблемасын 
шешудің жаңа жобаларының куәсі болатынымызға кәміл сенемін. 
Әрине, Арал проблемасын аралдықтардан жақсы білмейтініміз рас. Бірақ Арал апатының ғылыми-
экологиялық негізін, себеп-салдарын жақсы білеміз. Арал өңірінен алшақ жатқан қандастарыңыздың 
көбі «Арал теңізінің болашағы жоқ» деп есептейді. Тіптен кейбір пайымдаушылар шамамен 2050 
жылдары «Арал теңізінің орнында Аралқұм шөлді аймағы пайда болады» деп те отыр. Осының бәрі 
Арал  өңірі  тұрғындарының  әлеуметтік,  психологиялық,  экологиялық  жағдайына  кері  әсерін  тигізуі 
мүмкін. Сондықтан Арал өңіріндегі бүгінгі жақсы бетбұрыстарды халыққа жеткізіп, көпшіліктің жақсы 
ой-пікірін қалыптастыру сіздер мен біздердің міндетіміз деп санаймыз. Бұл бағытта ғылыми зерттеу 
жұмыстарын  жүргізіп,  Арал  тағдырын  зерттеп,  кемел  ой  айтып,  ғылыми  жобалар  ұсынып  жүрген 
ғалымдарымыз бен зиялы қауым өкілдері аз емес. Сондай көрнекті ғалымдардың ішінде ғылым доктор-
лары – А. Тұрсынов, А. Нұрғызарынов, А. Саданов және т.б. еңбегі зор. Сол сияқты Арал өңірін қайта 
түлетуге еңбек сіңіріп жүрген облыс әкімі Б. Қуандықов, САРАТС жобасының үйлестірушісі С. Смайылов, 
Н. Қыпшақбаевтардың және т.б. аудан әкімдерінің Арал өңірінің экологиялық проблемаларын шешуде 
сүбелі еңбек етіп, қоғамдық пікір туғызып жүргені көпшіліктің көңілінен шығуда. Әсіресе, профес-
сор  А.  Тұрсынов  мырзаның  «Арал  теңізін  құтқаруға  болатынын»  ғылыми-практикалық  тұрғыдан 
дәлелдеуі  бүкіл  қазақстандықтарды  дүр  сілкіндіріп  үлкен  сенімге  жетелеп  отыр.  Ғалымның  Арал 
апатының себеп-салдарын экологиялық тұрғыдан дәлелдей отырып, болашақта оны құтқаруға болатын 
дәйекті ғылыми тұжырымдарын ұсынды. Шын мәнінде, профессор А. Тұрсыновтың Арал апатының 
қолдан жасалғандығын дәлелдеуі ащы да болса шындық еді. Бұрынғы Кеңес үкіметінде қалыптасқан 
тоталитарлық жүйе табиғат заңдарымен ешбір санаспаған еді. Яғни, табиғаттың біртұтастылық заңын 
бұзып, жер, су ресурстарының, қазба байлықтардың сарқылатынын біле отырып, саналы түрде жасаған 
экологиялық сауатсыздық пен қатыгездіктер еді. Мәселен, Сырдария мен Әмудария өзендерінің бойы-
на ата-дәстүрімізде жоқ күріш, мақта дақылдарын барынша өсіру қаншалықты қажет еді? «Судың да 
сұрауы бар»  деп табиғат заңдылықтарын жақсы білген ата-бабалар дәстүрін бұзу неге әкеліп соқты? 
Осы өңірде мыңдаған жыл шаруашылық жүргізіп, экологиялық тепе-теңдікті ғылыми негізде сақтай 
білген ата-бабаларымыз туған өлкесінің төл табиғатын бізге жеткізгенін қалай ұмытамыз? Бас-аяғы 
40-50  жылдың  ішінде  Арал  апаты  орын  алды.  Ал  «Іле-Балхаш»  проблемасы  Аралдан  да  кем  емес 
екенін кеш түсініп отырған жоқпыз ба? Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы, Саршаған, Нарын, 
Тайсойған  полигондары,  Каспий  теңізі  проблемалары  ешкімді  бейжай  қалдырмауға  тиіс.  Бүгін  осы 
проблемалар да қамтылуы керек деп ойлаймыз.
Профессор А. Тұрсынов көтерген Аралды құтқару жобаларының ішінде «Сібір өзендерін Аралға 
бұру» жобасы көңілге қонады дер едім. Себебі бұл жоба сонау 1986 жылға дейін өз күшінде тұрып, оның 
жобасы мемлекеттік деңгейде бекітілгені белгілі. Бірақ бұрынғы КСРО президенті М.С. Горбачевтың 
бұйрығымен тоқтатылды. Себебі біздің егеменді ел болатынымызды алдын-ала сезе білген әккі бас-
шы Ресей өзенінің экологиялық жағдайын, елінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжап үлгірген 
еді.  Осы  жобаның  болашағы  зор  екенін  бағдарлай  білген  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2010  жылы 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
132
Шығыс Қазақстан облысында Ресей президенті Д. Медведевпен кездесу кезінде осы аталған пробле-
маны жүзеге асыруды ресми түрде айтқан болатын. Бірақ, өкінішке орай, түбегейлі жауап әзірше жоқ. 
Бұл нені білдіреді? Ол туралы А. Тұрсынов мырзаның пікірін 100 % қолдауға әбден болады. Расында 
да Байқоңыр ғарыш айлағын 10-20 жылдап Ресейдің пайдалануы Қазақстан тұрғындарына, табиғат 
тіршілігіне  қаншама  зардаптар  әкелуде.  Зымырандардың  қаншасы  төбемізге  құлап,  жерімізді  улап, 
денсаулығымызды құртып жатыр. Соның өтемі ретінде неге Сібір өзендерін Аралға бұрмасқа? Міне, 
осы проблеманы аяғына жеткізуде Елбасына қолдау көрсетіп, қоғамдық пікір туғызуымыз керек. Оның 
үстіне Арал апаты аймағында өмір сүріп жатқан 5 миллионнан астам халықтың тағдырын бүгін шеш-
песек, ертең кеш болары сөзсіз.
Арал тағдыры бүкіл жер шары тұрғындарына ортақ проблема екенін бүкіл әлем біледі. 2010 жылы 
Қазақстанға арнайы сапармен келген БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Аралда болып, «Жаһандағы 
ең ірі экологиялық апат аймағы» деп атауын қалай түсінеміз?! Бұл сөздің мағынасын көзі ашық, көкірегі 
сергек, бойында ұлттық намысы бар әрбір қазақстандық азаматтардың түсінуі тиіс деп ойлаймын. Бүгін 
Арал, ертең Балқаш пен тағы біраз көлдеріміз, өзендеріміз шөлге айналса, келесі ұрпақтарымыздың 
тағдыры  не  болады,  ағайын?  Сондықтан  бір  кісідей  жұмылып  президентіміздің  көтерген  мәселесін 
зия лы  қауым,  көпшілік  қолдайық.  Өйткені  Арал  апатына  белгілі  бір  деңгейде  Ресей  жауапты  екені 
анық. Елбасымыздың Аралға Сібір өзендерін бұру мәселесін көтеруі аяқсыз қалмайтынына сенеміз.
Қорыта келгенде, Арал төңірегіндегі проблемаларды сараптай келіп, оның экологиялық негізі мына-
да екенін назарларыңызға ұсынамыз. Олар: 
– Елбасының Аралға деген кемел саясатына қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан 
Ги  Мунның  Арал  проблемаларын  шешудегі  ынтасын  ескеріп  халықаралық  қор  жұмысының  рөлін 
күшейтуге игі ықпал ету;
– Орталық Азия республикаларының Аралды құтқаруға деген ортақ пікірін туғызып, теңізді қалпына 
келтіруге бағытталған іргелі жобаларға қатысуын мемлекетаралық деңгейде шешуге жұмылдыру жос-
парын жасау;
–  Теңіз  табанынан  көтерілген  улы  тұз  қосылыстарын  азайту  және  жаңа  биоценоз  қалыптастыру 
мақсатында фито-мелиоративтік жұмыстарын күшейту үшін бүкіл қызылордалық «Экотеңіз-12» акция-
сын ұйымдастыру («Жасыл Ел» бағдарламасы негізінде); 
–  «Арал  апатын»  одан  әрі  ушықтырмау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрлігінен Аралды құтқаруға бағытталған инновациялық іргелі ғылыми жобаларға ерекше статус 
беріп, қомақты қаржы бөлуге ұсыныс жасау;
– Арал проблемасын шешуге оңтүстік-батыс өңірдегі барлық жоғары оқу орындарының (Қорқыт 
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасы негізінде) білікті ғалымдар потенциялын 
пайдаланып «Арал және инновациялық жоба» атты конкурс ұйымдастыру; 
– Арал апатын Қазақстанның басқада аймақтарында қайталамас үшін көпшілік арасында, барлық 
білім  беру  жүйелерінде  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруге  негізделген  экологиялық  білімді 
ақпараттандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу;
– 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жалпы білім беретін орта мектептің оқу жос-
парына «Экология негіздері» пәнін енгізуге ұсыныс беру (11-12 сыныптар негізінде);
–  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  және  қоршаған  ортаны  қорғау 
министрлігімен бірлестікте Арал апатының бүгінгі күнге дейінгі табиғат кешендеріндегі антропогендік 
өзгерістерге экологиялық мониторинг және сараптама жасау арқылы Аралдың болашағына баға беру 
болып табылады. 
 
Резюме
В статье анализируются причины возникновения Аральской экологической катастрофы. Рассматри-
ваются способы разъяснения общественности ее последствий. Подробно излагаются меры, предпри-
нимаемые в Республике Казахстан, по оздоровлению экологической обстановки Приаралья, а также до-

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
133
стижения в данном направлении. Предлагаются научно обоснованные рекомендации по дальнейшему 
оздоровлению экологии Приаральского региона.
Summary
The  article  analyzes  the  causes  of  the Aral  Sea  ecological  disasters  and  considers  the  ways  of  public 
implications concerning the disaster. There was described detailed measures in the Republic of Kazakhstan on 
the way of ecological situation rehabilitation in the Pre-Aral Sea region, also given achievements in this field. 
There are scientific based recommendations for the further ecological betterment of the Pre-Aral Sea region.

134
МАЗМҰНЫ
Бисенов  Қ.А.  «Білім  –  ғылым  –  инновация»  постиндустриалды  үштігі  аясында 
инженерлік кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері
3
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Кәрібаев Б.Б. Бұқарбай батыр және XVIII ғ. II жартысы мен XIX ғ.
I жартысындағы қазақ мемлекеттілігі мәселесі
8
Қойгелдиев М.Қ. Естекбайұлы Бұқарбай батыр және оның заманы
14
Нұрымов  Ә.С.  Қазақстан  Республикасындағы  миграциялық  саясаттың  кейбір 
мәселелері
20
Сейсенов Б. Орталық Азия – «Азиль мәдениетінің» ең ежелгі ошағы
22
Сейсенов  Б.  Адамзат  өркениетіндегі  ғаламдық  проблемалар  және  оны  шешудің 
жолдары
27
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
Абиыр Қ.Е. Қазақ тілін оқытудағы қатысым теориясының негізі
33
Әшірбекова Г. М. Қаратаевтың әдеби-сын мақалалары
37
Дүйсенғазин С. Мұхамеджан Қаратаев және ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының 
зерттелуі 
39
Кеншинбай  Т.И.,    Амиралиева  Э.А.  Способы  передачи  примеров  переводческих 
трансформаций по роману Л.Н. Толстого «Хаджи-Мурат»
43
Шандыбаева А.Б. Мұхамеджан Қаратаев – көркем аударма өнерінің теоретигі
46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
Асылбекова Ж.О. Ұлттық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық 
әрекетін дамыту 
49
Тұрбаев  Б.Е.,  Қанибайқызы  Қ.,  Жаңабаева  Г.  Үздіксіз  білім  беру  үдерісінде 
өндірістік мазмұнды есептер шешудегі сабақтастық
52
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
Абдулхаирова Э.М. 
Современные тенденции развития Аграрного рынка
труда в процессе глобализации
55
Болатқызы С. Жаңаратын энергия көздерінің дамуы
63
Дузельбаева  Г.Б.  Механизм  стратегического  управления  инвестиционными 
процессами в экономике
67
Жүнісова  Б.Т.  Банк  саласындағы  маркетингтік  зерттеулердің  ерекшеліктері  мен 
бағыттары
72

135
Көшербайұлы  А.  Арал  өңірі  аймағын  дамытудың  әлеуметтік-экономикалық 
проблемалары және оларды шешу жолдары
75
Смагулова Ж.Б. Управление маркетингом в туризме Республики Казахстан
80
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Бисенов  Қ.А.,  Үдербаев  С.С.,  Байконурова  А.  Табиғи  және  техногенді  шикізат 
негізінде ұялы бетонды өндірудің технологиялық параметрлерін жасау
84
Mamyrbek  A.Beysenbi,  Pazharbek  Y.Saparkhojayev,  Nurbek  P.Saparkhojayev 
Introduction to RFID technology
90
Мырзахметов  М.  Вопросы  подготовки  кадров  и  реализации  инновационных 
проектов в рамках правительственных программ модернизации и развития жилищно-
коммунального хозяйства и «Ак-булак»
93
Өтетілеу  А.Ө.,  Кенесары  А.Б.,  Бақалбаева  Г.А.  Объектіге  бағытталған  тәсілдің 
принциптері және негізгі идеялары
97
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ
Абилдаева Ж., Демесинова А.А. Вредители и болезни сои в рисовом севообороте 
Кызылординской области и меры борьбы с ними
100
Бегалиев К.Б., Байжанова Б.К.Отемисова А.С. Технология выращивания озимой 
пшеницы в условиях Кызылординской области
102
Жанзақов М.М., Шегенбаев А.Т., Бекенова А.Е. Егіс танаптары ластануын есептеу 
және картаға түсіру әдістемелері
105
Жанзақов М.М., Шегенбаев А.Т. Карантиндік арам шөптер және олармен күресу 
шаралары
110
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
Аппазов Н.О., Сыздықбаев М.І., Нарманова Р.Ә., Ақылбеков Н.И., 
Ниязова Д.Ж. Құмкөл мұнайының толық құрамын, шығу тегін және қасиеттерін 
зерттеу
114
Кривоногов  С.К.,  Кеншинбай  Т.И.,  Курманбаев  Р.Х.  Голоценовая  история 
Аральского моря: уроки прошлого для понимания его современного состояния
117
Ибадуллаева С.Ж., Оңғарбаева Г.Р. Арал өңірінің әр түрлі аймақтары тұрғындары-
ның қан сарысуындағы креатинин мөлшерінің мониторингі 
121
Нұрғызарынов  А.М.,  Арыстан  Е.Ж.  Арал  теңізінің  құрғаған  орны  мен 
жағалауындағы жерлердің агромелиоративтік күйі және оларды пайдалану жолдары
124
Өтесінов Ж. Сүтқоректілердің көбею биологиясының эволюциялық негіздері
127
Шілдебаев Б.Ж. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудің 
экологиялық негіздері.
130

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттiк университетiнiң
ХАБАРШЫСЫ
1999 жылғы наурыздан бастап шығады    Издается с марта 1999 года
____________________________________________________
Жылына екi рет шығады    Издается два раза в год
Редакция мекен-жайы:
120014,
Қызылорда қаласы,
Әйтеке би көшесi, 29»А»
Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда
мемлекеттiк университетi
Телефон: (7242) 26-17-95
факс: 26-27-14
E-mail: 
ksu@korkyt.kz
Адрес редакции:
120014,
город Кызылорда,
ул.Айтеке би, 29 «А»,
Кызылординский
государственный 
университет
им. Коркыт Ата
Құрылтайшысы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi
Учредитель: Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi
берген 450-Ж бұқаралық ақпарат құралын есепке алу куәлiгi, 29 қазан, 1998 ж.
Техникалық редактор: 
Күлманова С.А.
Теруге 29.02.2013 ж. жiберiлдi. Басуға 29.03.2013 ж. қол қойылды.
Форматы 60х84 
1
/
8
. Көлемi 18,14 шартты баспа табақ. Таралымы 500 дана.
Тапсырыс 0062. Бағасы келiсiм бойынша.
---------------------------------------------------------------------
Сдано в набор 20.09.2012 г. Подписано в печать 07.12.2012 г.
Формат 60х84 
1
/
8
. Объем 18,14 усл.п.л.Тираж 500 экз. Заказ 0062. Цена договорная.
Жарияланған мақала авторларының пiкiрi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi.
Мақала мазмұнына автор жауап бередi.
Қолжазбалар өңделедi және авторға қайтарылмайды.
«ХАБАРШЫДА» жарияланған материалдарды сiлтемесiз көшiрiп басуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет