Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Президенттің  Халыққа  Жолдауы.  «Қазақстан  –  2050» 
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //Егемен Қазақстан, 2012 
жыл, 15 желтоқсан. 
2.
 
Абайдың Қара сөздері. – Алматы: Атамұра, 1996. –128 б. 
3.
 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. 
4.
 
Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются вопросы воспитания правовой культуры
(Сманов Л.С., Байтерекова К.Б. Вопросы воспитания правовой культуры) 
 
SUMMARY 
This article discusses the issues of legal education culture. 
(Smanov L.S., Baiterekova  K.B. The Problems of Legal Education Culture) 

108 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 373.1.02:373.3:39   
                                                       
 
М.ОРЫНБАЕВА  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
Г.Т.МҰСАБЕКОВА  
педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
 
ШЕЖІРЕ – ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ 
 
Шежіре - тарих ғылымының бір саласы. Шежіре – қазақ халқы үшін зор 
маңызы  бар,  үлкен  әлеуметтік,  моральдық,  психологиялық  рөл  атқарған 
тәсіл.  Шежіре  арқылы  жалпы  қоғамдық,  ғаламдық  көлемде  өткенді  тану 
тіпті  де  мүмкін  емес. Шежіре өзімізді-өзіміз тануымыз  үшін,  бір-бірімізге 
қандай  жақындығымыздың  барын  білуіміз  үшін  қажет.  Мақалада 
шежіренің  халықтық  педагогиканың  тәрбие  құралы  ретінде  рөлі 
көрсетілген.  Оның  жасұрпақ  тәрбиесіне  қосар  үлесі  мен  мәні  жан-жақты 
ашылып қарастырылады. 
 
Кілтті  сөздер:  шежіре,  әлеуметтік  тәсіл,  халықтық  педагогика, 
халықтық педагогиканың тәрбие құралы. 
 
Шежіре де – тарихтың бір тармағы. Біздің халқымыздың даму тарихында 
дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткіздірмей үзіп тастауға бағытталған саяси-
идеологиялық  тосқауылдар  болды.  Бұл  әсіресе  кеңестік  дәуірде  өрескел 
бұрмалаушылықпен  жүргізілді,  халықты  мәңгүрттікке  жетелеудің  құралы 
болды. Ата-бабаларымыздың қалдырған материалдық және рухани мұралары 
жойылуға  жақын  қалды.  Ауызша  жеткізудің  салдарынан  кеткен  ауыс-
түйістер,  жаңалықтар  мен  бір-біріне  шатыстырудың  барын  аңғарған  кейінгі 
жазу-сызуды  меңгерген  шежірешілер  әлгі  түрлі  нұсқаларды  жинақтап, 
олардағы  деректерді  өз қолдарына  түскен  тарихи құжаттармен салыстырып, 
содан  түзіп  шығарғанына  өз  дәуірінің  айырықша  мәнді  деген  оқиғаларын 
қосып  жазып  отыратын  болған.  Бұлар  негізінен  өз  деңгейінен  тарихи 
тақырыпқа жазылған көркем туынды іспеттес. Осы арада назар аударатын бір 
жай,  олардың  бұрынырақ  жазылған көнелері  тек  қазақ  халқының ғана емес, 
тағдырлас  көптеген  түркі  тілдес  халықтардың  ортақ  шежіре  тарихы  болып 
келеді.  Мәселен,  осы  ретте  қазіргі  қанаттас  отырған  қазақ,  қырғыз,  өзбек 
және  басқа  халықтардың  көне  тарихын  көркем  де  нақты  баяндайтын,  бұл 
күнде  ғалымдарымыздың  бірауыздан  энциклопедиялық  шығарма  деп 
мойындап  жүрген  Захираддин  Бабырдың  –  «Бабырнамесін»,  Мұхаммед 
Хайдар  Дулатидің  –  «Тарих-и-Рашидиін»,  Осман  Кухистанидің  –  «Тарих-и 
Абул-Хайр-ханын»,  Бейбарыс  пен  Халдунның  –  «Қыпшақ  шежіресін», 
Абулғазы Баһадұр-ханның – «Түрік шежіресін», Ұлықбектің - «Сұлтандар  

109 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
шежіресін»  және  басқаларды  айтуға  болар  еді.  Өз заманының  ғұламалары  
атанған  осынау  ойлы  азаматтардың  бастаған  игі  дәстүрі  кейін  де  жалғасын 
тауып жатты. Алдынғыларынікі хұсаихатшылардың (кітапты қолмен көркем 
етіп  көшірушілердің)  қолымен  жазылып,  бірнеше  дана  болып  оқушысына 
жетсе, кейінгілерінікі баспаханаларда теріліп, кәдімгі кітап болып шықты.  
Өздерінен бұрын жазылған бірнеше жылнама-шежірелерді жинақтап ой 
қорытқан, оны басқа жалпы жұртқа мәлім емес тарихи деректермен байытқан 
зиялылардың  мұндай  шежіре-тарихтарымен  бірге  қазақтың  ауызша 
шежірелері  де  дамып,  өркендеп  отырғанын  айтқан  жөн.  Шежірені  ауызша 
айтып  елге  таратушыларды  шежірешілер  деп  атаған.  Ондай  атқа  ие 
болушылар  қазақ  арасында  көп  болған.  Кейін  келе  белгілі  ақын-жазушылар 
осы  шежірешілердің  айтқан  материалдарын  пайдаланып,  шежіре  мәтінін 
тарихи  жырға  айналдырып,  өздері  айтып  жүретін  дәстүр  қалыптасқан. 
Мұндай  дәстүрді  тек  қазақ  халқы  емес,  басқа  түркі  тілдес  халықтардың 
өмірінен де көруге болады. Мысалы, қарақалпақ халқының ұлы ақыны Бедақ 
(Бердімұрат)  Қарағабайұлының  «Шежіре»  деп  аталатын  поэмасы  осы 
айтқанымызға  толық  кепілдік  бере  алады.  Бұлайша  шежірені  өлең-жырға 
айналдыру  оны  тек  арнайы  шежірешілер  ғана  емес,  жалпы  жыр  құмар 
қауымның жаттап алып айтып жүруіне мол мүмкіндік ашқан. Содан да болар 
күні  бүгінге  дейін  халқымыздың  арасында  өз  ата-тегін,  болмаса  өзінен 
шыққан  ру-тайпасын  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  халқының  шығу  тегін,  өсіп-
өркендеу  жолын  жіліктеп  бөліп,  тармақ-тармаққа  салалап  беретін  адамдар 
сирек те болса кездесіп отырады. 
Жалпы  осы  айтқандарды  тұжырымдай  келгенде, қазақ шежіресін  ресми 
түрде жазбаша шежіре және ауызша шежіре деп екіге бөлуге болады. Жазба 
шежіресінің  ауызша  шежіреден  айырмашылығы  мұнда  тарихи  уақиғалар, 
тарихта  болған  жеке  қайраткерлердің  өмір  жолдары,  тұтас  ру-тайпалардың 
шығу  тегіне  байланысты  тарихи  деректер  кеңірек  қамтылады.  Бізге  жеткен 
жазба шежірелердің көбісінің тақырыбында «шежіре» сөзінің орнына «наме», 
«тарих»  деген  сөздердің  жиірек  жүретіні  осының  дәлелі.  Ал  ауызша 
шежіреде халықтың жалпы тарихы емес, тек ұрпақтардың тарамданып, өсіп-
өркендеу  жолындағы  генелогиясы  баяндалады.  Оның  жазба  шежірелердей 
емес,  түрлі  нұсқалары  да  көп.  Ауыздан  ауызға  көшу  арқылы  ұрпақтан- 
ұрпаққа 
берілгендіктен, 
бұл 
нұсқалардың 
бір-бірінен 
елеулі 
айырмашылықтары  да  бар.  Бұл  айырмашылықтар  негізінен  өз  дәуірінің 
перзенті  болуға  ұмтылған  шежірешілердің  әр  кездегі  саяси-әлеуметтік 
ағымдардың  ықпалымен  өзіндік  қосымшалар,  түзетулер  енгізуінен  болғанға 
ұқсайды.  Шежіренің  ұзын  ырғағын  бұзып,  жаңсақ  кіргізілген  тармақтардың 
көп  болатыны  да  осыдан  болуы  керек.  Сондай-ақ,  шежіре  бастауларының 
түрлі  кезеңнен  өріс  тарататыны  да  біраз жайды  аңғартқандай.  Одан,  әсіресе 
діни ұғымның ықпалы молырақ байқалады. 
Шежірені тарих ғылымының  бір саласы деп қарау керек. Жазу-сызу  

110 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
кенжелеп  дамыған  ұлтымыздың  ғасырлар  белесін  басып  өтіп  келіп,  бүгінгі 
ерулеген ұлы көштің кешегісі осы шежірелерде екенін түсінетін кез жетті.  
Өйткені, бүкіл тірлігі белгілі бір территорияда судың тұнығын, жайылымның 
шұрайлысын  іздеп,  тайпа-тайпа,  ру-ру  болып  көшіп  жүрген  халқымыздың 
көне  тарихы  сол  әлгі  ру-тайпалардың  тарихынан,  солардың  ру  басылары 
тайпа  көсемдерінің,  сыртқы  жауымен  күрескен  жаужүрек  батырлар  мен 
бірлік,  ынтымақ  үшін  тер  төккен  көшпелі  билерінің,  елеулі  кезеңдерде  ел 
тізгінін ұстаған қағандары мен хандарының іс-әрекетінен құралады. Бұл ретте 
ру-тайпа шежірелері көне қытайдың әулеттік шежірелерімен мәндес секілді. 
Ал көне қытайдың әулеттік шежірелерінің сол елдің жалпы тарихын жазуға 
негіз болғаны белгілі. 
Демек,  біздің  де  бір  кездегі  сауатсыз  ағаларымыздың  кешегі 
әсіребелсенділік  үстемдік  алған  шақта  жалаң  ұраншылдықпен  ағаш  атқа 
мінгізіп,  «әй,  кәпір»  еткен  ру  деген  ұғымға  бүгін  де  сол  түйсікпен  үрке 
қарамай,  оған  ғылым  мен  тәжірибе  тұрғысынан  келіп,  халық  болып 
қалыптасуымызға,  ұлт  болып  танылуымызға  негіз  болған  жалпыхалықтық 
тарихымыздың бастау сатысының жанды бір бөлшегі деп қарауымыз қажет. 
Өйткені кез-келген ру шежіресі кезінде өз құрамына енген тайпаның бастан 
кешкен жалпы тарихын білуде тарихи маңызы бар қосымша бірден-бір дерек 
екенін  ұғынған  кез  жетті.  Жекелеген  рулар  мен  тайпалардың  этногенезін 
анықтамай тұрып, қазақ халқының тайпалық құрамын анықтау мүмкін емес. 
Осы мәселені дұрыс шешпей тарихшы халықтың өзінің қайдан шыққанын, ал 
тілші оның тілінің қайдан пайда болғанын анықтай алмайды. Өйткені халық 
пен оның тілінің шығу мәселесі бір-бірімен және тайпаның пайда болуы мен 
дамуы тарихымен тығыз байланысты, бір тұтастықта. Егер біз халқымыздың 
этникалық құрамына енген тайпалардың есте жоқ ескі заманда қай жерлерді 
мекендеп, кімдермен қоңсылас болғанын білгіміз келсе, айтқан сөзі, еткен ісі 
ұрпағына  үлгі-өнеге  батагөй  абыз  қарттарымыз,  жеңілмес  батырларымыз, 
шалдырмас  шешендеріміз,  бал  бармақ  күйшілеріміз,  жезтаңдай  әншілеріміз 
қай  заманда,  қай  ортада  өмір  сүрді  және  олар  ел  басына  түскен  қандай 
қырғын-сүргінді  көрді  дегенді  дұрыс  ұғып,  түсінгіміз  келсе,  осы  рулар 
шежіресіне  жүгінуіміз,  содан  ой  өрбітуіміз  қажет.  Біздің  бұл  ойымызды 
халқымыздың  этникалық  құрамы  жөнінде  өткен  ғасырда-ақ  «Қазақтың  ұлы 
жүзі  мен  қырғыздардың  этникалық  құрамын  анықтау  тәжірибесі»  және 
«Түрік  тайпалары  мен  ұлыстарының  этникалық  құрамы  туралы  хабар, 
олардың  саны  жөніндегі  мәлімет»  деп  аталатын  екі  бірдей  еңбек  жаздырып 
қалдырған  Н.Аристовтың  мына  бір  тұжырымы  дәлелдей  түскендей:  «Қазақ 
шежіресі  маған  қазақ  тайпасының  тарихын  зерттеп  жазуда  көп  пайдасын 
тигізді.  Сондықтан  да  мен  қазақтың  тарамданып  өсу  жолындағы 
генеалогиясына  тоқталмай  кете  алмадым,  онсыз  маған  қазақ  тайпасының 
өткен өмірін зерттеп білу қиын болар еді», - дейді ғалым [1]. 
Мұндай пікірді бір осы Н.Аристов қана емес, көптеген орыс  

111 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ғалымдарынан  кездестіруге  болады.  Кезінде  Н.И.Гродеков,  П.Н.Рычков, 
А.И.Леашин,  Г.С.Саблуков,  В.В.Григорьев,  Г.Н.Потанин,  Н.Н.Березин  және 
басқалардың  қазақ  шежіресіне   мән  беріп,  жинап,   олардың  кейбіреулерін  
баспаға  ұсынғанын,  енді  біреулері  орыс  тіліне,  тіпті  Еуропа  өкілдері 
тілдеріне  аударғанын  білеміз.  Бірақ  біз  өзіміз,  өкінішке  орай,  осыларды 
көріп-біліп отырсақ та ру шежіресіне тарихи дерек деп қарамадық. Ру десек, 
құру  деп  түсіндік,  жікке бөліну  деп  қабылдадық. Осыдан  келіп  адамдардың 
өмірбаянының  бір-біріне  ұқсамайтынындай  халықтардың  да  өмірбаянының 
бір-біріне  ұқсамайтынын  біліп  тұрып,  халықтың  өзі  бастан  кешірген  кейбір 
тауқыметтерге  қарамастан  ғасырлар  бойы  сары  алтындай  сақтап  бүгінге 
жеткізген  тарихи  материалдарын  алдын  ала  дайындаған  қалыпқа  салып 
сонымен  өлшеп-піштік:  сыймағанын  алып  тастадық,  жетпегенін  керіп-
создық. Сөйтіп тарих жасадық.  
Қазақ  шежіресі  –  халықтың  атадан  баласына  қалған  асыл  мұрасы, 
қасиетті  тарихы.  Қазақ  шежіресі  жан-жақты  зерттеліп,  тезірек  көпшілік 
игілігіне асуы қажет, әсіресе жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде. Бұл – қазіргі уақыт 
талабы  тудырған  қажеттілік.  Қалай  болғанда  да  халқымыздың  тарихында 
шежіре  шешер  түйін  көп.  Ал  ол  түйіндер  шешілмейінше  толыққанды  қазақ 
тарихын  жасау  мүмкін  емес.  Бұл  түйіндерді  шешу  –  ұрпақ  міндеті.  Бірақ 
мұны  қанша  қажетсінгенімізбен  бір  күнде  біте  қалар  іс  емес,  оған  уақыт 
керек. Сондықтан осы игілікті іске әр ұрпақ өз үлесін қосып, хал-қадір, білім 
өрелері жеткенше қызмет етуі тиіс.  Шежіре – қазақ халқы үшін зор маңызы 
бар,  үлкен  әлеуметтік,  моральдық,  психологиялық  рөл  атқарған  тәсіл.  Саны 
жағынан азғантай, ал жайлаған жері кең қазақ халқы үшін шежіре халықтың 
бірін-бірі  тануы,  біріне-бірінің  қандық,  тектік  жақындығын  білдіру  үшін 
қызмет  етті.  Бәрі  бірін-бірі  танып-білуге  бірімен-бірінің  арақатынасын 
айқындауға бағытталған. Мұнда ең басты мәселе – оны алшақтату емес, қайта 
бірімен-бірінің  жақын  екендігін  сездіру  болып  табылады.  Жеті  атаға  дейін 
қыз алысып,  қыз беріспеудің тектік теориясы жағынан генетикалық мәні зор 
екені  қазіргі  ғылымда  дәлелденіп  отыр.  Шежіре  арқылы  жалпы  қоғамдық, 
ғаламдық көлемде өткенді тану тіпті де мүмкін емес. Шежіре өзімізді-өзіміз 
тануымыз үшін, бір-бірімізге қандай жақындығымыздың барын білуіміз үшін 
қажет. Шежіре әуелі атадан, яғни әкеміздің әкесінен бастап тартылады. Жеті 
атаға  толған  соң  боз  бие  шалып,  қолдарын  қанға  малып,  рулас  болып 
жүрейік, жат болып кетпейік деп, таңба бөлісіп, ұранын алысып (ұран-рулық, 
тайпалық, елдік, ұлыстық, ұлттық болған), ауылының қонысы белгіленіп, қыз 
алыса бастаған. Ендігі туыстық жегжат-жұраттыққа ауысады.  
«Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір 
жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын 
білген  ұл  жеті  рулы  елді  біледі»  дегенді  сөз  салмақтап,  ой  баққан  атамыз 
қазақ  тегін  айтпаған  болар.  «Қырық  рулы  елміз,  қарға  тамырлы  қазақпыз» 
деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл – қазақтың аралас-құралас, алыс  

112 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
берісті,  құда  жекжат,  жамағайын  жұрағаттығын  аңғартатын  сонау  іргеміз 
сөгіліп,  қаймағымыз  бұзылмаған  заманадан  жеткен  ұғым.  Өткенімізді  қарап 
отырсақ, ел бастаған көсем де ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорған  
батыр  да  осы  сөздерді  жиі  айтқан.  Алысты  жақын  тұтқан,  жақынды  бауыр 
тұтқан,  туыстық  желіні  үзбеген.  Береке-бірлікті  бұзбаған.  Үлкені  сөз 
бастаған,  кішісі  ағаның  сөзін  қостаған.  Сүттей  ұйып  ғұмыр  кешкен.  Ел 
шетіне жау келсе даңқты  бабаларының атын ұран қып шақырып, қанымыз, 
жанымыз  бір,  руымыз,  туымыз  бір,  тегіміз,  кегіміз  бір,  еліміз,  жеріміз  бір, 
суымыз,  нуымыз  бір  Ер  Түріктің  ұрпағы,  алаштың  азаматымыз  десіп 
бәтуаласып,  баталасып,  бес  қаруын  асынып,  ат  құйрығын  түйісіп  бір 
байрақтың түбінен табылған. 
Қаймана қазақ түз төсінде жолыға қалса жеті атасын таратысып, егжей-
тегжей жөн сұраса келе: «Ой, сен өзі бөтен болмадың, тіпті ет жақын туысым 
болып  шықтың,  бізге  жиен  екенсің  немесе  нағашы,  не  құда  екенсің  ғой», 
десіп  шұрқыраса  табысып,  құшақтары  қабысып,  әзілдері  жарасып,  ел  жұрт, 
бала-шағаның  амандық-саулығын  сұрасып  бір  жасасып  қалады.  Бұның  бәрі 
халқымыздың айрықша қасиеті. Басқа жұртқа ұқсамайтын ерекшелігі. Қазақы 
бауырмалдық. Қазақтың қазақтығының бір ұшы осында жатыр. Бірақ кейінгі 
жылдары  біз  өзімізге  табиғи  тән  осы  қасиетімізден  де  ажырап  бара 
жатқандаймыз.  Қазір  екінің  бірі  жеті  атасын  біле  бермейді.  Тіпті  кіммен 
қалай  туысатынын  да  ажырата  алмайды.  Ілуде  біреуден:  «Осы  пәлен  шекең 
сенің кімің?» деп сұрасаң: «Білмеймін, әйтеуір  туысқанбыз, әке шешеміз көзі 
тірісінде бауыр тұтып жүретін, бір жақындығы бар шығар», дейді. Ал кейбір 
білгендерінің  өзі,  мысалы,  жиеншары  болса  «әкемнің  туған  қарындасының 
баласының  баласы»  деп  шұбыртады.  Қалай  туысатынын  түсінгенмен  кімім 
дерін  білмей  қиналады.  Әсіресе  кейінгі  жастар  туыстық  қатынастардың  ара 
жігін ажыратып, жіліктеп айтуға шорқақ.  
Бұрынырақта  үлкен  қариялар,  әкелеріміз  кім  кімнен  туатынын 
аталарынан  тармақталған  ұрпақтарды  тәптіштей  таратып  балалардың 
құлақтарына құйып отырушы еді. Әр атасының қадір-қасиетін, ерлік істерін, 
шешендік  сөздерін  дәріптеп,  ұйып  тыңдар  тартымды,  шежірелі  әңгіме 
шертетін.  Ондағылары  кейінгі  ұрпақтары  ата-бабаларын  мақтан  тұтып 
жүрсін, жомарттыққа, ерлік пен мәрттікке саятын кесек істері мен өр, жайсаң 
мінездерінен  тәлім  тағылым  алсын,  дәл  өзіндей  болмаса  да,  соларға  ұқсап 
бақсын  бойындағы  қазақтық  сезім,  түйсігін  жоғалтпасын  кейін  біздің  де 
атымызды  өшірмей  ұрпағына  өнеге  етіп,  марапаттап  айтып  отырсын 
дегендіктері  болар.  Кейде  сол  үлкендер:  «Ұқсамасаң  тумағыр,  сен  пәлен 
деген атаңа немесе түген деген нағашыңа аумай тартқансың. Сөйлеген сөзің, 
мінез-құлық,  жүріс-тұрыс,    кескін-келбетің  айнымайды.  Жарықтық  осындай 
да  осындай  адам  еді»  деп  бала,  немерелерін  арғы  туыcтарының  біріне 
ұқсатып та жатады. Кейін әлгі бала «мен пәленше деген атама не нағашыма 
немесе немере атама тартқан екенмін» деп ол адамның кісілігін, ерекшелігін  

113 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
мақтанышпен айтып жүреді. Өзінің де өмір бойы сол адамға жақсы жағынан 
ұқсап бағары анық. 
Міне,  сондықтан  да  балаларға  ерте  бастан  туыстық  шежірені  үйреткен 
жөн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 144 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Летопись  –  отрасль  исторической  науки.  Об  этом  говорили  не  только  Н.Аристов,  но  и 
другие  русские  ученые.  Летопись  для  казахского  народа  имеет  большое  социальное, 
моральное, психологическое значение. В данной статье летопись рассматривается как средство 
воспитания народной педагогики. 
(Орынбаева М., Мусабекова Г.Т.  Летопись – средство воспитания народной педагогики) 
 
SUMMARY 
The  chronicle  –  branch  of  historical  science.  About  it  told  not  only  N.Aristov,  but  also  other 
Russian scientists. The chronicle for the Kazakh people has great social, moral, psychological value. 
The chronicle is necessary to learn itself, to learn how we are close to each other. 
(Orunbayeva  M.,  Musabekova  G.T.  The  Chronicle  –  an  Educational  Tool  of  National 
Pedagogics) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

114 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ  373.3:37.091.32 
 
Л.С.СМАНОВ 
педагогика ғылымдарының докторы, 
ОҚМПИ-ның профессоры 
 
П.ЛЕСБЕКОВА 
ОҚМПИ-ның магистр-ізденушісі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІ 
ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Еліміздің  дамуы  әр  адамның  еңбек  орнындағы  атқарған  қызметіне, 
белсенділігіне, жауапкершілігіне, ал оқу орындарында саналы тәрбие сапалы 
білім алуларына, еңбек ету іс-әрекеттеріне тікелей байланысты. Мемлекет 
басшысы  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ 
Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  бағдарламасында  еліміздің  дамуының  ең 
негізгі салаларына назар аударып, қоғамның еңбекпен жаңаратындығы, бізге 
жаңа қоғамдық көзқарастың қажет екендігін, адамды еңбекке баулу және 
олардың  еңбегін  бағалау  маңыздылығын  айтты.  Елбасының  ойы  –  халық 
болып  жұмыла  еңбек  ету,  Қазақстан  елі  үшін  еңбек  еткен  патриот 
адамдарға  әділетті  түрде  лайықты  құрмет  көрсету,  осы  жағына  мән 
берілуін  байқатты.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  мұның маңызы  үлкен,  сонда 
мақсатымызға жету үшін қажет екендігін ұғынады. 
 
Кілт  сөздер:  жалпы  педагогика,  бастауыш  мектеп  педагогикасы, 
оқушыларды еңбекке баулу, еңбек іс-әрекеттері, еңбек іс-әрекеті тәжірибесі. 
 
Біздің  болашағымыз  жастар,  олардың  өсуіне  тікелей  әсер  етуші 
факторлардың  бірі  –  білім  беру  саласының  орны  бөлектігі  еш  күмән 
туындатпаса керек, білім негізі – бастауышта деген ойда үлкен тәжірибе бар 
десек  артық  емес.  Соңғы  жылдары  отандық  білім  беру  мен  ғылым 
салаларының дамуы жүйелі сипат алғаны үміттендіреді: 

 
 тұтас 
педагогикалық 
үдеріске 
осы 
заманғы  әдістеме 
мен 
технологияларды енгізу; 

 
 «Назарбаев 
Университеті», 
«Назарбаев 
зияткерлік 
мектебі» 
тәжірибесін зерделеу, үйрету; 

 
 жастардың білім алуға қолжетімділігін кеңейту; 

 
 тәрбиелік құрамдарды нығайту; 

 
 білім сапасы – басты ұстаным, еңбек етуге баулу [1]. 
Бүгінгі  білім  жүйесі  бүкіл  әлем  деңгейінде  қоғамдық  дамудың  өлшемі 
мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сапалы 
білім мен саналы тәрбие беруде оқушылардың қабілеттерін, ақыл-ой  

115 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
белсенділіктерін  дамыту  үшін  білім-ғылым-инновациялармен  еңбек  ету,  іс-
әрекеттерімен зерделі танымдылықтарының тәжірибесін арттыру. 
Танымның негізі және білімнің ақиқаттығының шарты – тәжірибелік іс-
әрекет, оқу іс-әрекет есебінде жүзеге асады. Мектеп жасындағы балалардың 
негізгі  іс-әрекеті  –  оқу  және  еңбек  ету  арқылы  қоғамның  ғасырлар  бойы 
жинақталған  асыл  мұрасын:  білімін,  іскерлігін,  дағдысын,  тәжірибесін 
зерделейді,  игереді,  меңгереді.  Оқыту  –  қоғамдық  құбылыс,  еңбек,  іс-
әрекеттер жасау – таным үдерісі, олар – нәтижелі оқыту негізін қалайды, ол 
өзімен  бірге  дамуды  туындатады,  ал  ойлау  шындықтың  жалпы  бейнесі 
есебінде  әрқашан  мазмұнды,  «Бақыт  жолы  біліммен  табылады»  деп  Ахмет 
Игүнеки даналықпен айтқандығын түсінуімізге болады, Еліміздің Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  «ХХІ  ғасыр  білім  мен  ғылым  ғасыры  болады»  деген  ойы 
даналықтың туындысы. 
Еңбектің,  іс-әрекеттің  қажеттілігін  бүкіл  адамзаттың  даму  тарихы 
көрсетуде,  оған  қазіргі  кезеңде  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  Елбасының 
бағдарламалық  мақаласы  ерекше  мән  беріп,  әрбір  адам  еңбекпен  ғана 
мақсатына жететіндігін байқатты, оны әрбір адам сезініп, еңбектену, еңбекке 
тәрбиелеу  –  өмірдің  басты  талабы  және  еңбек  өзіне  қажет,  халыққа 
керектігінен туындайды. Еңбек – адамның өмір сүруінің бірінші және негізгі 
шарты, 
табиғатты 
түрлендіретін 
және 
қоғамның 
материалдық 
құндылықтарын  байытатын  адамдардың  саналы,  мақсатты  қызметтерінің 
үдерісі. 
Еңбек үдерісі үш негізгі сәттен тұрады: 

 
адамның мақсатты қызметі, еңбегі, іс-әрекеттері; 

 
еңбек, еңбек қатынастары, еңбектің өзі; 

 
еңбек құралдары [2]. 
Еңбек тәрбиесі – ол қоғам мүшелерін тәрбиелеудің жалпы үдерісінің бір 
бөлігі,  оның  мақсаты  еңбекке  деген  қатынасты  дамыту,  еңбекке  деген 
көзқарасты  нығайту,  еңбек  адамдарын  бағалау.  Оқушылардың  еңбегі, 
мақсаты,  нақты  өмірмен  тікелей  байланысты  қоғам  және  өмірмен  тікелей 
байланысты  қоғам  және  отбасы  үшін  пайдалы  болуы,  таным  мен  дамудың 
көзі, жетілудің баспалдақтары. 
Бастауыш  мектептің  балаларына  еңбек  тәрбиесінің  негізгі  міндеттерін 
үйрету маңызды: 

 
кіші  мектеп  жасындағы  балаларды  еңбекке  психологиялық  және 
тәжірибелік тұрғыдан даярлау, оқыту мен тәрбие үдерісінде жүзеге асыру; 

 
бастауыш  сынып  оқушыларын  өзіне-өзі  қызмет  етуді  үйрету,  ауыл 
шаруашылығы  еңбегіне  баулу,  техникалық  еңбекке  баулу,  көркем  еңбекке 
үйрету арқылы еңбек дағдысын қалыптастыру; 

 
еңбек  ету,  еңбек  іс-әрекеттері  тәжірибесі,  еңбек  етуге  даярлану, 
теориялық  зерделеу,  жұмыс  орнын  ретке  келтіру,   қауіпсіздік   ережелерін  

116 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
сақтау, нәтижесін ойластыру, тазалықты сақтау, құралдарды қалпына келтіру, 
жөндеу, т.б. мәдениетіне дағдыландыру; 

 
оқушылардың  еңбек  іс-әрекеттерінің  нәтижесін,  қабілетін,  ынтасын, 
белсенділігін, жауапкершілігін, еңбекшілдігін ынталандыру [3]. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  еңбек  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың 
негізгі жолдары: 

 
 балалардың  оқу  еңбектерін  білім  беру  пәндерін  зерделеудегі  іс-
әрекеттері арқылы білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын дамыту; 

 
 бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекеттерінің тәжірибесінде 
техникалық ойлау қабілеттерін дамыту; 

 
 зияткерлік, дене еңбектері, ойын еңбектері бойынша, нәтижелеріне сай 
ынталандыру арқылы кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу; 

 
 еңбекке деген ынтаны туындату, өнегелі еңбекті ұйымдастыру; 

 
 бастауыш  сынып  оқушылар  ұжымын  еңбек  арқылы,  ынтымақтастық 
негізінде қалыптастыру, қарым-қатынастарын жақсарту; 

 
 болашақ  кәсіп,  мамандыққа  қатысты  бағдар  беру,  еңбек  озаттарымен 
кездесулер ұйымдастыру, ата-ана еңбектерін өнеге ету. 
Ұрпақ  тәрбиелеудің  бірден-бір  негізі  еңбек,  іс-әрекеттермен  –  сапалы 
білім  алу.  Тұтас  педагогикалық  үдерісте  білім  негіздері  еңбек сабақтарында 
іскерлігі,  дағдысы  арқылы  білінеді,  бастауыш  сыныптарда  негізінен  қол 
еңбектерімен қалыптасады. 
Еңбек тәрбиесінің келесі жүйелері бар: 

 
тұтас  педагогикалық  үдерістегі  оқу  пәндері  бойынша  еңбек  іс-
әрекеттері; 

 
бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс үйірме және мектептен 
тыс жұмыстардағы еңбек іс-әрекеттері; 

 
бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  қатысты  өнімді 
еңбектері; 

 
кіші мектеп жасындағы балалардың қоғамға пайдалы еңбектері. 
Бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекеттерінің нәтижесінде: 

 
ортақ мүдделі ұжым қалыптасады; 

 
еңбек іс-әрекеттерімен білімі, іскерлігі, дағдысы дамытылады

 
балалардың қабілеті, дарындылығы артады; 

 
достық, жолдастық, өзара көмек беру, жауапкершіліктері нығаяды; 

 
еңбек ету мәдениеті артады; 

 
сапалы, ұтымды еңбек ету қалыптасады

 
еңбек құралдарына құнттылықпен қарауға талаптанады [4]. 
«Талап,  еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рақым  –  ойлап  қой,  бес  асыл  іс 
көнсеңіз»  деген  ойды  ұлы  Абай  еңбектің  өмірдегі  маңыздылығын  толық 
білген. 
«Мына дүниедегі игілік атаулының бәрі тек еңбектің арқасында  

117 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
жасалады.  Қол  еңбегі,  ой  еңбегі,  шығармашылық  еңбек.  Бірақ,  тек  қана 
еңбектің арқасында. Ақша өздігінен игілік  бола  салмайды»  дейді  Қазақстан  
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Егемен  Қазақстан»  газетіне 
(Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 21 тамыз) берген сұхбатында. Бұл ой еңбек ету 
іс-әрекеттерімен өз игілігіңді өзің жаса, өмір тәжірибесі мақсатқа жету жолы 
еңбек  етуден,  ерінбей  еңбек  ету  бейімделу  отбасынан  басталады,  келесі 
кезеңдерде  оқу,  тәжірибе  жинақтаумен,  еңбек  өнімдерін  шығарумен 
шыңдалып, шеберлігін арттырады, сонда ғана мақсат-арманға жетесіз дегенді 
білдіреді. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  еңбек  іс-әрекеті  тәжірибесі  еңбекті 
ұйымдастырудың басты құрамы: 
-  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты,  пән  бойынша  типтік 
бағдарлама  негізінде  жасалынған  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарға  сай 
келуі; 
- тақырыптың мақсатына қатысты, тікелей нақты болуы; 
- жасалатын, орындалатын еңбектің мақсаттылығы; 
-  еңбек  іс-әрекеттерін  орындауға  қажетті  құрал-жабдықтарды  даярлау, 
байқаудан өткізу; 
-  оқушыларды  теориялық,  іс-тәжірибелік  даярлау,  еңбектегі  мақсатты 
бірнеше 
кезеңдерге 
бөлу, 
еңбек 
іс-әрекеттерінің 
технологиясы, 
технологиялық  карта,  дидактикалық  дайындықтар,  плакат,  сызбалар 
нәтижесіне қатысты бағалау. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  еңбек  іс-әрекеттерінің  тәжірибесі 
еңбектегі іс-әрекеттер бірнеше кезеңнен тұрады, атап айтқанда: 
-  жеке  оқушыға  және  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған  нұсқау, 
тапсырма, қауіпсіздік ережелері; 
-  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарға  сай  пән  бойынша  орындалатын 
еңбек іс-әрекетінде білімі, іскерлігі, дағдысын дамытуы; 
-  берілген  тапсырманы  орындаудағы  есептеуі,  жобалауы,  даярлығы, 
орындауы,  іс-әрекеттері  кеңесуі  ізгілікті  қасиеттерін,  еңбекшілдігін, 
жауапкершілігін, мәдениетін қалыптастыруы; 
-  еңбек  етудегі  жұмыс  орны,  құралдарын  танып  білу,  талаптарды 
орындау, олардың сапалығына зейін қою, ұқыптылыққа үйрену; 
-  оқу  кабинеті,  шаберхана,  сынып  бөлмесі  –  еңбек  іс-әрекеттері 
орындалатын  жұмыс  орнының  эстетикалық  күйі,  жасалынған  заттың, 
бұйымның  сапалылығы,  көрінісіне  мән  беру,  ебектің  нәтижесінен  өзінің 
мақсатына жетуі; 
-  еңбек  құрылымының  ең  негізгі  элементі  –  еңбек  іс-әрекетін  жүргізуі, 
әрекет етуі, сапалы нәтижесі [4].  
Кез келген еңбек іс-әрекеттері адамға келесі қадам жасауға көмек береді, 
теориялық  білім  алуына,  оны  іскерлік,  дағды  арқылы  дамытуға,  үлкен 
мақсаттарға жеткізе түсетіндігін толық түсінуге. Ел Президентінің  

118 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
 «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласының басты мақсаты 

 
әрбір Қазақстандықтың  Еңбекпен   жетістіктерге   жетуі.  Еліміздің  әрбір  
азаматы  қажымай-талмай  еңбек  еткенде  ғана  мақсаттар  орындалады,  бұл  – 
өмір заңдылығы екендігін байқатты. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет