Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №1  (26)

байланыстары  зерттеуінде  десек  болады.  Бір

ғана  мысал,  Шәкәрім  мен  Сұлтанмахмұт

мұраларын  сабақтастықта  қарастыруы,  екі

тұлғаның  өмірдегі  және  шығармашылықтағы

үндестігі мен жақындығы туралы ғалымның ой-

тұжырымдары  аса  салмақты  әрі  дәлелді.

Зерттеуші қандай пікір ұсынса да мұрағаттық

мәліметтерге сүйенеді.

Профессор 

Арап 

Еспенбетов



зерттеулерінің тағы бір ерекше сипаты – ғалым

қай  ақынның  шығармашылық  мұрасын

қарастырса 

да, 


мәтінтану, 

яғни


шығармаларының текстологиясына зер салып

отырады.  Шындығында  да  әдебиеттану

ғылымының ең бір күрделі саласы саналатын

мәтінтанудағы проблема көркем шығарманың

мәтінін  жариялаудағы  нақтылықтың  сақтала

бермеуі,  әр  басылымда  әрқилы  нұсқалардың

жарияланып кетуі. Ғалым Арап Сіләмұлының

осы  бағыттағы  пікір-тұжырымдары  әдебиет

тарихын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы

үшін де үлгі бола алса керек.

Профессор Арап Еспенбетов - еліміздің

Шығыс  аймағында  үлкен  әдеби  мектеп

қалыптастырған  ғалым.  Арап  Сіләмұлының

ұйтқы болуымен және ғылыми жетекшілігімен

соңғы жылдары Абай маңындағы ақындардың

бірқатары, атап айтқанда, Әріп Тәңірбергенов,

Көкбай  Жанатайұлы,  Әсет  Найманбайұлы,

Уәйіс  Шондыбайұлы,  Тайыр  Жомартбайұлы

жайында  кандидаттық  диссертациялар

қорғалды, аталған ақындардың шығармашылық

мұралары  ғылыми  айналымға  қосылды.

Сондай-ақ,  Мақыш  Қалтайұлының,  Бернияз

Күлейұлының, Қалихан Алтынбаевтың, Шәкір

Әбеновтің, Төлеу Көбдіковтің шығармашылығы

туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Профессор  Арап  Еспенбетовтің  талантты

шәкірттері  бүгінде  әдебиеттану  ғылымында

жемісті еңбек етіп келеді.

Тарихты  зерттеу  қашан  да  адалдықты

қажет  етеді.  Ал  ұлттық  сөз  өнерінің  тарихы

туралы мәселе сол халықтың бүкіл табиғатын,

жаратылысын танытатын қасиетті дүние.  Міне,

осынау  қастерлі  салаға  кіршіксіз  адалдығын

танытып келе жатқан, қазақ әдебиетінің тарихын

зерттеу  арқылы  ұлттық  құндылықтар  қорына

қаншама асыл мұралар қосқан, кешегі күні ұлты

үшін  тер  төгіп,  тағдырын  қиған  арыстардың

есімін  жаңа  қырынан  танытқан  танымал

ғалымның  сан  қырлы  болмысының  бір  ғана

сипатын  сөз  еттік  деп  ойлаймын.  Мұның

сыртында филология ғылымдарының докторы,

профессор Арап Сіләмұлы Еспенбетовтің көп

жылғы ұстаздық-педагогтік еңбегі тұр, еліміздің

жоғары білім саласын көркейтуге үлес болып

қосылған  басшылық,  ұйымдастырушылық

қызметі және бар.

 Ең бастысы,  Ғалымның азаматтық биік

тұлғасы тұр.



Резюме

Resume

МҮШЕЛТОЙ

Статья  посвящена  профессору  А.Еспенбетову    и  его  огромном  вкладе  в  казахскую

литературу.

The article is dedicated to Professor A. Espanbetov and his enormous contribution to the Kazakh

literature.

71

2015  №1  (26)

ӘОЖ  821.512.122



Т.ТЕБЕГЕНОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

АЛАШ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ-ҰСТАЗ

Әлем  өркениеті  кеңістігінде  ежелгі

дәуірлерден қазіргі заманымызға дейін ұласқан

ғасырлар белестерінде ұстаздық пен ғалымдық

қызметтері тұтастығымен еңбек ететін тұлғалар

тағылымы айрықша даралана жалғасып келеді.

Әбу-Насыр әл-Фараби, Захириддин Мұхаммед

Бабыр,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Шоқан

Уәлиханов, 

хакім 


Абай, 

Шәкәрім


Құдайбердіұлы  және  т.б.  түркі  тілдес

халықтардың 

рухани 

құндылықтары



жүйесіндегі  тұлғалар  дәстүрі  әлем

өркениетіндегі  Алаш  әдебиеттануы  мен

ағартушылығы  қызметтерінің  тұтастығын

дәлелдейді.

ХХ ғасырдың 60-90 жылдары мен қазіргі

ХХІ  ғасырдың  басындағы  әдебиеттану

ғылымында  зерттеушілік  және  жоғары  оқу

орнындағы ұстаздық қызметтер тұтастығымен

еңбек  етіп  келе  жатқан  көрнекті  тұлғалар

қатарында  филология  ғылымдарының

докторы,  профессор  Арап  Сіләмұлы

Еспенбетовтің  есімі  өзіндік  даралық

болмысымен  бағаланады.  Орта  мектептегі

(Шығыс  Қазақстан  облысы,  Абай  ауданы,

Қарауыл ауылы), жоғары оқу орындарындағы

(Семей  педагогикалық  институтының

филология  факультеті,  1965;  Әл-Фараби

атындағы  ҚазҰУ-дің  аспирантурасы,  1975)

білім,  ғылым  негіздерін  игеруі  ұстаздық  пен

ғалымдық  қызметтер  бойынша  еңбек  ету

жолымен бүгінгі күндерге дейін ұласты. Жоғары

оқу орнындағы аға оқытушы, доцент, кафедра

меңгерушісі,  факультет  деканы,  университет

проректоры,  ректоры  қызметтерін  үздіксіз

атқарып  келе  жатқан  Арап  Сіләмұлының

дәрістерін  тыңдаған,  тәлім-тәрбиесін  алған

жүздеген шәкірттері кең байтақ Қазақстанның

барлық  өңірлерінде  еңбек  етіп  жүр.  Орта

мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында,

ғылыми-зерттеу,  мәдениет  мекемелерінде,

бұқаралық ақпарат құралдары  (газет, журнал,

баспа)  редакцияларында,  басқару-әкімшілік

қызмет жүйесінде абыройлы еңбек етіп жүрген

шәкірттері ұстаз-ғалымның өнегесін мақтаныш

етеді. Ұстаз-ғалымның ғылыми жетекшілігімен

1  докторлық,  19  кандидаттық,  16  магистрлік

диссертацияларын қорғаған ғалым-шәкірттері

қазақ  әдебиеттануы  ғылымының  өзекті

мәселелерін қамтыған жаңашылдықтарымен де

танымал. Нақтылап айтқанда, өзіндік ғылыми-

зерттеу  мектебін  қалыптастырған  Арап

Сіләмұлы  ұсынған,  ғылыми  жетекшілік-

кеңесшілік  жасаған  өзекті  тақырыптар

ауқымында  Шәкәрім  Құдайбердіұлының,

Көкбай 

Жанатайұылының, 



Әріп

Тәңірбергеновтің, Уәйіс Шондыбаевтың, Шәкір

Әбеновтің,  Төлеу  Көбдіковтің,  Тайыр

Жомартбаевтың, Сапарғали Әлімбетовтің және

т.б. көрнекті шығармашылық тұлғалардың әдеби

мұралары  арнайы  қарастырылып,  іргелі



МҮШЕЛТОЙ

   Әлем өркениетіндегі Алаш әдебиеттануы саласының алдыңғы сапынан көрініп, елеулі үлес



қосқан ғалымдардың бірі А.С.Еспенбетовтің ғылыми жұмыстарына тоқталады.

Тірек сөздер: ұстаз, ғалым, Алаш әдебиеттануы, ғылыми еңбек.

72

2015  №1  (26)

ғылыми-зерттеулер  айналымына  енгізілді.

Аталған  ақындардың  әдеби  мұралары

диссертациялық, 

соның 

негізінде



монографиялық  зерттеулер  тұрғысында  жан-

жақты  қарастырылып,  нәтижесінде  олардың

шығармалары біршама толық жинақтар болып

жарияланды.

Алаш ұранды түркі халықтарына ортақ ата-

бабалар  дәстүрін  сақтаған  Сарыарқаның

бұрынғы-соңғы тарихындағы көрнекті ақындар,

жазушылар  мұраларын  ұлықтау,  қазіргі  және

болашақ  ұрпақтарға  таныту  –  бәріміздің

азаматтық мұратымыз. Бұл орайда, қазіргі Алаш

әдебиеттануы  ғылымының  алдыңғы  сапында

келе  жатқан  Арекеңнің  Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың  әдеби  мұрасын  ХХ  ғасырдың

60-жылдарынан  бастап  арнайы  зерттеу

нысанына 

алуы, 


көрнекті 

ақынның


шығармашылық  өмірбаянын,  поэзиялық,

прозалық  шығармаларын  жанрлық,  көркемдік

ерекшеліктерін  кешенді  түрде  жинақтап

қарастырғаны айырықша бағаланады. Алғаш рет

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  мұрасының

библиографиялық  көрсеткішін  құрастырып

жарыққа шығарғаны, ақын туындыларының екі

томдық толық жинағын (1993) құрастырушылар

құрамында болғаны да тиянақты, жүйелі еңбек

нәтижелері  екендігі  ақиқат.  Отандық  іргелі

зерттеулер  қатарындағы  «Сұлтанмахмұт

Торайғыров»  (1992),  «Уақыт  бедері»  (2005),

«Шәкәрім  және  Сұлтанмахмұт»  (2008),

«Ақындары  Алаштың»  (2011),  «Абай  әлемі»

(2011)  атты  монографиялары,  екі  томдық

шығармалар жинағы (2014) – бәрі де ғалым-ұстаз

қаламынан  туған  ұлттық  әдебиеттану

ғылымының көрнекті көрсеткіштері.

Ғалымның  «Шәкәрім»  атты  ғылыми

танымдық кітабында шәкәрімтану саласындағы

өткен  онжылдықтар  кезеңіндегі  ғылыми-

зерттеулердің  нәтижелеріне  сараптамалық

бағалаулар жасалған. Шәкәрімтану бағытында

іргелі  зерттеулер  жазған  әдебиеттанушы

ғалымдардың  (З.Ахметов,  С.Қирабаев,

Р.Нұрғали,  Қ.Мұхаметханов,  Ш.Сәтбаева,

Ш.Елеукенов,  Т.Кәкішев,  Б.Әбдіғазиұлы,

А.Ісмақова  және  т.б.)  еңбектеріне  ғылыми

бағалаулар  берілген.  Ғалым  шәкәрімтану

зерттеулері  аясында  хакім  Абай  дәстүріндегі

классикалық жаңа жазба әдебиеттің поэтикалық

сипатын  саралаудағы  басты  ұстанымдарын

айқын  көрсеткен.  Зерттеуші  Шәкәрім

поэзиясының текстологиясын, ғалым-ақынның

шежіресін және қоғамдық-әлеуметтік ортамен

кезеңіндегі  әдеби  үдеріспен  сабақтастығын,

үндестігін жүйелеп қарастырған [1, 17-136-бб.].

Көрнекті  ғалым Арап  Сіләмұлының  көп

жылдар  бойы  тиянақты  қарастырып  іргелі

ғылыми-зерттеу  еңбек  болып  танылған

«Сұлтанмахмұт»  атты  монографиясы  Алаш

ақыны  Сұлтанмахмұттың  шығармашылық

әлемін  жаңашылдық  сипатымен  талдаулары

тұрғысында  бағалы.  Еңбекте  ақынның

шығармашылық  өмірбаяны,  уақыт  пен

кеңістіктегі сөз өнерін қайраткерлік құрал еткен

шеберлік  сипаты  байыпталған.  С.Торайғыров

шығармашылығындағы  романдар  («Қамар

сұлу», «Кім жазықты?») қазіргі заманғы әлемдік

классикалық  әдебиеттану  қисындары

заңдылықтарымен  талданған.  Сонымен  бірге,

ақын  шығармашылығындағы  поэмалары

(«Адасқан  өмір»,  «Кедей»,  «Таныстыру»)

лирикалық  және  эпикалық  сипат  тұтастығы,

лирикалық-философиялық,  психологиялық

ерекшеліктер тұрғысында бағаланған. Зерттеуші

эпикалық  баяндаулармен  жырлау  аясындағы

лирикалық-психологиялық 

көңіл-күй

шынайылығының  поэтикалық  сипатын

дәлелдеген.  Сұлтанмахмұттану  саласында

бұрын  арнайы  кеңінен  айтыла  қоймаған

ақынның  көсемсөздік,  әдеби  сын,  мәдени

танымдық мақалаларына да жаңаша бағалаулар

жасаған.  Зерттеушінің  Сұлтанмахмұт

туындыларынан  теріп  алып  ақыл-нақылдық,

мақал-мәтел  сипаты  фразеологиялық-

поэтикалық  көркемдігі  айқын  афоризмдерін

(«Қараңғы  қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  Күн

болам!..»)  жүйелегені де оқырманды сүйсінтеді

[1, 139-363-бб.].

Арап  Сіләмұлы  Еспенбетов  –  қазақ

әдебиеттану ғылымындағы абайтану, алаштану

салаларындағы  іргелі  зерттеу  еңбектерімен

танымал  ғалым.  Бұл  бағытта  жазылған  сөз

арқауындағы монографиялық кітаптарынан басқа

мол  шоғырлы  мақалаларында  («Абайтанудың

алғашқы қарлығашы», «Қайым Мұхамедханұлы

және  абайтану  мәселелері»,  «Алаш  арыстары

МҮШЕЛТОЙ


73

Resume

Резюме

және  әдебиет»,  «Алаш  ұраны»  -  ұлттық  ояну

ұраны», «Алаш арыстарының абайтануға қосқан

үлесі», «Алаштың үні Сарыарқа», «Ой өзегі –

Алаш  әдебиеттануы»  және  т.б.)  да  ғалымның

әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттерін  толтыру

жолындағы  азаматтық  парасаттылығын,

жанкешті екбекқорлығын дәлелдейді [2, 7-136-

бб.].  Осы  саладағы  еңбектерінің  жүйесінде

ғалым ұлттық сөз өнерінің әдеби және ғылыми

шығармашылығын  ұстанған  алдыңғы  және

кейінгі  толқын  көрнекті  қайраткер  тұлғалар

(С.Сейфуллин,  М.Әуезов,  Қ.Мұхамедханов,

Б.Кенжебаев,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,

З.Ахметов,  Р.Нұрғали,  С.Қасқабасов,

Ә.Нұршайыхов және т.б.) тұлғалар туралы мол

шоғырлы әдеби-танымдық мақалалар [2, 139-

469-бб.] жазған.

Іргелі ғылыми-зерттеу ізденістерін жоғары

оқу орнындағы басшылық-ұйымдастырушылық

қызметімен үйлестіре еңбек етіп келе жатқан

Арап  Сіләмұлы  Қазақстан  Республикасы

Тәуелсіздігі  дәуіріне  тән  инновациялық-

технологиялық жаңалықтарды да оқу үдерісіне

енгізудегі  ұйымдастырушылық  біліктілігімен

танылып келеді. Оқу үдерісіндегі дәстүрлі және

инновациялық-технологилық,  теорялық-

тәжірибелік жұмыстардың өзара сабақтастығын,

әдістемелік  өзекті  мәселелердің  жоғары  оқу

орындарындағы  тиімділікпен  қолданылуын

бағалауда тәжірибе алмасу аясында жүргізіліп

келе жатқан ғылыми-әдістемелік басқосулардың

ұйытқысы болып келеді. Атап айтқанда, Абай

атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Шәкәрім атындағы

Семей мемлекеттік университеті, Қорқыт Ата

атындағы 

Қызылорда 

мемлекеттік

университеттері,  С.Аманжолов  атындағы

Шығыс Қазақстандық мемлекеттік университеті

және  т.б.  жоғары  оқу  орындары  оқытушы-

профессорлары  құрамы  бірлесіп  өткізіп  келе

жатқан ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік іс-

шаралардың  ұйымдастырылуына  да  өзіндік

лайықты үлесін қосып келеді.

Қорыта  айтқанда,  бүкіл  ғұмырын  Қазақ

Елінің  ұрпақтарын  оқыту  мен  тәрбиелеуге,

ғылыми-зерттеу  жұмысына  баулуға  арнаған

көрнекті  ғалым-ұстаз,  оқу-ағарту  саласының

қайраткері Арап Сіләмұлы Еспенбетовтің өнегелі

өмірі Мәңгілік Ел тарихының жарқын беттері

болып  саналады.  Алаштың  дарынды  ақыны

Сұлтанмахмұттың «Алаш ұраны» атты марқайыс

толғауындағы:

...Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз.

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды Алаш, өлмейміз!

Жасасын Алаш, жасасын! [3, 123-б.]

-деген 

жолдар 


Арекең 

сынды


азаматтарымыздың 

Алаш 


зиялы

қайраткерлерінің қасиетті дәстүрін жалғастырып

келе  жатқанын  дәлелдейді.  Бұл  –  біздің  әлем

өркениеті кеңістігіндегі мәңгілік жалғасатын ұлы

дәстүріміз.

Әдебиет

1.Еспенбетов  А.  С.  Шығармалары.

Т.1:Монография. – Астана: Фолиант, 2014. – 368

б.

2.Еспенбетов  А.  С.  Шығармалары.



Т.2:Зерттеулер, мақалалар. – Астана: Фолиант,

2014. – 472 б.

3.Торайғыров С. Екі томдық шығармалар

жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – 280 б.



2015  №1  (26)

МҮШЕЛТОЙ

В статье дается анализ деятельности А.Еспенбетова  и  его научных работ.

In the article  analysis of activity A. Espanbetov and his scientific works.

74

2015  №1  (26)

МҮШЕЛТОЙ

ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА

Даналық ойдың жауһарларын жүрегіне

тізіп,  халықтың  құтты  қазынасына

айналдырған,  кешегі  Алаш  арыстарының

бүгінгі тәуелсіздік дәуірдегі текті жалғасындай

болған тағылымды тұлғалардың бірі ұлағатты

ұстаз,  білікті  ғалым,  ардагер  азамат  –  Арап

Еспенбетов. Халықтың ұлттық рухымен жаны

бірге  қайнасып,  ұлты  үшін  жүрегі  сыздап,

жаны  ауырған,  өзінің  ғылыми  дәлдік  пен

шалқар  шабыттың  шеберлігіне  құрылған

ғылыми  ізденістерінде  қоғамдық  үдерістің

қазіргі келбетін кестелеп, ажарын айшықтап

берген ғалым-ұстаз, бүгінгі ұрпақтың кемел

көшбасшысы. Әдебиетті жүрегінің соғысына,

телегей ойының темірқазығына айналдырып,

ұлттық мүддеге бағдарланған еңселі еңбектері

бүгінгі қазақ руханиятына қосылған ауқымды

арна, ұлт ғылымының мәңгілік мақтанышы.

Тұғырлы тұлғаға тән тектілік, қазақы биік

болмысқа тән бекзадалық, дегдар ғалымға тән

шынайылық пен отансүйгіштік асқақ рух, елдік

мәселелерді  көңіл  көкжиегінен  тысқары

қалдырмайтын  өр  мінез  –  Арап  ағамыздың

азаматтық  айбынын  асқақтата  түскендей.

Оның  әр  еңбегі  маржан  сөздің  мәйегімен

мүлтіксіз  өрнектеліп,  ғылыми  жүйемен,

талғампаз рухпен дәлденіп, атылған жебедей

нысанаға  дөп  тиіп  жататын  өткір  де  отты

ойлардан түзілген. Бұл– қайсар рухты халық

перзентінің ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік

қырларын ажарландыра түседі.

Әдебиет  –  ғалым  жанының  жалауына,

тағдырының  темірқазығына  әрі  бақытының

баянына  айналып,  бүкіл  ғұмырын  қазақ

әдебиеттану ғылымының рухани дамуына арнап,

кеңінен  үлес  қосуда.  Қоғамдық  қордалы

ойларымен  күн  тәртібінде  тұрған  көкейтесті

мәселелерді көтеріп, елдік мақсат тұрғысынан

қазақ  қоғамының  дамуына  жаңаша  леп,  соны

серпіліс әкелді. Өйткені, қоғам мен әдебиет егіздің

сыңарындай тығыз байланысты құбылыс. Бірін-

бірі кемелдендіруші рухани алып күш, ұлттық

қайнар. Бұл бағдарда Арап Сіләмұлы былайша

тамаша тұжырымдаған: «Ділмар діл мен көркем

тілді тұтастырып, нанымын танытушы бірден-

бір төлқұжат, асылында сөз өнері, әдебиет. Халық

тұрмысын,  қоғам  тынысын  кең  ауқымда

көрсетіп,  еліміздің  байсал  да  байтақ  мінезін

шығармашылық  болмысына  сіңірген,  ұлт

рухымен  біте  қайнасқан  өнер  құдіреті,  өнер

төресі – әдебиет. Әдебиет– көз жасындай мөлдір,

жүрек лүпіліндей ыстық...».

Жүрек лүпіліне айналған қазақ әдебиеттану

ғылымында Арекең қалам тербеп, зерделемеген

тақырыптар  кемде-кем.  Олардың  өзін  шағын

мақалада толыққанды қамтып, тізбектеп шығу

мүмкін емес. Бұл– арнайы бірнеше зерттеулерге

жүк артатын, тұлға хақында кешенді ізденістерді

қажет ететін толағай еңбек десе де болғандай.

Біз қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз қадіріне құрмет

пен  сәулелі  сүйіспеншілік  биігінен  бірер

қырларына тоқталамыз.

М.ИМАНЖАПАР, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

ӘОЖ  821.512.122



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Автор мақалада ғалым А.Еспенбетовтің қазақ әдебиеттануына қосқан үлесіне тоқталады.

Тірек сөздер: тұлға, қазақ әдебиеті, әдеби өлкетану, А.Еспенбетов.

75

2015  №1  (26)

МҮШЕЛТОЙ

-  Арап  Сіләмұлы,  тағдырыңызды

ұстаздықпен,  ғылыммен  байланыстыруға  не

түрткі болған еді? – деген сауалға ағамыз былайша

жауап береді:

«1961  жыл.  Мектеп  бітірген  шағымда

ұстаздық  деген  ең  қадірлі  мамандықтың  бірі

болды.  Бастауыш  мектептегі  мұғалімдердің

жоғары білімі жоқ болғанымен, өз ісіне берілген

жандар еді. Оларды жай адамдар дей алмаспын,

өйткені алғаш рет қолға қалам ұстатып, әліппені

үйреткен  қадірлі  жандар.  Абай  ауданының

Саржал орта мектебінде оқығанымда институт

пен университетті жаңа тәмамдаған қыз-жігіттер

келді  білім  ошағымызға.  Олардың  білім  беру

тәсілдері  айрықша,  жаңаша  болды.  Біздің

санамызда  жаңа  ұғымдарды  қалыптастыра

бастады. Содан біз де ұстаздарымызға еліктеп,

«Шіркін-ай, осы мұғалімдеріміз сияқты өз ісін

жетік меңгерген маман болсам екен!» деген ойға

келдік. Ұстаздық жолды таңдауыма осы жағдай

себеп  болды.  Тағдырымды  осынау  мәртебелі

мамандықпен 

байланыстырғаныма

мақтанамын!»  («Ұлт»  тәуелсіз  интернет-

басылымында берген сұхбаты, 13 Қаңтар 2015

жыл).

Ғалым,  филология  ғылымдарының



докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының

озық қызметкері, Қазақстанның Еңбек сіңірген

қайраткері,  білікті  басшы  Арап  Сләмұлы

Еспенбетовтің  еңбектері  негізінен  қазақ

әдебиетінің тарихы мәселелеріне арналған. 1975

жылы  «С.Торайғыровтың  лирикасы»  деген

тақырыпта  кандидаттық,  1993  жылы

«С.Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны»

деген  тақырыпта  докторлық  диссертация

қорғады.  А.Еспенбетовтің  қазақ  әдебиеттану

ғылымының 

өзекті 


мәселелеріне,

сұлтанмахмұттануға  арналған  жүзден  астам

ғылыми мақаласы мен бірнеше монографиясы

қазақ  әдебиетінің  тарихын  танытудағы  сүбелі

еңбектер.

Ділмар сөздің иесі, ұлағатты ұстаз жайында

талантты  шәкірті,  профессор  Б.Ердембеков

төмендегіше  тұжырады:  «Арап  Сләмұлы  –

ұлттық әдебиеттану саласында қырық жылдан

астам  жемісті  еңбек  етіп  келе  жатқан  айтулы

азамат.  Мұның  өзі  айтуға  оңай  болғанымен

осыншама  жылдар  бойы  ғалымдықтың

«жайнаған жалауын жығылтпай», адамгершілік

абыройды,  ғылымға  адалдықты  сақтап,  зор

шығармашылық табыспен кемелге келу оңай іс

емес...  Тақырыбын  тапқан  ғалым  бақытты

демекші,  қазақ  поэзиясының  көгіндегі  тұлға

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  тақырыбы  жас

ғалымның қадамын бағдарлап берді. Ғылымның

әліппесін  ежіктетеп,  тың  тақырыпқа  түрен

салғызған профессор Бейсенбай Кенжебаевтың

шәкірті  атанды.  Кеңестік  кезеңде  онсыз  да

селдіреп  қалған  қазақ  әдебиетінің  тарихында

Сұлтанмахмұт туралы тың ойлардың сұранып

тұрғанын  қырағы  ұстаз  әріден  сезіп,

Еспенбетовке  еншіледі.  Бейсенбай  Кенжебаев

сынды  ұстазының  ақ  батасымен  берілген

тақырып  оның  өмірлік  тақырыбына  айналды.

Жиырма  жеті  жыл  ғұмыр  кешкен

Сұлтанмахмұтты  зерттеу  мен  насихаттауға

қырық екі жылдан астам уақытын жұмсады...»/

А.Еспенбетов. шығармалары, Астана: Фолиант,

2014, 5-6/.

Адамдық тұлғасы еңселі, ғалымдық ойы

көшелі  абзал  азаматқа  елінің  ыстық  ықыласы

қашанда жоғары. Соның бірер дәлелдері ретінде

бірнеше ел қалаулыларының Арап Сләмұлына

арнаған жүрек жарды ойларына кезек берелік.

Ұлт зиялысы, академик Ғарифолла Есім болса,

достық лебізін: «Араке, сенің ғалымдығың терең.

Айтар  сөздерің  айқын.  Атқарып  жүрген  ісің

жарқын.  Адамшылығың  ақиқатқа  бастаған.

Баянды  өмірің,  құт-берекелі  тұрмысың  бар.

Басыңа қонған бақ, ұрпақтарыңа мирас болсын,

досым Арап!», – деп білдірген.

Ғылымдағы  әріптес  бауыры  Балтабай

Әбдіғазиұлы  тұлға  турасында:  «Ұзақ  жылдар

бойы  Семей  жерінде  жоғары  білім  саласында

қызмет  етіп,  мыңдаған  шәкірт  тәрбиелеген,

ғылыми  кадрлар  даярлаған  ғалым-ұстаздың

еңбегі  қашанда  жоғары.  Әйгілі  Бейсенбай

Кенжебаев сынды ғұламаның тағылымын алып,

ғылым  дүниесіндегі  адалдықты  пір  тұтып

үйренген ол көп жылдар бойы төл әдебиетіміздің

аса  қат  әрі  күрделі  мәселелерін  зерттеумен

айналысып  келеді.  Жиырмасыншы  ғасыр

басында  ғұмыр  кешкен  талантты  ақын

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық

мұрасын,  суреткерлік  табиғатын  танытудың

тыңына  түрен  салған  ұстазы  Бейсекеңнің  ісін



76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет