Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Resume

Резюме

В  статье  рассмотрен  вопрос  о  реформаторской  роли  Абая  в  развитии  казахского

литературного языка.

The article talks about the reform of the role of Abay in the development of the Kazakh literary

language.

8

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

ШӘКӘРІМГЕ ҚАТЫСТЫ ҮШ ДЕРЕК

Осы жақында ғана, нақтылап айтсақ,

2010  жыл,  жексенбі  күні,  әлемдік  шаһар

Лондонда,  «Роял  Фестивал  Холл»  концерт

сарайында  «Шәкерім»  атты  симфонияның

премьерасы  болды.  Симфония  авторы  әрі

дирежер  –  Карл  Дженкинс.  Ұлыбританиялық

әйгілі  композиторды  қазақ  руханиятымен

табыстырған – белгілі кәсіпкер, қазір Лондонда

тұратын Медғат Құлжанов екен. Әлбетте, бар

шығынын,  сый-сыяпатын,  сонымен  қатар

барлық бейнетін көтеріп алған. Үш мың кісілік

сәнді сарайда ине шаншар орын болмады. Тек

алдын-ала, арнайы шақырылса да, Астанадағы

Мәдениет министірлігін  айтасыз, дәл  іргедегі

Қазақ  елшілігінің  қарасы  байқалмады,  тым

құрыса  куәлік  үшін  бірер  кісісін  жіберуді  өз

бойларына  шақ  көрмепті.  Бірақ  соған  орай

қазақсырап қалған жағдай жоқ. Лондонда ірге

тепкен ағайындарды айтпағанда, елден арнайы

келген  зерделі  азаматтар,  Еуропаның  әр

тарабында  тұратын  зиялылар  бас  қосып,  бір

көтеріліп қалды. Батыс әуезі дала сарынымен,

оның ішінде Абай, Шәкерім әндерімен астасқан,

бітімі өзгеше, сырлы, мұңды, әрі зеңгір симфония

қимылсыз,  тілсіз,  үзіле  тыңдап  отырған  жат

жұрттық қаншама кісіні еріксіз жадылап алса,

біздің толқынысымыз бен сүйіншіміз тіпті ерекше

екен.  Концерт  соңы Медғат  Құлжановтың,  ол

да  кәсіпкер,  қазақы  мінез,  кең  пейілді  ұлы

Шыңғыс  бауырымыз  дайындаған  думанды

дастарханға ұласты. Ақ бас, ұзын шаш, білектей

бозғыл мұртты Карл Дженкинс өзінің қазаққа,

қазақ сарынына деген ықылас, құрметін білдіріп

жатыр. Симфонияны халық алдына шығаруға

атсалысқан  британдық  басқа  азаматтар  да

ағынан  жарылды.  Әрине,  біз  тараптан  да

қаншама лебіз айтылуы табиғи жағдай.

Мен  Лондонға,  айтулы  мерекеге

бәйбішеммен,  ұлым  және  келініммен  барған

едім.  Ертеңіне,  Прагаға  қайтар  жолда,  түн

түнегін жарып, шырқай көтерілген ұшақ асты –

самсаған жарық, біріне бірі жалғасқан қала мен

сансыз ауыл, жайнап жатыр; біздің көңіліміз де

сәулеге, самалға толы, Шәкерім қажының өзгеше

тағдырын, көркем шығармаларын еске түсіре

отырып, өзімнің осы тарапта жасаған барлық

жұмысымды  ой  таразысынан  өткіздім.

Әжептәуір тыпырлаппыз, бірақ жетпеген жері

өз алдына, айтылмай қалған сөз де көп сияқты.

Соның, бәлкім, менімен ғана кетуі мүмкін бір

тармағын  қағазға  түсіру  керек  екен.  Міндет,

парыз екен.

Мен елу жылдық қаламгерлік ғадетімде бір

уақытта тек бір ғана шаруамен отырар едім. Ал

бұл жолғы жұмыс, басқасын айтпағанда, тым

көлемді. Тақаудағы төрт жылдан беріде қолым

босамауы  анық.  Ендеше,  қалыпты  рәсімді

бұзбасқа амал жоқ. Үлкен шаруаны бірер аптаға

М.МАҒАУИН, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиетші ғалым

Жазушы мақаласында ақын есіміне, туған жылына және Шәкәрім өліміне  қатысты өзіндік

пікірін ұсынады. Ахат Шәкәрімұлының әке есімін  сақтап қалудағы ерен еңбегіне тоқталады.

Тірек сөздер: Шәкәрім шығармашылығы, ақын тағдыры, ақын мұрасы, текстология.

 ӘОЖ 821.512.122



9

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

доғара  тұрып,  Шәкерімге  қайта  оралып  соғу

қажетіне ден қойдым.

Шәкерім  өз  қалауы  бойынша  ғұмыр

кешкен кісі. Заманның зары, халқының қайғысы,

сырлы,  мұңды  жан  жалғыздығы,  кейінгі

қолбайлау, қысас жөнін айтпасақ, бір адамдай-

ақ бақытты тіршілік өткерген. «Маған осы өмірім

көрінер бейіштей», - дегені бар иенде жазған

толғауларының бірінде. Шәкерімнің және оның

бай мұрасының азапты сапары ақын өмірінің

соңғы  күнінен  бастау  алады.  Және,  туған

жұртымен  қалтқысыз  табысты  десек  те,  күні

бүгінге жалғасып жатқанын көреміз. Зерттелу

кемшін,  150  жылдық  мерекесі  өз  деңгейінде,

республикалық,  бүкілхалықтық  дәрежеде

тойланбады, мұнысы ештеңе емес, орны тола

жатар,  ең  бастысы  –  өлең-жырларының

мәтіндік  танымы  шалағай  ғана  емес,  мүлде

сауатсыз,  ал  қаламгер  үшін  жазуының  теріс,

жаңсақ оқылғанынан артық қандай сор болуы

мүмкін. Оның үстіне есімі және қате жазылса.

Ақынның  аты,  кезінде  Орталық

комитеттің  алпауыт  хатшысы  Өзбекәлі

Жәнібековтің  ауанымен,  партиялық  ақтау

құжатында  орысша  әуездірек  көрінген

дыбысталуы («Шакарим») бойынша, бұзылып,

қазір  әбден  қалыптасып  кеткендей,  Шәкәрім

емес. Мұндай, езуін керіп сөйлеу, «-әкә-» дейтін

дыбыстық тіркес қазақ тілінің табиғатына мүлде

қайшы.  Шәкән,  Бәкән,  Тәкән,  Кәкән,  Мәкән

дейтін  есімдер бар  ма?  Шәкен, Бәкен,  Тәкен,

Кәкен, Мәкен. Сондай-ақ, Шәкәр емес, Шәкер.

Жинақтап келгенде, Шәкәрім емес, Шәкерім!

Әлбетте  арыдағы  бір  басылымдарда

«Шаһкарим» деп әліптенген. Ескілікті, шағатай

тілі, кітаби дәстүр әсері. Бұдан соңғы ағымдағы

баспасөз және жеке басылымдарда нақпа-нақ,

«Шәкерім» деп жазылады. Ақынның туған ұлы

Ахат өзінің ілкідегі жазбалары және әке туралы

мәнді, мағыналы естелік баянында дәп осылай

таңбалайды.  Туған  жері,  халық  аузындағы

қалыпты есімі де Шәкерім. «Шәкәрім» тұрыпты,

ешкім  де  «Шаһкәрім»  деп  айтпайды.  Осы

ораймен қазір өзімізге тиесілі тұлғаларды біз

қазақ  тілінің  жүйесі  бойынша,  табиғи

дыбысталуы негізінде атадық: Мухаммад емес -

Махамбет, Машһур-Юсуф емес – Мәшһүр-Жүсіп,

Юсуфбек Шайхулислам оғлы емес – Жүсіпбек

Шайхұлисламұлы.  Кезінде  бұл  турасында

арнайы  жазғанбыз,  өзіміздің  мақала,

кітаптарымызда түгелдей «Шәкерім» және біз

басқарып  отырған  «Жұлдыз»  журналында  да

жиырма жыл бойы «Шәкерім» деп таңбаладық.

Бірақ дүние өзгермепті, ол кезде де, кейін де

бізден басқа барлық тарапта сарт әуенімен «әкә»

болды, әлі күнге «Шәкәрім» деп жазылып жатыр,

керек  десеңіз,  менің  өзімнің  тақырыптас

мақалаларымды сыртымнан қайыра басқанда,

немесе  әлдебір  үзігін  сілтемеге  салғандай

жанашырлықпен түзетіп, «әкә»-латып жіберетіні

бар. Ал енді аталмыш текстология мәселесіне

арналған көлемді зерттеуіміз баяғы 1988 жылы

жазылған,  кітаптарға  енген,  одан  да  ештеңе

өзгермеді,  ақынның  көптеген  сырлы

шығармалары  сол  ақсақ-тоқсақ,  мүгедек

қалпында қайыра және қайтара басылып жатыр.

Орайы келген соң айтып қалдық, енді бұл арада

өткенді  қазбаламай,  жаңа  бір  кептің  шетін

шығаруға тура келіп отыр. Атап айтқанда, кез

келген ғұмыр кешуіндегі ең басты үш оқиға –

тууы, өлімі және жерленуі төңірегінде.

Шәкерімнің  туған  жері  нақты  белгілі:

Шыңғытаудың  Сырт,  немесе  Жон  аталатын

күнгей  бетіндегі  Шақпақ  жайлауы,  Кеңбұлақ

деген  қоныс.  Тұма  көзі  қарасуға  ұласқан,

ойпандағы шалғыны қалың, беткейдегі бетегесі

бітік, сирек тал, қалың шілікті байтақ аңғар. Тым

жақсы  білетінім  –  мен  туған,  өскен  Бақанас.

Байқошқар  алабынан  оншақты  шақырымдай

ғана. 60-жылдарға дейін біздің ауылдың жазғы

жайлауы  болған,  бала  кезімде  өзім  де  талай

көрген, тіпті, бірде, 1949 жылы, Әміржан деген

атақты аңшы, үлкен нағашымның үйіне барып,

апта бойы суға түсіп, асыр салып ойнаған жер.

Анау бір жылдары тозыңқырап кетіп еді, енді,

ел  көшіп,  иесіз  қалғаннан  бері  тусырап,

тыңайған,  алдыңғы  жылы,  Абай,  Шәкерім

есіміне қатысты жерлерді қайтадан аралағанда

көрдім, Шыңғыстау азаматтары екінші бір ұлы

ақынның дүниеге келген дерегін әйгілеп, қырат

қабаққа  қара  гранит  тасынан  суретті,  жазулы

үлкен  белгі  орнатыпты.  1858  жылы  туды  деп

көрсетілген. Барлық жерде, барлық басылым,

кітаптарда осылай. Шәкерім 1858 жылы туған

дейміз. Бұл дерек нақты осы қалпында бұрнағы

ешбір куәлікке ұшыраспайды. 1931 жылы жетпіс


10

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

үш  жасында  қаза  болды  деген  мағлұматтан

шығарылған.

Жетпіс  үш  жас.  Аңдап  қарасақ,  бұл  –

ескіше  жас  есебі.  Ежелден  белгілі,  түрік

халықтарында, оның ішінде қазақта күні кешеге

дейін сәбидің ана құрсағында жатқан тоғыз айы

бір  жасқа  есептелген.  Яғни,  тумыстан  емес,

жаралмыстан бастап. Адамның алғашқы дене

мүшелі  он  үш  жасқа  сәйкесуі  содан.  Шын

мәнісінде күнтізбелік он екі жас. Сонда келесі

мүшел – жиырма бес емес, жиырма төрт, одан

соңғылары  –  отыз  алты,  қырық  сегіз,  алпыс

болып кете береді. Бүгінде мүшелді ұмытқамыз

жоқ, бірақ есебін бір жылға кешіктіріп жүрміз.

Отызыншы  жылдарға,  дәлірек  айтсақ,  1935

жылға  дейінгі  кейбір  жазбаларда  Абай  1944

жылы туған деп көрсетілгені бар. Алпысында

дүние  салды  деген  сөзден  шығарған.

Алпысымыз  –  ежелгі  қазақша,  нақтысы  –

күнтізбелік елу тоғыз. 1935 жылы, Абай есімі

кеңінен  атала  бастағанда,  тоқсан  жылдық

орайында түзетіліп, нақтыланған. Сондай-ақ,

Шәкерімнің  ғұмыр  жасы  да  бүгінгі,  жалпы

дүниелік  өлшем  бойынша,  жетпіс  үш  емес,

жетпіс  екі  жас  болады.  Есебі,  қазір

белгіленгендей, 1858 емес, 1859 жыл. Бұған ең

соңғы, бұлтартпас айғақ – Шәкерімнің өзінен

қалған нақты куәлік. «Жылым – қой, жұлдызым

– үйіл», - деген өмірбаяндық бір жырында. 1931-

ден бастап санағанда, жетпіс жас төңірегіндегі

қой жылының жазы – 1859 жылға сәйкес келеді.

Ал 1858 – жылқы.

Сонымен,  ешбір  талассыз  ақиқат  –

Шәкерім 1859 жылы туған.

Ескі ақынның қайғылы қазасы жөнінде.

Қандышелек  жендет  Қарасартов  бастаған

жазалаушы Кепеу (ОГПУ) әскерінің қолынан

ажал  тапқаны  белгілі.  Бірақ  қалай,  қандай

жағдайда?

Шәкерімді  атып  тастағаннан  соң,

қайткенде де бүкіл қазаққа  мағлұм, әрі жаңа

өкіметпен ешқандай шатағы жоқ, жасы жеткен,

бейбіт  ақсақал,  жала  мен  жапаны  үйіп-төгу

керек еді. Ол үшін ақын есімін осы өңірдегі ілкіде

ғана  өткен  көтеріліске  телу  қажет  болыпты.

Қарасартовтың 

мәлімдемесі, 

оның

жасағындағы  жендеттердің  «ақ-адал  куәлігі»



нәтижесінде  мүлде  басқа  бір  ертегі

қалыптасады.  Бүгінде  жалпы  жұртқа  белгілі

және  нақпа-нақ  сол  қалпында  бүкіл  қауым,

әдеби,  ғылыми  жұртшылық  қабылдаған.

Тәптіштеп қайталау қажетсіз. Жалпы сұлбасы –

әлдебір бандыларды қарауылдап шыққан қырағы

чекистер таң алдында, ай далада жағылған, осы

жаңа  ғана  біреулер  басында  түнеп  кеткен,

қоламтасы  бықсыған  от  орнын  көреді.  Содан

ары жүрсе, бұлыңғыр тұманда көп аттың дүбірі

естіледі,  ізінше қыр  басында әлдекім  жортып

шыға  келеді.  Қолма-қол  мылтық  кезенген

жасақшылардың бірі атып құлатыпты. Сол кезде

төбесі  көрінген  артқы  топ  аттарының  басын

бұрып, тұра қашады. Чекистер оқ тиіп құлаған

кісіге  келсе,  Шәкерім  екен.  Ал  оның  астына

мінген енді қолға түскен көлігі – осының алдында

ғана бандылар өлтірген балшабек Олжабайдың

торы аты болып шығады...

Енді азғана ойланайық. Шәкерім қажы аяқ

артатын  басқа  бір  қылқұйрық  табылмап  па.

Көтерілісті  қоздырмай-ақ  қойсын,  бірақ  сол

дүрбелеңге қатысты, енді жан сауғалап жүрген

топпен бірге, қазанның қара суығында ен далада

түнеуі қалай? Бұл топ қара жаяу емес, түгел атты,

Шәкерімнің шошаласынан онша ұзап шықпауы

қалай?  Кешқұрым  аттанғанның  өзінде  түн

қатып,  Шыңғыс  асып  кетпей  ме?  Егер

Қарасартовтар айтқандай, Шәкерім шынымен-

ақ  Қытайға  өтпек  болса,  саятқорадан  терістік

тарапқа емес, күншығыс бетке, жүлгелі тауды

бөктерлеп, тым құрса қырық-елу шақырым ұтып,

қара үзбеуіне не себеп? Өзі ардақты ақын, әрі

құрметті қажы, жасы келген салуалы ақсақал, таң

бозынан  тұрған  топ  бандының  алдында,  тым

озғындап жүргені несі? Чекистер де түгел атты,

басшысы өлген соң тұра қашқан, өздері арнайы

іздеп шыққан бандының артынан неге қумаған?

Ат  жетпес,  оқ  жетеді,  жапырлаған  қалың

жұрттың  соңынан  тарсылдатып  ату  неге  ойға

келмеген? Ат а қалса, жиырма шақты қарымды

винтовкадан  кемі  жүз  оқ  шығады,  тобымен

қашқан бандының тым құрса біреуінің, сербиген

өзіне,  әйтпесе  астындағы  дүмдей  атына

дарымауы  қалай?  Барлық  «қалайды»  жиып

қойғанда,  бүгінгі  біз  неге  ғана  қанішер

жендеттердің ақталған әрі мақтанған жалалы,

ресми мәлімдемесіне сенуге тиіспіз?

Оның  үстіне,  бажайлап  талдап  келгенде


11

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

әлгі «нақты» куәліктердің өзі біріне бірі қайшы

келіп  жатады.  Кейін,  1978  жылы,  Ебіней

Букетовпен  әңгімесінде  Қарасартов  Шәкерім

қажыны Шыңғыстау көтерілісін бастап, ауданға

шауып, торы ат үстінде «ағылшын стволынан»

бұрқылдатып  атып,  ойқастай  жортып  жүрген

кезінде, жаппай жағалас үстінде оққа ұшты деп

айтқан. Одан басқа, Қарасартовтың жазалаушы

жасағында болған, кейінгі заманға аман жеткен

тағы бір кісілер қажы ен далада атылды дейді.

Оның  өзі  екі-үш  нұсқада.  Бірінде  азаннан

көтерілген жасақ бандылар қонған, от жаққан

жерге жетеді, Шәкеріммен кездесу содан кейінгі

бір  уақытта.  Екіншісінде  аттаныстағы  жасақ

үстінде  аңдаусыз  келіп  қалған  топ  бандыдан

озған  Шәкерім  шарай  топтың  көз  алдында,

жөппелдемеде  оққа  ұшса,  тағы  бір  нұсқада

чекистер  түгел  ұйықтап  жатқан,  күзеттегі

Халитов  деген  башқұрт  анталап  келе  жатқан

жауды  көріп,  жұртты  оятады,  жаппай  атыс

басталады,  содан,  бір  сәт  тыныс  болғанда,

бандылар қатарынан оқшау бөлініп шыққан, кім

екені анық анықталмаған біреу сол Халитовтың

қарауылына ілінген. Бәрінің түйіні – Шәкерім

қашқын  бандының  ішінде  болды,  бірақ

Қарасартовтың тікелей қатысынсыз, жазатайым

атылды  деген  куәлікке  саяды.  Кейінде

Қарасартовтың  өзі  де  білмей  қалдық,  менің

мақсатым – Шәкерімді өлтіру емес, тірідей қолға

түсіру болатын, дейді.

Бұл сөздердің негізі дұрыс, яғни Шәкерім

өкімет әскерінен бой тасалап жүрген қашқындар

қатарында және аңдаусыз атылды деген лақапты

кейінгі зерттеушілеріміз күмәнсіз қабылдайды

және оның бекемдеуші айғағы ретінде қарсы жақ

– қашқындар ішінде болған Бердештің куәлігін

алға тартады. Бұл – баяғы, бірге туған бауыры

Абайдың  өзіне  опа  бермеген  Тәкежанның

немересі. Қажыға сәлем беруге барып едік, дейді.

Көңілін көтеру үшін аңға алып шығады. Сөйтіп

келе  жатқанда  пәлеге  ұшырапты.  Чекистер

бұлардың  қарасынан  көрер-көрместен

тарсылдатып  ата  бастайды.  Сонда  Шәкерім:

бұлар – банды қуып шыққан кісілер, мен барып,

мән-жайды ұғындырайын деп, топтан бөлініп,

қарсы  жүреді.  Сол  кезде  екі  қайтара  оқ

атылыпты. Бердештер Шәкерімнің өлгенін біліп,

тым-тырақай  қашып,  бас  сауғалайды,  сол  бір

төмендегі керейге жетіп, солардың көмегімен

Қытай асады... Екінші бір сөзінде біз Керегетаста

бой тасалап жатқан кезде қасында үш кісі бар,

Шәкерімнің өзі келді, дейді. Шыны қайсы, өтірігі

қайсы?


Бұл Бердеш өзін Шәкерімнің ұнатпағанын,

тіпті, сәлемін де алмайтынын жасырмай айтқан.

Оның  қаныпезер  қаталдығын  жақсы  білетін

Мұхтар  Әуезовтің  кейінде,  тірі  Бердешті

көргенде қатты тіксінгені мәлім, «Әй, сен әлі

өлмей  жүр  екенсің  ғой!..»,  -  депті.  Қытайдан

қайтып  елге  келген,  ғұмыр  бойы  бақылау

астында  болған  адам.  Жаңағы  куәлік  арнайы

нұсқаумен  айтылмаған  күннің  өзінде,  жан

сақтамаса да, жаманатқа ілінбеуді көздеген кісінің

қалыптасқан  нұсқаны  қайталауы  деп  қана

білуіміз керек. Оның үстіне, қажының қазасына

қатысты екі жерде айтқан сөзі де екі түрлі. Әуелгі

куәлігінде күн бұлыңғыр, тұман еді, «екі қайыра

оқ  атылған  соң,  Шәкерімнің  өлгенін  сездік»

дейді, яғни, көзбен көрмеген. Одан соңғысында,

«оқ тиіп, аттан құлап түсті де, орнынан атып

тұрып, оң қолын көтеріп, енді атпаңдар деген

ишарат жасады, екінші, тура тиген оқтан соң ғана

жығылды»,  -  дейді.  Әуелгі  айтқанындай,

сырттай сезбеген, тұман да жоқ, анық-танық,

көзбен көріп тұрған. Басқасын былай қойғанда,

қажының  оң  қолын  көтеруі  мүмкін  емес.

Кейіннен белгілі болғандай, әлде бұрын, әлде

кейін атылған қосар оқтың жеңілірегі – оң жақ

иық, тоқпақ жіліктің басынан тиген екен. Төрт

ауыз сөздің үшеуі өтірік шықты, бұдан соңғысын

ақиқат ретінде қабылдау қиын. Бердештің бар

хикаясының ішінде жалғыз-ақ шындық бар. Ол

– көтеріліс пен  қазаның аралығында қажыны

көзбе-көз көруі. Әлбетте, саятқорада. Қытайға

бет түземек қашқындар, бәлкім екі-үш-ақ кісі,

ішінде  Шәкерімнің  өзінің  ұлы  Зият  та  бар,

ақсақалмен қоштасуға барған. Қажының қанға

малынып  келген,  қаншама  бейбіт  жұрттың

жазықсыз  жазаға  ұшырауына  себеп  болған

Бердештің  қолын  алмауы  да  осы  орайда.

Кездесуі  анық.  Бірақ  Шәкерімнің  уақытша

Керегетас төңірегін паналап жүрген қашқындар

тобында болуы, олармен бірге далада түнеп, тоң

үстіне қонуы қисынсыз.

Шәкерім Керегетаста оққа ұшты деп куәлік

берген чекистердің өзінің нақты қазаға қатысты,


12

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

кейінде  айтқан  сөздері  тағы  да  екі  айырым.

Бірден өледі және алғашқы жарақаттан соң тілге

келіп,  «мені  ауданға  апарыңдар»,-  дейді.

Рақымсыз жендеттеріне: «мен – керек адаммын,

маған  тиіспеңдер»  дейтінін  қайтерсіз.  Қияли

ертегінің түп тамыры айқын. Шәкерімнің жаны

үзілген соң, арты қалай болар деп қауіптенген

Қарасартов тиесілі, өзіне пайдалы ертегі ойлап

тауып,  қарауындағы  барлық  жендетке  осы

нұсқаны  ұстануға  жарлық  берген.  Бандының

ішінде болды, осының алдында ғана өлтірілген

Олжабайдың торы атын мінген екен, әйткенмен

де, қасақана емес, аңдаусызда атылып кетті деген.

Шәкерім өзінің саятқорасында емес, көтерілістен

соң амалсыз бас сауғалап жүрген қашқындардың

арасы,  сол  «бандылар  тұрағы»  Керегетастан

табылуы қажет еді. Түп негізі ортақ ертегінің

айырым жағдайлары – әуелгі, жаттанды нұсқаны

әркім өзінше ұғынып, талдауының нәтижесі. Егер

ақиқаты сол болса, негізгі тұрғысында бәрінің

сөзі бір жерден шығар еді.

Осы  орайда,  кейінгі  жұртшылықтың

Қарасартовтың  әуелгі  ертегісін  сол  қалпында

қабылдауы  –  таң  қаларлық  жағдай.  Тіпті,

қажының көтерілісшілер өлтірген Олжабайдың

торы  атын  мінуіне  дейін  күмән  туғызбайды.

Өзінің  атақты  қоңыр  атын  енді  Қытайға  бет

түземек ұлы Зиятқа мінгізіпті дейді. Онысы рас.

Бірақ  Зият  ойран  болған  Қарауылдан  сексен

шақырым жердегі Шақпаққа жаяу келген жоқ қой.

Әлді, сенімді қоңыр атты алған соң астындағы

көлігін әкесіне тастап кетпей ме. Жоқ, міндетті

түрде бүлік кезінде қазаға ұшыраған балшабектің

атын иеленуі керек. Бұл торы ат әуелде Бердешке

тиесілі екен, Олжабай өлгеннен соң бәсіре малын

өзі алыпты, енді мүлде атсыз қалған Шәкерімге

әкеліп беріпті деседі. Сондай-ақ, үш-төрт апта

бұрын  ғана  көтеріліске  белсене  қатысқан,  өзі

қашып жүрген Бердештің енді Шәкерімді аңға

алып шығуы да әдепкі жағдай болып көрінеді.

Тағы бір білгіштер Шәкерім Қытай аспақ Зият пен

Берішті шығарып салған соң Олжабайдың торы

атын Қарасартовтың өз қолына апарып бермек

екен деп соғады. Сол Қарасартовтың жазалаушы

жасағымен қапелімде кездесіп қалған Шәкерімнің

біздің бейбіт кісілер екенімізді айтып, ұғындырам

деп, жаңа ғана өздеріне қарай борсылдатып оқ

атып жатқан чекистерге қарсы атойлап шығуы

күмәнсіз шындық ретінде қабылданған. Басқа

жағын  айтпағанда,  Қарасартовтың  арнайы

іздеп  шыққан  «бандысы»  -  осы  «Шәкерім

тобындағы» кісілер екені қаперде жоқ.

Қарасартовтар  жасағында  болған,

алпысыншы  жылдарға  дейін  жасаған,  негізі

шыңғыстаулық,  Шәкерімді  өз  қолымен  құр

құдыққа  тастаған  кәрі  қарақшы  Айтмырза

Түңлікбаев дегеннің көп өтірігінің ішінде жан

түршігерлік бір шындық оқиға бар. Жендеттер

қатарынан оқ тиіп, ес-түссіз, бірақ жан тәсілім

қыла алмай, жарадан қаны ағып, шиыршық ата

қиналып  жатқан  Шәкерімнің  барлық  киімін

сыпырып, таласа-тармаса бөлісіп алады. Атап

айтқанда: қасқыр ішігін, түлкі тымақ, саптама

етік, сырма бешпент, бұттағы шалбарына дейін.

Әлі  де  үзілмеген  ақ  сақалды  қария  ақ  қырау

басқан қатқақ жерде, сұлай түсіп, ақ жейде, ақ

дамбалымен ғана, қанжоса болып жатты дейді.

«Әй, тобықты, сен неге үлес алмадың?», - деп

зекіпті  Қарасартов.  «Алатын  не  қалды?!»,  -

дедім  мен  ызаға  булығып».  Қаз-қалпында,

Айтмырзаның  өз  сөзі.  Ыза  –  ұлы  тұлғаның

қапелім қазасы, жендеттердің қарақшылық ісі

емес, өзінің олжасыз қалуынан туғанын аңдау

қиын  емес.  «Онда  өліктің  өзін  ал.  Бақанасқа

жеткізесің», - дейді Қарасартов. «Мен түйемді

шөгердім  де,  астымдағы  өре  киізді  жайып

жіберіп,  соған  өлікті  ұзын  күйінде  орап,  екі

жерден арқанмен бунап, түйенің бір жағына, екі

өркешінен ілдім. Өзім түйеге жайдақ мініп (яғни,

мәйіттің үстіне бір аяғын артып отырып. - М.М.)

Бақанасқа жеткіздім». Айтмырзаның төл сөзі,

сол  қалпында.  «Бұл  оқиға  тұсында

Қарасартовтың  қарауында  чекистік  қызмет

атқардым»,  -  деген  ілкіде  ғана.  Чекист.  Түйе

мінген.  Арабтың  бәдәуиі  емес,  қазақтың

бақташысы  емес.  Бірақ  түйе  мінеді.  Ал

Қарасартов жасағы – бандыны қууға шыққан.

Барлық чекист барлық уақытта түйеге, өгізге

емес, атқа мінеді. Тіпті, атқа мініп, түйе жетектеп

жүрсе  де  таң  қалар  едік.  Яғни,  әуел  бастан

әлденені арту үшін мінілген түйе. Кісінің өлігі

болмаса да, әрқилы мүкәмал, дүниесін.

Кейін, Шәкерімді ақтау мәселесі бір сәт

көтерілген 1959 жылы, қолма-қол, бойына бар

зәрін  жинап,  шапқындап  Алматыға  жеткен

Қарасартовпен  беттестіру  үшін,  КГБ-ның


13

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет