2015 №1 (26)
МҮШЕЛТОЙ
жалғастырып, қаламгер мұрасын тереңдей
зерделеуде Арап Сләмұлы айырықша
қажырылықпен
еңбек
етіп
келеді.
Сұлтанмахмұттың шығармашылығымен қатар
сол XX ғасырдың басындағы тұтас әдеби
процесс, мәдени даму мәселелері де ғалымның
назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Арап
Сләмұлының ғалымдық келбеті, парасат әлемі,
бүгінгі азаматтық тұлғасы, міне осындай
биіктерден көрініп отыр»,- деп құнды баға береді.
Бұл – ақиқат. Ұстазымыз абайтану
айдынының мұхитқа құяр арнасында да қыруар
еңбек атқарып келеді. Ол ғылымға бет бұрып,
көңілі ғылым деп соққан жас ғалымдарға
тәжірибелі ұстаздық тұрғысынан басшылық
жасап, Абай шәкірттерінің өмірі мен
шығармашылығын зерттеуде «Абайдың ақын
шәкірттері» ғылыми мектебінің жетекшісі болды.
Профессор «Абайдың ақындық мектебін» сөз
өнеріндегі қайталанбас құбылыс ретінде қазіргі
ғылымның биік талаптарына сай дамытты.
Мәселен, Абайдың айналасындағы, Абай
дәстүріндегі ақындарға арналған түбегейлі
зерттеулер жасалынды. Ұстаздың жетекшілігімен
Абайдың ақындық мектебінің көрнекті
өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы
зерттелініп, көптеген шәкірттері түрліше
тақырыптардағы диссертацияларын сәтті
қорғап, бүгінде ғылыми ортада өздерінің
үлестерін қосу үстінде. Бұл қазақ әдебиетінде
кенже қалған «Әдеби өлкетану» үрдісіне
салынған түрен жол деп те ашып айтқымыз
келеді.
Кешегісіне көз жүгіртпей, бүгінгісін ғана
байыптағанда, Қайым Мұхамедханов негізін
қалап кеткен Семейдегі әдебиеттану мектебі
дәуір желі өз үнімен, өз ерекшелігімен соққан
сайын молығып, ұрпақтар үндестігімен даму
үстінде. Бүгінгі таңда сол рухани мектептің кемел
ойлы кемеңгер ұстазы, Арап Еспенбетовтің
жетекшілігімен Семейде, жалпы Шығыс өңірінде
аталмыш саланың ғылыми жүйесі қалыптасқан.
Осы ғылыми ортаның қарқынды һәм жүйелі
жұмыс жүргізуінің нәтижесінде қазақ әдебиетіне
өзіндік қолтаңбасын қалдырған халық ақындары,
солардың ішінде Сапарғали Әлімбетов
шығармалары да зерттеу нысанына алынған еді.
Бұл еңбек Арап Сіләмұлының жетекшілігімен
маған табыс етілген болатын-ды. Ғылымның
алғашқы әліппесін үйретіп, ғылым көгіне
қырандай баптаған ұстазымның қажырлы еңбегі
мен талапшылдығының әрі ғылыми жарқын
жолды
көрсеткендігінің
нәтижесінде
С.Әлімбетовтің ақындық, айтыскерлік,
жыршылық өнердегі орнын айқындап, ұлттық
әдебиетімізге қосқан үлесін сомдадық.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз маржанын
көкейіне қадап, ғұмырлық ұстанымы мен қадірлі
қағидасына айналдырған ұстаздың жемісі өз
нәтижесін беріп, өзі еккен ғылым бағы қазіргі
тәуелсіздік дәуірінде мәуелі жемісі бар алып
ағашқа айналғандай. Сондай ұстаздың ғылым
бағынан нәр алып, ол еккен тәтті жемістен дәм
татып, қазірде қияға қанат сермеген шәкірттерінің
бірі мен едім. Мен ұстазымның тұла бойынан
ғылымға тән тазалықты, жинақылықты,
қырағылықты, ақиқатқа негізделген деректілікті,
нысанаға дөп тигізер турашылдықты көрдім. Бір
болмысқа осыншалықты игі қасиеттерді
жинақтап, ұлттық мүдде асқарынан ой
тастайтын даналық заңғарлары ілуде біреуде
кездесетіні анық. Алаштың ардагер
азаматтарының заңды жалғасының бірі,
асылдың сынығы болған – Арап Сләмұлы
Еспенбетовтің тұғырлы тұлғасы замана көші алға
жылыстаған сайын ұрпақтар санасы мен қазақ
мәдениетінің дамуында биіктей түсетіні анық.
Келешекке ұлағаты кемел тәлімгерлік туындылар
тудырып, ғылымның күрделі арналарына сара
жол салған Еспенбетов әлемі руханияттағы
кешенді зерделеуді қажет ететін қайталанбас
құбылыс. Талай-талай жастарға кемеңгерлік
танытып, көшбасшысы болған, оларды аяқ
алысынан аңғарып, әдеби айналымдағы өзекті
тақырыпты ұсынған әдебиеттанушы ғалымның
көрегенділігі мен қырағылығы деп білемін. Бір
ғажабы, сарабдал ғалымның бастамасымен
қолға алынған дүние өзінің нақты зерттеушісін
тауып, салмақты арнаға айналып кететіндігі.
Мейірімсіз мерзімдер ауысымында,
еліміздің нарықтық-экономикалық қоғамға өту
кезеңі Семейдегі әдебиет зерттеушілеріне де өз
ауыртпашылығын ала келді. Оның сыртында
республикадағы білім реформасына байланысты
жоғары оқу орындары біріктіріліп, қазақ тілі мен
әдебиет факультеті техникалық мамандықтардың
77
2015 №1 (26)
МҮШЕЛТОЙ
тасасында қалып қойған сәттері де болғаны
жасырын емес. Дегенмен, әдебиеттанушы
ұстаздардың ғылыми-ізденіс жұмыстары
мерзімдік қиындықтарға байланысты үзіліп
қалған жоқ. Бұл тұрғыда филология
ғылымдарының докторы, профессор Арап
Еспенбетовтің жетекшілік еңбегінің ерекше
екендігіне әдейілеп тоқталып өткен жөн болар.
Арап Сіләмұлының ұланғайыр жұмысы
арқасында Семей өңірінде әдебиеттанушы
ғылыми орта қалыптасты. Академик Рымғали
Нұрғалидің салиқалы пікіріне жүгінсек: «Қазақ
әдебиеті кафедрасы Арап басқарған кезде
әдебиетші мұғалімдер дайындайтын оқу орны
ғана емес, Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған өлең мен
сөз қасиеті дарыған киелі Семей өңірінің
әдебиетті насихаттайтын қасиетті ордасына да
айналды... Арап Еспенбетов қоғам өзгерістерін
таразылай келіп, жаңа уақыт талабына сәйкес
білім жүйесін ендіру жолдарын игере білді», –
дейді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық
даналығын рухына сіңірген дегдар ғалымды
ұдайы шәкірттеріне шұғыласын төгіп жүретін
кісілік келбеті бар, азаматтық позициясы айқын
ардақты азамат деп білемін.
Арап Сләмұлы өзінің ғалымдық, ұстаздық
жолындағы ізбасарлары жайында былай дейді:
«Шәкірті жоқ ұстаз болмауы керек. Осы тұрғыда
өзімді бақытты санаймын. 34 жасында
докторлық еңбегін қорғаған Бауыржан
Ердембековке жетекші болдым. Өзіміз 34
жасымызда тақырып алуға барғанымызда,
«ақылың дұрыс па, миың әлі былқылдап
отырғанда қайдағы тақырыпты сұрағаның? 45-
50-ге аяқ басқанда келерсің» деген сөгіс алған
едік. Кандидаттықты 29 жасымда, докторлық
еңбекті 48 жасымда қорғадым. Өз басымнан
өткен қиыншылықты ескере келе, ізбасарларыма
мүмкіндік беруге бекіндім. Жуырда шәкәрімтану
ілімдеріне қатысты докторлық еңбегін
А.Жүндібаева деген шәкіртім сәтті қорғап шықты.
Семей педагогикалық институты Шәкәрім
атындағы білім ордасына қосылғанға дейін 60
мыңнан астам маман даярлап шығарған екен.
1967 жылдың наурызында ұстаз болып келдім,
осы уақыт аралығында солардың біразы
алдымыздан өтті. Бірі ақындыққа бет бұрса,
ендігісі жазушылықпен айналысуда. Кітаптарын
жарыққа шығарып, жетістіктерімен бөлісіп
жатқандарына қарап еңбегіміздің зая кетпегеніне
шексіз қуанып жатамыз» ("Ұлт" тәуелсіз
интернет-басылымында берген сұхбаты, 13
Қаңтар 2015 жыл).
Арап Сләмұлының айбынды тұлғасына
қарап отырып, ғылымға тән жан қиярлық пен
адалдық деген осы болар деген ойға келемін. Тың
тақырыптарға түрен салып, оны шәкірттеріне
ұсыну, осыған барар жолда әрқашан елдік
мәселелерді көтеріп, әрбір мәселеге кешенді түрде
қарау – Арап әлеміне тән айшықтар.
Кешегі кеңестік кезеңнің көріксіз келбеті
жанымызға жара салып, ұлт зиялылары ақтаңдақ
беттерге айналған кездегі кемшін қалған
тұстарымыз баршылық. Елбасымыздың «Тарих
толқынында» атты кітабында: «Алаш
зиялылары… сол айтулы есімдердің білімдарлық
һәм азаматтық тәлімдерінде кейде көріне
бермейтін де арналар бар. Оның бағасын
ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс.
…Бұлар – тарих толқынындағы мәдениетіміздің
кіндік тұлғалары», – деп жазылған.
«Мәдениетіміздің кіндік тұлғалары…» өте
ауқымды мағынаны қамтиды. Еліміз тәуелсіздік
алып, жоғалған есімдер бүгінгі ұрпақ жадында
қайта жаңғырып, ұлттық құндылықтарымызбен
қауыштық. Мұның баршасы да ғылым көгінде
кешенді зерттеулерге үлкен мүмкіндіктер
туғызып, даңғыл жол ашты. Соның бірі – қазақ
әдебиетінің ай маңдайлы ақыны, қараңғы қазақ
көгіне өрмелеп шығып, жарқыраған күні болған
– Сұлтанмахмұт Торайғыров мұрасы еді.
Академик Рымғали Нұрғали «Үш тоғыс» атты
көлемді мақаласында өткен кезеңдер келбетіне
тоқталып, ақиқатты аңғартқан: «Ғылым жолында
қандай тақырыпқа бармасын Арап бәрібір
Сұлтанмахмұт мұрасын тереңдете зерттеуді
басты мақсат деп білді. С.Торайғыров
мұрасының зерттелмей, ең бір күңгірт тартып
жатқан тұстарына айырықша көңіл бөлді.
«С.Торайғыров лирикасын зерттеудің кейбір
мәселелері», «С.Торайғыров шығармаларының
жариялану тарихынан», «Сөз төркінін іздесек»,
«С.Торайғыров поэзиясының текстологиясы
жайлы ойлар», «Реалистік поэма сипаты» сияқты
мақалалары сұлтанмахмұттанудың дамуына
ықпалын тигізді. Ғалымның ақынның өмірі мен
78
2015 №1 (26)
МҮШЕЛТОЙ
әдеби мұрасы турасындағы өзекті ой-пікірлерін
жинақтап тұтастырған «Сұлтанмахмұт
Торайғыров» монографиясы 1992 жылы жарық
көрді. Алпысыншы жылдардың аяқ шенінен
бастап зерттеген тақырыбын жылдар бойы
кеңейте түсіп, 1993 жылы Қазақстан
Республикасының Ғылым академиясында
«Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық
өмірбаяны» деген тақырыпта докторлық
диссертация қорғады... Сөйтіп ұзақ жылдар
бойы ғылыми айтыстан гөрі, саяси тәжікенің,
біреуді кемітудің, тіпті жазалаудың (проф.
Б.Кенжебаев Сұлтанмахмұт туралы зерттеулері
үшін жұмыстан шығарылып, көп жылдар
қудаланған) құралына айналаған даулы
мәселелерді жаңаша көзқараспен, биік
теориялық деңгейде нақты методологиялық
әдіспен шешіп, дәлді тұжырымдар жасаған, көп
жылғы ізденістер қорытындыланады. Тағы
ескертетін нәрсе, А.Еспенбетовтің тікелей күш
салуымен Сұлтанмахмұттың барлық
шығармалары жіті көзбен қаралып, тұрақты
мәтіндері айқындалып, шығармалар қайтадан
басылды».
Иә,
70
жылдардан
басталған
сұлтанмахмұттанудағы сара жол Арап
Еспенбетовтің кешенді зерделеуімен тың түрге,
жаңа сипатқа ие болды. Осы бағдардағы
зерделеу ізденістерін қажырлы ғалым былайша
түсіндіреді: «Қиындықтарға келсек, сол дәуірдегі
газет-журналдарда цензураның өршіп тұрған
уақыты, өткір айтылған пікірлер алынып
тасталатын. Ескі басылымдарды ақтарып, көп
іздендім. 1929 жылға дейін жазбалардың дені
араб қарпімен жарық көрген. Арабтың әліпбиін
білмей не әдебиетші, не тарихшы болу мүмкін
еместігін түсіндім. Осы орайда, орталық
кітапханадағы қариялардан үйренуге тура келді.
Тақырыбым
Сұлтанмахмұт
жайында
болғанымен, зерттеу барысында Шәкәрім,
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Мағжан Жұмабаевтың мақалалары мен
өлеңдері алдымнан шығатын. Қазіргідей
ксерокс сияқты құрылғы жоқ, қаламмен
саусағымыз сүйел болғанша қағазға түсіретін
едік. Кейін қажет болып қалады-ау деген оймен
тың дүниелерді өзіме жазып алуға көп уақыт
бөлдім. Еңбегім зая кетпеді, тәуелсіздікке бет
алған шақта Алаштың арыстары жайында
алғашқылардың қатарында зерттеу мақалаларды
жариялауға мүмкіндік туды. Докторлық
диссертациямда Сұлтанмахмұтпен байланысы
бар бұрын есімі аталмаған жандардың
шығармаларын пайдаланған едім» («Ұлт»
тәуелсіз интернет-басылымында берген
сұхбаты, 13 Қаңтар 2015 жыл).
Тоталитарлық жүйенің әдебиет пен
өнерге тигізген салқыны салдарынан
Сұлтанмахмұтты
зерделеу
«жабық
тақырыптардың» санатында саналғандықтан,
ғалым тарапынан аталмыш тақырыпты қазақ
әдебиеттануында ғылыми жүйеге түсіру нағыз
батылдық пен парасат-пайымды талап ететін
толағай табыс деп пайымдаймыз.
Асыл ағаның тағы бір көркем қасиеті,
туған жерге деген көкейде лаулаған перзенттік
сезімі мен жауапкершілігі һәм отаншылдық мінезі
жөнінде профессор Зейнолғабден Бисенғали
былай деген еді: «Арап Сләмұлы Еспенбетов –
дос, әріптес, тумысы бөлек дара азамат.
Даралығы ғылымда да ерекше байқалып
тұрады. Өзіңе жақын биік тұлға туралы лебіз
айту оңай емес. Аса бір терең толғаныста
боласың...
Арап – тұрақты жігіт. Жетпісінші жылдары
қорғады. Қызметке шақырған ұсыныстар мол
еді... Туған жеріне, Семейге, Шыңғыстауға
қарағыштай беретін. Әр жылдары ғылыми,
басқа да шараларға қатысты Семейге келіп,
ұлылар еліне бірге сапар шеккен кездеріміз
болды. Қарауылға бет алғанда досымның түрі
өзгеріп, ерекше бір күйде болғанын талай
байқадым... Ел алдындағы жауапкершілікті
ерекше сезініп өскен Арекеңнің тамыры
қашанда тереңде жатады».
Тереңдіктен нәрленіп, елжандылық,
табандылық әрі жинақылық сынды абзал
құндылықтарды болмысына жинақтаған Арап
Сләмұлы жайлы айтылатын өнегелі естеліктер
молынан кездеседі. Бұлардың қай-қайсысына
қарасақ та руханият жанашыры А.Еспенбетовке
деген нақтылы, дәлдікпен айтылған
анықтамалар іспетті. Соның тағы бір кестелі
көрсеткіші педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Төкен Жұмажанова: «Сіз
ұйымдастырушы-басшылық, ғалым-ұстаздық
79
қасиеттерді ұштастыра білген тұлға ретінде
Еліңізге танылдыңыз. Еңбек жолында ғана емес,
ғылым жолында да шығармашылық байланыста
болдық. Сіз Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен
шығармашылығын әдебиеттану ғылымы көгінде
зерттедіңіз. Біз ғылыми дәстүрді жалғастыра,
ақын мұрасын оқыту аясында қарастырдық», –
деп тереңнен сыр шерткен еді.
Профессор: «Ғалым болмасаң, қатардағы
«жай» ұстаз болып қаласың. Жақсы ұстаз болу
үшін күнделікті іздену керек», – деп ғылым,
білімдегі үздіксіз ізденіс пен талпынысты
ұстаздың басты рухани даму тетігіне балайды.
«Болмасаң да ұқсап бақ» деген хакім
Абайдың ой інжуін жүректің төріне қондырып,
оның тағылымды ізімен, сара жолымен жүру –
біздей шәкірттердің перзенттік пейілі. Әз аға
өткен дәуірдегі Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Қайым
сынды ой алыптары бастаған асыл арнаны
жалғастырып, ғылыми сарабдал ойларымен
ерекшеленетін еңбектері арқылы қазақ
руханиятын көркейткен кемеңгер көшбасшысы.
Жақында өзінің қос томдығымен күллі
Алаш жұртын қуантты, бұл – қазақ әдебиеттану
ғылымына қосылған құны терең сүбелі еңбек,
халқымыздың мемлекеттігін қалпына келтіру
бағытындағы ұлтымыздың мәйегі мол мәртебесі
деп түйіндеймін. Биылғы жылы жасы жетпіске
толғалы отырған адамдық тұлғасы еңселі,
ғалымдық ойы көшелі, ардагер азаматқа қуатты
денсаулық, шығармашылық асулар тілеймін!
МҮШЕЛТОЙ
2015 №1 (26)
Резюме
Resume
Статья посвящена 70-летию профессора А.С.Еспенбетова.
The article is devoted to the 70th anniversary of Professor A. S. Espanbetov.
80
ӘОЖ 821.512.122
Т. ЖҰМАЖАНОВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҰСТАЗ ШАПАҒАТЫ
Қазақ халқының әдебиеттану ғылымының
ХХ ғасырдың соңғы тұсында шыққан жас
ұрпағы өкілдерінің ішінде Араб Сләмұлының
орны айрықша деуге болады. Ол Семей
педагогикалық институтында алған білімін
бұрынғы одақ көлемінде белгілі КазГУ-дің
аспирантурасында жалғастырып қайтты. Араб
Сләмұлының зерттеулері, өзіндік көзқарасы,
әдебиетпен айналысатын ғалымдарға бағыт бере
білді десек артық емес. Абайтану, алаштану,
шәкәрімтану, сұлтанмахмұттану туралы кезінде
айтылмаған, ескерілмеген мәселелерге Арекең
ешкімді қайталамай өзінше тың ой, дәлелді
тарихи дерек келтіріп ұрпақ алдына жайып
салды.
Шәкәрім
шығармаларының
философиялық мәні, оның болашағы
Сұлтанмахмұтпен байланыс жағын барынша
мысал келтіріп, дәлелдейді. Екеуінің де
ұлтжанды, қазақтың жанашыр азаматы
болғандарын барынша ашып, дұрыс түсініп –
қорытынды шығару біздің парызымыз екенін
міндет санайды.
Әрине, Араб Сләмұлы
екі
ақын
шығармаларындағы көрікті сөз, астарлы ой, оны
талдауда ұстаздар шәкіртке дұрыс, орынды
жеткізуін қалайды, әдеби талдаудың қыры мен
сырын меңгеру ұстаз парызы екеніне күмән
келтірмейді. Әдебиетті барынша дұрыс, терең
оқытуға шақырады. Мәтінтану (текстология)
оны дұрыс түсіндіре білу оңай іс емес, мұғалімнің
өзінің білімділігі қажет.
Ғалым
осы
мәселеде
Қайым
Мұхамедхановтың еңбегін паш етіп, өзінің
ұстазына ерекше бас иеді. Бірге қызмет еткенін
мақтан тұтады. Менің есімде: Қайым
Мұхамедханов лекцияларына қатысып, алғаш
таспаға жазып алу Арекеңнен басталып еді.
Жұмысының көптігіне қарамай, лекцияны
тыңдауға уақыт табатын. Мәтіндік проблемаға
да сол кезде ой өрбітсе керек. Көптеген
деректерді
топтастырып,
зерделеді.
Мақаласында ақындардың өзін сөйлете білді.
Шәкәрім мұрасы санынан сапаға көшу керектігін
баса айтып, зерттеушілерге ой сала білді.
«Айқап» журналы – қазақтың тұңғыш қоғамдық-
саяси әдеби журналы екенін, «Қазақ» газетін де
саралап, зерделей келе өзіндік тоқтамға келіп,
қорытынды жасай білді. Мақалалардың мәнін
ашты, кімнің қандай пікір айтып, ой толғағанына
терең салиқалы көзқарас білдірді. Ғалым
еңбектері, жазған мақалаларының мәні
зерттеушінің өзінің көзқарасымен сабақтаса
дәлелдей білді. Көп еңбектеніп, ізденудің
арқасында тың шешімге қол жеткізді. Ғалымның
Сұлтанмахмұтты жан-жақты зерттеп, өлең,
поэма, романдарын толық талдап, басқа
қырынан көрсету өте зор еңбек. Образдарды
ашуда ерекше суреттеу, оқырманның түсінуі,
ақын ойымен автор ой дүниесі бірлесе үн
қатады. Бұл әдебиетші мұғалімдер үшін үлкен
көмек. Ғалым еш нәрсені қалт жібермейді.
Маржандай тізіп көз алдына әкеледі.
2015 №1 (26)
МҮШЕЛТОЙ
Автор Арап Сләмұлы зерттеулерінің ерекшеліктеріне тоқталып, ұстаздық ұлағатына мән
береді.
Тірек сөздер: ұстаздық ұлағат, зерттеуші, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт шығармашылығы.
81
алып, мәтін арқылы сол биікті меңгеруге
оқырманды жетелейді, ойландырады, шешімге
келтіріп, өзіндік ізденіске апарып, жетістікке
жетеді. Бұл тұнып тұрған әдістеме
(методиканың) көмегі екені белгілі.
Араб Сләмұлы «Сұлтанмахмұттың
ғұмырбаянын» айрықша суреттеп, әнмен жазған
сияқты әсер қалдырады.
«Ұлы ақын – ұлы тұлға ол ешкімді
қайталамай, ұқсамай, ұлылықты сақтады», - деп
аққан жұлдыздай жарқ етіп ғажайып құбылысқа
айналғанын барынша дәлелдеп, көз алдымызға
келтіреді.
Абай әлемі Сұлтанмахмұт бағасында
жарқырай өз шапағатын төгеді, ой желісі де бір
арнаға тоғысады. Өмір проблемасы екі ақында
да сабақтаса өрледі. Абай дәстүрін
жалғастырушы Сұлтанмахмұтты оқырмандар
жан дүниесімен сезіне түсіп, білуге ұмтылары
анық.
Досқа адал, ақкөңіл, мінезі кең, кейде аңғал,
әрқашан көңілді отырып, қалжың-әзілді
ұнататын Арекең – қазақтың бірегей
Жеке отбасылық өмірде де Арап Сләмұлы
бақытты жан, әсіресе, жан-жары Майра
Жақсиманқызы елге аңыз боп айтылатын
заңгердің ұрпағы, медицина ғылымының
докторы, профессор, білгір маман, «Зоб» ауруын
аппаратпен ғана емес, қолымен анықтай білген,
көптеген шет елдерде өзін танытқан дәрігер. Бір
үйде екі профессор, қарапайым еңбек адамдары,
қазақтың маңдайына біткен қазынасы. Бұларға
бүкіл ел қызыға қарап, тілеулестік танытады, зор
міндеттер жүктейді. Балалары: Гүлжан, Баян
өздері ел қадірлейтін әр мамандықты ерекше
меңгерген аяулы жандар. Біз оларға әрқашан
еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тілейміз.
МҮШЕЛТОЙ
2015 №1 (26)
азаматтарының бірі. Алыптардың көзі, белгілі
ғалым, білікті басшы. Жарық көрген көптеген
зерттеулері соның айғағы. Ол еңбектерді талдап
оқығанда оқырман көзі анық жетеді.
Оқушы қалайда оқығысы келеді, білуге
ұмтылады. Ол қызығушылықты бірінше кезекте
Resume
Резюме
Статья посвящена педагогическим трудам А.Еспенбетова.
The article is devoted to the pedagogical works of A. Espanbetov.
82
2015 №1 (26)
АСЫЛ СӨЗ
А.КЕМЕЛБАЕВА, жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші
ШАШТЫ
Тұлпардың тұяғы таптағанда даланы,
Аспан алты, жер жеті ойран-асыр болады.
Фирдоуси
В этом мире, где счастье – пустая ложь,
Лишь одно без обмана – хребет коня*.
Сеитназар Сеиди
Көшпенділер – құм тәңірлері*.
Али Акташ
Бабалар біздің шежіре жазып қалдырған.
Қасымхан Бегман
–
Қай ноғайсың?
Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты.
Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға
түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып
келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр
бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны
дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі
сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп
тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл
бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.
–
Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы,
әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі
Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең
қағып.
–
Балам, сен мені жылқышы ата дерсің,
– деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға
кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер
жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.
Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол
қырғын күнгі мың жылқысын қорыған
қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі,
сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының
қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан
түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен*
жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға
андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза
кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі
тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек.
«Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл,
сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау
таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі
артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра
айқайлаған.
Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты
жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей
құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас
жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым
Теке түрікпен*, бұғы қырғыз* – ру аттары.
Сеитназар Сеиди* – орыс тіліне аударған Н.Вольпин.
Али Акташ* – қазақ тіліне аударған Бауыржан Жақып.
Достарыңызбен бөлісу: |