Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №1  (26)

89

адақтап,  хисса-жыр  айтып  жүргенде  шөлде

қаңғып өлесің ғой дегенімде, мен Көроғлымын,

дәруіштің пірі Қожа Хафизден нем артық деген

сөзі  ойымда.  Мойнағы  күміспен  күптелген

тобылғы қамшы енді сенікі.

Жылқышы  шал  ата  салтымен  бала  елге

аман  жетсін  деп  Кенжебектің  қолына

күмістелген қамшы ұстатты. Қосқа кіргізіп, бір

итіне ырымдап, тоқым жауып қойды.

Дыбысың  шыққан  соң,  атыңның



басын  бұрып,  бір  құдайға  сыйынып,  мен

сілтеген Темірқазық тұсы қайдасың деп қасқая

тарта бер.

   Бәйгеге отыз ат тігілді. Кілең таңдаулы

жүйріктің  үстінде  бір-бір  бәйге  бала,

тұрымтайдай  жеті  жасар,  он  жасар  арасы,

барлығы ұшар құстай қомданып отыр. Аттылы

болудың бағын айт. Кенжебекке ерді жылқышы

шал жөке ағашынан жасап берген.

Атшабар  бәйгеде  теке  Атажан  байдың

тұлпары  астында,  Кенжебек  азат  басына

қылшылбыр түскен соңғы жыл он екі ай жігерін

құм қылған бір батпандай кесік ойдан айнып

сала берді. Желге мінгендей жүрегі атқақтап,

жанын желік буып барады. Өмір мен өлім деген

не тәйірі! Ат үстінде арқырай өліп кетсе өкінбес!

Тұяғы жалпақ түрікпен жылқысы мұның қас-

қағым сәтте аруағын асырып жіберді. Ол шауып

бара жатқанда ауық-ауық қас тұлпардың үстінде

қозғалақтай,  қопаңдай,  құйрығы  көтеріліп

қоятынын көргенде Атажан бек масайрай түсті.

Алалы  жылқы  айдаған  оғыздың  ұрпағы  емес

пе!  Жылқы  жайын қазақтан  артық  кім  білер,

мына шабандоз бала ат беліне титтей салмағын

түсірмесе, бұйырса, бәйгенің алдын бермейді.

Төртінші айналымда Кенжебек күбірлеп

сыйынды: «Я Тәңірім жар бол, аруақ қолдай ғөр!

Бұл өңім бе, түсім бе?! Текежәуміт тұлпарым,

жануарым, құмайым, атаң суын*,  анаң сүттей

боз бие шығар, жылқыда өт жоқ, қанат бітіп,

құстай ұш!»

Ойбас! Ойбас!



Қыпшақ  ұлдың  дауысы  күн  күркіреп,

аспан қарс айрылғаннан бетер дүйім елді селк

еткізген. Ізінше әлгі өктем үн жарық дүниеге

жарықшақ  түсіріп,  астан-кестен,  алай-түлей

қылды. Тек көп ішінен арзу қылып, дұға айтқан

қазақ  шалға  Кенжебектің  жас  дауысы  аңқып

естілген. Түрікпендер қым-қуыт шулап қоя берді.

Бәйгеге шапқанда қыпшақ  нәсілі қалған жиырма

тоғыз оғыз баладан еш айырмашылығы жоқ еді.

Ұран  салған  соң  қаршығадай  ұл  басындағы

жалбыр бөркін жұлып алып, жерге лақтырды.

Бөрік ішінен басына ақ шүберекті маңдайын баса

орап  алыпты.  Адаймен  жиі  шабысатын

текежәуміттің ызалы көзіне әлгі орамал адайдың

ақ туындай елестеп кетті.

Қыпшақ ұл  ат басын бұрып, шеңберден

шығып,  еліне  баратын  тұсқа  нысаналай,

жұлдыздай  ағып  барады.  Үстіндегі  бала

қаңбақтай болған соң құнан жылқы қиналмай,

қолтығын жаза құстай ұшады.

Кенет қашқан баланың көзіне анадайдан

күн сәулесінен жаһұттай жарқыраған дөңгелек

бір  зат  түскені.  Кенжебек  ат  бауырынан

сыпырылып  құлап  түсердей  кілт  еңкейіп,

жерден  бірдеңе  ілгенде  жылқышы  шалдың

қырағы көзі ұясынан шығардай, алақтап кетті.

Ол айдаладан іліп алған керемет затын қойнына

салды, шабысын қайта түзеді.

Ат жарыс адыра қалды. Ат жарыстан соң

тойлы ел ит таластырмақ еді. Ересек түрікпен

көбі атқа қонып, шығандап кеткен қашқынды

жаппай, жабыла қуып берді. Ә дегеннен ұшқыр

шабатын аттар жақын, жанай келді. Жүрегі су

етсе несі бар. Кенжебек бауыр басқан жылқышы

атасын қимай егіліп барады. Қоштасарда оның:

«Мені көрдім деп ешкімге айтушы болма. Мен

бір  желге  ұшқан  қаңбақ,  солған  тамырмын.

Өлсем обал жоқ, өлсем, Балқан тауда сүйегім

қалады», – дегенін еске алып, жүрегі қан жылады.

Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен

жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы

ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал

басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін

жалпақ  тіл  қаңлы,  қыпшақ  атайды.  Руын

мүсәпір  құл  жасырады.  Тегімді  білмей,  теріс

бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа

қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті

атамды  білемін,  ел  көзіне  тура  қарар  бет

болмаған  соң  тексізден  нем  артық?!»  –  деп

ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп

қорланған  соң  атасын  жасыруға  мәжбүр.

«Бұрын  періштелер  мені  ылғи  өліге  санап



АСЫЛ СӨЗ

2015  №1  (26)

Суын* – теңіз жылқысы.

90

кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу

тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар.

Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен

жеткенің.  Сонда  мына  мен  өлінерде  артымда

басқан  ізім,  кіндігімнен  жаралып,  бел  балам

болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым

қалды деп білемін».

Баланың көзінен жас парлады, жанашыр

атасын  енді  қайтіп  көрмейді-ау.  Түйе  шекпен

жаңбыр өткізбейді деп жылқышы шал шегелей

айтқанын жадына мықтап тұтты.

Дария  тасығандай,  сел  ағызғандай

сұрапыл күй кешті. Әттең, қапы дүние!

Қас  жүйрік  қыпшақ  ұлдың  тақымында

кеткенде  түрікпендер  жер  сабалап  қалды.  Ер

қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып

жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға

сипатпай,  ерен  құпия  сақтайтын;  қисапсыз

қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт,

ата  мал  айғырын  өлсе  сатпайтын;  астындағы

атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық

көретін;  айтулы  батырлары  ұрыста  өлген

атының  басын  ардақтап  биік  тауға  қоятын,

тұлпардан  айрылуды  өлімнен  кем  көрмейтін

қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі

жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі

кетеді.


Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір

дене,  бір  жанға  айналып  кетеді.  Қашса

құтылады, қуса жетеді.

Қуғыншы  жасақтың  аттары  қатты

шабыстан  қызғаны  соншалық,  бүйірлері

солықтап,  өлердей  болдырып,  мойнынан  қан

шықты. Бір қашқын мен жүз қуғыншының арасы

қозыкөш жер қалған.

Япырай,  рақымы  күшті  бір  құдайдың

құдіретін айт! Құлдыраған қыпшақ ұл жер мен

көкті  қоса  орай  озып  барады.  Кенет  жаңбыр

жауып, күн ашылса, кемпірқосақ құбылып түссе

бала атымен аспанға өрмелеп кетердей көрінеді.

Құс  ұшпас  құла  түзде  жер-көкті  тұтас

шаңға ораған ордалы құлан кезікті. Аспанды қақ

бөліп  құйын  тұрғандай  жойқын  үдерген

құландар  екі  ортаны  жара  ұрымтал  тұстан

киліккен.Үйірдің  алдында  басы  қазандай  ірі

айғыр  құлан  жер  қайысқан  салтаттыларды

көргенде  қас-қағымда  осқырынып,  қалт  тұра

қалды.  Айғыр  құлан  тұяғымен  жер  тарпып,

танауы делдие, иегіне өскен түгі сойдиып, көзі

қанға толып, адыраңдай басын кекжитті. Сол

замат оның соңына ерген үйірі, мың бас табын

құлан  қоса  шалт  тоқтаған.  Жердегіні  көре

қоймайтын өткір көзі биіктегіні қалт жібермейтін

айғыр құлан ащы дауыспен қатты кісінеді.

Өмір мен өлім арасы мың құлан. Қияндағы

Жайық бетке су іздеп шұбап бара жатқан мың

сан тұяқ көсіліп, селдей жөңкіліп келеді екен. Өлі

тыныштық буған маңғаз дала кенеттен тіріліп,

жон арқасы жыбыр-жыбыр қозғалып, айдалаға

маңып, құлан тайпа  қопарыла көшіп барады.

Көсем құланның ащы кісінеуін бұйрат қырқалар

асқан қыпшақ ұл естіген жоқ, қарғыстай тым

ащы  дауыс  қарсы  жолыққан  жүз  түрікпеннің

құлағын жарды.

Көбі  уыздай  бала  қуғыннан  құтылып

кеткенінен ғөрі керемет тұлпардың көз алдында

ұрланғанына іштері удай ашыған.Тек бірен-саран

долы  дұшпан  шабандоз  баланы  ұстаса,  итше

тепкілеп, ителгі теуіп құлатқан қаздай жүнше

түтер еді. Қиқуласқан көп ішінде әбден қаны

қайнаған бір өлермені бар еді. Құлан қағынан

жерісе, су таба алмай шөлде өлер. Тоқсан тоғыз

түрікпен  ер  қалжырап,  ат  басын  бұрып,  кері

қайтты. Соңғы қуғыншы шөлде адасып, өлудің

аз алды,  запы болып, еліне түтігіп оралған.

Атажан  байдың  үлкен  ұлы  үйіне  келе,

қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа

сенген  бейқам  әкесіне  дүлей  наразылығын

сөйтіп білдірді.

Біраз  түрікпен  суық  қаруын  асынып,

жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан

жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен

атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы

ішінде,  мал  аласы  сыртында.  Момын,  бейбіт

жылқышы  асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз

бақпақ  түгілі,  оң  иығына  қасқыр  терісін

жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей

қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап

отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау

шығармай,  жылқысын  ерен  адал  баққан  егде

қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай

ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп

шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері

шегінген.

  Шабандозға  шығарған  құл  баланы

отандасы еліне қашыртып жібергенін әуелден

АСЫЛ СӨЗ

2015  №1  (26)


91

баршасы ұқты. Ер екен. Түрікпен бай есігіндегі

құлақ  кесті  құлды  сол  сәт  қимас  бауырындай

сезініп, жүрегі алапат сыздап кетті. Ұлдарын атқа

баулыған, жыл он екі ай ат арқасынан түспей,

жылқысын баққан адал қазақтың өзіне ерекше

қымбат жан екенін бай сезінгендей, кенет алай-

түлей күй кешті.

Атажан әлекедей жаланған ерегескен топқа

жылқышысын жазалатқан жоқ, олар тым құрыса,

Тасқұлды  сабап  кеткісі  келген.  «Бас  жарылса

бөрік ішінде», – деді бай.

Атажан ертесінде қос атқа қоржын артып,

өр қазаққа азаттық беруге бұйырды. Ер азаматты

шексіз  құлданғанына  құдайдан  сөйтіп  рақым

сұрағысы келген. Айтулы ердің соңындай, оның

бір жат қылығын кешпесе өзін несін мұсылман

санайды. Теке руы бір жүйрікті жоғалтса несі бар

екен.

Жылқышы селт етпеді. Атажан бек оның



еліне кетер ойы жоғын біліп, ішіп жылып, қуанды.

Аттан  түспейтін  Тасқұл  бақса,  Қамбар  атадай

жылқысы дүр сілкініп бірдей жусайды, енеден

туған бір құлын өлмейді.

Жер төсін тесердей дүрсіл бәсеңдеп, аспан

мен жерді шаңға көміп, маң далада қыпшақпен

бірге көшетін жабайы құлан үйірі түрікпенді шын

бөгеді. Қалтиған бір суырды көргенде Кенжебек

астындағы  құнанын  обалсынып,  шабысын

тежеуге мәжбүр болды. Жылқышы ата құлағына

құя берген сөзі көкейінде сайрап тұр: «Тұлпарың

шаршамайды, нысаналы жас мал, көктей жүйрік,

талмай шаба береді, бірақ сақ бол. Зорығып кетіп,

мұрнынан  қан  кетіп  құласа,  сол  жерде  тұяқ

серіппей, жан тәсілім етті дей бер».

Кенжебек  еңкейіп,  бас  сүйегін  терімен

қаптап  қойғандай  қазмойын  атының  тер  мен

тұяқтан ұшқан қою шаң көміп, үйелеген екі көзін

жанқалтадағы  орамалымен  сүртті.  Тұлпарына

ерік беріп, басын бос жіберді. Тәңіріге, әулиеге

алғыс жаудырды. Жылқы  тектес түз тұқымын

жанын  аманат  қылып,  қатерден  безген  қарға

бойлы балаға құтқару үшін жіберген! Желкілдеп

ту  көтеріп  шыққан  қыруар  әскерден,  ұлы

қорғаннан үдере көшкен мың тұяқ тағының несі

кем болды?!

Бір бабасы Құлан қыпшақ еді, оның құлан

қағына жөргектеліп туғаны туралы аңыз тегін

болмады. О, құдая, тағдырға сызылған бұл бір іс

болды, адам айтса нанғысыз. Құлан қыпшақта

ел қорғаған көзсіз батырлар көп деуші еді.Теңіз

айрықта  бағзыда  қыпшақтың  елбөрілі  руы

жаулаушы  монғол  қолымен  шайқаста  өліспей

беріспей, қаза тапқан. Жұлдыздай қыпшақтың

бұрынғы өткенінің өлген аруағы ма екен, елес

боп көзге көрінген? Бұл тылсымға бала сенер-

сенбесін білмеді. Біреу айтса, әй, еш сенбес еді.

Сырдарияның  батысын  орап  жатқан

Қызылқұмнан  өту  қылкөпірден  өтуден  кем

түспейді. Бөрілі арқылы өтіп барады. Қашқанда

жын  соққандай  кідіруге,  көз  ақы  алып,  іліп

әкетуге  мәжбүр  еткен  гауһардай  жарқыраған

затты  қойнынан  алып  қараса,  қола  жиекті

алақандай  қол  айна  екен.  Күн  нұрымен

шағылысып, алтындай жарқыраған айна керуен

тартқан сарт саудашыдан түсіп қалған-ау. Бала

түк түсінбей риясыз күлді.

Кенжебек жылқышы ата ақылын мұқият

ойға  алумен  суыт  жүре  берді.  «Біреулер

көрстанда өлік қойып жатпаса, жолда кездескен

мүжілген, мүлгіген моладан қашпа. Саған қастық

қылғанды көк соқсын деп қарғадым. Жолда бейіт

кездессе, әулие деп ұқ. Тәңірі жарылқасын! Сен

мынау ұлы даланы билеген қыпшақтан тудың.

Аруақ қонып, киік көшкен айтақыр далада  құдай

сақтаймын десе сақтайды. Қашқанда екі көзің

алдыңда,  екі  көзің  артыңда  болсын.  Жеті

қараңғыда, балам, иен түзде сейілші жын-сайтан

жүреді, үйірімен пері көшеді. Бөгде кейпіне еніп,

құбылып  кездесуі  мүмкін,  бастан  кешкенмін.

Жалғыз-жарым жолаушы бейбаққа қауіп-қатер

аз емес. Шибөрідей торуылдайтын үрейді күміс

қамшымен  қу,  саспа.  Шибөрі  дауысы  қиямет,

адам сияқты, бірде сайтанша күліп, бірде бақ етіп

жылайды.  Қатты шошынған  сәтіңде  күбірлеп

дұға  оқи  бер,  түнде  тұсаулы  жылқыға  жақын

ұйықта. Тілсіз демесең жылқыда мін болмайды,

ес  болады.  Жолда  арқан  тапсаң,  соны

шеңберлеп ұйықта, бүйі, жылан шақпайды».

Бала  бөрі  құрсақ  айшылық  алыс  жолда

жападан жалғыз жортты. Қу медиенде басына

құс  қонбаған  балбал  тастар  кезіксе,  үміті

маздайды.  Шаң  аралас  боран  соқса,  ат  басын

жабумен  орады.  Алып  шыққан  ер  азығы  үш

күнде  таусылды.  Құрғақ  ауа  шаңдақта  әбден

болдырған аты шөлге шыдаса екен. Кенжебек

көк суды ылғи түсінде көріп, ерні кезеріп, жаны

АСЫЛ СӨЗ

2015  №1  (26)


92

аңсады.  Айдын  көлдер  мен  ағын  өзенге

дүниеде не жетер. Шіркін, көк су, көк су! Ең

тұщы, мөлдір суды шөлі қанғанша ішсе фәниде

арманы болар ма!

  Жылқысына  өсімдіктен  андыз,  изен,

жусан азық. Жылға тапқанда, бала өзі қаталап

өліп бара жатса да, әуелі тұлпарына аз ғана су

ішкізді.  Жылқышы ата  балаға шөл  қысқанда

жылқыға суды көп ішкізбе, бұл тұқымы төзімді

мал, аз суға шөлі қанады, аз-аздан бөліп суғар

деп үйретіп қойған.

Жылқышы  қосына  құдай  айдап  кез

қылды,  тірі  жан  жоқ,  иен  екен,  аспа  ілмек

мосыда қақпағын ашса бір қазан ет пісіп тұр.

Кенжебек  бұл  қостың  иесі  қоңырат  руының

жылқышылары  екенін  ұқты,  төсеулі  жылқы

терісінің  таңбасын  көрді.  Көк  Тәңірі  түрікті

жаратқалы  жылқышы  қосында  өткен-кеткен

жүргінші жүрек жалғап, тойып ас ішуі үшін ылғи

ет  асулы  тұруы  бұлжымас  дала  заңы  екенін

біледі. Ілулі тұрған ескі бөрте бөрікті басына

рұқсатсыз киіп кетті, әуелі қоржын жамылып

жүрді, аптаптан қорғайды.

Исі хош аңқыған Сыр бойында қара үйде

егін егіп отырған он түтін қарақалпақтан ас ішіп,

қоржын толтыра азық алып, тіке аттанды. Киік,

қарақұйрық  аулауға  арқасында  асынған  көн

садағы жоқ. Ордалы киік, бөкен шұбап жүреді.

Елге тақағанда қамысты айна көлдер көбейді.

Тек  қаранор  маса  жабылып,  шыбын-шіркей

қанын сорды.

Құмдауыттан сарала қаздың інге салған

ұясын  таяу  көрді,  қаласа  тұзақпен  ұстар  еді.

Сарала қаз етін ел жемейді.

Қаптаған дуадақ түнде жүреді, бұлдырық

мол.  Сыр  маңы  топырақ  құнарлы,  сексеуіл,

жыңғыл  түбі  топ-топ  қырғауыл  екен.

Қарақұйрық  көп.  Су  құртындай  балығын

көлшіктерден қолмен ұстап, отқа қақтап жеді.

Баяғыда  ауылда  мазақтап,  бір  адамды  «Бақа

жеген Итемер» деп ел  күліп отырғаны бекер

екен. Аш өзегін балықпен жалғаған. Бақырға су

қайнатса,  бір  уыс  тарыдан  бөртпе  жасап,

уыстап асайды.

Кенжебек  кіндік  қаны  тамған  қыпшақ

ауылына жарты күншілік жер қалғанда, жолда

тауып алған найзасына  ту көтерді.Кездігімен

теке тұлпарының жал-құйрығынан бір тұтамын

түбінен кесіп, қыл шашақ ту жасап алды. Еліне

ту көтеріп кірді. Қиянда қалған тілекші жылқышы

ата осы кейпін көрсе деп ырымдап істеген.

Қыпшақ  Торыайғыр  ауылына  сол  түні

қаңғып екі дуана келді. Жұмбақтап, сәуегей сөз

сөйледі. Түнімен тақуа қарт көз ілмей, намазын

үзбей, таң атқанша дұғамен құлшылық жасады.

Таң  арайланғанда  дуана  ақсақалды  шырт

ұйқыдан оятып, «Байеке, тысқа шығып қарашы,

өлгенің тіріліп, өшкенің жанды», – деп айтты.

Атасы  шығып  қараса,  бір  жыл  бұрын

жылқымен ұрланып, жоғалып кеткен немересі

Кенжебек астындағы құнан жылқысын белдеуге

байлап  жатыр  екен.  Баланың  қалың  шашы

иығынан асып, жалбырай өсіп, арқасын тұтып

жапқан, күн жеп, тер сіңген киімі әбден тозған.

Атасы  ақсары  өңі  тотығып,  әбден  қап-қара

болып,  күнге  күйген  ұлан  немересін  үкідей

дөңгелек көзінен айнытпай танып, кәрі көзінен

жасы ағып, бас салды.

Торыайғыр  қонақасыға  тай  сойғызып,

айнала елді асқа шақырып, екі дуананы құлай

күтті. Қырықтың бірі Қыдыр, әулие көріп, арып-

ашып  оралған  балама  бата  бер  деп  құдайы

мейманнан сұраған.

Тілекші  дуана:  «Шашың  өлең  шөптей

қаулай  өсіп,  еліңе  шашты  болып  келдің,

Аллатағала жар болып, ұрпағың шашыңдай көп

болып, өсіп-өнсін! Әумин!» – деп алақан жайып,

іркілместен бата берді.

Кенжебек еліне  таянған соң бір  күн нәр

татпады, ас батпады, шала құс ұйқылы, арып-

ашып, өлердей зорығып келген. Бата жасалған

соң бала алдына келген ағаш астаудағы майлы

еттен арпадай асап-асап жіберді. Сосын мейірі

судай тасыған, айналып-үйірілген анасы құйған

жас қымыздан бір аяқ жұтып, іргедегі құстөсекке

жантайып,  қалғып кеткеннен  үш  күн, үш  түн

ұйықтаған.

Ол  сүйікті  тұлпарының  мойнына

меншіктеп,  қос  әліп  қыпшақ  таңба  басты.

Көкейіне жылқышы ата жарықшақсыз айтқан:

«Бұл  түрікпенбоз  Тәңірі  қалауымен  енді

қыпшақбоз болады», – деген дуалы сөзі түсті.

Жеңгелері ұл баланы сол мезеттен бастап

Шашты  атап  кетті.  Әз  Тәуке  хан  тұсында

шоқбелдеу*  таққан  Шашты  айтулы  азамат



АСЫЛ СӨЗ

2015  №1  (26)

Шоқбелдеу* – асыл тасты белбеу.

93

болып,  аты  ел  аузына  ілікті.  Жорықта  қол

бастады. Баяғы теке түрікпенді шауып, қыруар

жылқысын  қайтарып  алып,  түрікпеннің  сұлу

қызын қоса әкелді. Екі қосағынан Шашты төрт

ұл көрді.

Ерторының немересін түрікпеннен аман

келтірген  қас  тұлпар  Қыпшақбоз  қаза  жетіп

өлгенде жігіт ағасы болған Шашты алғандарына

жоқтау  айтқызып,  шиге  орап  кебіндеп  көмді.

Бәйбіше,  тоқалы  бет  жыртып,  дауыс  салып

жылағаны,  Қыпшақбоздың  қасиет,  мәртебесін

өлеңге  қосып,  жоқтағаны  естіген  елдің

көкірегінде тұнып қалды.



АСЫЛ СӨЗ

2015  №1  (26)

94

«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.

Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:

8 (7222) 35 48 52;

Е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

Компьютерде беттеген: Канапиянова А.

Корректоры: Жарылғасынұлы М.

Беттеуге тапсырылған күні - 20.03.2015 ж. Басуға қол қойылған күні - 30.03.2015 ж.

Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

баспаханасында басылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет