Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №1  (26)

деген жерде мұғалімдік құрып жатқан Мұқан

ағаның  үйіне  тарттым.  Шалдығып,  шаршап

келгем, оңашада еркін тынығып, ет жеп, қымыз

ішіп, екі ай бойы оқумен, жазумен ғана отырдым.

Енді қайтар жолда ай бойы атамның қасында

болуым  керек  еді.  Байқошқардағы  ауылдан

әлдебір  көлік  тауып,  жоғарыдағы  Бақанас

ауылының  тұсынан  қиялай  өтіп,  Ақшатаудың

қойнауы,  кең  суатты  Мырзақан  бұлағында

отырған атама сағынып жеткен едім. Атамның

өңі ашық, көңілі көтеріңкі екен. Менің келуім

әрине, ерекше қуаныш. Оның үстіне айтары да

мол  боп  шықты.  Шәкерім  қажыға  қатысты

өзгеше  әңгіме.  Басында  болмаса  да,  артынан

Бақанас  ауылына  барып,  сондағы,  айрықша

оқиғаға  куә  болған  ағайындардан  тәптіштеп

сұрастырып, бар жағдайды білген екен.

Ахат ақсақал әуелі мал сойғызып, құран

бағыштайды. Содан соң елбіреген көңіл, қатқыл

қолмен ізгілікті, әрі күрделі шаруасына кіріскен.

Ешкімді араластырмай, тек өзі ғана, бабымен,

асықпай  қаза  бастайды.  Құдықты  кенересіне

тақау  бітеген  топырақ  босаң  болмаса  да,  тым

қатты емес екен. Бір қарыс өтпей, жиек шетінен

ақсөңке  төбе  сүйек  көрінеді.  Табылды!

Құрқұдықта жатқаны анық болып шықты. Ендігі

іске айрықша еп керек еді. Ахаң әуелі қажының

бас сүйегін тазартып алады. Мана, алғашқы белгі

көрінгенде  құдық-қабір  іргесіне  ақ  жайма

жайылған.  Әкесінің  ғазиз  басын  бауырына

басып,  жайлап  апарып,  құбыла  бет,  жоғарғы

жағына  қояды.  Содан  соң  мойын  сүйектер.

Бұғана, жауырын... Кезегімен қазылып алынып,

тиесілі орындарына қойыпты. Мәйіт отырған,

әлде тік тұрған қалпында көмілгені байқалады.

Енді жұмыс жеңілейді және ауырлай түсті дейді.

Атаулы ірі мүшелердің орны белгілі, сонымен

қатар, ұсақ сүйектердің ешқайсысы да топырақ

астында қалмауға тиіс еді. Қажының қабырғасын

аршығанда, сол жақ қолтық астынан шірімей, тас

болып қатып-семіп қалған алақандай ет шықты

дейді.  Бұдан  соң  қолдың  басы,  саусақ  ұшы

түгенделеді.  Ахат  ақсақал  қаңқаны  ретімен

құрап,  әрбір  мүшесін  түгендеп,  қайта-қайта

тексеріп отырыпты. Үш сүйектен жарақатты оқ

ізі көрінеді. Бірі – оң жақ иық, тоқпақ жіліктің басы

үзілген екен. Екіншісі – төс сүйегін қақ ортасынан

талқандай тесіп өткен. Бұл омыртқаның оң жақ

қалағын  және  зақымдапты.  Сыңайына

қарағанда, ажал оғы қарсы алдынан емес, қиғаш,

оң  жақ,  бәлкім,  ту  сырттан  атылған.  Әзірше

басқа сүйектер бүтін.

Ақыры, белден озып, жамбасқа жеткенде

күн  де  батыпты.  Ақсақал  аршылған  қаңқаны

шапанымен  жауып,  өзі  де  сол  Құрқұдықтың

басында, әрине, жалғыз емес, ағайындас біраз

кісімен  бірге  түнеп  шығады.  Ертемен  бар

жұмысын қайта жалғастырған.

Енді анық болды. Қажының мәйіті құдық

ішіне  екі  аяғы  созылған,  тікесінен  отырған

қалпында тасталған екен. Қалған жұмыс оңай.

Жіліншік  тұрыпты,  өкше,  бақай  сүйектеріне

дейін  түгелденеді.  Бәрі  де  бүтін,  жарақат,

сынықсыз. Ахат ақсақал қаңқаны қайта тексеріп,

бар мүше орнына келгеніне тағы да көз жеткізіпті.

Сол сәтінде «Әттеген-ай!...» – деген өкініш сөз

аузынан  шығып  кетті  дейді.  Кеше  толқынып,

жаңа  бастағанда,  алдымен  бас  сүйекті  қазып

алғанда  бір  қате  жіберіпті.  Әдетте  қыл  ұзақ

сақталады, немесе мүлде шірімейді. Қажының

қаба  сақалы  есте  болмапты.  Әйтпесе,  түгел

табылмаса да,бірер шоғын аршып алу мүмкін

екен. Бәлкім, қайыра көмбей, сақтап қалу үшін.

Қайткенде де, сол сәттегі көңіл ауаны. (Кейін

Қарасартов  айтады.  «Шәкерім  бұрында  мен

көрген, кеудесіне түсетін ұзын сақалын күзеп,

төрт елідей ғана қалдырған екен», дейді. Сірә,

қашқындық жолында жеңіл жүру үшін. О заман

да бұ заман, мұндай, әбес, масқараны кім көрген.

Әйтсе де, келте сақал – шындық дейміз. Ежелгі

рәсімде ерегескен дұшпанның сақалын күзеу –

зорлық, зәбірдің ең сұмдық көрінісі. Қажының

тәсілім  сәтінде  жасалған  әщады  жауыздық

болмай-ақ қойсын. Бұдан соң, мүрденің бетін

ашып,  жұрт  алдына  шығарарда  қызыл  қанға

боялған  ақ  сақалды  сол  Қарасартовтың  өзі,

немесе  жарлықты  жандайшабы  қырқып,

қысқартқан. Енді өзі атып өлтірген қарияның

сақалына дейін күзепті деген сөз тарамас үшін

ойлап тапқан тағы бір өтірігі).

Отыз  жыл  бойғы  арман  орнына  келді.

Ахат ақсақал әке сүйегін Жидебайға қастерлеп

апарып, Абайдың қасына, бұл да ақыл-парасат

белгісі, дәл қатарына емес, жетпіс-сексен қадам

жерге арулап көмгені мәлім. Басына көрнекті

бесіксыпа арнатады. Арада біраз жыл өткенде


19

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

өзі де әкесінің жанында тыным тапқан. Абай

– інісі Оспанмен бірге жатыр. Ал Шәкерім –

баласы Ахатпен.

Ұлы Абайдың 150 жылдық дүбірлі тойы

қарсаңында  қос  күмбез  қатарымен  бой



Резюме

Resume

  (Жалғасы бар)

Статья посвящена проблемам текстологических изменений в наследиях Шакарима.

The article is devoted to the problems of the textual changes in the legacies of Shakarim.

көтерді. Ағасына – аумақты, зор, еңселі. Інісіне –

соған  жете  қабыл.  Екеуі  де  сәулетті.  Жинақтап

келгенде, біртұтас. Абай – Шәкерім...



20

2015  №1  (26)

ШӘКӘРІМТАНУ

ӘОЖ  821.512.122



А. СЕЙСЕКЕНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

ТӘН КӨРЕТІН БАСТАҒЫ КӨЗ...

Әлемде қазіргі уақытта кванттық секіріс

үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс адамдарда жаңа

сапаның  болуын  талап  етеді.  Адам  сапасы

үшөлшемдік 

материалдық 

әлеммен

шектелмейтін  көпөлшемді  (многомерное



измерение) сапа. Ал адам санасының үшөлшемді

материалдық әлем заңымен ғана  өмір сүруі -

барып тұрған азапты өмір. Бұл – «Ә дегенге мә»

деген өмір заңы. Мұнда адам өзі не үшін өмір

сүріп жүргенін түсінбей де қалуы мүмкін. Міне,

сол себептен кванттық үдеріс дегеннің не екенін

түсінуге  тырысып  көрейік.  Адам  өмірінде

кванттық үдеріс денесіндегі тәндік өзгерістерден

басталып отыр. Сонда қандай тәндік өзгерістер?

Оны  біз  кейбір  адамдардың  жасарып,

жасампаздық қуатының артуынан байқасақ, енді

біреулердің бойындағы аурулардың көбеюінен

байқай  аламыз.  Аурудың  пайда  болуы  адамға

жоғарыдан  түскен  сигнал  деп  қарағанымыз

дұрыс.  Қазір  қатерлі  ауруларға  шалдыққан

көптеген  адамдар  осыдан  арылудың  жолын

іздеуді жанын тазарту арқылы шешуге тырысып

жатыр.  Жаны  тазарып,  тәнін  рухы  билеп

өзгерген  адам  үшін  бұл  өмірде  шешілмейтін

мәселе жоқ. Тәннің өзгерісі ойдың өзгерісімен

тікелей байланысты.

Әлемде  кездейсоқ  ештеңе  жоқ.  Азық-

түліктер қымбаттаған сайын, адамдар аштыққа

ұшыраудан қорқады. Ал адам рухани дамыған

сайын  оның  ағзалары  сыртқы  ас    қоректерін

азайта  бастайды.  Ал  адам  тағамды  азайтқан

сайын  оның  жасушаларындағы  өмірлік  күш

тағамсыз-ақ адамға қорек бере алатын жағдайға

жетеді.  Бұл  өмірлік  күшті  үнділер  «прана»,

қытайлар «ци» десе, Шәкәрім шығармаларында

«жар» сөзімен қолданылып жүр. Бұл өмірлік күш

адамға туа біте беріледі. Ал осы өмірлік күшті

адам сонымен бірге  күннен, топырақтан, судан,

ауадан толассыз алып отырады. Ғылым тілінде

макро-микроэлементтер деп аталады. Шәкәрім

ақын өз өлеңінде:

Жанымыз күннен келген нұрдан,

Тәніміз  топырақ  пен  судан,-деп  талай

нәрсенің басын ашып берді [1, 10].

Жалпы,  тән  әлемін  ата-бабаларымыз

иллюзия,  яғни,  «жалған»  әлем  деп  атады.

Өйткені,  бәрімізге  белгілі:  мән  мен  құбылыс

сәйкес келе бермейді. Мысалы, планеталардың

қозғалысын біз әдеттегі өмірде «ай туды», «күн

шықты»  дейміз.  Ал  шын  мағынасында  бұл

планеталардың  қозғалысы.  Ал  «космос»  деп

әлдебір қол жетпес жоғарыны елестетеміз. Егер

біз  айдың  үстінен  шығып  қарасақ,  жер  бізге

космос  болып  көрінер  еді.  Себебі,  табиғатта

төртбұрыш  атаулы  жоқ.    Шәкәрім  тілімен

айтқанда, біз бұның бәрін «бас көзімен» көрген

соң солай болып көрінеді. Шәкәрім осы туралы:



Ғалым  мақаласында  адамдарда  жаңа  сапаның  болуын  талап  ететін  кванттық  секіріс

үдерісіне тоқталады. Әлем ойшылдарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін саралай келіп,

бүкіл материялдық әлемнің санамыздан тыс еместігі туралы ой қорытады.

Тірек сөздер: Шәкәрім шығармалары,философия, кванттық үдеріс, жан, ой, сана.

21

2015  №1  (26)

ШӘКӘРІМТАНУ

Тән көретін бастағы көз,

Байқамайды жан сырын.

Көр де ақылға сал деген сөз,

Көз керек қой ойлырақ  [2, 204 б.],

-деп  жырлайды.  Шын  мағынасында  көз  -

«жанның көзі», құлақ – «ойдың құлағы»,- дейді

ақын.


Шопенгауэрдің: «Өмір дегеніміз мидағы

сезінулер», үнділердің: әлемді – жалған, яғни,

«майя»,  Платонның:  бізді  қоршаған  барлық

«заттар идеяның көлеңкесі», Гераклиттің: «тек

қозғалыс  бар  екені  шындық»  дегені  мен

Шәкәрімнің  әлемді  «жардың  көлеңкесі»  деп

жырлауы да осыны көрсетеді.

 Бұл  әлем біздің ішімізде. Әлем бізден тыс

емес. Әлем деген – Мен. Аспан – Мен, қоршаған

әлемнің  бәрі  –  Мен  (менікі  емес!).  Мен  жоқ

болсам, әлем де жоқ.  Ал, менің жоқ болуым

мүмкін  емес.        Шәкәрімнің  «барлық  жерден

жарды көретіні» сондықтан:

Менің жарым қандай жар?!-

Ай өлді де, күн қашты.

Мағынасын байқаңдар,

Сырлы сөзім сырды ашты [2, 256 б.].

...Жар – уақытсыздық. Жар – мәңгілікпен

тұтасып  кету  жағдайлары.  Жар  -  әлемді

сезінудің  өзіндік  метафорасы.  Жарды

махаббаттың  сезім  қуатын  бастан  кешірмей

түсіне  алмайсың.    Жарды  сезінуге  бәлки

Дайзетцу Судзукидің мына бір сөздері көмектесе

алар: «Гүлді тану – гүлге айналу, гүл болу, оған

ұқсап гүлдеу, күн сәулесі мен жаңбырға, гүлге

ұқсап қуану. Егер осылай болса, гүл менімен

сырласады,  мен  оның  барлық  құпияларын,

қуаныштары мен азаптарын  - оны,  өмірімнің

тамыр  соғысының  бәрін  білемін.    Мен  гүлді

«тануыммен»  бірге  ғарыштың  барлық

құпияларын, өз «Менімнің» барлық құпияларын

түгел білемін» дегенін еске түсірсек  жеткілікті

[3, 342 б.].

Жарды сезіну өзімшілдік пен менмендіктен

жырақтағанда ғана болатын cезім. «Бұл - мен

емес, шын мені, Жарат, жоғалт өзгені, Тазарт

мына  дүниені,  Бұл  адамнан  қалсын  тұл»  деп

Шәкәрімше Жардан сұрау. Жардың құпиясы іште

оянуы. Ол үшін адам зұлым ақылдан өзін босатуы

керек.  Бұл  -  адамның  өзіне  дейінгі  уақыттан

шығып  «өзіне  қайту»  жағдайы.  Бұл  -  «өзіне»

дейінгі  уақыттың  бәрін  нәпсінің  құрсауынан

босату  арқылы  «Әлемді  мен  билейін,    Нәпсі

болсын  маған  құл»  деп  дүниені  игеретін

құбылыс.  Ақылды уақыттың тегеуірінінен босату

шынайы патшалыққа әкеліп, күнәсіз «Нәрестедей

жас  болып»,  қайта  туатын    кез.  Ақиқатты  сөз

арқылы тірілтпек үшін  «Мас бол жүрек тазала.

Қарсы ұмтыл қазаға»,  жалған өмірден жоғал да,

Шын  өмірге  тіріл!»  дейтұғынды  жүрекпен

ұғынып, тілмен жеткізе алмайтын ол бір ләззат.

Шәкәрімнің Шыңғыстың табиғатын  көріп «мас»

болуы  мен  Басенің  шарбақтың  астындағы

қарапайым гүлді сезінуі ғажап ұқсастар:

Жалтарып жардан нұрын жасырғаны,

Күн батып, Жер жамылып, қорғаласа.

Жер жүзiне қып-қызыл гүл бiтiрем,

Көзiмнен қанды жасым сорғаласа.

Жарды көрген көзiме шоқынып жүр,

Су бұраңдап, майысып жорғаласа  [2, 259

б.] .

Бізді қоршаған әлемдегі заттар бір орнында



тұрмайды,  мысалы, ағаш шіриді, сөйтіп, жерді

қоректендіреді. Сол жерден өсімдіктер, гүлдер

өсіп шығады.

Жан  мен  дененi  өзара  ұлы  тартылысқа

әкелiп  тұрған  көңiлдi  жүрек,  тiлек,  махаббат,

Шопенгауэр  айтқан  «ерiктiң    әлем  ретiндегi

көрiнiсi» десек те, бiржола үгiлiп кетпей ұсталып

тұрған тастағы тартылыс – махаббат; өсiмдiктегi,

жан-жануардағы, адамдағы, өмiрге құштарлық

та; бәрi де жаратқанның жар бейнелi мәңгi арулық

уыз дүниесiнiң жемiсi екенiн Шәкәрiм өлеңмен

былайша өрнектейдi:

Шын асықтың әрбiрi

Өлiп топырақ болды да,

Жаратылыстың тағдыры

Жаратты менi орнына.

Бәрiнiң нұры қосылған

Мол керемет менде бар

Жалғыз жарға шоқынған

Қайда мендей пенде бар? [2, 238 б.].



22

2015  №1  (26)

ШӘКӘРІМТАНУ

Түрлі  денеде  түрлі  жандар  болады.

Осылардың ішінде адам жаны ерекше қабілетке

ие. Жан адамның әр жасушасында өмір сүреді.

Сол жанның арқасында адам ағзасы тірі болады.

Ал егер осы жанды дамытса, яғни, жан тазарса,

адам ерекше қасиеттерге ие болады.

Адам  жаны  физикалық  денені  тастап

кеткенде де мәңгі болғаны сияқты, адам тәнін

де мәңгілік ете алады деген пікірлер бас көтергелі

біраз  болды.  Жан  нұрланғанда,  тән  де

нұрланады.  Қазір  краснодардық  Зинаида

Баранова 2000 – шы жылдан азық-түліксіз, сусыз

өмір сүріп келе жатыр. Австриялық Джасмухин

12 жылдан бері азық-түліксіз өмір сүріп келеді.

Қазір әлемде 8 мыңнан артық адам осылай өмір

сүріп отыр.

Әрине, бұлай тамақ ішпей өмір сүру үшін

адамның  рухани    мүмкіндіктері  өте  жоғары

дайындықта болуы керек. Ресей ғалымы, физика

– математика ғылымдарының докторы, Табиғат

және  Қоғам  жөніндегі  Ғылымдардың

халықаралық Академиясының академигі

  Е.Н.  Вселенскийдің  пікірінше  1-ші  расаның

адамдары физикалық денесіз осылай өмір сүрген

көрінеді. Біз 5-ші расаның адамдарымыз. Қазір

6-шы расаның адамдары  дүниеге келіп жатыр

[4].


Әлем тұтас. Біз осы заманда өмір сүруіміз

үшін  қаншама уақытты бастан кешірдік. Алайда

тұтастықты  сезіну  арқылы  мәңгілікпен

сырласуға  болады.      И.В.  Гетенің  мәңгілікті

табиғаттың  бойындағы  Ұлы  тыныштықпен

ұласу  арқылы сезінгенін «Шаң шығармас жол –

дағы, Сілкіне алмас жапырақ» деп Абай ақын

да дәл жеткізе алған.

Ғылымда  қара  тесік  туралы  тартыс-

таластар  туғалы  біраз  болды.  Ал  қара  тесік

дегеніміз  кәдімгі  адамның  асқазаны  десек  те

болады.  Кәдімгі  адамның  асқазаны    -  толып

болмайтын қара тесік. Дүниенің бәрін жалмай

беретін қу құлқын, нәпсінің көзі осы қара тесікте

орналасқан.    Осы  бір  толып  болмайтын  қара

тесіктің арқасында асқазан ашығады да тұрады.

Құдды бір түйені түгімен жұтатын сияқты. Адам

бір осы асқазан үшін күндіз-түні жұмыс істейді.

Ал  адамның  осы  қара  тесікті  толтыра  алмай

бүкіл өмірі кетеді екен. Рабленің Гаргантюасы,

қазақтың  Көлтауысары  міне,  қайда  жатыр?

Оларды ертегіден тіпті іздеп керегі жоқ екен.

Бүкіл  өмір  үш  метр  ішек-қарында  айналып

жатыр.


Асқазан  дегеніміз  бір  жағынан  жай  бір

символдық түсінік десек те болады. Сараңдық

та  осы  асқазанда  орналасқан.  Ал  шын

мағынасында дүниені иемдену де иллюзия. Бізге

ештеңе тиесілі емес. Бізді дүние билемеу керек.

Біз дүниені билесек керек. Шәкәрім ақын:

Біз семірттік денені азықпенен,

Байлап бердік жанды оған қазықпенен.

Ұйқы, тамақ күйлеген сорлы дене,

Құтылар ма осындай жазықпенен,

- деп ескертеді [2, 61б.].Құмарлық пен махаббат»

атты  өлеңінде  бір  рюмкадан  басталатын

маскүнемдік, нашақорлықтың дүниеқұмарлық,

көрсеқызарлық  сияқты  адамның  басқа

құмарлықтарынан еш айырмасы жоқ:

«Ойласаң  соның  бәрі  бір  құмарлық»  [2,

61б.].

Адамдар нашақорды, маскүнемді қоғамды



ең  төмен  адамдар  қатарына  жатқызады.  Ал

ақшаға  құмарлықтың  дерті  нашақор  мен

маскүнемнен де қиын екенін түйсіне аламыз ба?

Үнді  ойшылы  Ошо  «Нәпсі  –  өзімшілдік  –

тойымсыздық  тілегі»  атты  еңбегінде  біреу

тамақтың  құлы,  біреу  биліктің  құлы,  біреу

ақшаның құлы – бұның бәрі қауіпті құмарлықтар

екенін ескертеді. Тіпті нашаға құмарлық  ақшаға

құмарлықтың қасында ойыншық екенін түсіну

екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осыны

түсінудің  өзі  адамды  көптеген  қауіп-қатерден

сақтайды.

Барлық  істер  адамға  деген  махаббаттан

бастау алуы керек. Өмірдегі жалғыз дұрыс жол -

осы.  Шәкәрім  мұрасының  негізі  де  –  осыған

саяды:


Не қылсаң қыл, адамға махаббат деп,

Мейлің сөк, мейлің үйрет, айла ізденбей

[2, 62 б.].

Махаббат дегеніміз өзін ғана емес, басқаны

сүю. Басқаны сүю дегеніміз - басқаға зиянсыз

өмір.


Жалғыздықтың ең ауыр жағдайы - өлімнен

23

2015  №1  (26)

ШӘКӘРІМТАНУ

қорқу.  Материя иллюзия болғандықтан, өлім де

жоқ. Тән әлемі  нұрдың қаттыға айналған түрі.

Мысалы,  ұйықтағанда  көретін  түсті  алайық.

Түсімізде  біз  сезім  мүшелерімізбен  қатты

денелерді  ұстағанымызды  сезінеміз,  кейде

біреулермен соғысып, кәдімгі ояу кезіміздегідей

шындық өмірде жүреміз. Ояуымыз да негізінен

солай деуге болады. Бізді қоршаған әлем бізден

тыс емес, бұл – мидағы голограммалар. Шәкәрім:

Өмір деген - ұйқы ғой,

Түс көргізбей қоя ма?

Қиын-қызық, әр түрлі ой,

Іс көргізбей қоя ма?

Түстегіні шын ғой деп,

Шынды ұмытқан жарай ма?

Әл жеткеннің бәрін жеп,

Арды жұтқан жарай ма?

- деп  [2, 193 б.] барлығымызға сауал тастауы да

осыған байланысты.

Ең  қызығы  кванттық  физиканың

дамуымен  «бүкіл әлем үшөлшемді голограмма

тәріздес» дейтін ғалымдардың саны жылдан –

жылға  көбейіп  келеді.  Олардың  пікірінше,

шындық өмір таңқаларлық өте нәзік те, күрделі

фильм  тәріздес.  Сыртқы  әлем  «біздің

санамыздан тыс» обьективті тәуелсіз әлем бе,

жоқ осының бәрі бізбен бірге ме?

«Бүкіл әлем тұтас бір голограмма» деген

идеяның негізгі авторлары -  кванттық физика

саласының  ірі  маманы,  Эйнштейннің  сүйікті

шәкірті,  Лондон  университетінің  профессоры

Дэвид  Бом  мен  Стэнфорд  университетінің

нейрофизиология  маманы,  нейропсихология

бойынша  «Мидың  тілдері»  атты  классикалық

еңбектің авторы - Карл Прибрам [5].

Атомдық  физиканың  тағы  бір  керемет

жаңалығы – егер атомды ұсақтап бөле берсек,

ол  жоққа  айналады,  сөйтіп,  электрондар  мен

протондардың    ұзындық,  дене  сынды  қасиеті

жоққа  айналады.  Бұл  ой    Шәкәрім  өлеңінде

көрініс тапқан:

Дене сезiмiне нанба!

Сағым су ма екен?

Барып көрсең таяу сол маңға,

Бар дене, сезiм түгел алдайды,

Бұл сөзiмдi әбден аңда [2, 327 б.] .

Осыған  байланысты  әлемнің  тұтастығы

идеясы  физиктермен  одан  әрі  дәлелденуде.

Сөйтіп, кванттық потенциал барлық кеңістікте

бір-бірімен тұтастық байланыста өмір сүреді.

Осыған  сәйкес  қазір    ғылымда  толқынды

генетика деген түсінік те пайда болып, жан –

жақты әр түрлі зерттеулер жүріп жатыр.

Тән әлемін әлі толық ашқан ешкім жоқ.

Адамның  бүкіл  өмірі  оның  ойына,  сеніміне

байланысты. Канттың идеалистік философиясы

да бүкіл материалдық әлемнің санамыздан тыс

емес,  керісінше,  санамыздың  ішінде  екенін

көрсетеді деп ойымызды қорытамыз.



Әдебиет

1.  Құдайбердiұлы Ш. // Абай. – 1994. –

№9. – 10 б.

2.  Құдайбердиев  Ш.  Шығармалары.

Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы, 1988,

560 б.


3.  Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он

томдық. 2 – том. Мифология: құрылымы мен

рәміздері. – Алматы: Жазушы, 2005. 568 б.

4.  Вселенский  Е.Н.  Смена  полюсов  и

великий вселенский эксперимент. Халықаралық

ғылыми  конференция  "Народная  медицина

России  Прошлое.Настоящее.Будущее».  –

Москва, 2000.

5. 

К.Прибрам. 



Языки 

мозга.


Экспериментальныепарадоксы 

и

принципынейропсихологии.  Москва: Прогресс,



1975.

Резюме

Resume

В данной  статье анализируются труды мировых мыслителей и Шакарима.

This article is analyzed the works of the world's thinkers and Shakarim.

24

ШӘКӘРІМТАНУ

2015  №1  (26)

ӘОЖ  372.882.151



К.МЕДЕУБАЕВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ МЕН С.ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАЙЫМДАУЛАРДЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ

ТҰРҒЫДА ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Шәкәрім 


Құдайбердіұлы 

мен


Сұлтанмахмұт  Торайғыров  –  ХІХ  ғасырдың

аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ

әдебиетінің жаңа серпінмен ояну дәуіріндегі ұлы

Абайдан кейінгі қазақ поэзиясындағы біртуар

тұлғалар. 73 жыл өмір сүрген Ш.Құдайбердіұлы

мен небәрі 27 жас қана жасаған С.Торайғыров

шығармаларындағы үндестік оларды туғызған

тарихи орта, әдеби уақыт және ұлы Абай дәстүрі

байланыстырған  рухани  туыстық  арқылы

жалғасады. Зерттеуші ғалым, әдебиеттанушы,

сұлтанмахмұттану  ғылымын  жан-жақты

зерделеген А.Еспенбетовтің пікіріне сүйенсек,

Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыров алғаш рет

1917  жылы  Семей  қаласында  жүзбе-жүз

кездесіп,  пікірлес  болған.  Бұл  туралы  ғалым

мынандай  тарихи  деректер  келтіреді:

«Ақпандағы революция жеңгеннен кейін 1917

жылы 10 наурызда қуаныштары қойындарына

сыймай  С.Торайғыров  пен  Әлімхан  Ермеков

Томскіден Семейге келген. Патшаның тақтан

құлап,  ақ  түйенің  қарны  жарылғанын  қуана

құптаған Ш.Құдайбердіұлы да Алаш (Семей –

М.К.)  қаласында  еді.  С.Торайғыров  келген

бетінде алаштықтықтардың Гимніне айналған:

Алаш туы астында

Біз – Алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

–  деген  азаматтық  рухты  «Алаш  ұранын»

жазған.  Алаш  ұраны  төңірегіне  топтасқан

қазақтың тұңғыш Гимні  Ш.Құдайбердіұлының

сезімін тербегені сөзсіз. 1917 жылдың күзінде

Әлихан Бөкейханов Семей қаласына келгенде

С.Торайғыров «Сарыарқа» газетінің екі санында

«Әлиханның  Семейге  келуі»  деген  мақала

жариялаған.

Көш бастаған еріміз!

Қуанышта еліңіз...

Алаш туын қолға алған,

Қараңғыда жол салған,

Арыстаным, келіңіз!

– деп, Сұлтанмахмұт жастар атынан сөз сөйлеп,

өлең оқыған. Алаш зиялылары зор қуанышпен

ұйымдастырған  кездесуге  Шәкәрім  де

қатынасқан»  [2,59-61  бб.].  Ш.Құдайбердіұлы

мен  С.Торайғыров  арасындағы  жылы  қарым-

қатынасты  зерттеуші  мынандай  деректермен

жалғастырады: «Сұлтанмахмұт 1917 жылдың

күз айларынан 1918 жылдың маусымына дейін

Абай елінде болған. М.Әуезовтің жазып берген

Автор мақаласында Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыровтың педагогикалық пайымдауларын

салыстыра талдайды.

Тірек  сөздер:  Шәкәрім,  Сұлатнмахмұт,  шығармашылық,  педагогикалық  пайымдау,

салыстырмалы талдау.


25

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет