2015 №1 (26)
хаты бойынша атақты Оразбайдың Медеуінің
баласы Сәнияздың ауылына ат басын тіреген
ақын шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл істен де бейхабар
емес-тін.
1918 жылы 6 наурызда Семей
губерниясының студенті, алаш азаматы Қазы
Нұрмұхамбетұлы жазықсыз оққа ұшқанда
Шәкәрім ақсақал халыққа арнап сөз сөйлейді.
Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков,
Мұстақым Малдыбаевтар сөз сөйлеген қаралы
жиынға Сұлтанмахмұт Торайғыров та
қатынасқан» [3,62б.]. Зерттеуші-ғалым
А.Еспенбетовтің тарихи өмірбаяндық дерегін
толық келтірудегі негізгі мақсат –
Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыровтың бір-
бірлерін білгендігін, әдеби байланыста
болғандығын, қос алыптың өлеңдеріндегі
педагогикалық пайымдаулардың өзара
үндестігін өз тарапымыздан тұжырым жасау.
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы
қос алып Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт
арасындағы рухани байланыс Сұлтанмахмұт
ақынның «Таныстыру» поэмасындағы Шәкәрім
туралы айтқан:
Құдайберді баласы Шәкәрім,
Көп оқуы болмаса да туысы кәміл.
Жазған шежіре, жайған үлгі арқасында,
Ертеден бұл алашқа аты мәлім.
Ерте оянған кісінің біреуі осы,
Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын.
Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға,
Ақсақал боп алғандай осы кәрің.
Демеңіз, тымақ киген жай бір қазақ,
Киген киім, жүрісі, түріне қарап,
Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ,
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!
– деген өлең шумақтарымен нақтылана түседі
[4, 58-59 бб.]. Шәкәрім Құдайбердіұлы да:
Қой, жүрегім, қайғырма,
Қайғыны мүлде жай қылма...
Торайғыров естісе,
Мұны «қатын ойбай» дер,
– деп, «Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған
көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге
шипа болады деген жарыпсал жаңа әдебиетіміз
нысана нұсқаған қол, көрсеткен жолы жоқ құр
«қатын ойбайға» айналып бара жатыр» [5, 141б.]
деген он тоғыз жастағы Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлең жайлы айтқан
педагогикалық пайымдауына құлақ қойып, өз
ойын жас ақын ойымен үндестірген.
Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыров
туындыларындағы шығармашылық үндестік,
педагогикалық пайымдаулар дүние есігін ашқан
сәттен өмір сапары аяқталғанша адамзат бастан
кешіретін адамның өмірі туралы философиялық
ой түйген шығармаларында да кездеседі.
Ш.Құдайбердіұлы «Өмір» атты өлеңінде:
Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.
Күні-түні дей көрме ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Өмірдің басы – бала, ортасы – адам,
Қартайып шал болған соң кетті шамаң,
– деп, адам өмірінің үш кезеңін атап көрсете
келіп [6, 93б.], «ең керекті дегенің – ортаншы
өмір», яғни жастық кезең екеніне ерекше
тоқталады. Ал С.Торайғыров «Адасқан өмір»
поэмасында адам өмірін «Мен – бала», «Мен –
жігіт», «Мен тоқтадым», «Мен – кәрі», «Мен –
өлік» деп кезең-кезеңге бөліп, әрқайсысына
жеке-жеке баға беріп, әр кезеңнің өзіндік
сипатын ашып толғайды. Поэманың «Мен –
жігіт» атты екінші тарауындағы:
Мен – жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп бересі, аласың да.
Жазғы гүлдей түрленіп толған түсім,
Көзім нұрлы, ақ меруерт – бүтін тісім.
Шашым қара сүмбілдей, бойым түзу,
Сәуле шашып тұрады жастық пішін.
Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп,
Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім,
26
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №1 (26)
–
[7,66б]
деген
жыр
шумақтары
Ш.Құдайбердіұлының адам өмірі туралы
философиялық тұжырымымен, танымдық
көзқарасымен, педагогикалық пайымдауымен
үндесіп жатқанын байқауға болады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясында
өзгеше із қалдырып, соны соқпақ салған
Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыров лирика
жанрындағы педагогикалық ой-пікірлері де
өзара үндестікпен өрілген. ХХ ғасыр басында
барша қазақ қоғамының алдында іргелі ел, ерікті
мемлекет ретінде қалыптасу мәселесі тұрды.
Езілген ел қамы, әлеуметтік мәселе, аумалы-
төкпелі оқиғалар қос ақын поэзиясының нақты
ұстанымы болды. Отар ел қазақтың өз тізгінінен
айырылуын, өнер-ғылымның өркендемеуін
С.Торайғыров:
Сылдырлап қайнап аққан бұлақтары,
Секірген жағасында лақтары.
Үй тігіп, көк шалғында желі қаққан,
Кешегі қайран қазақ тұрақтары.
Жағалап ауыл қонған көлдерім-ай,
Суыңда жүзіп ішкен төлдерім-ай!
Шарқ ұрып, шалқып қонған қайран қоныс,
Зар болып бір күнгіге шөлдедім-ай!
Жайқалған сыпсың қағып нуларым-ай,
Қиқулап ән салатын қуларым-ай!
Арқаңда малым өсіп, мырза атанып,
Күпілдеп, көкке шыққан буларым-ай!
Ал енді бізге келген заман қандай,
Заманға қарсы тұрар шамаң қандай?
Мұжықтың көк желке боп тепкісінде
Талайсыз неден болдық, аһ сормаңдай...
– деп, халықтың зар заманға тап болған
сормаңдай күйін күйіне толғаса [8, 78б.],
Ш.Құдайбердиев те өзінің «Қазақ айнасы»
өлеңінде:
Досың қайсы, қимастай елің қайсы?
Ел салмағын көтере белің қайсы?
Аузың темір татиды бәрін татып,
Жалғанды қимайтұғын жерің қайсы?
Және алдыңа келгенде алдыңғы жақ,
Сұм жүрегің кетеді қозғалып-ақ.
Артың – анау, алдың – су, көз жетпейді,
Өтетұғын қамыңды ойланып бақ, – [9, 67б]
деу арқылы, қазақ тұрмысына, ел ішіндегі
өзгерістерге ерекше мән беріп, ішкі сезімін заман
қайғысымен ұштастырған. Өз дәуірінің, елінің,
халқының жоқтаушысы болған екі ақын да заман
шындығын өлеңдерінде лирикалық толғаныспен
жеткізген.
Өткен тарихы тұманды, болашағы
боранды қазақ елінің келешегін тереңнен
толғаған С.Торайғыров өзінің «Оқып жүрген
жастарға», «Анау-мынау», «Туған еліме»,
«Қандай?», «Шығамын тірі болсам адам болып»
өлеңдерінде туған ел-жұртының жай-күйін,
уақыт шындығын реалистікпен жырлаған. Ақын
«Анау-мынау» өлеңінде:
Анау қырда татар тұр,
Анау қырда жастар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Алға қарай бастап тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Оян дағы тез тұр деп,
Қастарында азап тұр.
Дамыл таппай қақсап тұр, – деп, өнер-
білімнен, ғылымнан артта тұрған қазақ халқын
алдыңғы қатарлы халықпен салыстыра келіп,
елінің оқыған, зиялы қауымы туралы өз ойын
ашық айтады және «оян, қазақ» деп жар салған
оқыған азаматтарға жауша қараған кейбір
надандардың іс-әрекетін:
Аңдыған оны қастар тұр,
Көңілі соқыр мастар тұр.
Атайын деп толтырған
Қойындарында тастар тұр,
– деп аяусыз әшкерелейді [10, 59-60 б.]. Ақын
өнерден құр алақан қалып бара жатқан елінің
жағдайын баяндай отырып, жастарды оған қарсы
күресуге, «алға қарай баруға» шақырады.
С.Торайғыров өз елін басқа елмен салыстыра
бағалау арқылы заман шындығын ашып
көрсетсе, Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»
өлеңінде:
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
27
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №1 (26)
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық.
Ойланар уақыт болды бас қосарлық,
Дұспан көп енді бізге жол тосарлық.
Өтіріктен жалығып, өнер тапсақ,
Біз сонда жетілдік деп мақтаналық! [11, 32-
34б.]
– деп, қазақ жастарын оқуға, өнер-білім үйренуге,
ғылым игеруге шақырады. Ал «Адам немене?»
өлеңінде оқу-ғылым игеріп, техника тілін
меңгеріп жатқан халықтан нені үйрену, нені
үйренбеу керектігі, өнер-білімге ұмтылған өзге
елдің ұлт танымына дақ түсіретін жағымсыз
әрекеттерінен жирену туралы:
Көрінер ғылымды елдің сырты таза,
Тексеріп терең ойға салмағанда.
Ақымақ пен айуанның иісі аңқиды,
Істерін әбден сынап талдағанда.
«Мен – ақ жүрек» деген сөз босқа шығын,
Қару, күшпен көрсетіп қасқырлығын.
Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ,
Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттің?
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерін ал, таста мұны![12,
179б.]
– деген тұғырлы тұжырым айтады. Елінің ауыр
халін, өздері өмір сүрген кезеңнің жай-жапсарын
анық ашып көрсеткен ойшыл ақындардың
азаматтық өршіл рухы, ұлтжандылық тұлғасы
биіктей
түседі,
педагогикалық
пайымдауларындағы үндестік барынша
айқындалады. Өздерінің шығармашылық
еңбектерін елге, ұлтқа арнаған, жеке бастарын
халық үшін сарп еткен Ш.Құдайбердиев пен
С.Торайғыровтың кейбір шығармаларында өз
өмірлері де көрініс беріп қалады. Екі ақын
туындыларындағы бұл үндестікті, ортақ
педагогикалық ұстанымды, пайымдауды кесте
арқылы көрсетуге болады [13, 334 б.], [14,29 б.].
Қазақ халқының рухани мәдениеті
тарихындағы аса ірі тұлғалар болып табылатын
Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлеңдеріндегі оқу, білім игеру,
өнер үйрену, елді жарқын жолға бастау жайлы
педагогикалық пайымдауларындағы байланысты
салыстыру ақындардың азаматтық мұрат-
мақсатындағы үндестікті нақтылай түседі.
Әдебиет
1.
Әбдіғазиұлы
Б.
«Шәкәрім
шығармаларының дәстүрлік және көркемдік
негіздері» – Алматы.
2. Еспенбетов А. Уақыт өрнегі – Алматы:
Інжу-маржан, 2005. – 59-61 бб.
3. Еспенбетов А. Уақыт өрнегі – Алматы:
Інжу-маржан, 2005. – 62 б.
4. Торайғыров С. Рухнама – Павлодар:
Ш.Құдайбердіұлы
«Мұтылғанның өмірі»
С.Торайғыров
«Секілді өмір қысқа жарты тұтам»
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа.
Он жасыма кірген соң,
Домбыра, гармон білген соң,
Мылтық атып жүрген соң,
Аңшы боп түстім азапқа.
Әкемнен «Әліп-биді»үйде оқыдым,
Үйреніп намаз сабақ жат тоқыдым,
Әлі молда алдында дәл екі жыл
Әр түрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны бас пен көкіректе,
Бүйірі шығып, қампия тоймас қарын.
28
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №1 (26)
Resume
Резюме
Автор сопоставляет педагогические суждения Шакарима и Султанмахмута.
The author compares pedagogical judgmentsof Shakarim and Sultanmakhmut.
Кереку-Баян, 2003. – 58-59 бб.
5. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар
жинағы – А.: Ғылым, 1993. – 141 б.
6. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары –
Алматы: Жазушы, 1988. – 93 б.
7. Торайғыров С. Рухнама – Павлодар:
Кереку-Баян, 2003. – 66 б.
8. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры
– Алматы: Жазушы, 1987.–78 б.
9. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары –
Алматы: Жазушы, 1988. – 67 б.
10. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры
– Алматы: Жазушы, 1987.–59, 60 б.
11. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары –
Алматы: Жазушы, 1988.–32,34бб.
12. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары –
Алматы: Жазушы, 1988. – 179 б.
13. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары –
Алматы: Жазушы, 1988. – 334 б.
14. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры
– Алматы: Жазушы, 1987. – 29 б.
15. Әбдіғазиұлы Б. «Алдыңғының
соқпағын артқы түзер...» «Жалын» журналы
16. Шәкәрімтану мәселелері – Семей –
Новосибирск: Талер-Пресс, 2006.
17. Әбдіғазиұлы Б. Ақын аудармаларының
асыл қыры – Алматы, 2006.
18. Дәуір ақыны. Ұлы тұлғалар – Алматы,
2002.
19. Кекілбаев Ә. Жыр сұлтаны – Алматы,
2003.
20. Кенжебаев Б. Асқақ арманды ақын –
Алматы: Жазушы, 1987.
21. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы
толғаныстар – Алматы: Ғылым, 1990.
29
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2015 №1 (26)
А.АҚТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
А.ШАЙМАРДАНОВА, Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің студенті
«АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ-АНАЛАР БЕЙНЕСІ:
ТАРИХИ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ
Тірек сөздер: «Абай жолы», тарихи, көркемдік шындық, әйел-аналар бейнесі.
ҚР Президенті шәкіртақысының иегері
Ұсынылып отырған мақала әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен студент
жастар арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Әуезов әлемі» республикалық білім сайысында
бас жүлдені жеңіп алды.
«Қарашығым, қоңыр қозым, Абай
жаным» - Зере әже бейнесі.
Абай Адамға көбінесе үш алуан адамнан
мінез жұғады: ата-ана, ұстаз, құрбысынан,
солардың ішінде қайсысын сүйсе, содан мол
алады деген. Сондықтан Абай бойында өзі
айтқандай ата-анадан жұққан мінездер болмағы
таң емес. Әсіресе, бала күнінен бауырында өскен
мейірімді, балажан Зере әженің тәрбие ықпалы
бір жосын бөлекше болғанға ұқсайды.
Романның бірінші кітабында молынан
суреттелетін тұстардағыдай бала Абайға Зере
әжесі айтып білдірген ауыз әдебиетінің алғашқы
әліпбиі телегей теңіз мол болған [2]. «Бұлдыр-
бұлдыр күн өткен, баяғыда кім өткен» деп
басталар ертегісі есте әжені Абайдың бозбала
күнінен елдің бәрі «кәрі әжем» деп қадірлеген.
90-ға келіп өмірден өткен әже кәріліктен құлағы
естімей немерелеріне дұға оқытып үшкіртеді
екен. Абайдың өлеңдетіп келіп үшкіргенде
«е, қарағым, құлағым тәуір болып қалды» деп
ырза болатыныны романда да бар. Мұхаң Зере
әже туралы «Абайдың туысы мен өмірі» атты
ақынның тұңғыш өмірбаянын жазғанда:
«Құнанбайдың шешесі - Зере, кісі ренжітпейтін
жұмсақ мінезді әйел болған. Ол уақыттағы
бейбішенің бір сыны - күндестік дегенді білмей
кең мінезді болу. Зере бәйбіше осы жағынан көп
мақталады... [3], - деген дерек келтіреді. Қатпа
Қорамжанұлының: «Құнанбайдың Күңкеден
кейінгі екінші әйелі, келіндей алған тоқалы Ұлжан
тағы бір ұл табады. Осы туған ұлының атын
Ибраһим қояды. Шыр етіп жерге түскен нәресте
баланы қуанып қойнына салған әжесі Зере
бәйбіше Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп
Абай атандырған» деген естелігінен әже мен
немере арасындағы әу бастағы жақындықтың
жібі сезіледі. Бұған мысал, Зере әженің
Ибраһимді Абай атандыруында. Жазушы
Қалихан Алтынбаев өзінің «Зере әже» атты
мақаласында: «...Абай тақырыбы төңірегіндегі
кей зерттеушілер бұған дейін: «Ибраһим есіміне
қарт әженің тілі келмепті. Сол үшін еркелете
қысқартып Абай атандырыпты» деген қисынды
көлденең тартады. Шындығында Ибраһим есімі
Қалиолла деген аттан күрделі емес қой. Оған
ешқандай жанама ат қойылмаған. Ибраһимді
толық айтуға тілі келмесе «Ыбырай» деп
қысқарта салуына болатын еді ғой. Ізерлесек гәп
басқаша болып шықты. Мінеки, «Русско-польско-
караимский словарь» томы алдымызда жатыр.
Караим-түркі тектес шағын ұлт. Тілі батыс
қыпшақ тобына жатады. Сол қалың сөздіктен:
«Абай», «абайлық», «абайла», «абайым» секілді
бірінен бірі туындайтын сөздер тобын
кездестірдік. Қазақша бұлардың мағынасы:
«сүйкім», «сүйкімділік», «сүйкімді», «сүйкімдім».
ӘОЖ 821.512-31
30
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2015 №1 (26)
Бұған қазақ тұрмысынан дәлелдеме де
табылады:
- Әлди-әлди, абайым, - деген бесік
жырының бір жолын еске түсірсек жеткілікті.
Осындағы «Абайым», «сүйкімдім» деген сөз.
Зере көп немересі ішінен өзі өте жақсы көретін
сүйкімді немересі Абайға осы сөзді қолданған
деп көрсетсе [2,16], әже мен немере арасын
Әрхам Кәкітайұлының Семейдегі ақын
мұражайының архивіндегі (папка-202) «Абай
өміріне қосымшасынан мына бір жолдарды
келтіру арқылы жалғайды: «Қалиолла қайтыс
болғаннан кейін Зере әже оның заттарын
артында қалған аға-інілеріне үлестірді.
Немерелерінің кейбірі офицерлік киімін, енді бірі
қылышын алып, өзара мәз болысып жатқанда,
Абай әжесіне «маған кітаптарын берсеңіз
болады» депті [2,16]. Ал, енді сол ұлы
жазушының ілтипатына бөленіп, эпопеядағы
әйел-аналар бейнесінің көшін бастаған Зере әже
кім? Ол қай елдің, қай жақтың қызы? Әке-
шешесі кім? Абайтану ілімінің көрнекті өкілдері,
жалпы әдебиет зерттеушілері тарапынан бұл
сауалдарға әлі күнге толық жауап
қайтарылмаған. Жазушы Қ. Алтынбаев: «...
Зеренің әкесі Бектемір деген едік, шынында әкесі
Теңізбай екен. Бектемір осы Теңізбайдың әкесі.
Зеренің шешесінің есімі әлі анықталған жоқ.
[2,17]. «...Зере апайымыздың ескіше ата-баба
шежіресі былайша түсіндіріледі: Матай, Кенже,
Үмбет, Сұртай, Есен, Бақы, Төлеміс, Қойгел,
Бектемір, Теңізбай. Мұнан бір ұл, бір қыз туған.
Ұлының аты Жанәлі, қызының есімі Тоқбала
(Тобықтыға ұзатылған соң Зере атанған) [2,17].
Тоқбаланың неліктен Зере атануы кезінде Ахат
Құдайбердиев пен әйгілі ақын Шәкір Әбеновті
де қатты қызықтырған. Бұл туралы: «Зере әже»
мақаласында «... Қолға тиген кейбір деректерді
анықтау үшін кеніш мерекесіне келген Қойгел
руының адамы, бүкіл сол төңіректің шежіресін
жинап жүрген Рахымбеков отағасына
жолықтым. Солардың арасынан Тоқбала
Теңізбайқызының ұшыраса кеткені. Оның
Жанәлімен бірге туысатыны да келтіріліпті
(Кейінгі дерекке сенсек бұл екеуінің шешелерінің
аты Айымбала). Шежіреші Рақымбеков сол
жерде Тоқбаланың қалайша Зере атануына да
тоқталып өтті» дей келе: Тоқбаланың өз әкесі
Теңізбай, ұлы атасы Бектемір екеуі де айран
ішерлігі мол дөңгелек дәулетті адамдар болыпты.
Сүйікті немересін жат қолына ұзатарда жасауын
толық қылып, мінген атының алдыңғы екі
аяғына күміс білезік салғызыпты. Немересінің
мұрын кеңсірігіне қысатын салпыншақ алқа
сырғасымен қоса ұзатыпты. Ертеде қазақтың
кейбір руларында осындай салт ұстанған.
Өзбекстанның Сурхан-Дария (Термез)
облысында мұндай салт әлі күнге бар.
Түрікмендер мен өзбектер ондай сырғаны
«Арабек» деп атайды. Ал, қазакең алтыннан
соғылатынына байланысты «зер» сөзінен
туындатып, «зере» деп атаған тәрізді. Тоқбала
ұзатылып барған тобықты елінде мұрынға сырға
салу бұрыннан болмаған ба, немесе ұмытыла
бастаған кезі ме, әйтеуір, бөтен жасау-жабдықпен
түскен жас келінді мұрын сырғасына қарап
«Зере» атандырыпты [2,17], - деп түйіндейді.
Тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың
дерегіне сүйенсек, Найман руының бүгінгі
Шұбартау мен Абай ауданының жерінен
шығыстүстікке қарай жылжып, қоныс аударуы
1800-1810 жылдар аралығы. Бұған мөлшерлесек,
Зере апайымыз бен Өскенбай бидің үйлену
тойы 1800-1802 жылдары Шыңғыс тауында
өткен [2,17]. «Сырты – жұпыны, іші-алтын, алды
кең, тарқұрсақ бәйбіше» атаныпты.
Өскенбайдың талай тасырлығына сол кісі
тыйым салып, тоқтау жасапты. «Тарқұрсақ» деуі
- екі ұл, бір қыз ғана көтеріпті, үлкені
Құттымұхамед ерте өледі, Тайбала қыз. «Бидің
жалғызы атанған Құнанбай есін біле ел ісіне
араласқан. Мұхтар Әуезовтің куәлендіруінше
«Өскенбайдың айттырып алған Зереден басқа
тоқалдары, күң қатындары көп болған. Бірақ
Құнанбайдан өзгесін Өскенбай көңіліне
тоғайтпаған. Бар зейінін соған салған.» [3,100].
Зеренің құлпытасында туған, өлген жылдары
1785-1875 деп көрсетіліпті. Сонда Құнанбайды
Зере апайымыз 19 жасында дүниеге келтірген.
Ол заманда ата-бабаларымыз қыз баланы ерте
ұзатқан. Сонда Зеренің Ырғызбай босағасына
келін болып түсуі 16-17 жастың мөлшері.
Келісімен тұңғышы Тайбаланы тапқан.
Салғастырыңыз: Тайжақы, Тайжүзген, Тайөгіз,
Тайқазан... Осының бәрінде «Тай» сөзі, үлкен
ұғымын білдіреді. Бұл ережеден Тайбала есімі де
31
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2015 №1 (26)
сырт емес. «Тұңғыш», «үлкен бала» мағынасы
туындайды. Жылқы түлігінің жасымен
салыстырғанда тайдан кейін келетіні құнан.
Ендеше екінші баланың аты Құнанбай деп
қойылуы өте орынды [2,17]. «Ол туарында
анасы түс көреді. Түсінде: Өскенбай алтын
сақаны үйіріп отыр екен. Анасы Зере ол алтын
сақа-Құнанбай деп жориды» [3,100]. Зеренің өзі
бертінде: «Мен Құнанбайды бір күн дәретсіз
емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап
жумай, бісіміллә айтпай емізген мезгілім болған
жоқ»,-деп айтып жүріпті [3,100]. «Бала кезінен
бастап, Құнанбай өте ұғымды, зерек, алғыр, бір
естігенін, оқығанын ұмытпайтын болған. Ес біле
бастағаннан әкесінің қасында отырып, көп
әңгіме, оқиғаларды, биліктерді естіп, қазақтың
өткір сөздерін, мақал-мәтелдерін, тарихи
оқиғаларды жадына сақтап алатын болған»
[3,93]. Дәл осы тәрбиені Абай да алып өсті. Бұл
эпопеяда Барлас(Дулат) пен Байкөкше ақынды
шақырып, батасын алған кәрі әже Зеренің
немересіне деген ерекше қайырым-мейірімі
арқылы жақсы берілген. Қалың елді сесімен
емес, өсиет сөзімен өнегеге шақырған, ұлына
ұлылықты мұралаған, ал бауырындағы
немересіне «Абай» деп бір түрлі нәзік, сезімді ат
қойған, еркелеткен ұлы ананың өзі де ниет-
тілегіне қарай ұзақ жасап, дүниеден көшкен.
«...Абай анасына сауап болсын деп,
құранды өзгеше ықыласпен, асықпай,
соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды.
Құранның кейбір парасының үстінде ұзақ
отырып қап, жалғыз, жасырын ойлар да
ойлайды. Онысы әжесінің адамшылық, аналық
қасиеттерін жоқтау еді. Өз ішіндегі адал алғысын
бағыштау да дұғалық, тілек есепті көрінетін».
Әжесі өмірден өткенде өз балалығын, кәрі әжесі
Зеренің өзіне деген ықылас, мейірім-шапқатын
еске алып толғанған Абайды романда осылайша
көреміз. Шешесі көзіне жас алып отырып, өз-
өзінен: «-Анаң, ана-ақ еді-ау, жарықтық! Осы
кісінің өсиеті, тәрбиесі болмаса, мен де бір
түйіліп қалған қу түйіндей үндемес қатыбас
болар ем. Сен екеуімізде қарызы бар еді. Тым
құрыса, аруағы ырза болсын. Артын жақсы
күтейік!» -деген Ұлжан сөздерінен көп әйел алу
салты, әмеңгерлік ғұрпы сақталып қалған қыр
сахарасындағы ауыл өмірінде бәйбіше-тоқалдан
тараған ұрпақтарды бір-біріне алакөз қылмай
тату-тәтті тәрбиелеу, күндестік сызынан
қорғаштап өсіру ауыл анасы - Зере сықылды
кемеңгер әжелердің парызы, қарызы болғанын
аңғару қиын емес. Өйткені ол қоғамда
жанұядағы бала, немеренің болашақ азамат
ретінде қалыптасуы, жақсы, жаман болмағы
оның әке шешесіне ғана емес, ата-әжесіне, тіпті
ауылдас, рулас елдің шеңберіне тегіс сын болған.
Қалай болғанда да ұлы ақын әжесі қойған
атпен жер жүзіне әйгілі болды. Сол үшін де ел
анасы, ардагер әже Зере Теңізбайқызының
аруағына тағзым ету сауапты іс.
«Сүйер ұлың болса, сен сүй...» - Ұлжан
ана.
Абайдың әдеби ортасы дегенде Абайдың
ақ сүт берген анасын ұмыт қалдырмаған абзал.
Әрі Ұлжан ананың есімін ерек бөліп айту керек.
Себеп Ұлжан - Абайдың ақын болуына тікелей
әсер еткен жан.
Құнанбай өзінің ұзақ өмірінде бес әйелге
үйленген. Бәйбішесі-Әйбөбек (Күңке деп атап
кеткен), екінші әйелі- Ұлжан-шаншардың қызы,
үшіншісі – Айқыз, төртіншісі – Нұрғаным,
бесіншісі – Әйбәт. Құнанбайдың бәйбішесі -
Күңке архивте Әйбөбек деп жазылған. Найман
еліндегі Ағанас батырдың қызы. Күңкенің жасы
Құнанбайдан үлкен. Айқыз өте өңді әйел екен.
Ауыл балалары бертінде «әппақ апа» деп ат
қойыпты. Айқыздың әкесі – Бекен, жуантаяқ-
қарабатыр руынан. Төртінші әйел – Нұрғаным,
Мұхтар Әуезовтің атасы Бердіқожаның қызы.
Бердіқожаның – Үсен, Бурахан, Әуезхан,
Самархан деген ұлдары және Нұрғаным деген
қызы болған [3,115]. Құнанбайдың екінші әйелі
Ұлжанмен тағдырлас болуы да Алланың
жасаған кереметі дерсің. Ұлжанды алғаш
Құнанбайдың інісі Құтпанбетке атастырады.
Құтпанбет ру арасындағы бір қақтығыста
найзаға түсіп өледі де қалыңдығы Ұлжан оң
жақта қыз күйінде қалған соң, екінші әйел қып
Құнанбай алады [5,7]. Құнанбай-Ұлжан
арасындағы берік байланыс, өзге әйелдерінен
қарағанда Ұлжанға деген асқан ілтипатын
қажыға аттанар алдындағы арыздасу сөзінен
айқын ұғамыз:
32
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
Достарыңызбен бөлісу: |