2015 №4 (29)
15
АБАЙТАНУ
табиғи болатын»,- деп ұстазының бұл
тақырыпқа бара алмау себебін тағы да толықтай
түсіндіріп кетеді. Ұстазының айтпақ ойын былай
түсіндіреді: «Бұрын өткен қазақ ақындары мен
жырауларының Абай поэтикасына қаншалық
ықпал еткені де аса күрделі проблеманың бірі.
Мұның бәрі түрік тіліндегі жазба ескерткіштер
тағлымы тексерілуі керектігін көрсетеді. «Абай
және түрік халықтарының фольклоры мен жазба
әдебиеті» деген өзінің маңызы жағынан дара
бөлініп айтылатын тақырыптардың бірі»[1, 186].
Демек, Абайды тануда осы бағытта терең
зерттеулер жүргізілуге дайындықтар қажет. Абай
және әлем әдебиеті дегенде бұл тақырып
тереңірек зерттеуді қажет ететінін біз де
мойындаймыз. Ғалым әсіресе, ескі өзбек тілінде
жазылған шығармаларды толық түсінетін кадр
дайындауды қатты армандайтын. Сол арқылы
Науайы мұрасын терең зерттеуге ұмтылыс
жасамаққа ниеттенді. Оңтүстік Қазақстан
өңірінде туып өскен, бірақ қазір өзбек әдебиеті
тарихында ғана есімдері аталатын көптеген
ақындарды туған әдебиетіміз тарихына енгізуге
сонша құмар болатын. Бұл тақырып та болашақ
зерттеушілерін күтіп жатқан тақырып. Түрік
бөлімінде о қыған бірнеше студенттерді
магистратураға түсіріп, осы тақырыптарды
зерттеуге салмақ болып көп әрекеттенді.Олардан
бұл мақсатқа жететіндепй білім табылмады,
өзбеттерінше әрекеттенуге енжарлық жібермеді.
Оған ғылымға деген қазіргі үстірт көзқарас та әсер
еткені түсінікті... Одан өзге бұл ғылым жалпы тіл
үйретумен алынбайтын қамал екеніне анық көз
жеткендей. Сол шағатай немесе ескі өзбек тілі деп
аталған орта ғасырлық түркі жазба әдеби тілін
үйретуді филология мамандықтарына енгізу
қажеттігі анық көрініп жүр. Бұны ғалым бірнеше
мақалаларында мәселе етіп көтерген болатын.
М.Әуезов тезисін тарқата түсіндірді
дегеніміздің тағы бір дәлелін мына
қорытындыларынан көре аламыз: «Ұлы ақынға
шығыс әдебиетінің тәсірі болды деу мәселенің
бергі жағы. Сол тәсірдің қандай шығармада
қаншалықты көрінетініне дейін ыждағатты
ізденістер жүргізілуі шарт. Ол үшін ислам дінінің
тарихына, араб, парсы, түрік халықтарының
тіліне жетік мамандар керектігі өзінен-өзі
түсінікті. Абай мен ислам арасындағы
байланыстарды зерттеуге дайындықсыз бару
жеміс бермек емес»[1;186-б.]. Ғалым Абай мен
шығыс әдебиеті деген тезисті бірнеше қырынан
қайталап тарқатады. Абайдың ұлылығын тек осы
тұстан тереңірек тануға болатынына анық көз
жеткізеді. «Абай мұрасының әлі күнге дейін
«басы ашылмаған» немесе атүсті, біржақты ғана
баяндалған тұстары аз емес. Со лардың
қатарында ақынның шығыс поэзиясынан алған
тағылымының орны мен мәні, діни көзқарасы
секілді күрделі мәселелер бар»[1, 175],- деп ғалым
бір түйіндейді. Ұлы Мұхтардай ұстазының
тереңдеп айта алмаған тұстарын ғалым жіліктей
ұғындырады. Ұстазы жалпы сілтеме жасап қана
қоюға мәжбүр болса, енді уақыт келгенін түсінген
ғалым арттағы толқынға жол сілтейді. Бүгінгі күні
оған қалай бару керектігін де Р.Бердібай тереңірек
түсіндіреді. «Абай және шығыс классикалық
әдебиеті де үлкен ізденістерді күтіп тұрғаны
кәміл. Бұл жөнінде М.Әуезо втің «Абай
Құнанбаев» атты монографиясында қысқаша
айтқанынан, М.Мырзахметовтің со ңғы
жылдарда жарық көрген зерттеу еңбегінің бір
тарауынан басқа көзге түсерлік ешнәрсе жоқ» [1,
173] Осы бағытта қандай жұмыс істеліну керек
деген сұраққа жауап береді. Шығыс мәдениетімен
ұлы тұлғаның байланысын қай тұрғыда
тереңдей зерттеу керек екенін былай түсіндіреді:
«Абай мен Сағди, Хафиз, Низами, Физули, Руми
туындылары арасындағы байланыстар жеке-
жеке салаланып анықталуға тиіс. Ұлы ақынның
суфизмге қатысы, шығыс әдебиетіне еліктеуі мен
үйренуінің, сын көзімен қарауының кезеңдері,
ақын туындыларында ислам этикасы мен
догмасының аралас көрініс беруі, өзге ел
шығармаларын қазақ топырағына әкелудің
нәзирәгөйлік дәстүрі тәрізді жайлар зерттеушілік
нысанасы болуға лайық» [1, 173]. Осы орайда
ғалым Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы,
қазақ руханияты тарихындағы ерекше орны
туралы өзгелерден озық пікір білдіреді. Абайды
тек ақын деп қарастырғанымыздан оның шын
тұлғасын толық тани алмайтынымызға назар
аудартады. «Абайтанудың көп ретте біржақты
қаралып келуінің тағы бір себебі – ақынның
поэзиялық мұрасы ғана көбірек сөз болып, оның
ойшылдық, философиялық қырлары назардан
тыс қалғандығынан. Осы алшақтықтың олқысын
2015 №4 (29)
16
АБАЙТАНУ
то лтыру оңай емес. Ол үшін шығыс
философиясының тарихына ғана емес, юнан
(грек), буддизм, христиан білімпаздарының
еңбектерін қамти қарайтындай білім керек
болады. Ақын Абай мен ойшыл Абайды бөле-
жара талдамай, тұтас қалпында тексергенде ғана
ғылымның биік талаптарына сай еңбектер тумақ»
[1, 186].
Ғалым Абайды «қазақ топырағындағы
теңдесі жоқ ұлы ақын» деген сөзге сыйғыза
алмайды. Абай - одан тым биіктеп кеткен тұлға.
«Абай мұрасын әлемдік өркениет көлемінде
зерттеу қажеттігі болмақ» деп батыл пікір
білдіреді. Бұл пікірді 1995 жылы жазған
мақаласында айтқан екен. «Соңғы кездегі кейбір
зерттеулерде Абайдың қазақ мәдениеті
тарихындағы ренессанстық тұлға екені айтыла
бастады. Мұндай пікірлер Ақжан Машановтың
«Фараби және Абай», Ғарифолла Есімовтің
«Хакім Абай» атты кітаптарында және басқа
кейбір мақалаларда кездеседі. Осы анықтама
Абайдың шын Абайлық келбетін тануға
бастайтын сындарлы пікір болып көрінеді»[1,
186]. Ғалым әдетінше, өзінің айтқан әрбір
тұжырымын нақты дәлелдермен тиянақтап
отырады. «Ренессанстық тұлға» деген терминге
де толық сипаттама береді. «Көне заманның
жағдайын терең білумен қатар, шығыс пен
батыстың небір ойшылдарының еңбегін оқып,
соларға өзінің көзқарасын білдіріп отыру, ислам,
христиан, буддалық діндердің негізіне ой жүгірту,
жалпы адамзаттың мәдени даму жолдарының
заңдылықтарын
сөз
еткен
Еуропа
оқымыстарының кітаптарына көңіл бөлу,
жаһанға аты жайылған ақындардың көркемдік
жетістіктерін меңгеру – мұның бәрі қайта өрлеу
дәуірінің қайраткеріне тән әрекеттер»,- деп түсінік
береді. Осы қасиеттер Абай шығармашылығында
кездесетінін, сондықтан, Абайды тек қазақ
топырағының жетістіктерін бойына сіңірген дала
ойшылы деп қана қарауға бомайтынын, оның
ренессанстық тұлға екенін танығанда ғана
Абайды толық бағалай алуға болатынын
түсіндіреді. Абайдың өзгеше дарындылығына
жоғары баға береді. «Ең қымбаттысы сол – Абай
ешқашан да оқыған-білгеннің жалаң
құптаушысы, насихаттаушысы болып қалмай,
соларды сын таразысына салып, күдіксіз
шындық дегендеріне ғана тоқталған»[1, 187]. Дәл
о сы тұстан Абайдың өзіндік болмысы
ашылатынын да аңғаруға болады. Ренессанстық
тұлғаның ерекшелігі туралы: «Адам атын
ардақтау, оны дүниенің тұтқасы деп мадақ ету,
адам қабілетінің молдығына сену – қайта өрлеу,
ренессанс әдебиетін айрықша көрсететін алтын
желілердің бірі болатын» [4, 271],- деп түсіндіреді.
Абай шығармаларында бұны анық көруге
болатынын
е скертеді:
«Абай
шығармашылығының басты мұратын алып
қарасақ, адамның жан-жақты жетілуін арман ету
сарыны күшті естілетінін көреміз. Кейде тікелей
үгіт, ақыл айту, кеңесу түрінде берілетін назым-
өлең мен нәсір-қарасөзінің сарқатын арнасы
адамның мұң-мұқтажын жырлау болып
табылады. Ақынның ақыл, қайрат, сезімді қатар
ұстайтын «кәміл адамды» ұлық тұтуы адамзат
тарихында сан ойшылдар қайталап айтқан
ғибраттардың жаңғырған қайталамасы...» [4,
271]. Ақынның поэмалары, прозасы, өлеңдері
мен аудармалары осының айғағы бола алады.
Түркіислам ғұламаларының әлем өркениетіне
қосқан үлесінің бір тармағы нәзирәгөйлік
дәстүрімен туған сан алуан жырлар екені белгілі.
Өзіне сенген ақындар ғана бара алатын өнер
жарысы дала ойшылы Абайды да қалыс қалдыра
алмағандай. Ұлылар ғана тәуекел еткен соқпаққа
Абайдың да түскені аңғарылады. Және сол
ұлылар арасынан өз жолын анықтай алған.
Ойшылдармен ой да, өнер де жарыстыра алған.
«Батыс пен Шығыстың сан ақын, жазушы,
тарихшылары мінсіз патша деп сипаттап, үлгі етіп
ұсынған, көптеген шығармалардың орталық
қаһарманы етіп көрсеткен ертедегі Ескендір
Зұлхарнайын турасында да Абай өз көзқарасын
батыл білдіреді»[1, 187],- деп ғалым Абайдың бұл
саладағы қызметіне баға береді. Парсының
классикалық поэзиясының алыбы, ақындар
падишасы атанған Әбілхасым Фирдоусидің
«Шахнамасынан» кейін нәзирәгөйлік дәстүр бел
алды. Түрік ойшылы Низами Фирдоуси
жырынан бес оқиғаны ғана іріктеп алып, хамса
жазуды дәстүрге енгізді. Хамсаға енген
оқиғалардың бірі – Ескендірге қатысты. Одан
кейінгі хамса жазған түрік ойшылы Науайы да
Ескендірді пайғамбар дәрежесіне дейін көтере
жырлады. Әлемді билемек болған алып тұлғаны
2015 №4 (29)
17
АБАЙТАНУ
адамзаттың қорғаушысы ретінде сомдап шығады.
Шығыс зерттеушілері кітаби дастанның
басталуын
осы
нәзира
дәстүрімен
байланыстырады. Атақты хамсашыл классик
ақындарды - Низамиді, Науаиды, Дехлевиді
кітаби дастандар туғызған ақындар қатарына
жатқызады. Г.Ю.Алиев кітаби дастандардың
бүкіл шығыста дүркірей көтерілуіне негіз болған
Низамидің бестігі дегенді айтады. XІІІ-XX
ғасырлар арасында тек Низами бестігіне кіретін
сюжеттерге
600-ден
аса
шығарма
жазылғандығын түгел тізіп көрсетеді [5].
Г.Ю.Алиев зерттеуіндегі көркем туындылар
тізімінде қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбаевтың «Ескендірі» де бар.
Ескендірдің бейнесіне қазақ ақыны үлкен
сын айтты деген пікірлер көп айтылып жүр.
Біздің пікірімізше, дәл осы батыл қадамға Ясауидің
сопылық ілімі әсер еткен сияқты. Әлемдік
ойшылдармен бірге, өз ұлтымыздың рухани
ұстазы Ясауи ілімінен алған ғибратын Абай
Ескендір бейнесімен жеткізген деп ойлаймыз.
Низами Ескендірдің ұлылығын таныту үшін
оның қасында үнемі Қызыр жүретінін
суреттейді. Мәңгілік өмір беретін су іздеп шығу
оқиғасын еске түсіріңіз. Мәңгі түнек ішінен ағып
жатқан мәңгі өмір суынан Қызыр қанып
ішкенмен, Ескендір жақындағанда су тартылып
қалатын. Алланың бұйырмағанын түсінген
Ескендір қайтуға мәжбүр болатын еді ғой. Абайда
да бұл су сөз болады. Бірақ басқаша сипатта.
Ескендірге Абай тарапынан берілетін мінездеме
осы тұста анық көрінеді. «Бір бай елден осы су
шыққан шығар, Өрлеп барып үстіне тігелік ту»
[6, 131]. Ескендір судың ерекшелігін, қасиетін тек
байлықпен ғана бағалайды. Абай Ескендірдің ең
әлсіз тұсы да осында деп ұғындырады. Құдайға
бастайтын алтын қақпа өз есігін Ескендірге
ашпайды. Абай ұлы ұстаздарымен осылайша ой
жарыстырады. «Мықтымын деп мақтанба ақыл
білсең, Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең, Іші
тар, көре алмастың біреуі сен, Ондай кісі бұл
жерге келмейді тең»»[6;132-б.].Міне, Абайдың
ұтқырлығы да, өзі пір тұтқан түрік
ойшылдарынан
өзгешелігі
де
осы
қорытындыларында. Өз айналасына айтпақ
болған, өмір бойы түсіндіріп келе жатқанын
осылай Ескендірді сынауымен анық көзге
көрсетердей етіп танытады. Бүкіл ислам, будда,
христиан, т.б. ойшылдарының тапқан - адамды
азаптан құтқаратын жалғыз жолы: нәпсіні тыю,
өз нәпсісін жеңу. Абай Ескендірді о сы
қорытынды бойынша кінәлайды. Нағыз ер – өзін
жеңген жан, өз нәпсісіне тоқтау сала алған
пенде.Мұхаммет ғ.с айтатын «үлкен жиһат»,
Сейт Харта - Будда тапқан – ақиқат, Ясауи
жетпек болған биік шың - нәпсіні жеңу.
Ескендірдің бойындағы үлкен мін – нәпсісіне
тыйым сала алмауы. Ескендірге сыйға берілетін
қу сүйек халық аңыздарынан алынған деуге
болады. «Мұңлық-Зарлық» жырындағы
Қаншайымның өз әкесінің қамын ойлап, бір жағы
ханды сынап, қалың мал үшін алтын салып алуға
тігіп беретін үш ділдә ғана сыятын кішкентай
қалта осыған дәлел. Халық даналығы. Көзге
топырақ құйылғанда ғана тоятынын дәлелдеген
оқиға. Абай бұл оқиғаны сәл өзгертіп, үлкен
таланттылықпен поэмаға енгізген. Өз
қорытындысын осы арқылы дәлелдеген. Дәл
осы жерден поэманы бағалаушылар өз ойларын
үзеді. Поэмадағы Аристотель бейнесін Абайдың
бүкіл шығармашылығының негізгі тірегі – толық
адам деп түсіндіріп жүрміз. Шындығында ақын
пікірі соңғы шумақтармен түйінделеді.
«Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті»[6, 134].
Ескендірдің ұлылығын ақын көрсетіп отыр.
Көрген ісінен ғибрат алу, өз ісіне есеп беру, тәубаға
келу – бұлар тек ақылды жандардың ғана
қолынан келетін істер. Және қарапайым әрбір
адам үшін ғибрат берерлік әрекеттер. Ұлы ақын
өзі айтқан: «Адамды сүй, алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа»[7, 87],- деп өз
өлеңінде айтқан қорытындысымен түйіндеп
отыр. Әлемді бағындырған ұлы тұлға да осы
қарапайым қасиетке келгенде ғана ұлылығын
танытады. Алланың сүйген құлы екенін
танытатын оқиға - оған тірі кезінде нәпсісін
тыюға жәрдем ететін ерекше сыйлық берілуі,
патшаның оны дұрыс түсінуі. Ақынның өзі де
бұл жай ғана айтыла салған әңгіме емес
екендігіне назар аудартады. «Аз-ақ сөз айттым,
2015 №4 (29)
18
АБАЙТАНУ
бітті бұл әңгіме, Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін, Тоймас
көзің толар деп қайғы жеме» [6, 134]. Шығыс
классиктерінің дәстүрінше, оқиғаны баяндап,
оған өз қорытындысын да береді. Ескендір
көргенінен ғибрат алды, тәубаға келді, өз нәпсісін
жеңе білді. Бұл жеңіс - адам баласының қолына
түсе бермейтін ең үлкен жеңіс.Ясауи сөз еткен
Аллаға деген сеніммен ғана жететін жеңіс.
«Масғұт» поэмасындағы автордың өзі
«Шәмсі-жиһан» атаған Масғұттың не құдіреті
бар?.. Ежелгі грек әдебиеті тарихында аттика
комедиясының
негізін
с алған
ақын
Аристофанның өзгеше туындысы «Лисистрата»
тақырыбымен үндесетіндей. Бірақ онымен де
дала ойшылы ішкі парасатымен жарысқа
түскендей. Ешбір қолбасы, ешбір патша тоқтата
алмаған соғысты тоқтататын қарапайым шаруа
әйел Лиситратаны ежелгі грек ойшыл ақыны
комедия кейіпкері етіп алады. Әйелдің
қоғамдағы орнын танытудың өзгеше әдісін
тапқан. Ал, Абай танымы мүлдем бөлек. «Ағын
жесең, ақылың жаннан асар; Сарысын жесең
байлығың судай тасар; Қызылын жесең –
ұрғашыда жан болмас сенен қашар». Қыдыр шал
ұсынған түрлі жемістің қасиетін түсінген
Масғұттың таңдауы – қызыл жеміс. Ақын
кейіпкерінің өзгеше қасиетін былай түсіндіреді:
«Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,
Жалғанның дәмін бұзып қауіп қылғызған.
Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,
Арашашы іздепті қатын, қыздан»[6, 136].
Осы түсіндіруімен Аристофан ойымен
үндеседі. Ақылды, ғалым, өнерлі қыздар туралы
небір аңыздар мен әпсаналар шығыс, түрік, оның
ішінде қазақ ауыз және жазба әдебиетінде көп
кездеседі. Бірақ Абай бұл тақырыпқа да басқа
қырынан келеді. Масғұттың жеміс таңдау сырын
ұққаннан кейін Қыдыр шал: «Ақыл, дәулет
әуелден өзіңде екен, Өміріңше артылсын,
жаным, бағың»[6, 138],- деп Масғұтқа мінездеме
береді. Ақылы мен дәулеті бар жанға Қыдыр
батасымен бақ қонады. Абай қазақ халқының
данышпандық ойларымен келіседі. Осыдан соң,
оның «Шәмсі-жиһан» аталатыны ғана айтылады.
Екінші бөліміндегі оқиға ұлы тұлғаның
шығыс ғұламаларымен тағы да ақыл
жарыстырғанына дәлел бола алады. Көп жынды
өлтіріп қояр деп қорқып, біле тұра жынды судан
ішіп алып, жынды болған патша мен уәзірдің әрі
күлкілі, әрі қайғылы халін суреттейді. Оған өзінің
қорытындысын қоса түсіндіреді:
«Көптің бәрі осындай мысал етсең,
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.
Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,
Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең»[6, 138].
Өзі
айтатын
надандық
туралы
қорытындысын қайталайды: «Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды - Әдеті надан адамның» [7,
110]. Надандық туралы шығыс ойшылдары да ой
қозғайды. Қабуснамада: «Өзі білмейтін, білуге
ұмтылмайтын жанды – надан», - дейді. Қазақ
мақалында: Өзі білмейтін, білгеннің тілін
алмайтын жан – надан. Ал, Абайда өз ақылына
сала алмай, жұрт жүрген жолмен ғана жүретін,
жұрт айтқанға көнетін жан – надан. Абай
поэмасында осы өз ойын дәлелдеу үшін «жынды
су» оқиғасын қосқан, бұның негізін де аңыздан
алған сияқты. Ғалым айтқан Абайдың
ренессанстық түлға екенінің дәлелі – оның
қарапайым адам құдіретін дәріптеуі, адам
қасиетін жан-жақты танытуы. Оған осы Масғұт
поэмасы мысал бола алады. Қайраты, ақылы,
мейірімділігінің арқасында «әлемнің жарық күні»
атанған Масғұт бейнесін сомдауы десек болады.
Адамды дәріптеу, адамның жеке қасиетін
түсіндіру үлгісі. Масғұт поэмасын шығыстық
желіге негізделген деп түсіндіріледі, бірақ нақты
оқиға негізі қайдан алынғанына дәлелді әлі ешкім
айтқан жоқ. Ол мүмкін де емес болуы керек.
Себебі, ақын бүкіл әлемдік ойшылдарды
оқығанымен: «ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез
келсеңіз» деп өзі айтқанындай, ақылына сендіріп
барып айтқан. Өзгелер айтқан ойды өз ақылымен
қайта қорытып отырған. Ақылы сенгенді ғана
өсиет еткен. Осыны ұрпағына да өсиет етеді.
Қазіргі заман оқу әдістемесіне де негіз болатын
ұстаным деп қарауымыз керек. Ағылып келіп
жатқан түрлі «ақылдардың» бәрін алуға
болмайды. Ақылың сенгенін ғана алуың керек.
Сырттан келгеннің бәрі өнер де ғылым да бола
бермейді. Ақылды сендіретінін екшеу керек. Оған
2015 №4 (29)
19
АБАЙТАНУ
алдымен негізгі тірек - ұлттық дүниетаным қажет.
Қорыта айтқанда, Абай поэмаларындағы
ұлылармен жарысқа түскен ойшылдық та,
бұрынғы оқиғаларды өз дәуіріне сай, заман
талабына сәйкес қайта жырлауы да оның
ренессанстық тұлға екеніне дәлел бола алады.
Бұл айтылғандардан басқа академик
Р.Бердібайдың абайтанушыларға зерттеуді
аманат еткенін өз сөздерінен үзінділер келтіргенді
дұрыс санаймыз:«Абайдың туындыларын
көшіріп, үлкен тарихи, мәдени қызмет
атқарғандар еңбегі де жеке сөз боларлық» [1, 173].
Бұл да М.Әуезов монографиясында есімдері
аталған жандар төңірегінде болатын зерттеуге
берілген бағыт.
«Абайдың дүниет анымы бірсыпыра
зерттелген, бірақ бұл тақырып одан әрі тереңдей
түсуді қажет етеді. Ең басты мәселенің бірі – ұлы
ақынның шығармагерлік тәсілін, реализмінің
сипатын, халықтығын айқындауға тіреледі. Бұл
кезге дейін Абай шығармаларында ағартушылық,
сыншыл реализмнің сәйкестігі қаншалық дегенге
берілген жауап жеткіліксіз. Осылайша тізе берсек,
тағы да бірталай ғылыми аспектілерді атауға
болар еді. Абайдың ақындық айналасы, оның
дәстүрінің ХХ ғасыр басындағы әдебиетте
дамытылуы, кеңес әдебиетінде жалғастық табуы,
ұлы, суреткердің өлең құрылысындағы
жаңалықтардың түп негізі, шығармаларының
жазылу тарихы – бәрі де жан-жақты ыждағатты
зерттеуді тілейді»[1, 173] .
«Абай және орыс әдебиеті көбінесе идеялық
тұрғыдан сөз болып келген, ал ұлы ақынның сол
әдебиеттің көркемдік тәсілін меңгеру сатылары,
шеберлік мәселесі, оған күрескер, демократтар
тәсірі жете ашылған емес» [1, 173]
«Үлкен
міндеттің
бірі
–
Абай
шығармаларына текстологиялық жұмыс жүргізу.
Бұл тарапта орындалған іс аз емес, бірақ оны
жетілдіре түсу шарт. Абай аудармаларының
табиғатын анықтау, шығыс ақындарының белгілі
бір оқиғаны жарыса немесе қайталай жазатын
нәзирәгөйлік дәстүрін оның орыс әдебиетінен
жасаған тәржімасына қаншалық дәрежеде
қолдануға болатынын да сөз ету жөн [1, 174].
Осылардың әрқайсысын тарқатар болсақ, Абай
шығармашылығын зерттеудің шешілмеген
түйіндері мен ашылмаған сырлары жатқанын
көруге болады. Бұл тақырыптарды зерттеу тілді
меңгерген, алыс, жақын шетелдер әдебиетінен
мол хабары бар, әдебиет теориясын жетік
меңгерген жастар үлесінде болмақ. Біз тек
ғалымның аманатын жеткізуді мақсат еттік.
Әдебиет
1 Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. Алматы:
Білім, 2000. – 248 б.
2 Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы:
Жазушы, 1995. -320 б.
3 Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік
мұраттары. Алматы: Рауан, 1993. -279 б.
4 Бердібай Р. Бес томдық шығармаларының
жинағы. 2-т. Алматы: Қазығұрт, 2005.
5 Алиев Г. Темы и сюжеты Низами в
литературах востока. Москва, 1985.
6 Абай. Шығармаларының екі томдық
толық жинағы. 2-т. Алматы: Жазушы, 1995. – 380
б.
7 Абай. Шығармаларының екі томдық
толық жинағы. 1-т. Алматы: Жазушы, 1995. – 336
б.
Резюме
Resume
2015 №4 (29)
Автор статьи характеризует Абая как ренессансную личность.
The author describes how Abai Renaissance personality.
20
АБАЙТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |